Бөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз




Скачать 21.96 Kb.
НазваниеБөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз
Дата конвертации15.06.2013
Размер21.96 Kb.
ТипДокументы
Бөкетов Қ.

Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан.- 2005.- 3 наурыз.
Асыл ағамыз Евней Арыстанұлы Бөкетовтің соңғы жылдары жазған «Жиеннің» жиендігі жайында Жақыпбектің айтқаны» деген әңгімесін «Орталық Қазақстан» газеті жариялай бастағанда таныстар, оқырмандар телефон арқылы: «Бұл болған хикаят па? Әлде Евекеңнің өз қиялынан туған шығарма ма?» деп сұрай бастады. Қалың оқырманға түсінікті болуы үшін сол жайға тоқтала кеткенді жөн көрдім.

Менің есімде сақталғаны мынадай жай. Жаздың жайма-шуақ күндерінің бірінде, шамамен 80-ші жыл болуы керек, бір топ шәкірті, жақсы көретін жолдастары, араларында бірнеше ұлттың өкілі бар (марқұм Евней өмірінде ұлтқа бөліп көрмеген еді), серуенге шығып, судың жағасында үйден апарған көрпе-жастықтарын жайып тастап, әртүрлі әңгіме айтып күлісіп отырады. Сондай сәттің бірінде техника ғылымдарының кандидаты Александр Алексеевич Щербаков деген бір жолдасы өзінің басынан өткен қызықты бір хикаяны әңгімелеп береді. Соны тыңдап болып, барлығы күлісіп отырғанда біреуі: «Мынау өте жақсы, жазса тартымды әңгіме болып шығады екен», — дегенді айтады.

Сонымен, барлығы рахаттана күлісіп алады. Евекең ол кезде ректорлық қызметтен босап, уақытының кеңейген кезі еді. Бірде сол әңгімеге оралып «Рассказ Алексея Александровича Плетнева, как он вора поймал» деген атпен орысша жаза бастайды. Мұнда әкесінің аты мен өз атын әдейі ауыстырып жазып, Щербаковты «Плетнев» дөп өзгертіп алады. Щербак деген қазақтың шарбақ дегені, жай халық оны плетень дейді. Шығарманы жазу үстінде Евекең Щербаковты бірнеше рет шақырып алып, мұқият сұрап, болған жағдайды әңгіме етіп, қағазға түсіріп қойыпты. Бірақ ешбір баспа орнына ұсынбаған екен.

Кейінірек, 1983 жылы болуы керек. Жүректен сырқаттанып, ауруханада жатқанда бұл әңгімені «Жиеннің» жиендігі жайында Жақыпбектің айтқаны» деген атпен қазақша жазып шығады. Оны шәкірттерінің біріне машинкаға бастыртады. Содан кейін шамасы көп ойланған болуы керек (ол кезде асыл ағаның атын ешбір баспасөзде ататтырмай қойды ғой), «Орталық Қазақстан» газетінің сол кездегі жауапты хатшысы Рымқул Сүлейменовке мынадай өтініш жазыпты:

«Сүлейменов Рымқүлға 28-01-83

Қалқам, Рымқүл!

Емханада ұзақ жатсаң, әр нәрсенің басын шатыстырып, шимайлай бастайды екенсің. Мынау сол шимайдың бірі. Өзің оқып көр. Кәдеге асса Арыстан Қабиден (әкем аты - Арыстан, өз атым Ибн-Қабиден) деген псевдониммен жарқ еткіз. Кәдеге аспаса, мен айтқанды түсінетін адам екенімді білесің ғой.

Сәлеммен Евней», - деп қолын қойып, біреуден беріп жіберіпті.

Газет қызметкерлері ерлік жасап, «Күдік құрт» деген атпен, Қабыкен деп, бірталай қысқартып, 1983 жылғы 24 және 25 қыркүйектегі екі санында жариялады. Бұл асыл ағамыздың көзі тірісіндегі соңғы жарияланым еді.

Мен мұны асыл ағаның 80 -жылдық торқалы тойы қарсаңында халқы қадірлеген ағамызды тағы бір қырынан көрсету мақсатында жазып отырмын. Әңгімені толығымен қайта жариялағаны үшін редакция ұжымына, оның бас редакторы Мағауия Сланбекұлы Сембайға шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

Похожие:

Бөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз iconСалықов К. Евней Бөкетов дарынды аудармашы / К. Салықов // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Евней Бөкетов дарынды аудармашы / К. Салықов // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Бөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз iconОразалиева Г. Асқар тауымыз еді Естелік / Г. Оразалиева // Орталық Қазақстан. 2005. 17 наурыз; 19 наурыз. Осыдан тура жиырма екі жыл бұрын, анықтай айтсақ, 1983 жыл 13-ші желтоқсан таңында:« академик Бөкетов қайтыс болыпты»
Асқар тауымыз еді Естелік / Г. Оразалиева // Орталық Қазақстан. 2005. 17 наурыз; 19 наурыз
Бөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз iconМұқашева, Ж. Бөкетов жайлы бөлек туынды [Текст] / Ж. Мұқашева // Орталық Қазақстан. 2008. 29 наурыз (№49-50)
Бөкетов жайлы бөлек туынды [Текст] / Ж. Мұқашева // Орталық Қазақстан. 2008. 29 наурыз (№49-50)
Бөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз iconКөбеев, Е. Шоқтығы биік тұлға: Академик Е. А. Бөкетов хақында/ Е. Көбеев //Жалын. 2005. №3. 24-27 б
Шоқтығы биік тұлға: Академик Е. А. Бөкетов хақында/ Е. Көбеев //Жалын. 2005. №3. 24-27 б
Бөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз iconБөкетов, Қ. Евней ескерткіші туған жерінің төрінде [Текст] / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2009. 3 қазан (№150-151). (Тағзым)
Евней ескерткіші туған жерінің төрінде [Текст] / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2009. 3 қазан (№150-151). (Тағзым)
Бөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз iconТобаяқов Б. Аңызға айналған Әз аға / Б. Тобаяқов // Орталық Қазақстан. 2005. 26 ақпан; Қазақстан-заман. 2005. 10 наурыз
Аңызға айналған Әз аға / Б. Тобаяқов // Орталық Қазақстан. 2005. 26 ақпан; Қазақстан-заман. 2005. 10 наурыз
Бөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз iconҚұдабаев А. Ебекең туралы үзік сырлар / А. Құдабаев // Орталық Қазақстан. 2005. 24 наурыз
Ебекең туралы үзік сырлар / А. Құдабаев // Орталық Қазақстан. 2005. 24 наурыз
Бөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз iconАхметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз
Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз
Бөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз iconСмағұлова А. Аға тағылымы / А. Смағұлова // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Евней аға десе, елең етпейтін қазақ жоқ. Нар тұлғалы, жомарт жүректі, жаратылыс бір бойына бар қабілетті үйіп бере салған Евней Арыстанұлы...
Бөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз iconАкадемик Е. А. Бөкетов атындағы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница