2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы




Скачать 88.07 Kb.
Название2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы
Дата конвертации14.06.2013
Размер88.07 Kb.
ТипДокументы




2012 ж. 10 мамырдағы № 101-НҚ бұйрық


Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы
 

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13 - бабы 1 – тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережесінің 21 – тармағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары:

  1. Әдістемені ескере отырып есептеу аспаптарының бар – жоғына қарай жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне сараланған тарифтер енгізуді қамтамасыз етсін;

  2. осы бұйрықты табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне жылу энергиясымен жабдықтау бойынша енгізілген табиғи монополия субъектілерінің назарына осы бұйрықты жеткізсін.

  1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың назарына жеткізсін.

  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В.Шкарупаға жүктелсін.

  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 


Төраға

М. Оспанов

 
Қазақстан Республикасы Табиғи

монополияларды реттеу

агенттігі төрағасының

2012 жылғы «___» ___________

№ ______ - НҚ бұйрығымен

бекітілген

Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесі
1. Осы жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 - бабы 1 – тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2. Әдістеменің мақсаты жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер есептеу тетігін айқындау болып табылады және меншік нысанына қарамастан табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі - субъект) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қолданылады.

3. Осы Әдістеменің мақсаты үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

1) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттелетін қызмет – жасалған шарттарға сәйкес субъектілер көрсететін өндірілген және (немесе) сатып алынған жылу энергиясын тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет;

2) уәкілетті орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Осы Әдістемеде қолданылатын өзге де терминдер мен ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Субъектілердің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу тетігі
4. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне арналған тариф (Т) мынадай формула бойынша анықталады:

1) егер, субъект үшін тариф немесе оның шекті деңгейі жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтер жиынтығында бекітілген жағдайда:

Т = (Zөбтж+Pөбтж)/Q (теңге/Гкал),
мұндағы:

Zөбтж – субъектінің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған экономикалық негізделген жалпы шығыны (теңге);

Рөбтж – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептелетін жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметті тиімді көрсетуге қажетті қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына рұқсат етілетін табыс деңгейі (теңге).

Q – заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын, субъектінің жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және субъектінің жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтер деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ) тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (Гкал);

2) егер, субъект үшін тариф немесе оның шекті деңгейі жылу энергиясын беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерінің жиынтығында бекітілген жағдайда:
Т = Төндір+(Zбтж+Pбтж)/Q (теңге/Гкал) бекітіледі,
мұндағы:

Төндір – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген жылу энергиясын өндіруге арналған тариф;

Zбтж –субъекттің жылу энергиясын беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған экономикалық негізделген жалпы шығыны (теңге);

Pбтж – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептелетін жылу энергиясын беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді тиімді көрсету үшін қажетті қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына рұқсат етілген пайда деңгейі (теңге);

3) егер субъект жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметті көрсеткен жағдайда немесе жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі субъект қызметтеріне арналған тарифтер немесе оның шекті деңгейлері әр қызмет бойынша бөлек бекітілген жағдайда:
Т = Төндірберу+(Zжабдық+Pжабдық)/Q (теңге/Гкал),
мұндағы:

Төндір - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген жылу энергиясын өндіруге арналған тариф;

Тберу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген жылу энергиясын беруге және таратуға арналған тариф;

Zжабдық - субъекттің жылу энегиясымен жабдықтау жөніндегі қызмет көрсетуге арналған экономикалық негізделген жалпы шығыны (теңге);

Pжабдық - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептелетін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметті тиімді көрсету үшін қажетті қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына рұқсат етілген пайда деңгейі (теңге).

5. Шығынның экономикалық негізделген (Zөббж, Zббж, Zжабдық) есебі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасының, оның ішінде Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі № 185-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы ережесінің, субъект бекіткен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жеке құжат не есепке алу саясаты бөлігі түрінде жасалған табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу әдістемесінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

6. Субъектілердің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне субъектілердің тарифтерін саралау кезінде тарифтер тұтынушы топтарына арналған Әдістеменің 4 – тармағына сәйкес анықталған тариф бойынша мыналар:

тиісті өңір халқының төлем қабілетінің деңгейі;

инфляцияға әсері;

жылу энергиясын тұтыну құрылымы;

өндірістік өнеркәсіптің даму деңгейі;

энергияны сақтау үшін ынталар жасау ескеріле отырып белгіленеді.

7. Есептеу аспаптарының бар – жоғына қарай жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне сараланған тарифтер мынадай формулалар бойынша айқындалады:

1) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін (Тхал ЕА- сыз):
Тхал ЕА - сыз = 1,2*Т (теңге/Гкал),
мұндағы:

Т - Әдістеменің 4-тармағына сәйкес белгіленген тиісті тұтынушылар топтары үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге тариф;

2) жылу энергиясын есептейтін үйге ортақ есептеу аспаптары бар тұтынушылар – жеке тұлғалар үшін (Тхал ЕА -есепке алғанда):
Тхал ЕА -есепке алғанда = (Т* Qхал- Тхал ЕА-сыз*Qхал ЕА-сыз)/ Qхал ЕА есепке алғанда (теңге/Гкал),

Qхал - заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын, субъект жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ халық тобына жататын тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (Гкал);

Qхал ЕА-сыз –заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын, субъект жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған халық тобына жататын және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (Гкал);

Qхал ЕА есепке алғанда - заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын, субъект жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен жасалған шарттармен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған халық тобына жататын және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынудың жоспарланған жылдық көлемі (Гкал).

3) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ өзге де тұтынушылар үшін (өзге Т ЕА - сыз):
өзге Т ЕА - сыз = 1,5*Т (теңге/Гкал),
4) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар өзге де тұтынушылар үшін (өзге Т ЕА есепке алғанда):
Төзге ЕА есепке алғанда = (Т* Qөзге- Төзге ЕА-сыз*Qөзге ЕА-сыз)/ Qөзге ЕА есепке алғанда (теңге/Гкал),

Qөзге - – заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын, субъект жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен жасалған шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдану немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар және жоқ өзге тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (Гкал);

Qөзге ЕА-сыз - заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын, жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен жасалған шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдану немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ өзге тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (Гкал);

Qөзге ЕА есепке алғанда - заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын, субъект жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен жасаған шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға ортақ сапалы қызмет көрсету міндеті мен мүмкіндіктеріне, тарифтердің деңгейін қолдану немесе көтеру мақсатында көлемді төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептермен расталған тұтынушылардың үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары бар өзге тұтынушылардың жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі (Гкал).

Похожие:

2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы icon«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережені бекіту туралы»
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы №82-НҚ...
2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы icon2012 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша, табиғи монополия субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарлар, жұмыстар) тарифтер туралы ақпарат

2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы icon2009 жылдың 1 қарашасына Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің Жамбыл облысы бойынша жерлігікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің Жамбыл облысы бойынша жерлігікті бөліміне енгізілген табиғи монополия...
2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы iconПавлодар облысы бойынша Табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) табиғи монополия субъектілерінің тарифтері туралы

2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы iconСубъектінің атауы
Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына,...
2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2012 жылғы І жартыжылдықтағы қызметі туралы ақпарат
Азіргі кезде Агенттік 1089 табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі тмс) 1533 реттеліп көрсетілетін қызметтерін реттейді, олардың...
2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы iconЖағдайына тарифтердің, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) мағлұматтары
Солтүстік Қазақстан облысының табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар...
2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы iconТабиғи монополия субъектілерінің 2013 – 2017 жылдарға арналған реттелетін қызметтеріне тарифтердің шекті өсуінің болжамы
Табиғи монополия субъектілерінің 2013 – 2017 жылдарға арналған реттелетін қызметтеріне
2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы iconАныс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің
Табиғи монополия субъектілерінің телефон кәрізін (кәбілдік кәрізін) пайдалануға ұсыну қызметтеріне арналған тарифтерді есептеу
2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы iconҰлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің
Табиғи монополия субъектісі болып табыла ма, табиғи монополия саласы, ұйымды табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница