Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы




Скачать 66.86 Kb.
НазваниеҰлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы
Дата конвертации27.11.2012
Размер66.86 Kb.
ТипДокументы
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 Қаулысы




«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға тізбеге сәйкес ғылым бағыттары бойынша ұлттық ғылыми кеңестер құрылсын.

2. Ғылым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже бекітілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 16 мамырдағы

№ 519 қаулысымен

бекітілген

Ұлттық ғылыми кеңестердің

тізбесі

Ұлттық ғылыми кеңестер ғылымның мынадай бағыттары бойынша құрылады:

1) энергетика;

2) шикізат пен өнімді тереңдетіп қайта өңдеу;

3) ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;

4) өмір туралы ғылым;

5) елдің зияткерлік әлеуеті.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 16 мамырдағы

№ 519 қаулысымен

бекітілген

Ұлттық ғылыми кеңестер туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленген және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі - Кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы орган болып табылады.

3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады.

4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы (бұдан әрі - Кеңестердің жұмыс органы) Кеңестердің жұмыс органы болып табылады.

2. Кеңестердің міндеттері мен функциялары

5. Кеңестердің негізгі міндеттері:

1) Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған басымдықтарға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттарды қалыптастыру;

2) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бөлінетін қаржыландырудың нысандары мен көлемдерін айқындау;

3) ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығын, ғылыми-техникалық деңгейін, перспективасын, әзірлену дәрежесін, сұралып отырған қаржыландыру көлемінің экономикалық негіздемесін бағалау;

4) Қазақстан Республикасының жаңа ғылыми бағыттарға қажеттіліктерін бағалау;

5) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға конкурстық іріктеуді жүзеге асыру;

6) жүргізілетін ғылыми зерттеулердің іске асырылу барысын, оның ішінде жұмыс орнына бару арқылы мониторингілеу болып табылады.

6. Кеңестер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен:

1) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың жобалары мен бағдарламаларын;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бөлігіндегі басқа да бағдарламаларды;

3) Қазақстан Республикасы ғылыми мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын;

4) инновациялық жобаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдер қабылдайды.

3. Кеңестердің қызметін ұйымдастыру

7. Әрбір Кеңесте төраға, төрағаның орынбасары анықталады.

Кеңестің төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Кеңестің отырыстарында төрағалық етеді, Кеңестің жұмысын жоспарлайды және мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл кезінде оның мүддесін білдіреді.

Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.

Төраға Кеңес мүшелерінің арасынан хаттаманы ресімдеуге жауап беретін Кеңестің хатшысын белгілейді. Бұл ретте Кеңестің хатшысы Кеңес шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие.

8. Кеңес қызметінің негізгі нысаны ол қабылдайтын шешімдердің жариялылығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін Кеңестің отырысы болып табылады.

9. Кеңестің отырысы Кеңестің мүшелерін тікелей шақыру жолымен не нақты уақыт режиміндегі Интернет-конференцияны өткізу жолымен өткізіледі.

10. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай жылына кемінде екі рет өткізіледі.

Кеңестің отырыстары, егер оған Кеңестің тиісті құрамы мүшелерінің санынан кемінде үшпен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

11. Кеңес отырысының күн тәртібін Кеңестің жұмыс органы қалыптастырады және кезекті отырыстың материалдарымен бірге Кеңестің мүшелеріне отырыстың басталуына дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

12. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы (бұдан әрі — Сараптама орталығы) Кеңеске ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар (олар бойынша есептер), мемлекеттік сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға ұсынылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі - Сараптама объектілері) бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелерін Сараптама объектілерімен қоса алқалы шешім қабылдауға жібереді.

Кеңес алынған мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерін Сараптама объектісімен бірге қарайды және олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған материалдардың мәні бойынша оң немесе теріс шешім қабылдайды.

13. Қажет болған жағдайларда Кеңес Сараптама объектілері бойынша толық мәліметтер болмаған кезде Сараптама орталығынан мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелері бойынша қосымша түсініктемелер, негіздемелер мен ақпаратты сұратады, ол екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жауапты жібереді.

14. Кеңестің шешімі Кеңестің қатысып отырған мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады және барлық мүшелері мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

Дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша Кеңес мүшесінің ерекше пікірі болса, Кеңес хатшысы хаттамаға тиісті жазба енгізеді.

15. Кеңестің қабылдаған шешімдерін Кеңестің жұмыс органы ғылым саласындағы уәкілетті органға және салалық уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.

Бұл ретте Кеңестердің шешімдерін ғылым саласындағы уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар міндетті түрде орындауға тиіс.

16. Кеңестер ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиісті бағыттары бойынша орындалатын ғылыми зерттеулер жөнінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық және қорытынды есептер қабылдайды.

17. Кеңестер өздерінің қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады.

18. Нақты жобаға, бағдарламаға (олар бойынша есепке) сараптама, ғылыми жұмыстардың орындалу мониторингін жүргізгені үшін сыйақыны, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іссапар шығыстарын қоса алғанда, Кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді Сараптама орталығы мемлекеттік бюджет қаражатынан жүргізеді.

19. Кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) өз қызметін Қазақстан Республикасының салалық уәкілетті органдарымен, ғылыми ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыруға;

2) өз қызметін жүзеге асыру үшін ақпараттық-талдамалық және анықтамалық деректер алуға;

3) кадрларды даярлауды, қаржылық қамтамасыз ету және ғылымның материалдық-техникалық базасын дамытуды қоса алғанда, ғылыми-техникалық даму жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға, салалық уәкілетті органдарға, ұлттық және салалық ғылым академияларына енгізуге;

4) ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді өзгерту және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге және белгіленген тәртіппен енгізуге;

5) гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға жататын, қаралатын жобалар мен бағдарламалар бойынша отырыстарға қосымша түсініктемелер беру үшін орындаушыларды шақыруға;

6) ғылым саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша кеңеске ұсынылған материалдарды жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз ету мақсатында консультациялар мен түсініктемелер алу үшін нақты ғылым саласы бойынша сарапшылар мен мамандарды тарту арқылы мамандандырылған секцияларды құруға құқығы бар.

20. Кеңестердің мүшелері Кеңес қабылдайтын шешімдерге, олардың объективтілігі мен негізділігіне, қабылданған шешімдердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне дербес жауапкершілікте болады.

21. ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері нақты мәселелерді қарау кезінде өздеріне мәлім болған мүдделер қақтығысы туралы кеңесті хабардар етеді және кеңес қабылдайтын шешімдердің объективтілігі мен негізділігі үшін жауапкершілікте болады.

Похожие:

Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы iconҰлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі №785 Қаулысы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6 тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан...
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы icon«Мемлекеттік ұлттық ғылыми техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі №831 Қаулысы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы №527 Қаулысы Қазақстан Республикасыньщ Үкіметі Қаулы етеді: «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы»
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы iconПарасат ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі акционерлік қоғамының 2011 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №892 Қаулысы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827...
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы iconҚаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы iconҒылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №670 Қаулысы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы iconҒылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы №645 Қаулысы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 4 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 31 желтоқсан №1745 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1722 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»...
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 3 қыркүйек №1139 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы №787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница