Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы




Скачать 147.52 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы
Дата конвертации15.06.2013
Размер147.52 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1999 жылғы 31 желтоқсан N 321

      Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң тәртiбiн нығайту және жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында, "Мемлекеттiк қызмет туралы"  Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолданудың тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 3279 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 489-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
      3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң     
1999 жылғы 31 желтоқсандағы
N 321 Жарлығымен   
бекiтiлген     

      Ескерту. бүкiл мәтiн бойынша "мемлекеттiк органның басшысына", "мемлекеттiк орган басшысының", "мемлекеттiк орган басшысы", "мемлекеттiк органның басшысы", "мемлекеттiк органдардың басшыларына" деген сөздер "осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаға", "осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның", "осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлға", "осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлға", "осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаға" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану
Ережесi

1. Жалпы ережелер

      Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң (бұдан әрi - қызметшiлер) тәртiптiк жауапкершiлiгi заңдық жауапкершiлiктiң бiр түрi, ол қызметшiлерге өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны үшiн жүктеледi.

      Қызметшiнiң тәртiптiк терiс қылығы (бұдан әрi - терiс қылық) қызметшiлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi құқыққа қайшы атқармау кiнәсi немесе тиiсiнше атқармауы, лауазымдық өкiлеттiгiнiң шегiнен шығуы, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзуы, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) бұзуы, тәртiптiк ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңында белгiленген мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамауы болып табылады.

      Тәртiптiк жаза (бұдан әрi - жаза) тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылатын қызметшiнi қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлға қолдануы мүмкiн тәртiптiк жауапкершiлiк шарасы.

      Орталық атқарушы органда, еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретiне жатқызылған қызметшiлердi қоспағанда, орталық атқарушы орган қызметшiлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн орталық атқарушы орган басшысының келiсiмi бойынша, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетiлген лауазымды тұлға болмаған жағдайда - орталық атқарушы органның басшысы шешедi.

      Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы орган қызметшiлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар шешедi.

      Қызметтiк тексеру - қызметшiнiң терiс қылығы туралы материалдар мен мәлiметтердi, оның жасалу мән-жайын толық, жан-жақты әрi әдiл анықтау мақсатында жинау және тексеру жөнiнде атқарылатын қызмет.

      Мемлекеттiк органның тәртiптiк комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) - терiс қылықтың жасалу мән-жайын жан-жақты, толық әрi әдiл бағалау және жаза шарасы жөнiнде осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаға ұсыным енгiзу мақсатында терiс қылыққа қатысты фактiлердi қызметтiк тексеру және зерттеу материалдарын қарау үшiн мемлекеттiк органда құрылатын тұрақты алқалы орган.

      Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның Тәртiптiк комиссиясы (бұдан әрi - уәкiлеттi органның комиссиясы) - мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органда (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ Ар-намыс кодексiн бұзуға жол берген С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы қызметшiлердiң тәртiптiк iстерiн қарау үшiн құрылатын тұрақты алқалы орган.

      Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдарын және Ар-намыс кодексiн бұзған В-1 санатындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия қарайды (бұдан әрi - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия).

      Тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормалары мен Ар-намыс кодексiн бұзуға жол берген С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, С-R-1, С-R-2, С-R-3, С-R-4, С-R-5 санаттарындағы, D және E санаттары топтарындағы қызметшiлерге қатысты тәртiптiк iстердi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi қарайды.

      Бiр тәртiптiк iстiң аясында материалды жеке өндiрiске бөлместен әр түрлi санаттағы бiрнеше қызметшiлердiң терiс қылықтарын қарау қажет болған жағдайларда, iстi неғұрлым жоғары мәртебеге (санатқа) ие мемлекеттiк қызметшiнiң терiс қылықтары туралы iстердi қарау құқығы бар орган қарайды.
      Ескерту. 1-тарауға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09 N 459 , 2002.06.21 N 895 , 2005.06.30 N 1598 (2005.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.11.27 N 446 , 2007.12.28 N 501 (2008.01.01 бастап күшiне енедi), 2011.02.18 N 1157 Жарлықтарымен.

2. Жазаның түрлерi мен терiс қылық түрлерi

      1. "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңға сәйкес қызметшiлерге терiс қылық жасағаны үшiн жазаның мынадай түрлерi қолданылуы мүмкiн:

      1) ескерту;

      2) сөгiс;

      3) қатаң сөгiс;

      4) қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту;

      4-1) тиiстi өкiлеттiлiк беруден бас тарту;

      4-2) мемлекеттiк функцияларды орындаудан босату;

      4-3) лауазымын төмендету;

      5) атқаратын қызметiнен босату.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2002.06.21. N 895 Жарлығымен .

      2. Терiс қылықтар мынадай түрлерге бөлiнедi: елеулсiз, елеулi және ауыр.

      3. Қызметшi алғаш рет немесе бұрын қолданылған жазаны алып тастағаннан кейiн жасаған терiс қылық елеусiз терiс қылық болып табылады, ол қызметшiге ескерту, сөгiс немесе қатаң сөгiс түрiндегi жаза қолдануға әкеп соғады, бұған жасалғаны үшiн жұмыстан босату көзделген терiс қылық қосылмайды.

      4. Қызметшiнiң ескерту, сөгiс немесе қатаң сөгiс түрiндегi бұрын қолданылған жаза алынып тасталмай тұрып, алты ай iшiнде қайталап жасаған терiс қылығы елеулi терiс қылық болып табылады, мұндай терiс қылық жасағаны үшiн қызметшiге қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi жаза қолданылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен .

      5. Жасағаны үшiн қолданылып жүрген еңбек заңдарына , мемлекеттiк қызмет туралы заңдарға , Қазақстан Республикасының антикоррупциялық  заңдарына сәйкес өзге де негiздер бойынша жұмыстан шығару көзделген терiс қылық елеулi терiс қылық болып табылады.

      6. Жаза қолданылғанға дейiн осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның не қызметшiнiң тiкелей бастығының қызметшiге еңбек тәртiбiн, қызметтiк мiндеттерiн сақтау қажеттiгi туралы жазбаша түрде ескерту құқығы болады. Мұндай ескерту кадр қызметiне берiледi және қызметшiнiң жеке iсiнде сақталады. Жазбаша ескерту жаза болып табылмайды.

      7. Жазбаша ескерту жасалған қызметшiнiң жазбаша түсiнiктеме беру құқығы болады. Мұндай жазбаша түсiнiктеме кадр қызметiне берiледi және қызметшiнiң жеке iсiнде сақталады. Жазбаша ескерту және түсiнiктеме кейiн қызметтiк тексеру жасау және жаза қолдану процесiнде қосымша материалдар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.

      8. Жазбаша ескерту мен түсiнiктеме берiлген сәтiнен бастап алты ай бойы кадр қызметiнде сақталады. Алты ай өткеннен кейiн кадр қызметi оларды қызметшiнiң жеке iсiнен алып жояды.

3. Жаза қолдану негiздерi мен жағдайлары

      9. Қызметшiнiң терiс қылық жасауы жаза қолдану үшiн негiз болып табылады.

      10. Жаза жасалған терiс қылықтың ауырлығына, түрiне және оны
жасаған адамның кiнәсiнiң дәрежесiне сәйкес келуге тиiс.

      11. Жазаның түрiн айқындаған кезде:

      1) терiс қылықтың мазмұны мен сипаты;

      2) терiс қылықтың жасалу мән-жайы;

      3) жасалған терiс қылық әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы
мүмкiн келеңсiз зардаптар;

      4) терiс қылық жасаған адамның бұрынғы мiнез-құлқы;

      5) мемлекеттiк қызмет өтiлi (стажы);

      6) қызметшiнiң жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайлар
жинақтала ескерiледi.

      12. Қызметшi елеусiз терiс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсiнiктеме талап етiледi. Егер жазбаша түсiнiктемесiнде қызметшi осы терiс қылықты жасау фактiсiмен келiссе, онда осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның қызметтiк тексеру жүргiзбей-ақ ескерту, сөгiс немесе қатаң сөгiс түрiндегi жаза қолдану құқығы болады.
      Егер қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактiсiмен келiспесе, онда осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның бұйрығы бойынша осы Ережемен айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тексеру жүргiзiлуге тиiс.

      13. Қызметiне сәйкес еместiгi және атқаратын қызметiнен босату түрiндегi жазалар тек қана жүргiзiлген қызметтiк тексеру нәтижелерi және осы Ережемен айқындалған тәртiпке сәйкес Комиссияның тиiстi ұсынымы бойынша қолданылады.

      14. Өзiне қатысты қызметтiк тексеру жүргiзiлетiн қызметшiнi осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлға, Комиссияның ұсынымы бойынша, жауапкершiлiгi жөнiндегi мәселе шешiлгенге дейiн, бiрақ он төрт күннен аспайтын мерзiмге лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.

      15. Бiрнеше қызметшi бiрлесiп терiс қылық жасаған ретте жаза кiнәлiлердiң әрқайсысына жеке қолданылады.

      16. Жасалған терiс қылық үшiн бiр ғана жаза қолданылады.

      17. Жаза қолдану терiс қылық жасаған қызметшiнi атқармағаны немесе тиiсiнше атқармағаны үшiн жаза қолданылған мiндетiн атқарудан босатпайды.

      18. Қызметшiге жаза қолдану оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жауапкершiлiк түрлерiнен босатпайды.

      19. Қызмтешiлер қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда заңдарда белгiленген өзге де жауапкершiлiкте болады.

4. Қызметтiк тексеру жүргiзу тәртiбi

      20. Қызметтiк тексеру осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның бұйрығымен тағайындалады және осы мемлекеттiк органның кадр қызметi (бұдан әрi - кадр қызметi) терiс қылық жасалған күннен немесе ол байқалған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде жүргiзедi.
      Осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның бұйрығы болмаса қызметтiк тексерулер жүргiзуге жол берiлмейдi.
      Қызметтiк тексерулер қызметшiнiң уақытша еңбекке жарамсыздығы, оның демалыста немесе iссапарда болу кезеңiнде тоқтатыла тұрады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен .

      20-1. осы Ереженiң 1 бөлiмiндегi сегiзiншi абзацта көрсетiлген қызметшiлердiң тәртiптiк терiс қылықтары фактiлерi бойынша қызметтiк тексерулер уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен тағайындалады және осы Ереженiң 20-тармағында белгiленген мерзiмде және тәртiппен уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары жүргiзедi.
      Қажеттi жағдайларда уәкiлеттi орган қызметтiк тексеру жүргiзудi өз мемлекеттiк органының кадр қызметiне тапсыруы мүмкiн.
      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 , тармаққа өзгерту енгiзiлдi - 2002.06.21. N 895 , 2007.11.27. N 446 Жарлықтарымен.

      21. Қызметшiнiң терiс қылық жасауы туралы мәлiметтер терiс қылықтың жасалу фактiсiн дәлелдейтiн кез-келген нысанда (азаматтар мен қызметшiлердiң шағымдары; мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмше басшылары мен басқа қызметшiлердiң баянжазбалары, жазбахаттары; прокурордың жауап қайыру актiлерi; Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия жiберген тәртiптiк терiс қылықтар туралы материалдар; қызметтiк және өзге де материалдар) болуы мүмкiн.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен , 2002.06.21. N 895 Жарлығ
ымен , 2005.06.30. N 1598 (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) Жарлығымен .

      22. Қызметтiк тексеру барысында кадр қызметi немесе уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары терiс қылықтың жасалу мән-жайларына қатысты барлық материалдар мен мәлiметтердi және тексерудiң өзге де негiздерiн жан-жақты әрi толық жинауға және материалдарды Комиссияның қарауына ұсынуға мiндеттi.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен .

      23. Комиссияда терiс қылық жөнiндегi материалдар қаралғанға дейiн кадр қызметi немесе уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары қызметшiден жазбаша түсiнiктеме талап етуге тиiс.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен .

      24. Қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан қызметшiнiң жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартуы қызметтiк тексеру материалдарын Комиссияның қарауына жiберуге және жаза қолдану туралы шешiм қабылдауға кедергi бола алмайды. Мұндай жағдайда кадр қызметiнiң қызметкерi немесе уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары тиiстi акт жасайды.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен .

5. Тәртiптiк комиссия құру және жұмысының тәртiбi

      25. Комиссия осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның бұйрығымен тағайындалады және мемлекеттiк органның әр түрлi бөлiмшелерiнiң өкiлi болып табылатын үш мүшеден тұрады. Комиссия құрамына мүмкiндiгiнше заңгерлiк бiлiмi және осы мамандық бойынша еңбек тәжiрибесi бар мемлекеттiк қызметшiлердi тартқан жөн. осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлға Комиссия мүшелерiнiң арасынан Төраға тағайындайды.

      25-1. Уәкiлеттi органның комиссиясы уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен тағайындалады, ол комиссияның құрамын айқындайды және осы комиссия мүшелерiнiң iшiнен Төрағаны тағайындайды.
      Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен .

      26. Комиссияның хатшысы әрбiр жеке жағдайда кадр қызметiнiң басшысы айқындайтын кадр қызметiнiң өкiлi болып табылады. Комиссия жұмысының барлық материалдары кадр қызметiнде сақталады.

      27. Өзiнiң жақын туысы немесе жекжаты болып табылатын қызметшiге байланысты немесе Комиссия мүшесiнiң нақ осы тексеруге тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi болса, Комиссия мүшесiнiң терiс қылық жөнiндегi қызметтiк тексеру материалдарын қарауға және фактiлердi зерттеуге қатысты құқығы жоқ.

      28. Комиссия өз мәжiлiсiнде қызметтiк тексеру материалдарын қарайды және терiс қылыққа қатысы бар фактiлердi зерттейдi. Комиссия қызметтiк тексеру жүргiзiлiп отырған қызметшiнiң және тексеру жүргiзген кадр қызметi немесе уәкiлеттi орган өкiлдерiнiң түсiнiктемелерiн тыңдауға тиiс. Комиссияның сонымен қатар куәларды тыңдауға және терiс қылыққа қатысы бар кез-келген фактiлердi зерттеуге құқығы бар. Мәжiлiс өткiзiлетiн күндi Төраға айқындайды және кадр қызметi арқылы басқа мүшелер мен қызметшiнiң қаперiне жеткiзiледi.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен .

      29. Ұсынымдарды Комиссия ашық дауыс беру жолымен қабылдайды және осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаға жiбередi. Комиссия мүшелерi өз пiкiрлерiн ашық айтуға және дауыс беру кезiнде қалыс қалмауға мiндеттi.

      30. Терiс қылық жасалғанын дәлелдейтiн фактiлер болған ретте Комиссия жаза қолданудың орындылығы мен оның түрi жөнiнде басшыға ұсыным енгiзедi.

      31. Комиссияның ұсынымымен келiспеген жағдайда осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның, уәкiлеттi органның комиссиясы, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi шығарған ұсынымдардың жағдайларын қоспағанда,қосымша қызметтiк тексеру жүргiзудi кадр қызметiне жүктеу құқығы болады.
      Қосымша қызметтiк тексеру материалдарын өзге құрамдағы Комиссия қарайды.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 , 2002.06.21. N 895 , 2007.11.27. N 446 Жарлықтарымен.

      31-1. Комиссия сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған қызметшiлердiң қылмыстық iсiн қарау жөнiндегi өз жұмысында уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасауға және қарау нәтижелерi бойынша он күн мерзiмде уәкiлеттi органға тиiстi шешiмнiң көшiрмесiн және тоқсан сайынғы есептердi беруге мiндеттi.
      Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен .

6. Шешiм шығару және жаза қолдану тәртiбi

      32. Осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлға мынадай шешiмдер қабылдайды: тиiстi жаза қолданады; материалдарды қосымша қызметтiк тексеруге жiбередi немесе жаза қолданбайды.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.

      33. Жазаға тартылған адамды қабылданған шешiм жөнiнде үш күн мерзiмде (қол қойып) мемлекеттiк органның кадр қызметi таныстырады.

      34. Қызметшiге жаза тиiстi мемлекеттiк органның мәжiлiсiнде, оның алқасында немесе осы жазаны қолданған осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлға тiзiмiн анықтайтын қызметшiлердiң қатысуымен жариялануы мүмкiн.

      35. Жаза қолдану орынсыз болған жағдайда осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлға қызметшiге қатаң тәртiп сақтау қажеттiгi жөнiнде ескертумен шектелуi мүмкiн.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.

      36. Егер қызметтiк тексеру нәтижесiнде қызметшiнiң қылмыс белгiлерi бар iс-әрекетке жол бергенi анықталмаса, осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлға немесе уәкiлеттi органның басшысы алынған материалдарды құқық қорғау органдарына кiдiрiссiз беруге мiндеттi.
      Қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда, бiрақ, қызметшiнiң iс-қимылында терiс қылықтың белгiсi болса, жаза қылмысты iстi қозғаудан бас тарту не оны тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қолданылуы мүмкiн.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 , 2007.11.27. N 446 Жарлықтарымен.

7. Жаза қолдану мерзiмi

      37. Тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылады және терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлiп қолданыла алмайды.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2002.06.21. N 895 Жарлығымен .

      38. Жаза мынадай жағдайларда қолданылмауы мүмкiн:
      1) еңбекке уақытша қабiлетсiздiк кезеңiнде;
      2) қызметшiнiң демалыста немесе iссапарда болған кезеңiнде;
      3) <*>
      Ескерту. 38-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2002.06.21. N 895 Жарлығымен .

      39. Уақытша еңбекке қабылетсiздiк, демалыста, iссапарда болу кезеңi, егер әкiмшiлiкке жасалған терiс қылық жөнiнде осы кезеңде немесе оның алдында мәлiм болса, жаза қолданудың бiр айлық мерзiмiнiң күшiн тоқтата тұрады.

8. Жаза қолдану туралы актiлер

      40. Жаза осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның бұйрықтарын, өкiмдерiн шығару жолымен қолданылады.
      Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.

      41. Жаза қолдану туралы актiде жаза қолданылған адам, жаза қолданылып отырған терiс қылық және жазаның түрi көрсетiледi.

      42. Қолданылған жазалар мен ескертулер туралы мәлiметтер мен актiлер мемлекеттiк органның кадр қызметiнде қызметшiнiң қызметтiк тiзiмiне енгiзу жолымен есепке алынуға тиiс.
      Тәртiптiк ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған қызметшiлерге осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлға қолданған жазалар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат жөнiндегi уәкiлеттi органға кадр қызметiнiң мiндеттi түрде тапсыруына жатады.
      Ескерту. 42-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен .

9. Жазаның алынуы

      43. Жаза қолданылған күннен бастап алты айдың iшiнде қызметшiге жаңа жаза қолданылмаса, онда оған жаза қолданылмаған болып саналады.

      44. Егер қызметшi жаңа терiс қылық жасамаса және бұл орайда өзiн адал қызметкер ретiнде көрсетсе, жаза алты ай өткенге дейiн алынып тасталуы мүмкiн.

      45. Қызметшi қызметтiк мiндеттерiн тоқтатқан күнге дейiн алынбаған жаза осы мiндеттер доғарылған күннен бастап алынған болып саналады.

      46. Жазаны мерзiмiнен бұрын оны қолданған осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлға алып тастайды.
      Бұл ретте жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн жазаның мерзiмiнен бұрын алынуы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша ғана жүргiзiледi.
      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссияның ұсынымы бойынша жаза қолданылған жағдайда жазаның мерзiмiнен бұрын алынуы тек оның келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.
      Ескерту. 46-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен , 2002.06.21. N 895 Жарлығымен .

      47. Жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған қызметшiнiң тiкелей басшысы инстанция бойынша тиiстi өтiнiш жасайды.
      Осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген жаза қолданған тұлға тиiстi өтiнiштi оны алған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күннен асырмай қарауға мiндеттi.
      Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.

      48. Қызметшiден бiр мезетте тек бiр ғана жаза алынуы мүмкiн.

10. Қызметшiлердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту
кезiндегi құқықтық кепiлдiктер

      49. Терiс қылық жасағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылған қызметшiнiң өз өкiлi болу құқығы бар.

      50. Қызметшi мiндеттi түрде өзiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуға қатысты барлық материалдармен таныстырылуға тиiс.

      51. Осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаның iс-әрекеттерiмен немесе шешiмдерiмен келiспеген жағдайда жауапкершiлiкке тартылатын қызметшi уәкiлеттi органға немесе сотқа осы iс-әрекеттер мен шешiмдер жөнiнде жазбаша түрде шағымдануға құқылы.
      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.

      52. Жаза қолдану туралы шешiмге уәкiлеттi органға шағымдану, қызметшi өзiне жаза қолдану туралы актiмен танысқан күннен бастап бiр ай iшiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 52-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2000.10.09. N 459 Жарлығымен .

      53. Шағымды үстiнен шағым берiлген осы Ереженiң бiрiншi тарауы үшiншi абзацында көрсетiлген тұлғаға қарауға беруге тыйым салынады.
      Ескерту. 53-тармақта орыс тiлiндегi мәтiнге өзгерiстер енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi - ҚР Президентiнiң 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.

      54. Жаза қолдану туралы шешiмге шағымдану оның орындалуын кiдiртпейдi.

Похожие:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы iconАрнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы
Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы iconАвтомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы
Автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк су кадастрын жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi 36-бабының 3 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы iconЗоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттiк есепке алу ережесiн бекiту туралы
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница