Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес




Скачать 75.29 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Дата конвертации15.06.2013
Размер75.29 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қ. 30 сәуір 2009ж.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарының орындалысы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтау жұмысы туралы

Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы З.Б.Ағыбетовтың Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарының орындалысы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтау жұмысы туралы есебін тыңдап және талқылап, Тәртіптік кеңес департаментте Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарының талаптарын орындау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтау жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізілгендігін атап көрсетті.

2008 жылы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларымен 1202 тексеріс, оның ішінде 739 жоспарлық, 408 жоспардан тыс азаматтардың өтініштері бойынша тексерулер, және басқа да мемлекеттік, қадағалау және құқық қорғау органдарымен бірге 55 кешендік тексеріс жүргізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын сақтау мәселесі бойынша 200-ден астам заң бұзушылық анықталды. Шетелдік жұмыс күшін тартатын шетелдік қатысумен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 725 бұзушылығы анықталды. Қаланың 19 кәсіпорнында сомасы 1,1 млрд.теңгеге жалақы бойынша қарыз бары анықталды.

Әкімшілік жауапқа 874 лауазымды және заңды тұлғалар тартылды, салынған әкімшілік айыппұлдың сомасы - 21 млн.теңгені құрады.

Тексерілген кәсіпорындарда еңбек қатынастары саласында 412 бұзушылықтар анықталды. Еңбек шарттардың мәтіндерінде еңбекақы төлеу жүйесі белгіленбеген, немесе Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің қойған талаптарына сәйкес келмейді. Бір мамандықтар бойынша қызметі бір шетелдік және жергілікті жұмысшылардың еңбекақыларын төлеуде айырмашылық бар.

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы бұзылып, жұмыс берушілермен мүгедектерге арналған жұмыс орындары құрылмаған, уәкілетті органға бос тұрған жұмыс орындар туралы ақпарат ұсынылмаған, айыппұл сомасы аз болуынан жұмыс берушілер бұзышылқтарды жойғаннан, оны төлеуді жөн көреді.

Өндірісте сақтандыру компаниялар тарапынан зардап шеккендерге өтемақылық сомалар төлеу барысында кешіктірушілік фактісі жиілетілді.

2008 жылы 110,5 мың зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің басқа да түрлері анықталған.

Департамент бойынша қызметкерлерді алдын ала оқытатын 10 арнайы комиссия бекітілді, алайда бұл комиссияларда Алматы қаласының жұмыс берушілер мен кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдері жоқ.

Департаментте жалпы көзге түсетін орындарда мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған Ар-намыс кодексінің мәтінімен ресімделген стендтер бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің өңірлік бағдарламасының 1-кезеңін жүзеге асыру бойынша 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері департамент қызметкерлерімен аппараттық оқуларда және шұғыл мәжілістерде талқыланады.

Тексеріс барысында тәртіптік жауапкершілікке департаменттің 21 қызметкері тартылды, оларға тәртіптік жазаның мына түрлері берілді: 16- ескерту, 5 - сөгіс. Оның ішінде жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін – 2.

Сонымен қатар, бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылығын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін орындау жұмысында кемшіліктер мен қателер бар.

Департамент тарапынан толыққанды бақылаудың жоқтығынан 2008 жылы өндірісте 139 жазатайым оқиға орын алған, зардап шеккендер 159 адам, оның 38-і ауыр жарақат алған. 2009 жылдың қаңтар-ақпан айларында қалада 10 адам қаза тапты, 5 оқиға ауыр жарақатпен аяқталды.

Жұмыс берушімен уәкілетті органға өндірісте болған жазатайым оқиғалары жөнінде ұсынылған хабарламалар тиісінше тіркелмейді (тек папкілерге жинақталады), ол өндірісте болған жазатайым оқиғаларға уақтылы және объективті тергеу жүргізілуіне есеп пен бақылауды жүзеге асыруда теріс әсер етеді.

Тексеріс барысында прокуратура органдары көптеген заңдылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң бұзушылықтар анықталды. Мысалы, жазатайым оқиғасының нәтижесінде жұмыс орнында «Туркуаз-Ида Строй» ЖШС жұмыскері қайтыс болған, алайда жеті күндік мерзім бұзылып, материалдар департаментпен ішкі істер органдарына 18 күннен кейін жолданған.

Тергеу жүргізуге негізі бар болған жағдайда да арнайы тергеулер жүргізілмеу фактілері бар. Сөйтіп, жұмыс берушілер ауыр жарақатқа жатпайтын жарақат алу туралы Департаментке жалған қорытындылар берген. Ұсынылған қорытындылар көшірмесінің шынайлығына көз жеткізбей департамент арнайы тергеулер жүргізбеген. Осылайша, департаменттің әрекетсіздігінің және бақылау мен есептің болмауы нәтижесінде ауыр өндірістік жарақаттар алумен жазатайым жағдайларын жасыру фактісі орын алған.

Инспекторлар жоспарлы тексеру жүргізу барысында жұмыс берушілер тарапынан заңнаманы нақты бұзушылықтарға әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдамау фактілерін анықтады.

Аталған тәртіп бұзушылықтарға тиісті бақылаудың болмауынан және департаменттің жекелеген қызметкерлерінің өздерінің функционалдық міндеттерін тиісті дәрежеде орындамауы нәтижесінде жол берілген.

Еңбек өтілін растаудың күрделі механизмінің салдарынан ардагерлерге арнайы мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдеу 6-12 айға дейін созылатын болған. Қажетті деректердің болмауы салдарынан жүктілік пен бала босануға байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер уақытында тағайындалмай жатады.

Мысалы, штат саны бойынша департаменттің әдіснама және медико-әлеуметтік сараптаманы бақылау бөлімінде 37 қызметкер болуы тиіс, тексеру күні 13 бос орындар бар екені анықталды. Осыған байланысты сарапшылардың кәсіби сауаттылығына нұқсан келеді, себебі МӘС қызметкерлері сараптама жағынан да мемлекеттік қызметші болып табылатындықтан өздерінің кәсіби біліктіліктерін клиника бойынша арттырып, кәсіби санат алуға және консилиумдер өткізуге мүмкіндіктері жоқ.

Департаментте конкурстық комиссиялардың Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу ережелерінің 23-2 тармағын бұзуы анықталды, конкурс барысында бір лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтарды бірдей көлемде қойылмаған. Бұл конкурстық комиссияның бос әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін үміткерлерді іріктеу жүргізу кезінде үміткерлердің кәсіби сапасын объективті бағаламағанын білдіреді.

Аттестаттаудан өтушілерге бекітілген үлгідегі қызметтік мінездеме ресімделмеген және 5 қызметкер берілген қызметтік мінездемемен уақытында таныспаған, ал 15 қызметкер аттестациялық комиссияның шешімімен таныспаған.

Мемлекеттік инспекцияны ақпараттық-талдау қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А.Т.Алдабергенованың лауазымдық айлықақысына үстемақы белгілеу ұйымдастыру-бақылау және кадрлық қамтамасыз ету бөлімі бастығының жазбаша ұсынысының негізінде жүргізілген.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда департаменттің қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының нормаларын бұзуы орын алған. Олар тәртіптік жазалануы тиіс.

Сонымен бірге Департамент өтініштердің басым бөлігін басқа мемлекеттік органдарға бақылаумен жолдайтындығын, ал өтініштерді қарау нәтижелерін бақылауға алмайтынын айта кеткен жөн.

Алайда, азаматтардың өтініштері бойынша жинақтау папкаларында мемлекеттік органдардың жауаптары мен азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы ақпарат жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Тәртіптік Кеңестер туралы» Ереженің 3 және 7 тармақтарын басшылыққа ала отырып
Тәртіптік Кеңес
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті бастығының Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін сақтауы жөніндегі есебі назарға алынсын.

2. Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті:

- Алматы қаласы Тәртіптік Кеңесі комиссиясының тексеру барысында анықтаған ескертулерді жою бойынша шаралар әзірлесін;

- бөлімдердің штаттарын мамандармен толықтыру шараларын қабылдасын;

- мамандардың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кәсіби біліктілікті арттыру курстарында, дәрігерлерді жетілдіру институтында, сондай-ақ басқа өңірлермен практикалық тәжірибе алмасу арқылы біліктілігін арттыру шараларын қабылдасын;

- мүгедектікті куәландыру, себептерін, топтарын және еңбекке қабілеттілігін (жалпы және кәсіби) жоғалту деңгейін белгілеу сапасын жақсартсын және мүгедектерді сауықтыру шараларының жүргізілуіне уақтылы бақылау жүргізсін;

- мүгедектіліктің алдын алу мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлескен жұмыстарды күшейтсін;

- Қазақстан Республикасының «Жұмыс берушінің өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына тиісті түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін;

- Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды (кәсіподақтардан немесе ұжымдардан) өндірістегі жазатайым жағдайларды арнайы тергеу жөніндегі комиссияның жұмысына және Алматы қаласындағы меншік нысаны әр түрлі ұйымдардың жұмыс берушілерінің қолданыстағы еңбек заңнамаларының нормаларын сақтауына тексеру жүргізуге қатыстыру үшін белсенді түрде тартсын;

- құқық қорғау органдарымен өндірістегі жазатайыс жағдайларды тергеу жөніндегі бірлескен өзара іс-қимыл жоспарын әзірлесін;

- жеке құрамның Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтауы және тәртіпті нығайту бойынша қосымша шаралар қабылдасын;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28-бабына сәйкес тәртіп бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырсын.

3. Осы Қаулының орындалуы туралы ақпаратты Алматы қаласының Тәртіптік Кеңесіне 2009 жылдың 30 тамызына ұсынсын.

4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласының Тәртіптік Кеңес Хатшылығына жүктелсін.

Төраға М. Қасымов
41-п 30.04.2009ж.




Похожие:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
«Холдинг Алматы Су» мкк бас директорының Қр мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қалалық Тәртіптік Кеңесінің 2008...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»,...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Азақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын және Қазақстан Республикасының мемлекет қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін орындау бойынша...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі
Алматы қаласы Жетісу ауданы Әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін сақтауы және сыбайлас...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасының
Тәртіптік кеңес хатшылығымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Азақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconБасты міндет – мемлекеттік қызмет саласындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу
Көкпекті ауданына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ШҚО бойынша тәртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы Алматы қаласы тәртіптік кеңесінің төрағасы М. Е
Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясында» Қр президентінің «ҚР қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес icon25 қаңтарда облыстық "Индустриальная Караганда" басылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Е
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасымен жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметкерлерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница