Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі




Скачать 102.31 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі
Дата конвертации15.06.2013
Размер102.31 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша

Департамент қызметі жөніндегі

2009 жылдың қорытындысы туралы есеп

Департамент қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттік реттеу, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылау, газды тасымалдау, азаматтық авиация, электр және жылу энергетика саласындағы тауарлар нарықтарында басылымдық (монопольдіқ) нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстар, қызметтер) бағасын реттеу, мемлекеттік органдарымен ақылы қызметерді көрсету тәртібін бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік монополияларына қатысты салада өз қызметін атқаратын мемлекеттік кәсіпорындар қызметін реттеу болып табылады.

(№1,2 слайд) Салалық мәртебесін алғалы Департаментпен Батыс Қазақстан облысы бойынша 58 реттелетін қызметтер көрсететін 50 табиғи монополиялар субъектілердің қызметі реттелумен келеді, оның ішінде 32 – су-канализациялық жүйесі қызметі бойынша, 14 – электр және жылу энергетикасы, 10 – теміржол көлігі, 1 – газ және мұнай саласында және 1 – әуежай қызметтері саласында. Сонымен қатар, Департамент 9 басымдық – «Аркагаз», МА «Ақжол» АҚ–ры, «Ақжайықэнергосауда», «Алау», «Тәуекел», «УниверсалГаз» ЖШС–рі, «Теміржолсервис», «Горкомхоз», «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» МКК–ры, және 60-тан астам лицензиаттың қызметін реттейді.

(№3 слайд) 2009 жылы Департамент бекітілуге ұсыныспен түскен 81 тарифтің 36-ын кейін қайтарды.

Тарифтердің жобаларын талқылау нәтижесінде 45-і бекітілді, олардың ішінде:

  • жаңадан енгізілген – 22 тариф бекітілді;

  • жоғарылатумен – 23тариф, соның ішінде – стратегиялық тауарлар (газ және электр қуат) бағасының көтерілуіне байланысты төтенше реттейтін шара ретінде 22 тариф.

(№4 слайд) Есепті кезеңде Департаментпен реттелетін тиісті тауар нарықтарында басылымдық субъектілерінің баға көтеру жөніндегі 4 ұсынысы қаралды. Сонымен бірге, реттелетін қызметтерге тарифтерді көтерудің негізгі себептері стратегиялық тауарларға және экономиканың реттелмейтін секторларында бағалардың көтерілуі, инфляциялық процесстері мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру табылады. Және де тарифтердің өсуінің тағы бір себебі табиғи монополиялар субъектілерінің тозығы біткен өндірістік қорларының жағдайы болып есептеледі.

(№5 слайд) Тарифтік сметалардың орындалуыын тексеру нәтижесінде Департаментпен 14 табиғи монополиялар субъектілеріне өтемдік тарифтер қолданылып, 56,9 млн. теңге қаржы тұтынушыларға кайтарылды. Мәселен, «Жайықжылуқуат» АҚ-на тұрғындарға орта есеппен 1 Гкал үшін 2353,33 теңге, өтемдік тариф 2338,27 теңге орнын толыстыратын тариф, ал басқаларға 1 Гкал-ға – 2406,35 теңге орнына өтемдік тариф 2403,94 теңге болып бекітілді.

Ақсай қаласындағы «Ақсайжылуқуат» РКК-на 1 Гкал – 2251,80 теңге; өтемдік тариф – 2206,71 теңге; суға 1 м3-ге – 41,45 теңге; өтемдік тариф – 38,72 теңге; 1м3 канализация жүйесіне – 33,70 теңге; өтемдік тарифі – 33,28 теңге болып бекітілуде.

(№6 слайд) 9 кәсіпорынның ұсынысы бойынша штаттық және қызметкерлердің нормативтік санын қарау кезінде Департаментке олардың әкімшілік шығындарын қысқартуға тура келді (бұл қаржы ресурстарын қайта қарап, дұрыс бөлу, оның көп мөлшерін дағдарыстан шығу шаралары мен басымдылық жобаларына жұмсауға жіберу нәтижесінде туған мүмкіндік):

  • «Батыс Қазақстан электр жүйесін тарату компаниясы» АҚ-на – 2095 мың теңге, немесе 14,3%;

  • «ОралСуАрнасы» МКК-на – 88,7 мың теңге, немесе 1,1%.

  • «Жайықжылуэнерго» АҚ-на – 858,6 мың теңге, немесе 13,5%.

Бұл кәсіпорындарда байланыстың қымбат түрлерін мүлдем жою және қызметтік бапта пайдаланатын автокөліктерге кететін шығындарды кеміту шаралары алынды.

(№.7 слайд) Енді электр қуатын үнемдеу шараларының нәтижесін қарайық. Бәріңізге мәлім, бұл мақсатта қазіргі уақытта Республика көлемінде электр қуатына тәулік аймақтық дифференциалдық тарифтер енгізіліп отыр: тұрғындар үшін – екі аймақтық, заңды тұлғалар үшін – үш аймақтық. Және де түнгі тариф әр өңірлерде қолданыстағы бірыңғай тарифке қарағанда 2,5-тен 4,5 есеге дейін төмендетілген, біздің облыста 3-4 есеге төмен

Мысалы, қолданыстағы бірыңғай тариф бойынша 1 квт. сағ. электр қуатын пайдаланған үшін 6,88 теңге төлеу қажет болса, тәулік аймақтық дифференциалдық тарифпен тұтынушылар үшін өзіндік құнына қосымша салық (ҚҚС) есептегенде:

  • күндізгі тұтынушылар үшін тариф (07.00-ден 23.00-ге дейін) – 8,85 теңгені;

  • түнгі тұтынушылар үшін тариф (23.00-ден 07.00-ге дейін) – 1,93 теңгені құрайды.

Заңды тұлғалар үшін – қолданыстағы тариф бойынша 1 квт. сағ. – 8,81 теңге есебімен, тәулік аймақтық дифференциалдық тариф бойынша:

  • түнгі тұтынушылар үшін тариф (23.00-ден 07.00-ге дейін) – 2,46 теңгені;

  • күндізгі тұтынушылар үшін тариф (07.00-ден 19.00-ге дейін) – 8,81 теңгені;

  • кешкі тұтынушылар үшін жазғы уақытта тариф (19.00-ден 23.00-ге дейін) – 20,50 теңгені;

  • кешкі тұтынушылар үшін қысқы уақытта тариф (19.00-ден 23.00-ге дейін) – 18,03 теңгені құрайды.

Айта кететін мәселе, Қазақстан Республикасының «Электр қуаты туралы» Заңына сәйкес, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатын қуатпен қамтамасыз ететін ұйымдардан алатын заңды тұлғалар пайдаланылған электр қуаты үшін төлемақыны тәулік аймақтық дифференциалдық тариф бойынша төлеуге міндетті.

Осымен қатар, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап атап өткен заңнамаға жеке тұлғалар электр қуаты үшін төлемақыны, оны пайдаланған мөлшеріне байланысты төленетіні туралы ұсынылған қосымша өзінің күшіне енді.

(№8 слайд) Қазақстан Републикасының «Электр қуаты туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен келісе отырып, Департаментпен жалпы қала бойынша электр қуатын тұтынудың мөлшері белгіленді, оны асыра пайдаланған кезде 1 қала тұрғынына (жеке тұлғалар) ай сайн ең жоғарғы тарифпен төлемақы өндіріліп алынады:

  • электр плитасын пайдаланбайтындар үшін – 70 квт. сағ.;

  • электр плитасын пайдаланатындар үшін – 90 квт. сағ.

(№9 слайд) 2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Департаментпен электр қуаты үшін оны пайдалану мөлшеріне қарап төлеуге дифференциалдық тарифтер келісілді. Ең жоғарғы тариф 1 квт. сағ. үшін 8,25 теңге (ҚҚС бірге) болып, және ол элекр қуатын жіберілетін тарифтен 20%-ға үлкен (6,88 теңге 1 квт. сағ.), ал ең төменгі тариф электр плитасын пайдаланатындарға 1 квт. сағ. үшін 6,80 теңгені құрайды, электр плитаны пайдаланбайтындарға – 6,83 теңге 1 квт. сағ. үшін белгіленді.

Тұтынушылар – жеке тұлғалар өз еркімен дифференциалдық тәулік аймақтық тарифті немесе электрқуаты үшін пайдалану мөлшеріне қарай төлеуді таңдауына құқылы.

Электр қуатына дифференциалдық тарифті пайдалану тұтынышылардың қаржысын үнемдеуге тұрмыстық тұтынушыларға тарифтік жоспар мен қуатты үнемдеуді таңдауға мүмкіндік береді.

(№10 слайд) Электр қуатын сақтаудың келесі шарты нормативтік техникалық шығындардың деңгейін төмендету болады. Бұл параметрлердің тұрақты өсуінің беталысы бәсеңсіді.

Өткен жылы қарауымызға 28 ұсыныс түсіп, оның 11-і кері қайтарылды, 17-сі бекітілді. Тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен 5 субъектінің шығындану мөлшері азайтылды (2008 жылы 4 субъектіге шығындары кемітілді). Бұл шара тариф деңгейіне осы фактордың әсерін әлсіздендірді, себебі тарифтер құрылымында нормативтік шығындарға кеткен қаражат 50% құрайды.

(№11-12 слайдтар) 2008 жылдың 23 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1221 «2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында орындалған жұмыстар нәтижесінде 2009 жылы нормативтік техникалық шығындарға кеткен қаражат көлемі 2008 жылмен салыстырғанда едәуір төмендеді. Жалпы экономикалық тиімділік 100 млн. теңгеден асты. Мысалға, «Батыс Қазақстан РЭК» АҚ бойынша электр қуатына кеткен нормативтік техникалық шығындар 1,32%-ға төмендетіліп, экономикалық тиімділік 25,4 млн. теңгені құрады. «Жайықжылуқуат» АҚ-да жылу қуатына кеткен шығын 0,34% төмендеп, экономикалық тиімділік 28,7 млн. теңгені құрады. Су бойынша: «ОралСуАрнасы» АҚ бойынша нормативтік техникалық шығындар 1,9%-ға төмендетіліп, экономикалық тиімділік 1,6 млн. теңгені құрады.

Электр қуатын сақтау мақсатында жағдай туғызу үшін Департаментпен табиғи монополиялар субъектілерінің жалпы үйаралық және жеке жылу мен суды есептейтін аспаптарды орнату жұмыстары үнемі қадағалануда.

(№13 слайд) Өткен жылдың нәтижесімен есептеу аспаптарымен қамтамасыз ету жағдайы жақсарды деп айтуға болады.

Бұл істелініп жатырған жұмысқа нақты қадағалаудың, үлкен түсіндіру жұмысын жүргізудің (кеңестер, баспасөз конференцияларын, брифингілер өткізу, газетке мақала беру, газет, радио арқылы сұхбаттар беру) нәтижесінде қол жеткізген жетістік. Егер 2009 жылдың 1 қаңтарында ыстық судың есебін алатын жеке аспаптармен қамтамасыз етудің деңгейі 72,9% құраса, 2010 жылдың 1 қаңтарына бұл көрсеткіш 84,7% құрады, салқын су бойынша 2009 жылдың басында – 69,6% 2010 жылдың басында – 80,2% .

Тұтынушылардың қаражатын үнемдеудің 20-40% есептеу аспаптарын қолданғанның нәтижесі болып табылады.

Назарларыңызға ұсынылған деректерге сәйкес ыстық суды есептеу аспаптарымен қамту 84,7%, салқын суды – 80,2% құрайды. Ыстық суға белгіленген жоғары тариф (1 м3 суды жылытуға 138,94 теңге) тұрғындардың ыстық суға есептегіш құралдарды қоюға ынталандырып отыр.

Жылу жүйелерін есептейтін аспаптарды орнату мәселесі мәз емес, жалпы қолданысқа қажетті құралдың тек 6,5%-зы ғана орнатылған, 64 орнатылған жылу есептегіштерінің 38-і жаңа үйлерде. Бүгінгі таңда жылу есептегішпен есеп тек қана 7 үйде жүргізіледі. Дегенмен «Жайықжылуқуат» АҚ деректеріне сүйенсек, жалпы үйаралық жылу есептегіш аспаптарды орнату тұтынушыға тиімдірек.

Нақты үйлерде есептегіш аспаптарды орнатудан экономикалық тиімділік 30%-дан жоғары болып отыр (Аманжолов көшесіндегі №89 үйде – 34,8%, Мұхит көшесі №7/1 үйде – 27,6%, Деамократия көшесі 1/1 үйде – 38,4%). Тиімділік – анық.

Бірақ, бір жылға дейінгі мерзім ішінде несиеге айына 300 теңге төлеп, есептегіш орнатуға болатынын тұрғындардың бірі білсе, бірі білмейді. Ал монополист тұрғындар үшін мұндай тиімділікті олардың қаперіне жеткізбей отыр.

Заңнаманың міндетті түрде есептегіштер орнату туралы бабы өкінішке орай орындалмай отыр. Шын мәнісінде Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 7 бабына сәйкес, табиғи монополиялар субъектілері тұтынушыларға реттелетін коммуналдық қызметті есептейтін аспаптарды өздері сатып алып, олармен келісім-шартқа отыру негізінде қондырулары керек, ал тұтынушыларда осы Заңның 11 бабына сәйкес реттелетін коммуналдық қызметті есептегіш аспаптары міндетті түрде болуы керек.

(№14 слайд) Өткен жылдың ішінде Департамент 18 жоспарлы және 4 жоспардан тыс түрде табиғи монополиялар субъектілерінің жұмысына тексеру жүргізді. Заңды бұзушылық фактілеріне байланысты Департамент анықталған кемшіліктерді жою мақсатында 74 ұйғарым шығарды, жалпы құны 5273 мың теңге құрайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы 12 қаулы қабылдады.

Субъектілердің монополиялар мен реттелетін нарық жөніндегі заңнаманы бұзғандары үшін айыппұлдар салынып, бюджетке 1 млн. 690 теңге қаржы өндіріліп, қайтарылды. Осылайша, Департамент тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында 17 соттық іс қарауға қатысты,

Мысалы, уәкілеттік органдарға белгіленген мерзім ішінде тарифтік сметаның орындалуы жөнінде есепті тапсырмағаны үшін Казталов аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының үстінен әкімшілік іс қозғалып, нәтижесінде 388800 теңге айыппұл (300 МЕК) салыну жөнінде қаулы қабылданып, толық мөлшерінде орындалды,

Сондай-ақ, «Шыңғырлаукомтехсервис» МКК-на байланысты құны барлық актив құнынан 0,05% құрайтын мүліктен айыру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, нәтижесінде 518400 теңге (400 МЕК) айыппұл салынып, еріксіз түрде орындауға жіберілді.

(№15 слайд) Лицензиялық қызмет. 2008 жылдың шілдесінен бастап Департамент құзырына өнеркәсіп саласындағы кейбір қызметтерге лицензия беру функциясы жүктелді.

Елбасының электр қуаты нарығында делдалсыз қызмет істеу бағытында Агенствомен электр қуатын кері сату үшін сатып алумен айналысатын субъектілерге қойылатын талаптар күшейтілуде.

Жалпы, Департаментке 2009 жылы лицензия алу үшін заңды және жеке тұлғалардан 77 өтініш түсті. 59 жаңадан лицензия беріліп, оның 8 қайта дайындалды, 9 лицензияға қосымша жалғанды, «Автогазтранссервис» ЖШС-тің бір өтініші қарау үстінде, 17-сі қабылданбады.

Өткен жылы берілген лицензиялар:

  • электр қуатын жеткізу және бөлу, электр стансаларын, электр жүйелерін станса бөлімшлерін пайдалануға – 4 лицензия: «Ақсайгазпромэнерго» АҚ (қайта жасақтау), «Ақсайгазсервис» АҚ (қайта жасақтау), «Тілмаш» ЖШС, «Ариадна» ЖШС;

  • газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтайтын объектілерін пайдалану үшін – 39 лицензия;

  • жылу қуатын өндіру, жалғастыру және бөлу үшін 6 лицензия: «Ақжайық А» ЖШС, «Ақсайжылуқуат» МКК (қайта жасақтау), «Луч» МЛ, «Жолаушы» МКК, «Шынғырлдаукомтехсервис» МКК, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жаңгіір хан атындағы аграрлық технологиялық университеті» (қайта жасақтау);

  • коммуналдық тұрмыстық объектілердің газдандыру жүйелерін пайдалану үшін 4 лицензия: «Жеті қыз» ЖШС, «Алау» ЖШС, «Ақсайспецмонтаж» ЖШС, «Ақсайгазсервис» АҚ.

  • мұнай өнімдері, газ құбырлары тораптарын пайдалануға 6 лицензия: «Биоорта» ЖШС, «Конденсат» АҚ, «Ақсайспецмонтаж» ЖШС, «ЖайықТрубТех» ЖШС, «Ақсайгазсервис» АҚ, «Диетсманн С.п.А» компаниясы (қайта рәсімдеу).

«Лицензиялау туралы» Заңына сәйкес лицензиялау тәртібі ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті, қоршаған ортаны қорғауды, жекеменшікті және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында орнатылады.

Алайда, өкінішке орай күні бүгін лицензиясыз жұмыс істеп жүрген субъектілер бар, әсіресе автокөлікке бензин құю стансалары.

(№16 слайд) Департамент жұмысының айқындығы белсенді насихаттау жұмыстарымен және мүдделі жақтардың қатысуымен көпшілік тындауын өткізумен қамтамасыз етілді. 2009 жылы 179 шара өткізілді (2008 жылы - 104), оның ішінде 42 көпшілік тыңдау: 25 – тариф жобаларын талқылау; 17 – нормативтік техникалық шығындар жобалары туралы; одан басқа: 72 – ақпарат құралдарында басылым; 48 – теледидар мен радиодан сөз сөйлеу; 11 – брифинг, баспасөз–конфренциялары, дөңгелек үстел; 12 – Президент Жолдауы бойынша кездесулер өтті.

Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардың 552 өтініші қаралды, оның 77-сі азаматтардан (2008 жылы 544 өтініштің 16-сы азаматтардан). Барлық өтініштерге толық түсіндемелер берілді. 77 өтініштің 15-сі табиғи монополиялар субъектілерінің заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты. Мысалы, азаматша Кулова А. «Қазтрансгазаймақ» АҚ-нан тұтынушылар пайдаланатын табиғи газдың сапасын көтерудің және оның мезгілінде жеткізіуін талап етуде. Мәселе кеңейтілген кеңесте қаралып, өтініш қанағаттандырылды.

(№17 слайд) Агенттікпен веб-сайтының дамуына үлкен көңіл бөлініп отыр - www.regulator.kz. Әр адамның өзіне керек мәселелермен жолығуларына болады.



Похожие:

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері Орал қаласының коды 7112
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2009 жылы атқарған жұмысы туралы есеб І
Намаларының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Департаменттің жұмысы Қр табиғи монополияларды реттеу агенттігінің негізгі бағыттары...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жария тыңдаулар өткізу үшін хабарландыруларды орыс тілінде жариялау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіту туралы
Мемлекеттік сатып алуларға Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі- агенттік), 010000,...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің жария тыңдаулар өткізу үшін мемлекеттік
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің жария тыңдаулар өткізу үшін мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі
Департаментінде ағымды жылдың 04 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, мемлекеттік орган өкілдері, маслихат...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі iconБекітемін: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі төрағасының орынбасары
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі
Ихат депутаттары, «Нұр Отан» хдп- ның, Сараптамалық кеңес мүшелерінің, «Атамекен» ҚҰэп аф, Кәсіпкерлік пен жұмыс берушілер Одағының,...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі үшін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді бір көзден мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамасы
Йымдастыраушысы, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Әкімшілік жұмысы департаменті,...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің мемлекеттік тілде жария тыңдауларды өткізу
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің мемлекеттік тілде жария...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 20 шілдедегі 2011 жылғы №184- од бұйрығына №2 қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде тіркелген табиғи монополиялар субъектілердің қолданыстағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница