Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы»




Скачать 246.02 Kb.
НазваниеРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы»
страница1/3
Дата конвертации14.06.2013
Размер246.02 Kb.
ТипРегламент
  1   2   3




Мемлекеттік органдардың,

жеке және заңды тұлғалардың

«Радиоэлектронды құралдар мен

жоғары жиілікті құрылғыларды

тіркеу» мемлекеттік қызметті

көрсету жөніндегі қызметінің

регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына және «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 868 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Радиоэлектронды құралдар және жоғарғы жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің регламенті бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С .С Сарсеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат Министрінің

2010 жылғы «28» қазандағы

№ 294 бұйрығымен

бекітілген

Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды

тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің регламенті


1. Негізгі ұғымдар
1. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің регламентінде (бұдан әрі – Регламент) пайдаланатын ұғымдар:

1) жоғары жиілікті құрылғылар (бұдан әрі – ЖЖҚ) – генерирлеуге және электромагниттік энергияны өндірістік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа да мақсаттарға телекоммуникация саласында қолдануды қоспағанда пайдалануға арналған жабдықтар және (немесе) құрылғылар;

2) өтініш беруші – радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың иесі, жеке немесе заңды тұлға;

3) радиожиілік спектрі 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;

4) радиоэлектрондық құралдар (РЭҚ) көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;

2.Жалпы ережелер
2. Осы Регламент РЭҚ және ЖЖҚ регламенті мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың «радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі қызметінің тәртібін анықтайды, «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет стандартының сақталуын қамтамасыз ету талаптарын белгілейді.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. Тұтынушының мемлекеттік қызметті жазбаша нысанда немесе «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» бөліміндегі (портал мекенжайы http://surd.mci.gov.kz) рұқсат құжаттарын есепке алу жүйесі арқылы алу мүмкіндігі бар.

4. Мемлекеттік қызмет «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы, «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 4 тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 868 «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» бекітілген қаулысының (бұдан әрі-Қаулы) негізінде көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нәтижесі қаулыға сәйкес ресімделген радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету реттілігіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциялары (бұдан әрі – Инспекция) көрсетеді.

7. Инспекциялардың ақпараты және мекен жайлары осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің: www.mci.gov.kz интернет-ресурсында «Байланыс» бөлімінің «Мемлекеттік қызмет стандарттары» бөлімшесінің, одан әрі «Қаулы», сондай-ақ инспекциялардың арнайы ақпарат стендінде орналастырылады.

Жұмыс кестесі күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алдын ала жазылу, сондай-ақ жеделдетіп қызмет көрсету болмайды.

9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

а) тұтынушы қажетті құжаттарды өткізген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

б) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру сәтінен бастап (тіркелген сәттен бастап) – 3 (үш) жұмыс күні;

в) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау салу беру сәтінен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

2) қажетті құжаттарды тапсырған (тіркеген кезде) кезде, өтініш берушінің көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін электрондық сұрау салудың қалыптасуына жасаудың ең көп рұқсат етілетін күту уақыты − 15 минуттан аспайды;

3) өтініш берушінің куәлік алу кезінде, кезек күтуінің ең көп уақыты мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ретінде – 15 минуттан көп емес.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру және мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту үшін не ұсынылған құжаттар пакетінің жиынтықсыздығы осы Регламенттің 13-тармағына сәйкес дұрыс рәсімделмеуі негіз болып табылады.

11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге РЭҚ пен ЖЖҚ куәлігін беруден бас тарту туралы себебі жазбаша көрсетілген дәлелденген растау беріледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет (өзара әрекеттілік) реттілігінің сипаттамасы
12. Құжаттарды қабылдау кезінде инспекция кеңсесінің қызметкері құжаттардың осы Регламенттің 13 тармағына сәйкестігін қарайды және тұтынушыға өтініштің кіріс нөмірі мен қабылданған күні және тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат береді.

13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Қаулымен бекітілген үлгідегі өтініш;

2) Қаулыға сәйкес ресімделген РЭҚ пен ЖЖҚ-ны тіркеу түріне сәйкес сауалнама;

3) сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі;

4) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік бюджетке алымды төлегенін растайтын құжаттар;

5) радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттың көшірмесі (егер радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресімдеу көзделген жағдайда);

6) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны сатып алу тармағын көрсете отырып, сатып алудың және (немесе) шетелден әкелудің (әкелінген жағдайда) заңдылығын растайтын құжаттар (кепілдік талонының, зауыттық нөмірлері көрсетілген жүкқұжат шот-фактурасының көшірмесі);

7) РЭҚ пен ЖЖҚ-ның электромагниттік үйлесімділігі (бұдан әрі – ЭМҮ) қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда).

8) Бұл ретте ЖЖҚ-ны тіркеу үшін 3), 5), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Телефон арнасының радиоұзартқыштарын және 27 МГц жиілік диапазонында РЭҚ-ті тіркеу өтініміне 7-тармақта келтірілген құжаттардың орнына Қаулыға сәйкес сауалнама-өтініш қоса беріледі.

14. Инспекцияға келіп түсетін құжаттардың өтінімдер пакетін жұмыс күндері олар түскен күні сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін кеңсе қызметкері қабылдайды және тіркейді, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін. Инспекцияға келіп түсетін құжаттар алғашқы өңдеуден, тіркеуден өтеді және инспекция басшылығына жеткізіледі.

Инспекция басшылығы құжаттарды қарауды олар инспекцияға келіп түскен күні жүргізеді.

Құжаттар қаралып, оларға инспекция басшылығы тиісті бұрыштамалар қойғаннан кейін электрондық құжат айналымы жүйесінде және қағаз тасығышта бұрыштамалары бар құжаттар, оларды одан әрі орындау үшін Инспекцияның тиісті бөлімшелерінің жауапты қызметкерлеріне беріледі.

15. РЭҚ/ЖЖҚ тіркеу бөлімінде рұқсат құжаттарын есепке алу жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау кезінде (порталдың мекенжайы: http://surd.mci.gov.kz) тұтынушы электронды түрде хабарлама алады.

16. РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тұтынушыға беруді тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхаттың негізінде инспекция кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.

«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет Регламентке 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің инспекциялар тізімі




Р/с

Инспекциялардың атауы

телефондары

инспекциялар мекенжайы

1

1.

2

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

3

8 (7172)217-000, 21-69-33, 21-69-36, 21-60-32 Astana@mci.gov. kz

4

010000, Астана қаласы,

Сарайшық

көшесі, 9,

«Авиценна» ТК, "Ж" блогы

2.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7272)77-52-99, 77-52-81, 77-52-88 almaty @ mci.gov. kz

050000, Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі, 108

410-кабинет

3.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7132) 520340, 520721

aktybinsk@mci gov. kz.

030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 62




1

2

3

4

4

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7122) 270042, фб271615 atyray@mci gov. kz

060000, Атырау қаласы, Пушкин көшесі, 201

221-кабинет

5

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7212) 437010фб 437024

karaganda@mci gov. kz

100000,

Қарағанды қаласы,

Ермеков көшесі, 73/А,

302-кеңсе

6

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7182) 323549, 327280 ф, 540338 РКП

pavlodar.@mci gov. kz

140000, Павлодар қаласы,

Академик Сәтпаев көшесі, 50

7

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7142) 535185 ф, 535074, 503026 kostanay@mci gov. kz

110000,

Қостанай қаласы,

Темірбаев көшесі, 14

58-59-пәтерлер

8

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (72422) 70953фб 78853фб 77548 kyzylorda@mci gov. kz

120000,

Қызылорда қаласы,

Қазантаев көшесі, 8 үй, 3-пәтер



1

2

3

4

9

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7262) 450960ф 434224 zhambyl@mci gov. kz

080012, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 138

10

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7292) 313344, 429911ф

mangistau @mci gov. kz

130000, Ақтау қаласы,

9 шағын ауд., 18-үй, 91-92-пәтер

11

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7112) 503877 ф, 244974, 513865 zko@ mci.gov. kz

090000, Орал қаласы, Дзержинский көшесі, 100,

4-қабат, 4-кабинет

12

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7252) 540100, 534952, 211391 РКП uko @mci gov. kz

160000,

Шымкент қаласы,

Тәуке хан даңғылы, 35

13

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7152) ф,490080, 50-00-29 sko @mci gov. kz

150000,

Петропавл қаласы,

М.Жұмабаев көшесі, 109, 7-қабат



1

2

3

4

14

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7232) 269105, 252784ф vko@ mci gov. kz


070000, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19



8 (7222) 560499


071400,

Семей қаласы, Дулатов көшесі, 145/107
  1   2   3

Похожие:

Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ыхтиярхаттар беру» мемлекеттік...
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы»2010 жылғы 26 қазандағы №1116 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан...
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, бұйырамын
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес бұйырамын
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін...
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қостанай облысының...
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақмола облысының...
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы» icon«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы»
Республикасы үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы» iconРегламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница