1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс




Скачать 47.71 Kb.
Название1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс
Дата конвертации14.06.2013
Размер47.71 Kb.
ТипДокументы
Құрметті әріптестер!
Жеке табыс салығы және мүлік бойынша өткен кезеңдер үшін салық есептілігін (декларацияны) жасау кезінде бірқатар қателердің анықталуына байланысты төмендегілерге назар аударуларыңызды сұраймыз:

1. 230.01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс, Салықкодексінің 156-бабында көзделген түзетулер есепке алынған кірістері мен Салық кодексінің 166-бабында көзделген салық шегерімдері сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады, яғни төлем көзінен алынатын табыс салығын салу базасын құрайтын кіріс сомасы көрсетіледі.
2. 230.02 нысанын жасау кезінде «Мүліктік кіріс» бөлімін толтыру кезінде мыналарды көрсету қажет:

1) мүлікті сату кезінде құн өсімінен түскен кіріс;

2) салық агенті болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға тапсырудан алынған кіріс.

(салық агенті - Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелген жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде резидент емес заңды тұлға;

Мынадай мүлікті сату кезіндегі құн өсімі:

1) меншік құқығында меншік құқығын тіркеген күннен бастап кемінде үш жыл меншік құқығында болған тұрғын үй-жайларын, саябақ үйлерін, гараждарды, жеке қосымша шаруашылық объектілерін;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығын тіркеген күннен бастап кемінде үш жыл меншік құқығында болған, жеке тұрғын үй салу, жеке қосымша шаруашылық жүргізу үшін, гаражға берілген жер телімдері және (немесе) жер үлестері;

3) егер жер телімін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға құқық белгілейтін құжаттарды жаса күндері арасындағы кезең бір жылдан кем болған жағдайда, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй салу, жеке қосымша шаруашылық, бағбандық жүргізу үшін, саябақ үйін салу үшін, гаражға берілген жер телімдері және (немесе) жер үлестері;

4) 2) және 3) тармақшаларда көрсетілмеген мақсаттар үшін берілген жер телімдері және (немесе) жер үлестері;

5) бағалы қағаздар, инвестициялық алтын, сондай-ақ заңды тұлғада қатысу үлесі;

6) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілгендерден басқа жылжымайтын мүлік;

7) меншік құқығын тіркеген күннен бастап бір жылдан кем меншік құқығында болған мемлекеттік тіркелуі тиіс механикалық көлік құралдары және тіркелімдер мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен түскен кіріс болып табылады.

«Басқа да кірістер» бөлімінде:

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс төлем көздерінен алынған кірістер;

2) Қазақстан Республикасында дипломатиялық және оған теңестірілген, Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттері болып табылмайтын өкілдіктерге қызмет көрсетуден, жұмыс орындаудан түскен кірістер;

3) үй қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алған кірістері;

4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі үлесін талап ету құқығын басқаға беруден түскен кірістер.
Жоғарыда көрсетілген кірістер болған жағдайда оның мөлшерін Салық кодексінің 180 және 184-баптарына сәйкес айқындау қажет.

3.  Кезекті Декларацияны ұсынушы адам Декларация ұсынған кезде кезекті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 230.03.002, 230.03.006, 230.03.007-жолдар толтырылады.

230.03.006-жол меншік құқығындағы көлік құралдарын құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес маркасымен, мемлекеттік нөмірімен бірге көрсетуге арналған. Бұл ретте көлік құралын басқаруға сенімхат негізінде басқа адамға берілген көлік құралдарын да тіпті салықты басқа адам төлегеннің өзінде көрсету қажет.

230.03.007-жол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуі тиіс мүлікті, құқықты және (немесе) мәмілені жылжымайтын мүліктің орналасқан жерімен бірге көрсетуге арналған.

Жылжымайтын мүлік - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) - осы Заң мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі.

Құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеулі тиіс жылжымайтын мүлікке құқықтар, егер заңнамалық актілерде басқалай көзделмесе, олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды. Егер тіркеуден бас тартылмаса, өтініш берілген сәт мемлекеттік тіркелген сәт болып танылады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша салық қызметі органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

2008 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Астана қаласында Қаржы министрлігінің үйінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті құрған, САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ЖӘНЕ ОЛАРҒА САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫ САЛАСЫНДА ДҰРЫС ӘРІ ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН Қазақстан Республикасы салық төлеушілеріне қолдау көрсету жүйесіндегі алғаш Call-орталық жұмысын бастады.

Орталық қызметкерлері салық төлеушілерге салық мәселелері бойынша қажетті ақпаратты телефон бойынша хабарлайды.

Қазіргі уақытта Call-орталық жеке тұлғалар – салық төлеушілерге, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге Астана қаласында 8(7172) 58-09-09 телефон нөмірі бойынша, республиканың басқа өңірлерінің салық төлеушілері үшін Call-орталық қызметті ақылы негізде көрсетеді.

Көрсетілген телефондық ақпарат қызметі арқылы салық заңнамасы саласындағы сұрақтар мен өтініштер қабылданады, олар қаралады және жедел қызмет көрсетіледі, сондай-ақ басқа да ақпараттық қызметтер көрсетіледі.

Похожие:

1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс icon«Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік қызмет стандарты
«Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстар, Астана және Алматы...
1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс icon2 Салық жүйесіне түсінік Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері ҚР қазіргі салық жүйесі
Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің,...
1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс iconКіші пішіннің әзірлеу, орнату, жөндеу және сақтау (пластиналық урналарды орнату)
Төлем шарты: орындалған жұмыс үшін төлем бюджет қаражатын бөлу шамасы бойынша жүргізіледі, алдын ала төлем 30 %
1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс icon04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы (86,5%), әлеуметтік салық (83,4%), жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны...
1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс iconЭлектрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді
Халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, осы төлем жүйесіне хабарламалар жібермей-ақ, операциялар жүргізілген...
1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс iconҰялы байланыс қызметтеріне «Online Payment» (Онлайн төлем) жүргізу ережесі
Онлайн төлем жүргізбес бұрын осы Онлайн төлем жүргізу ережесімен танысуыңызды өтінеміз
1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс icon04-34 2009 жылғы 1 ақпанға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Күршім, Үржар аудандары мен Семей, Курчатов, Зырян қалалары бойынша кірістер жоспары орындалмады. Төлем көздерінен ұсталатын жеке...
1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс icon«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты
«Шарт» «Казкоммерцбанк» АҚ american express халықаралық төлем жүйесін жеке адамдардың пайдалануына беретін төлем карточкаларын стандартты...
1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс icon«казкоммерцбанк» АҚ american express төлем карточкасын шығару мен оған қызмет көрсету туралы шарты
«Шарт» «Казкоммерцбанк» АҚ american express халықаралық төлем жүйесін жеке адамдардың пайдалануына беретін төлем карточкаларын стандартты...
1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс iconТөлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница