2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген




Название2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген
страница2/8
Дата конвертации15.06.2013
Размер0.75 Mb.
ТипКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8

Конкурсқа қатысуға өтінім беру тәртібі

17. Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері конкурсқа қатысуға өтінімді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырыс пошта байланысын пайдаланып, мына мекенжайға ұсынады: Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 22, 301 каб. 2012 жылғы 17 сәуірде сағат 10.00-ге дейінгі мерзімде.

18. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертте көрсетілген деректемелер бойынша қайтарып беріледі немесе әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне алғаны туралы қол қойдырып, қолма-қол беріледі

19. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдердің қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып тиісті журналға тіркейді.

20. Осы конкурстық құжаттамада қарастырылған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ресімдеу талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылдауға және тіркеуге жатпайды.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды кері шақыру

21. Әлеуетті өнім беруші өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, мөр басылуға және ұсынылуға тиіс.

 Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына әлеуетті өнім берушінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген (жеке тұлға үшін егер осындай болса) еркін өтініш түрінде ресімделеді.

 Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
      22. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ кері шақыру жіберілмейді.

23. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің күші бар мерзімі біткенге дейін он күнтізделік күннен кешіктірмей, әлеуетті өнім берушілерге олардың өтінімдерінің күші бар мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзарту туралы сұрау жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші бұндай сұраудан бас тартуға құқылы және мынадай құқықтарын жоғалтпайды:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің күші бар мерзімі бойы конкурс тәсілімен өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алуға қатысу;

2) ондай өтінімнің күші бар мерзімі біткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

24. Әлеуетті өнім беруші оның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды тартады. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы, конкурстық комиссияның хатшысы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысына тәуелсіз бұл шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелер тартпайды.
4. Конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды барлық әлеуетті өнім бершілердің немесе олардың уәкілетті органдарының қатысуымен конкурстық комиссия 2012 жылғы 17 сәуірде сағат 11.00-де Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 22, 311 каб. мекенжайында жүргізеді.

Әлеуетті өнім берушілердің сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімдерде және тәртіпте ұсынған өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда да конкурсқа қатысуға өтінім ашылады.

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысушы әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растап, олардың өкілеттілгін растайтын құжаттарды көрсетулері және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына 2012 жылғы 17 сәуірде сағат 10.45-ке дейін Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 22, 311 каб. мекенжайында тіркелулері тиіс.

27. Әлеуетті өнім берушілер және олардың уәкілетті өкілдері конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдаланатын аудиожазба және бейне түсіру техникалық құралдары туралы конкурстық комиссияны хабардар етеді.

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысушы әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуға жол берілмейді.

29. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында

      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда, осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәлімет берілген - конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:
конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссия хатшысы;
      конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
      әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының болуы не болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;
      конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ себептері;
      белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдер берген әлеуетті өтінім берушілер туралы ақпараттандырады;
2) төраға не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға анықтаған адам:
      конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
     3)конкурстық комиссияның хатшысы:

     конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы ақпараттандырады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысушы конкурстық комиссияның барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.

Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға - сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде олардың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.
5. Конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестік мәніне қарауы және әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат беруі

30. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде тану мақсатында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды.

31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия мыналарға құқылы: 1) жазбаша нысанда конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдердің қаралуын, оларды бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда қажетті ақпаратты сұратуға.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұраулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамаға сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі;
      Конкурсқа қатысуға өтінімде оның мәнін бұзбай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық комиссия ол өтінімді конкурстық құжаттаманың өзге талаптарына сәйкес ретінде қарайды.

32. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіні мынадай жағдайда біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:

  1. әлеуетті өнім берушінің өзінің және онымен тартылған бірлесіп атқарушының біліктілік талаптарына сәйкесігін растауы үшін құжатты (құжаттарды) ұсынбағанда не тиісінше ресімделмеген құжатты ұсынғанда;

  2. әлеуетті өнім берушінің оның сәйкестігін растау үшін ұсынған құжаттардағы ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілері белгіленгенде, сондай-ақ онымен тарталған бірлесіп атқарушының біліктілік талаптарына сәйкес келмегенде;

  3. біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат бергенде.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабы 1-тармағында қарастырылмаған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді

Егер тауарларды жеткізу үшін бөлінген соманың бір пайызынан астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген болса, онда конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес деп таниды.

33. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді мынадай жағдайда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды: 

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болғанда;
      конкурстық комиссияға мыналарды анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауымен көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиесілі ресімделмегенде:
-конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген адамды;
      -қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу атауын;

      -өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;

-конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген адамды;
      -оның пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды.     

конкурстық өтінімді қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайыздан кем мөлшерінде енгізілсе.

Конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді басқа негіздер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурс қатысушысы болып танылмайды) егер:

ол және (немесе) оның бірлесіп атқарушысы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

оның конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп анықталса.

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2)-тармақшасында қарастырылған негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмеген болса, онда:

конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада ондай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамау негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың алақол қатысушылары тізіліміне енгізуге жатады.

  1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

  1. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін, конкурсқа қатысуға жіберілетін әлеуетті өнім берушілерді (конкурсқа қатысушыларды) анықтайды;

  2. Заңның 17-бабы 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада қарастырылған критерийлердің пайыздық мәнін қолданады;

  3. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді, конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынымдарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

Конкурсқа қатысушыны анықтау үшін мынадай критерийлер көзделген:

1) әлеуетті өнім берушіде және онымен тартылған бірлесіп атқарушыда:

мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесінің;

мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесі мен кәсіби біліктілік деңгейіне ие мамандардың;

мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесінің (сертификациялық жүйе) бар болуы;

2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары.

3) қазақстандық мазмұн.

36. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің (жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды жеткізу нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты пайызға (0,5%), бірақ бес проценттен аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер бес пайыздан аспауға тиіс.

37. Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең аз құны бар конкурстық өтінімді айқындайды және осындай конкурстық өтінімнің шартты бағасын екі пайызға азайтады. Осы өлшемнің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауға тиіс.

38. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын әлеуетті өнім берушінің біршама басқа әлеуетті өнім берушілерге қарағанда тиісті бейінді неғұрлым білікті қызметкерлерді бергені үшін бес пайызға азайтады.
39. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндіруші үшін ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтінімнің бағасын екі пайызға азайтады.

40. Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.

41. Әлеуетті өнім беруші жеткізілетін тауарлардың конкурстық құжаттамаға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің пайдалану сипаттамаларына кепілдік берілетін кезеңді көрсетеді. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасынан, егер конкурстық өтінімде ұсынылатын кепілдік кезеңі конкурстық құжаттамада көрсетілген базалықтан артық болған жағдайда, әрбір жыл үшін жарты пайызды (0,5%) алып тастайды. Бұл ретте осы өлшемнің конкурстық өтінімнің шартты бағасына пайыздық әсері үш пайыздан аспауға тиіс.

42. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары үшін конкурстық өтінімдердің шартты бағасына әсер ететін бір пайызды белгілейді. Осы өлшемдердің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері бір пайыздан аспауға тиіс.

43. Қазақстандық мазмұнның болуын қарастыру кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын қазақстандық мазмұнның әрбір он пайызы үшін бір ) пайызға азайтады, осы конкурстық құжаттаманың 39-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда.

Әлеуетті тауар берушінің қазақстандық мазмұны осы тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан отандық тауар өндірушілердің тауарлары құнының пайыздық мазмұны  ретінде анықталады.

Тауарларды әлеуетті өнім беруші сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшін он пайызға шартты түрде азайтады.

Тауарда қазақстандық мазмұнның болуы CT-KZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.

Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушінің қазақстандық мазмұны жалпы еңбекақы төлеу қорынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу құнының және осы конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген жалпы сомадан тікелей де, қосалқы мердігер шарттарын жасасу арқылы да тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті қайта өңдеу немесе толық өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық мазмұнның үлесі (үлестері) құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.

Конкурстық комиссия отандық тауар берушінің конкурстық өтінімінің бағасын бес пайызға шартты түрде азайтады.

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сонымен қатар конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі келесі бір жұмыс күні ішінде осы хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сонымен қатар қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында www.astana.stat.kz орналастырады.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне Заңның 45-бабында белгіленген тәртіпте шағым беруге болады.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconІндетін атқарушысының 2012 жылғы 1
Астана қаласы Статистика департаменті бастығының міндетін атқарушысының 2012 жылғы 14 наурыздағы №23-қ бұйрығымен бекітілген
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген icon«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2012» іс-шарасын өткізудің қорытындысы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму ректоры А. Ақановтың 2012 жылғы 7 наурыздағы №184 бұйрығымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2012»
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму ректоры А. Ақановтың 2012 жылғы 7 наурыздағы №184 бұйрығымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2012»...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген icon2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді
Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconОблыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын
Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 27 наурыздағы №121-122 (27195); 2012 жылғы 29 наурыздағы №124 (27197)"Казахстанская правда" от 27. 03....
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconЗырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №1023 қаулысына Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 01 наурыздағы №274 жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconБілім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі НҰСҚаулық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы «5» наурыздағы №109 бұйрығымен бекітілген
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген icon«2012 жылға докторлық диссертациялардың қорғау кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрығымен бекітілген «Диссертациялық кеңес туралы үлгі Ереже»
«Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру жөнінде 2012 жылға докторлық диссертацияларды қорғау бойынша...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген, ҚР Әділет министрлігінде 2008 жылғы...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconҚарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген
Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы «Республика Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы» №80 Жарлығы; Қазақстан Республикасы...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconАқмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің Қаулысы есіл қ. №2012 жыл 2012 жылдың 23 ақпанындағы
Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница