Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына




НазваниеҚызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына
страница1/7
Дата конвертации15.06.2013
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7



Қызылорда облысы әкімдігінің

2011 жылғы «30» желтоқсандағы № 281 қаулысына

қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің

2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1008 қаулысымен

бекітілген

«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары
1-бөлім. Міндеті мен пайымы

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және туризм және спорт салаларының даму үрдістері

1.1-стратегиялық бағыт. Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту.
1.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
1.2) негізгі проблемаларды талдау
1.3) сыртқы және ішкі факторларды бағалау
2.2-стратегиялық бағыт. Қызылорда облысының спортшыларының республикалық және халықаралық ареналарда бәсекеге қабілеттілігінің артуы
2.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
2.2) негізгі проблемаларға талдау
2.3) сыртқы және ішкі факторларды бағалау
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері
3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттік стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
4-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5-бөлім. Ведомствоаралық іс-әрекет
6-бөлім. Тәуекелдерді басқару
7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар
7.1. Бюджеттік бағдарламалар
7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы

1-бөлім. Міндеті мен пайымы
Міндеті. Туризм саласының дамуына, халықты салауатты өмір сүруге тартуға, облыста жоғары білікті спортшыларды және спорт резервін дайындауға жағдай жасау.

Пайымы. Қызылорда облысында бәсекеге қабілетті туристік индустрия және салауатты өмір салты қағидаттарын енгізудің тиімді тетігін құру.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және туризм және спорт салаларының даму үрдістері

2009-2010 жылдары саланың дамуы, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 Жарлығы, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы, «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығы және Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталды.
1. 1. Стратегиялық бағыт. Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту

1.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Бүгінгі күні облыстың туризм инфрақұрылымы 12 қонақ үй, 2 сауықтыру орны, 8 балалар сауықтыру лагері, 36 орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер, 8 мұражай, 543 тарихи архитектуралық ескерткіштер мен табиғи ресурстармен қамтылған

Облыстағы туризмнің дамуының негізгі бағыттары – экологиялық туризм (Арал теңізі, Жаңақорған ауданындағы Қаратау), жағажай туризмі (Қамбаш көлі), спорттық туризм (жаяу, тауға шығу), «Байқоңыр» космодромына мәдени-танымдық, сонымен бірге, «Батыс Европа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің 811 шақырымы 7 аудан мен облыс орталығы Қызылорда қаласы арқылы өтетіндіктен іскерлік туризм болып табылады.
Өңірдің туризм саласындағы саясатының маңызды міндеті – келу және ішкі туризмді дамыту болып отыр.

Осыған байланысты, «Батыс Европа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойында туризм нысандарын салу үшін жер бөліп берудің мақсатты жұмыстары басталды. Қазіргі кезде, дәліздің 1624 шақырымында, Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жанынан «Дорстрой» жеке шектеулі серіктестігіне жер бөлініп, Қорқыт Ата туристік-мінажат ету орталығы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Ол жерде 20 орындық қонақ үй, 60 адамға арналған мешіт, 150 орындық мейрамхана, кәдесый дүкені мен шеберханасы, киіз үй қалашығы, техникалық қызмет көрсету орталығы орналасады.

1956 шақырымында, көне «Сығанақ» қалашығы маңында, 70 адамға арналған кафесі, 20 адамдық қонақ үйі, 4 көлікке арналған бокс, автотұрақ. көне қалаға экскурсия жасау үшін 10 мініс атқа араналған атқора, су ұңғымасы және терек бағы бар «Сығанақ» кафесі орналасқан. Сонымен қатар, осы жерде май құю бекетін салу үшін жер бөлу жұмыстары жүргізілуде.

1999 шақырымында Жаңақорған және Шиелі кенттері қиылысатын жерде «желкілдек батыр» қоғамдық қоры 10 гектар жерді заңдастырып, жоба сұлбасын әзірледі. Ол жерде батырға аранлған ескерткіш, 10 адамдық қонақ үй, 70 адамдық дәмхана, музей, май құю бекеті, техникалық қызмет көрсету орталығы, автотұрақ орналасатын борлады. Қазіргі кезде көгалдандыру жұмыстары аяқталды.

2044 шақырымында, Жаңақорған ауданы Бесарық ауыл округінің маңайында жеке кәсіпкердің май құю стансасы, дәмхана, жел беру-желімдеу шеберханасы орналасқан.

Арал ауданында 1358 шақырымда, Қармақшы ауданында 1649 шақырымда және Төретам кентіндегі 1569 шақырымда жол бойы құрылыс нысандарын салу үшін жер телімін бөлуге жеке кәсіпкерлер жергілікті әкімдіктерге өтініш білдірген.

Сонымен қатар Арал ауданында «Қамыстыбас» (Қамбаш) демалу аймағын жасау үшін 494 га жер резервке алынды. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, түбегейлі жоспарлау жобаласымен біріктірілген бас жоспарын әзірленді. Жоспарға сәйкес 530 728 мың теңге тұратын сыртқы инженерлік жүйелерді жеткізудің жоспарлау-сметалық құжаттарына сәйкес 42 млн. теңгеге, көл жағасындағы демалыс аймағына дейін баратын тас жолдың құрылысы басталды.

2010 жылы облыста туристік фирмалармен көрсетілген қызмет 70 677,8 мың теңгені құрады (2009 жылы 21932,6 мың теңге) немесе 2009 жылға қарағанда 31% асыра орындалды.

Туристік фирмалармен ішкі туризмнен 463 адамға қызмет көрестілді (2009 жылы 371 адам) немесе 2009 жылға қарағанда 84,9% көп. Сыртқа шығу туризмінен (резиденттер) 302 адамға қызмет көрсетілген)2009 жылы-96 адам) немесе 2009 жылмен салыстырғанда 31,9 % артқан. Туризмнің барлық түрлерінен 765 адамға туристік фирмалармен қызмет көрсетілген (2009 жылы 467), ол 2009 жылмен салыстырғанда 61% артты.

2010 жылы туристік қызметтен түсетін жиынтық табыс 1429,1 млн. теңгені құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 107,2 пайызға, ал 2008 жылмен салыстырғанда 98,9 пайызға артты.

1.2) негізгі проблемаларға талдау

Сонымен қатар, бүгінде бірқатар проблемалық мәселелер бар, оларды шешу көзделген мақсатқа – туристік саланы дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Өңірдің туристік мүмкіндіктерінің зерттелмеуі туризмді әрі қарай дамытуға кедергі келтіріп отыр, табиғи-реакриациалық аймақтардың жайластырылмауы, қызмет көрсетудің сапасының төмендігі және Ұлы Жібек жолының Қызылорда бөлігіндегі белгілік тарихи орындарға жетудің қиындығы қазақстандық та, шетелдік те туристерді қызықтырмайды.

Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан, авиа тасымалдау географиясының шектеулілігі, автомобиль жолдарының нашарлығы немесе болмауы облыстың құнды және тартымды экскурсиялық нысандарына баруға әжептәуір кедергі болып отыр.

Облыстың оң туристік имиджін дамыту жөніндегі іс-шаралар жүйесіз сипатта, туристік өнімді жылжыту, шет елдіктерді облысқа тарту үшін шет елдік көрмелерге қатысудағы тәжірибе жоқ, ішкі туризмді дамытуға, жарнамалық-ақпарттық өнімдер шығаруға қаржы жеткіліксіз бөлінуде.

Осы қалыптасып отырған жағдай сақталғанда, өңірлік туристік нарықты дамыту мүмкіндігі өмір деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, сапалы туристік қызметтерге деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және өңірде туризмді тұрақты дамытуға жағдайлар жасау үшін жеткіліксіз болады.

1.3) сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Әлемдік деңгейдегі туризм нарығында Қызылорда облысы туризмінің бәсекеге қабілеттілігі қазіргі кезеңде қалыптасып отырған жағдайда сақталатын болса, онда жергілікті туристік нарық тұрғындардың өмір сүру деңгейін және жұмыспен қамтуын арттыру, сапалы туристік қызметке деген сұранысын қанағаттандыруға және туризмнің тұрақты дамуын қалаптастыруға жағдай жасауға жеткіліксіз болады.

Туризмнің дамуына кедергі болып отырған негізгі себептердің бірі –сыртқы және ел ішілік саяси-экономикалық ахуал.

Саланың дамуына ішкі факторлар да әсерін тигізеді, олардың қатарына туризм инфрақұрылымын және кадр саясатын дамыту (тәжірибелі экскурсоводтар мен гид-аудармашылар жоқ), кәсіпкерлердің жаңа маршруттар ашуға және жаңа туристік фирмалар құруға құлықсыздығы қоюға болады(облыста небәрі 3 туристік фирма жұмыс жасайды).

2.2. стратегиялық бағыт. Қызылорда облысының спортшыларының республикалық және халықаралық ареналарда бәсекеге қабілеттілігінің артуы

2.1) реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазіргі кезде облыс тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен шұғылданулары үшін 1634 спорт ғимараттары бар, оның ішінде 8 стадион, 8 спорт кешені, 273 спорт залы, 1 манеж, 99 нысана көздеу тирлері, 1046 қарапайым спорт алаңдары, 5 теннис корты, 193 ыңғайластырылған спорт залдары бар. Барлық спорт ғимараттарының 1207-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Облыстағы 170 мектепке дейінгі мекемелердің барлығында ыңғайластырылған спорт залдары, спорт алаңдары бар.

2010-2011 жылдары Ғ. Мұратбаев атындағы орталық және «Құтқарушы», Жаңақорған, Шиелі, Қазалы, Сырдария аудандарының стадиондары, «Мелиоратор» спорттық-сауықтыру кешені, спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатының оқу корпусы мен жатаханасы, Сырдария және Қазалы аудандары балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді.

2010 жылы облыс көлемінде 39 әмбебап спорт алаңдары салынды.

2010 жылы Арал қаласында 2434 орындық, футбол алаңы жасанды төсенішпен жабылған стадионы және 42 х 24 шм. спорт залы бар спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қызылорда қаласында теннис орталығының жабық теннис корттары, облыс бойынша 96 спорт алаңдары,оның 56 ауылдық жерде пайдалануға берілді.

Осы жылы балалар мен жасөсірімдер спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 34010 мың теңге бөлінді.

2012-2013 жылдары облыста 168 спорт алаңдары салынатын болады. Мұз айдынды спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Облыс тұрғындарының бұқаралық спортпен айналысуын арттыру мақсатында әлеуметтік тапсырыс негізінде 2009 жылы 81 млн.теңге (211 спорт нұсқаушы), 2010 жылы 81 млн.теңге бөлінсе (224 спорт нұсқаушы), 2011 жылы 86, 775 мың.теңге бөлініп, 239 спорт нұсқаушысы 127 елді мекенде жұмыс атқаруда. Бұл 30 мыңнан астам адамның тұрақты дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік берді.

Нәтижесінде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 2009 жылмен салыстырғанда 4,4% артып, облыс тұрғындарының 18,8% құрады.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында кешенді «Алтын күз», мемлекеттік қызметшілер, әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы жастар, студенттер, оқушылар, мүгедектер, ардагерлер салалалық спартакиадалар, басқа да спорттық жарыстар, жекелеген кубоктар, біріншіліктер және әртүрлі деңгейдегі турнирлер дәстүрлі өткізіліп келеді.

2010 жылы спорттық-бұқаралық іс шараларға қатысқандардың жалпы саны 410528 адамды құраса немесе 2009 жылмен салыстырғанда (227401 адам) 1,8 пайызға артқан, олардың 331309-ы ауылдық жерлерден,немесе 2,2 пайызға артқан (2009 жылы-146673).

Спорт резервін әзірлеу мақсатында мектептен тыс спорт ұйымдарының желісі кеңейтілуде 2009 жылдың Жалағаш ауданының Мәдениет ауылдық округінде балалар мен жасөспірімдер, 2011 жылы Қызылорда қаласында жоғары спорт шеберлігі мектебі ашылды. 2010 жылғы статистикалық есептемелерге сәйкес, 20 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде (оның 3-і мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві мектебі) 10837 оқушы жаттықты.

Командалық спорт ойындары түрлері, футболдан «Қайсар», гандболдан «Сейхун КАМ ҚМУ», волейболдан «Тастүлек» кәсіби спорт клубтары жұмыс жасайды.

Тұрғылықты жерлердегі дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыстар 24 балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру және спорт клубтарында ұйымдастырылған, оларда 4167 адам жаттығады.

Мүгедектерді жүйелі спорттық-сауықтыру сабақтарына тарту жұмыстары жалғасуда. Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысуы 2015 жылы олардың жалпы санының 1,4 пайызды құрайтын болады (2009 жылы 0,04 %).

2010 жылы 6 мүмкіндігі шектеулі спортшы ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 3 спортшы Қазақстан Респуликасының спорт шебері нормативін орындады. Гуанджоуда өткен кезекті Паралипмиалық ойындарға 4 спортшы қатысып, 2-і қола медаль иемденді.

Дене шынықтыру саласының жұмыс жасауы үшін мамандармен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілуде. 2010 жылы саладағы мамандар саны 2019 адамды құрады. Өсуі 2009 жылмен салыстырғанда 9,3 % - немесе 189 адам.

Спортшыларды жоғарғы спорттық жетістіктерге жеткізу жұмыстарымен құрамы 200 баладан тұратын, (оның ішінде 110-ны ауылдық жерлерден) спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернаты, ауыспалы құрамдағы 30 спортшысы бар Олимпиадалық даярлау орталығы жүргізеді.

Спорт түрлері және жас ерекшеліктеріне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамына облыстан 215 спортшы кіреді.

2011 жылдың 11 айында:

7-і Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2010 жылы - 7).

48 Қазақстан Республикасының спорт шебері –(2010жылы – 42).

88 Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер әзірленді (2010 жылы - 147).

Осы жерде атап өтілетіні, ол дене шынықтыру және спорт саласында ерлер мен әйелдердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың тең мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы, қазір спорт саласында ерлер көшбасшы болып келген спорт түрлерін әйелдер белсенді бағындыруда.

Басқарма қызметінің барлық бағыттарында ІТ-технологиялар кеңінен пайдаланылып,электрондық құжат айналымының артуына жұмыс жасалынатын болады.

2.2) негізгі проблемаларға талдау

Дегенмен, дамудың оң тенденцияларымен қатар, дене шынықтыру және спорттың өркендеуін тежеп отырған күрделі мәселелер де бар.

Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі.

Ауылдық жерлерде тұрғындардың барлық жас деңгейіне арналған спорт залдары жеткіліксіз. Бала бақшаларда стандартты спорт залдары жоқ. Облыстың 6 ауданында жүзу бассейні, облыстық Олимпиада резервін даярлау орталығының өз ғимараты жоқ. Велоспорттан мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары автомобиль жолдарында жаттығатындықтан велотрек қажет.

Облыста жүзу бассейндері жеткіліксіз, ресми жарыстар өткізудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін Спорт сарайы жоқ.

Тұрғындар тығыз қоныстанған Арал ауданының Сексеуіл бекетінде, Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде, Қармақшы ауданының Ақай және Төретам кенттерінде, Жаңақорған ауданының Жаңақорған кентінде спорттық кешендер, Қармақшы ауданы Жосалы кентінде стадион жоқ.

Балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі уақытта оларда облыстың мектеп жасындағы балаларының 8,6 пайызының ғана шұғылдануына мүмкіндік береді. Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншіктер клубтар желісі жеткіліксіз дамыған. 24 дене шынықтыру-сауықтыру клубтарының 7-і ауылдық жерлерде орналасқан, барлығының да өз спорттық ғимараты жоқ, ауылдық жерлерде жаппай тұрғындарға арналған спорт залдары жеткіліксіз.

Білікті мамандар тапшылығы

Облыста білікті жаттықтырушы мамандардың жетіспеуі анық байқалады. Жалпы облыс бойынша дене шынықтыру мұғалімдері мен оқытушы-жаттықтырушы құрамының 22 пайызының арнаулы білімі жоқ.

Тұрғын үй тапшылығына байланысты нысана көздеу, жүзу, кәзіргі бессайыс, ескек есу спорты түрлерінен мамандар шақыра алмай отырмыз.

Спортшылардың функционалдық және физикалық мүмкіндіктерін арттыру, оларды оңалту және жарақаттан кейін қайта қалпына келтіру үшін облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері қажет.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына iconҚызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы № қаулысына
Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту
Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына iconҚызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі №408 қаулысына
Стратегиялық бағыт Облыстың энергетика, коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді газдандыру салаларының динамикалық дамуы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына iconЖоба батыс қазақстан облысы орал қаласы әкімдігі қаулы 2012 жыл № Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»
Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру...
Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21. 12 №28/07 қаулысына 2 қосымша
«2008 жылға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы» Қарағанды облыстық Мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы ІII сессиясының...
Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына iconСолтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №259 қаулысы 2011 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы Заның іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан...
Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына iconҚызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы №
Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері
Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына iconАлматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы»
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына icon2011 жылғы 9 наурыз №238 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына iconЖоба батыс қазақстан облысы орал қаласы әкімдігі қаулы 2012 жыл № Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3166 «Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»
Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3166 «Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница