2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген




Название2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген
страница6/8
Дата конвертации15.06.2013
Размер0.75 Mb.
ТипКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8

Астана қаласының Статистика департаменті, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, Ереженің негізінде әрекет етуші Департамент бастығы Гүлнара Мамырбайқызы Керімханова тұлғасында бір тараптан және __________________________________бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын, ____________________________ негізінде әрекет етуші директоры __________________________________ тұлғасында екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және 2012 жылғы ___ _____________ № ____ конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде төмендегідей туралы осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын сатып алынатын тауарлар тізбесіне және техникалық ерекшеліктерге сай (осы Шартқа 1 және 2-қосымша) _____________________ жабдығын (бұдан әрі – тауар) жеткізу бойынша міндеттемелерді «Тапсырыс беруші» жүктеді, ал «Өнім беруші» міндетіне алды. 1.2. «Тапсырыс беруші» «Өнім беруші» жеткізген Тауарларды қабылдайды және оған осы Шарттың талаптары бойынша республикалық бюджет қаражаттары есебінен 007 «ҚР Статистика агенттігінің күрделі шығыстары», 411 «Негізгі құралдарға жатқызылатын тауарларды сатып алу» ерекшелігі бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізеді, осы Шарттың 2.2.-тармағында келісілген тәртіпте Өнім берушінің есеп шотына аударады.

1.3. Осы шартта төменде аталған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіреді:

1) «Тапсырыс беруші» - «Астана қаласының Статистика департаменті» ММ тұлғасындағы мемлекеттік орган;

2) «Өнім беруші» - ______________., Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет етуші;

3) «Бірлесіп атқарушы» - Шарт бойынша Тауарларды жеткізуге «Өнім берушімен» шартқа тұрған ұйым;

4) «Тауарлар» - «Өнім беруші» жеткізген жабдықтарды білдіреді;

5) «Ілеспе көрсетілетін қызметтер» - жабдықты орнатуды қамтамасыз ететін қызметтер, сондай-ақ тасымалдау, сақтандыру және Тауарларды жеткізу;

6) «Материалдар» - Өнім беруші (бірлесіп атқарушы) орнату үшін қолданған барлық шығыс материалдары

7) «Қызметтердің ұзақтылық мерзімі»- «Өнім берушінің» серверлік бөлмеге Тауарларды жеткізу мен орнатуды аяқтауға тиісті мерзімі;

8) «Күндер»- күнтізбелік күндер, «айлар»- күнтізбелік айлар;

9) «Өзгерістер» - Шартқа қол қойылғаннан кейін Тапсырыс беруші берген өзгерістер;

10) «Ақау» - Техникалық ерекшелік талаптарына (2-қосымша) сәйкес емес, соның ішінде жеткіліксіз негізделген және санкцияланбаған өзгерістері бар қызметтер;

11) «Шарттың бағасы»- осы Шарттың жалпы сомасы;

12) «Шарт»- Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің арасында қызмет көрсетуге жасасылған азаматтық-құқықтық шарт.

2. ШАРТТЫҢ БАҒАСЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ

2.1. Шарттың жалпы сомасы ________ (____________) ___________ тиын құрайды және оған Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қарастырылған бюджетке төленетін барлық салықтар мен өзге де міндетті төлемдер кіргізілген және өсіру жағына қарай өзгертуге жатпайды..

2.2. Тапсырыс беруші Шарттың сомасын Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындағаннан кейін және тараптардың Тауарларды қабылдау-беру актісіне (леріне) қол қойғаннан кейін төлейді

2.3. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

1) Шот-фактура;

2) Жүк құжат;

3) Тауарларды қабылдау-беру актісі;

4) Тауарлардың шығу сертификаттары орыс тілінде.

3. ТАУАРДЫ ЖЕТКІЗУ ТАЛАПТАРЫ

3.1. Қызмет көрсету орны: 1-қосымшаға сай.

3.2. «Өнім беруші» Тауарларды олардың тізбесіне және сапа талаптарына сәйкес және осы Шартқа 1 және 2-қосымшаларда белгіленген мерзімдерде жеткізуге міндеттенеді.

3.3. «Өнім беруші» Шартты «Тапсырыс берушінің» жазбаша рұқсатынсыз үшінші тұлғаға бере алмайды. Бірлесіп атқарушылардың бар болуы «Тапсырыс беруші мен «Өнім беруші» арасындағы Шарттың талаптарын өзгертпейді.

3.4. «Өнім беруші» Тауарларды Сатып алынатын тауарлардың тізбесі мен техникалық ерекшелігінде (осы Шартқа 1 және 2-қосымша) қарастырылған мөлшерде шартқа қол қойылған сон күнтізбелік он күн ішінде жеткізеді.

3.5. Осы шарттың аясында жеткізілетін тауарлар техникалық ерекшелікте (2-қосымша) көрсетілген тауарларға сәйкес болуы тиіс. Барлық қажетті құжатамасы болуы қажет:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі №367 Қаулысына сәйкес сертификаттар;

- 3 жыл мерзімге кепілдік;

3.6. Өнім беруші Тауарларды тағайындалған пунктіне дейін беруге тиіс. Осы тауарларды тағайындалған пунктіне дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

4.1. «Өнім беруші»:

1) «Тапсырыс берушінің» тапсырмасын орындау тәсілдерін өз бетінше таңдауға;

2) Тауарларды жеткізуді тиісті түрде аяқтағаннан соң және сәйкесінше Тараптар Тауарларды қабылдау-беру актісіне қол қойғаннан кейін төлеуді талап етуге құқылы.

4.2. Тапсырыс беруші:

1) жеткізілген Тауарлардың сапасын тексеруге;

2) Өнім берушінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде келтірген зияннын өтеуді талап етуге;

3) Тауарларды қабылдау кезінде сараптама комиссиясын тартуға;

4) Шарттың орындалуын тексеруді жүргізу үшін қажетті ақпаратты уақтылы және толық көлемде алуға құқылы.

4.3. «Өнім беруші» мыналарға міндетенеді:

1) осы Шарт күшіне енген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісті орындалуын қамтамасыз етуге;

2) Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін қандай да болмасын адамға бермеуге;

3) осы Шартта (1-қосымша) көрсетілген мерзімде «Астана қаласының Статистика департаменті» ММ _____________________ жеткізуді жүзеге асыруға.

4) Міндеттемелерді тағайындалған пункт орнында Қабылдау-беру актісінен кейін ресми өтінім бергеннен кейін 1 күннен 3 күнге мерзімде нысанаға «Өнім берушінің» білікті маманын шақырту мүмкіндігімен 36 айға Тауарға кепілдік беруге;

5) Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс. Жоғарыда аталған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатында ғана пайдалануға.

6) Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс. Өнім беруші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

7) Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші көрсететін Қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.

4.4. «Тапсырыс беруші» мыналарға міндеттенеді:

1) Шарттың талаптарына сәйкес «Өнім берушінің» Шарт бойынша жеткізген Тауарларды қабылдауға және ақы төлеуге.
5. КЕПІЛДЕМЕЛЕР

5.1. «Өнім беруші» Шарт жасасылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың жалпы сомасының 3 пайызы мөлшерінде Шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізуге міндетті, бұл ретте шартты орындауды қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдап алуға құқылы:

1) кепілдік ақшалай жарна түрінде, ол мына депозиттік шотқа енгізіледі: Астана қаласы, Сары-Арқа ауданы, Желтоқсан көшесі, 22, «Астана қаласының Статистика департаменті» ММ, СТН 031400149805, ЖСК KZ520705016060003001, БСК KKMFKZ2A, «ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті» ММ;

2) банктік кепілдік түрінде.

Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

5.2. «Өнім беруші» жеткізетін Тауарға қатысты қажетті көлемде құқыққа ие екендігін айтады және кепілдік береді және оларды «Тапсырыс берушінің» меншігіне береді.

5.3. Егер «Тапсырыс берушіге» үшінші тұлғалар тарапынан патенттік, авторлық немесе аралас құқықтарды бұзудан туындайтын қандай да бір болмасын шағымдар түскен жағдайда, «Өнім беруші» бұл шағымдарды өз мойнына алуға және осындай құқықтардың бұзылуына байланысты «Тапсырыс беруші» тартқан барлық шығындар мен шығыстарды өтеуге және кідірместен шағым арыздарды реттеуге шара қолдануға міндеттенеді.

5.4. «Өнім беруші» Шарт шеңберінде жеткізген Тауарлардың жаңа, бұрын пайдаланылмаған, құрылымдары мен материалдарының соңғы түрленуін көрсететіне кепілдік береді. «Өнім беруші» жеткізген Тауарлардың дайындаушы-зауыттың стандарттарына сәйкес сапасына кепілдік береді.

5.5. «Өнім беруші» жеткізілген Тауарларды дағдылы жағдайларда қалыпты пайдаланған кезде Тауарлардың ақауы болмайтынына және /немесе сынбайтынына кепілдік береді. Тапсырыс беруші ондай Ақауларды айқындаған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде Өнім берушіге ондай Ақауды жою туралы жазбаша талап жолдайды, онда жою мерзімдерін көрсетеді. Егер Өнім беруші Ақауды жоймаса және Тапсырыс берушінің жазбаша хабарламасын алғаннан кейін жеті күн ішінде жазбаша жауап бермесе, Тапсырыс беруші Шарт бойынша Өнім берушіге қатысты ие болған өзінің басқа құқықтарына қандай да бір зиян келтірместен Өнім берушінің есебінен Ақауды жөндеу бойынша қажетті санкциялар мен шаралар қолдана алады.

5.6. Өнім беруші жеткізетін Тауарға кемінде үш жылға кепілдік береді.
6. ҚҰҚЫҚТАРДЫ БЕРУ

6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін қандай да біреуге не толық, не ішінара бермеуге тиіс.

6.2. Өнім беруші өзінің Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға қосалқы мердігерлермен шарт жасаса алады, бірақ Тауарлардың жалпы көлемінің 30%-нан аспауы керек және тек қана Тапсырыс берушінің жазбаша келісімімен жүргізіледі. Бұл ретте қосалқы мердігерлермен шарт бойынша барлық өзара есеп айырысулар мен Тапсырыс беруші алдындағы міндеттемелердің орындалуына жауапкершілікті толығымен Өнім беруші тартады.Өнім беруші осы Шарттың шеңберінде жасасылған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін Тапсырыс берушіге беруі тиіс. Қосалқы мердігерлердің бар болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық және басқа да жауапкершіліктен босатпайды.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

7.1. Өнім беруші мыналарға жауапкершілік тартады:

1) Тауарларды жеткізу бойынша бұзушылықтар жіберген жағдайларда, сондай-ақ Тапсырыс берушіден алған қаражаттарды мақсатқа сәйкес емес пайдаланғаны үшін;

2) Өнім берушінің тарапынан Тауарларды жеткізуді кешіктіру осы Шарт бойынша оған жүктелген келесі санкцияларға әкеп соғуы мүмкін.
7.2. Тапсырыс беруші мыналарға жауапкершілік тартады:

- Өнім берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті құжаттар мен жеткізген тауарға жұмсалған шығынды өтеуге ақшалай қажаттарды уақылы аудармағаны үшін.

1) егер Өнім беруші осы Шартта белгіленген мерзімдерде Тауарларды жүйелі түрде жеткізбеген жағдайда Шарттың күшін жоюға;

2) егер Өнім беруші осы Шартта қарастырылған мерзімдерде тауарды жеткізбеген жағдайда тұрақсыздық айыбын төлетуге. Тұрақсыздың айыбының мөлшері әрбір мерзімі өткен күнге жеткізілмеген Тауарлар сомасының 0,1%-ы.
7.3. Егер Шарты орындау кезеңінде Өнім беруші кез келген сәтте Тауарларды уақтылы жеткізуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушіге айыппұл санкцияларын қолданбауына болады. Айыппұл санкцияларын қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, Өнім беруші айыппұл санкцияларын төлегеннен кейін Тапсырыс беруші Өнім берушіге қабылдау-беру актісі бойынша төлеуге тиісті жеткізілген Тауарлардың бағасын төлейді.

7.4. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
8. ҚАРСЫ ТҰРУҒА БОЛМАЙТЫН КҮШТЕР ЖАҒДАЙЛАРЫ

8.1. Тараптар осы Шартта қарастырылған жауапкершілікті тартпайды, егер олардың осы Шарттың талаптарын орындау қарсы тұруға болмайтын күштер жағдайларына, соның ішінде сұрапыл апаттарға, жер сілкінісіне, құйын-дауылдарға, өртке, технологиялық апаттарға, әскери қимылдарға, індеттерге, ереуілдерге және мемлекеттік органдардың актілер қабылдауына байланысты мүмкін болмаған болса.

8.2. Қарсы тұруға болмайтын күштер жағдайы туындаған кезде зардап шеккен Тарапқа қатысты осы Шартты орындау ол аяқталғанға дейін және оның салдарын жойғанға дейін уақытша тоқталытады.

8.3. Қарсы тұруға болмайтын күштер жағдайларына сүйенген тарап олардың басталғанан/аяқталғанынан кейін 5 (бес) күннен кешіктірмей екінші тарапты осындай жағдайлардың басталғаны/аяқталғаны туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ екінші Тараптың талабы бойынша осы жағдайлардың басталу/аяқталу фактісін растайтын құжат беруге міндетті.
9. ШАРТТЫ БҰЗУ

9.1. Осы шарт Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 37-бабы 9-тармағында қарастыралған жағдайлар айқындалған жағдайларда мемлекеттік сатып алудың кез-келген сатысында бұзылуы мүмкін.

9.2. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жолдап, Шартты кез-келген уақытта бұза алады. Бұл жағдайда бұзу дереу жүргізіледі және Тапсырыс беруші Өнім беріші алдында ешқандай қаржылық міндеттер тартпайды.

9.3. Тапсырыс беруші Шарттың әрі қарай орындалуын мақсатқа сәйкес емес деп таныса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жолдап, Шартты кез-келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзу себебі көрсетілуі тиіс, күшін жойған шарт міндеттемелерінің көлемі айтылуы қажет, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енетін күн көрсетілуі керек.

9.4. Шарттың күші жоғарыда аталған жағдайларға байланысты жойылған болса, Өнім беруші Шарттың бұзылуымен байланысты нақты шығындарды төлеуді бұзу күніне талап етуге құқылы.

9.5. Тараптар осы шартты мерзімінен бұрын бұзған күннен бастап 15 банктік күн ішінде Шарт бойынша нақты орындалған міндеттемелер бойынша есеп айырысуы керек.

10. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

10.1. «Өнім беруші» жеткізетін Тауарға қатысты қажетті көлемде құқыққа ие екендігін айтады және кепілдік береді және оларды «Тапсырыс берушінің» меншігіне береді. Егер «Тапсырыс берушіге» үшінші тұлғалар тарапынан патенттік, авторлық немесе аралас құқықтарды бұзудан туындайтын қандай да бір болмасын шағымдар түскен жағдайда, «Өнім беруші» бұл шағымдарды өз мойнына алуға және осындай құқықтардың бұзылуына байланысты «Тапсырыс беруші» тартқан барлық шығындар мен шығыстарды өтеуге және кідірместен шағым арыздарды реттеуге шара қолдануға міндеттенеді.

10.2. Осы шартқа енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды жазбаша түрде жасасқан және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда қолданыста болады.

10.3 Осы Шарт бойынша талап етілетін немесе қарастырылған барлық хабарламалар мен өзге де хабарлар жазбаша түрде жасалуы тиіс. Барлық хабарламалар мен хабарлар тиісті түрде берілген болып саналады, егер олар қолма-қол, телефакс, телекс немесе курьерлік пошта арқылы қатысушы Тараптың мекенжайына жеткізілген болса.

10.4 Осы шартқа байланысты немесе одан шығатын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөз жүргізу жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде қаралады.

10.5. Осы Шарт бойынша қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады.

10.6. Осы Шарт бірдей заң күші бар екі данада орыс тілінде жасалған, әр Тарапқа бір данадан.

10.7. Осы шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін күшіне енеді және 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
11. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ, ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАРЫ

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ

ӨНІМ БЕРУШІ


«Астана қаласының Статистика департаменті» ММ

Астана қ,. Желтоқсан к., 22

СТН 031 400 149 805

ИИК KZ 92070101KSN0000000

БИК KKMF KZ 2A

БИН 990 740 001 097

«ҚР ҚМ Астана қ. Қазынашылық комитеті» ММ

Тел: Тел: 32-18-39; 41-28-29;

Бастық _________Г.М. Керімханова

м.о.




_______________________ А.Ә.Т.

м.о.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconІндетін атқарушысының 2012 жылғы 1
Астана қаласы Статистика департаменті бастығының міндетін атқарушысының 2012 жылғы 14 наурыздағы №23-қ бұйрығымен бекітілген
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген icon«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2012» іс-шарасын өткізудің қорытындысы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму ректоры А. Ақановтың 2012 жылғы 7 наурыздағы №184 бұйрығымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2012»
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму ректоры А. Ақановтың 2012 жылғы 7 наурыздағы №184 бұйрығымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2012»...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген icon2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од бұйрығымен бекітіліп қолданысқа енгізілді
Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2009 жылғы «20» наурыздағы №131-од...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconОблыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын
Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 27 наурыздағы №121-122 (27195); 2012 жылғы 29 наурыздағы №124 (27197)"Казахстанская правда" от 27. 03....
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconЗырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №1023 қаулысына Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 01 наурыздағы №274 жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconБілім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі НҰСҚаулық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы «5» наурыздағы №109 бұйрығымен бекітілген
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген icon«2012 жылға докторлық диссертациялардың қорғау кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрығымен бекітілген «Диссертациялық кеңес туралы үлгі Ереже»
«Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру жөнінде 2012 жылға докторлық диссертацияларды қорғау бойынша...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 бұйрығымен бекітілген, ҚР Әділет министрлігінде 2008 жылғы...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconҚарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген
Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы «Республика Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы» №80 Жарлығы; Қазақстан Республикасы...
2012 жылғы 14 наурыздағы №24-қ бұйрығымен бекітілген iconАқмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің Қаулысы есіл қ. №2012 жыл 2012 жылдың 23 ақпанындағы
Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница