Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы




Скачать 48.44 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы
Дата конвертации14.06.2013
Размер48.44 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу

агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа берілген қосымшаға сәйкес қызметтің түрлері мен кіші түрлері бойынша лицензиялау және лицензиялық бақылау жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына табысталсын.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары ұсынылған өкілеттіктердің шегінде осы бұйрыққа берілген қосымшаға сәйкес лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір облыстың, Астана, Алматы қалаларының шекараларында жүзеге асырылатын қызметтің түрлеріне және кіші түрлеріне лицензиялауды және лицензиялық бақылауды жүзеге асырсын.

3. Мыналарға:

1) лицензияларға қол қою құқығы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарының бірінші басшыларына, олар болмаған жағдайда олардың орнын алмастыратын тұлғаларға;

2) осы бұйрықпен табысталған функцияларды тиісті дәрежеде орындау үшін жеке жауапкершікті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарының бірінші басшыларына жүктелсін.

4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов):

1) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми сайтына орналастырсын;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Төраға Н. Алдабергенов




Қазақстан Ресупубликасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы «___»___________

№ ____ бұйрығына

қосымша


Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің аумақтық органдары лицензиялайтын қызмет түрлерінің және кіші түрлерінің тізбесі



қызметтің түрлері:

қызметтің кіші түрлері:


1.

Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен кіші станцияларын пайдалану:

- өңіраралық деңгейдегі және өңірлік электржелілік компаниялардың желілер арқылы электр энергиясын беру мен таратуды қоспағанда, тұтынушыға дейін электр энергиясын беру және тарату;
- электр желілерін және коммуналдыќ-тұрмыстық мақсаттағы энергиямен жабдықтау объектілері мен бірыңғай технологиялық процесте пайдаланы-латын электр жабдықтау объектілерін қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын кіші станциялардың барлық түрлерін (трансформаторлық кіші станциялар-ды, бөлу құрылғыларын, релелік қорғауды және автоматиканы) пайдалану;
- өз қажеттілігі үшін жылу энергиясын өндіруді қоспағанда, елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді 100 Гкал/сағ.-дейін (қоса алғанда) жиынтықты белгіленген қуаты бар жылу энергиясының (қазандықтардың) көздерінен жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын өндіру;
- елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді 100 Гкал/сағ.-дейін (қоса алғанда) жиынтықты белгіленген қуаты бар жылу энергиясының (қазандықтардың) көздерінен жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын беру және тарату жөнінде қызметтер көрсету;


2.

газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін пайдалану:

- газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай-, газ сақтау, мұнай-, газ-, ағызу-құю эстакадаларын, мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын, газ толтыру станциялары мен пункттерін, автоцистерналарды, автогаз құю станцияларын, автогаз толтыру станцияларын, баллон жинау аралық пункттерін) пайдалану: тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сұйытылған және жанғыш газдарды (бірыңғай технологиялық процесті қамтамасыз ететін объектілерді қоспағанда) қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату;


3.

магистральдық құбыр жолдарын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану:

- магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану;
- магистральдық газ-мұнай өнімдері құбырларының жабдықтарын, сорғы-сығымдаушы станцияларының қондырғыларын, резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, сондай-ақ жерасты газ сақтау технологиялық жабдықтары мен скважиналарын пайдалану;
- магистральдық құбырларға, негізгі және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу (дәнекерленген жіктердің, қосылыстар мен бекітпелердің профилактикасы, оларды тексеру, техникалық жай-күйін бақылау, оның диагностикасы);
- магистральдық құбыр жолдарының сорғы-сығымдаушы станциялары жабдыќтарының және желілік бөліктерінің, оның ішінде су асты өткелдерінің диагностикасы;


- тоттанудан электрхимиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету;


4.

тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерін газдандыру жүйелерін пайдалану:



сыртќы газбен жабдыќтау жүйелерін пайдалану, оларға техникалыќ ќызмет көрсету және ұстау (газ тарату пункттері, газ тарату ќондырғылары, жоғары, орташа және төмен ќысымды газ тарату желілері);
- үй ішіндегі газ желілерін, газ құралдары мен жабдығын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау.

     

Похожие:

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2009 жылы атқарған жұмысы туралы есеб І
Намаларының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Департаменттің жұмысы Қр табиғи монополияларды реттеу агенттігінің негізгі бағыттары...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық органдарының жария тыңдаулар өткізу үшін үй-жайды жалдау жөніндегі
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық органдарының жария тыңдаулар өткізу үшін үй-жайды...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы iconБекітемін: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі төрағасының орынбасары
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің
Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жария тыңдаулар өткізу үшін хабарландыруларды орыс тілінде жариялау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіту туралы
Мемлекеттік сатып алуларға Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі- агенттік), 010000,...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Алматы қаласы бойынша аумақтық органдарының жария тыңдаулар өткізу үшін үй-жайды жалдау жөніндегі
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Алматы қаласы бойынша аумақтық органдарының жария тыңдаулар өткізу үшін үй-жайды жалдау жөніндегі...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің орталық аппараты мен аумақтық органдарының есептеу техникасына жүйелік қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді бір көзден мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамасы
Монополияларды реттеу агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Әкімшілік жұмысы департаменті, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, мекен-жайында...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған жұмысы туралы есеб І
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі үшін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді бір көзден мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамасы
Йымдастыраушысы, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Әкімшілік жұмысы департаменті,...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарына лицензиялау және лицензиялық бақылау функцияларын табыстау туралы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бюджеттік қаражаттарды игеруі туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне (бұдан әрі Агенттік) республикалық бюджеттен 2011 жылға 1 005 574,0...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница