«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»




Скачать 155.09 Kb.
Название«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
Дата конвертации15.06.2013
Размер155.09 Kb.
ТипДокументы




«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты

(мемлекеттік қызметтің атауы)

1

Қызметтің атауы

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

2

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті

3

Қызметтің тұтынушалары

Заңды және жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны *

Ішінара автоматтандырылған

5

Қызметтің көрсетілетін орын

Мемлекеттік қызметті Өнеркәсіп комитеті мына мекенжай бойынша: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіреберіс, тел: 8 (7172) 29-90-93, 24-14-07, факс: 24-16-05 көрсетеді, сондай-ақ алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «www.e.gov.kz электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы көрсетіледі.

6

Қызметті көрсету тәртiбi

Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы немесе оның өкілі (сенімхат бойынша) Комитетке құжаттарды береді немесе веб-порталға сауал жібереді.

Комитетте құжаттарды қабылдау почта арқылы жіберу не Комитеттің кеңсесіне тапсыру жолымен мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіреберіс, тел: 8 (7172) 29-90-73, факс: 24-16-05.

Порталда электрондық сұрауды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде:

1) қағаз түріндегі өтінішті қабылдауды растау оның көшірмесінде тіркеу күнін және нөмірін көрсете отырып, Комитеттің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрауды қабылдау туралы хабарлама есеп жіберіледі.

Комитет мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда Комитет аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде немесе электронды құжат нысанында бас тартады.

Бұдан әрі Комитет мемлекеттік қызметті беруден осы негіздемемен бас тартуға құқығы жоқ.

Комитетте дайын құжаттарды беруді Комитеттің қызметкері жүзеге асырады.

Сауалды өз бетінше жіберген жағдайда – жеке кабинет арқылы порталда жүзеге асырылады.

7

Қажетті құжаттар

Мемлекеттік қызметті алушы не оның өкілі (сенімхат бойынша) мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті органға не порталға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) заңды немесе жеке тұлғалар үшін белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) заңды тұлға үшін – мемлекеттік қызметті алушының жарғысының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған).

3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат;

4) жеке кәсіпкер үшін – мемлекеттік қызметті алушының жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған).

5) мемлекеттік қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда) көшірмесі;

6) қызметтiң жекелеген түрiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы тапсырылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) лицензияның көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырған);

3) қызметтің кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру туралы өтініш;

2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшiрмесi.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгергенде;

2) дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекен-жайы өзгерген кезде;

3) заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгергенде қайта ресiмдеуге жатады.

Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметті алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжаттарды және лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшiрмелерiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресiмдеу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) өтiнiш;

2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшiрмесi.

3) лицензияның мәліметтері (www.elicense.kz порталында болған жағдайда) немесе лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшiрмелерi.

Құжаттарды қабылдау кезіңде Комитеттің қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

порталға:

ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті алушының сұрауы.

Құжаттардың деректері:

жеке басының куәлігі;

жарғы электронды сканерленген түрінде электронды сұрауға бекітіледі;

заңды тұлғалар үшін - өтініш берушіні заңды тұлға ретінде тіркеу туралы куәлік;

дара кәсіпкерлер үшін - өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік;

ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлеу бойынша ақпарат;

біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұрауға бекітіледі.

Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшин мынадай құжаттар қажет:

Лицензияның мәліметтері (www.elicense.kz) порталын бар болған жағдайда лицензия болған жағдайда сканерленген көшірмесі электрондық сұрауға бекітіледі.

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта рәсімдеу үшін:

мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат түріндегі сұрау;

ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы ақпарат;

лицензиялық мәліметті (www.elicense.kz порталында болған жағдайда) не сканерленген көшірме түріндегі лицензия электронды сұрауға бекітіледі.

Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтерін және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу туралы куәлікті Комитет мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстары болып табылатын портал арқылы ЭЦҚ-мен куәландырған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3) жеке меншік (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе жалға беру құқығындағы қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:

арнайы өндірістік ғимарат, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модуль, көтергіш механизм, жабдықтар;

босатылатын оқ-дәрілер мен олардың компоненттерін сақтауға арналған тартқышы бар, контурлы жай найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойма;

босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жай немесе арнайы алаң;

жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;

4) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;

6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдары;

7) ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар;

8) кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал;

9) өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымдық тұлға;

10) күзет қызметіне лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны

оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт.

2. Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3) жеке меншік құқығында, қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:

арнайы өндірістік ғимарат, құрылыс, көтергіш механизм, жабдықтар;

босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;

босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жай немесе арнайы алаң;

жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;

4) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт.

5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;

6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары;

7) ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар;

8) босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал;

9) өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымдық тұлға;

10) күзет қызметіне лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны

оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт.

8

Қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін лицензиялық алым алынады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 471 бабына сәйкес лицензиялық алымның мөлшерлемесі:

1) босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызмет түрін жүзеге асыру құқығын бергені үшін – 22 айлық есептік көрсеткішті;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензиялық алым лицензия берген кездегі мөлшерлеменің 10%-н құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін – лицензия беру кезінде мөлшерлеменің 100 %-н құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз түрде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар арқылы мынадай реквизиттер бойынша жүзеге асырылады: бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлемнің мақсатының коды – 911.

Мемлекеттiк қызметті портал арқылы алуға электронды сауал берген жағдайда, төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

9

Қызмет көрсеті үрдісінің сипаттамасы

Тұтынушыдан өтініш түскен уақыттан бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін беру уақытына дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы Өнеркәсіп комитетінің кеңсесіне құжаттарды қоса бере отырып өтініш немесе веб-портал арқылы сауал береді;

2) Өнеркәсіп комитеті кеңсесінің маманы өтінішті қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оны Өнеркәсіп комитетінің басшылығына қарауға жібереді;

3) Өнеркәсіп комитетінің басшылығы өтінішті Өнеркәсіп комитеті Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығына қарауға жібереді;

4) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы жауапты орындаушыны анықтайды;

5) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының маманы берілген құжаттарды қарайды және олар тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi мәнiне аумақтық өртке қарсы қауіпсіздік органының келiсiмiн алу үшiн өтiнiш берушiнiң лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын орны бойынша аумақтық өртке қарсы қауіпсіздік органына сауал жiбереді немесе дәлелді бас тартудың жобасын әзірлейді;

6) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының маманы аумақтық өртке қарсы қауіпсіздік органының келiсiмiн алған соң заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарағаннан кейін лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды және оны Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығына келісуге жібереді;

7) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы ұсынылған құжаттарды қарап, лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасына келіседі;

8) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының маманы лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасын Өнеркәсіп комитетінің басшылығына қол қоюға жібереді;

9) Өнеркәсіп комитетінің басшылығы лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасына қол қояды;

10) дайын құжаттарды беруді:

- Комитетте – Комитеттің қызметкері жүзеге асырады.

- сұрауды өз бетінше жіберген жағдайда – жеке кабинет арқылы порталда жүзеге асырылады.

10

Қызметті көрсету мерзімдері

Мемлекеттiк қызметтерді көрсету мерзімдері:

лицензия беру – қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта ресімдеу – қажетті құжаттарды алушы тапсырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

лицензияның түпнұсқаларын беру – қажетті құжаттарды алушы берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде.

11

Қызмет көрсету нәтижесі

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не қызметті көрсетуден уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызметті беруден бас тартуы туралы қағаз тасығышта немесе электронды құжат түріндегі уәжді жауап болып табылады.

12

Нормативтік құқықтық актілер**

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы, «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 қаулысы

13

2011 жылы көрсетілген қызметтің саны

6

Похожие:

«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» icon«Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі...
«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» icon«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» icon«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет...
«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» iconУәкілетті органдардың мекенжайы
«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын...
«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» icon«Тау-кен, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
Электронды мемлекеттік қызметті автоматтандыру деңгейі – ішінара автоматтандырылған
«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» icon«Аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» icon«Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын...
«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» icon«Аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
«Аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны...
«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» icon«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметін жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметін жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын...
«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» icon«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница