2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат




Скачать 49.95 Kb.
Название2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат
Дата конвертации15.06.2013
Размер49.95 Kb.
ТипДокументы
2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы
АҚПАРАТ


Қызылорда облысының қаржы басқармасы 2008 жылдың 4 желтоқсанында № 95-IV cанды Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің» 125 бабына сәйкес 2011 жылғы облыс бюджетінің 1 қаңтарға атқарылу барысы туралы ақпаратты жолдайды.

Облыс бюджетінің түсімдер болжамы 116815,1 млн.теңге 117567,5 млн теңгеге немесе 100,6 пайызға орындалып, 752,4 млн.теңге қаражат артық түсті, оның ішінде облыстың өз кірістерінің болжамы 22799,8 млн.теңге 23578,4 млн.теңгеге немесе 103,4 пайызға орындалып, 778,6 млн.теңге артық түсті. Өз кірістерінің болжамын Қармақшы (97,7%) мен Жалағаш (98%) аудандарынан басқалары артығымен орындады.

Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер 0,7 млн.теңгеге кем  алынды (Туризм және спорт министрлігінен 0,3 млн.теңге, Білім және ғылым министрлігінен 0,4 млн.теңге). Аудандар мен Қызылорда қаласынан облыстық бюджетке қайтарылатын 1845,7 млн.теңге трансферттер мен несиелердің 1835,4 млн.теңгесі қайтарылды (Арал ауданы 10,3 млн.теңге қайтарылатын трансферттерді қайтармай, Бюджет кодексінің 44 бабының талаптарын орындамады).  

Республикалық бюджеттен ипотекалық тұрғын-үй құрылысына жоспарланған 512 млн.теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша үй салу мен сатып алуға және кәсіпкерлерді қолдауға жоспарланған 795 млн.теңге несие мен ауылдық елді мекендегі әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жоспарланған 195 млн.теңге барлығы 1502 млн.теңге бюджеттік кредиттер толығымен түсті.  

Облыс бойынша шығындар жоспары 120989,0 млн.теңге 115255,3 млн.теңгеге немесе 95,3 пайызға орындалып, 5733,7 млн.теңге қаражат игерілмеді (өткен жылы 1 қаңтарға 97,4 пайызға атқарылып, 2874,9 млн.теңге игерілмеген).

Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер жоспары 28027,7 млн.теңге 24658,2 млн.теңгеге немесе 88 пайызға орындалып 3369,5 млн.теңге атқарылмады (өткен жылы 94,8 пайызға атқарылып, 1588,1 млн.теңге игерілмеген). Ағымдағы нысаналы трансферттерден 858,8 млн.теңге, даму трансферттерінен 2491,6 млн.теңге (оның 859 млн.теңгесіне міндеттеме қабылданбаған), Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен алынған ағымдағы трансферттерден 19,1 млн.теңге игерілмеді.  Обьективті себептермен 1191,5 млн.теңге (оның ішінде мемлекеттік сатып алу конкурстарының үнемделгеннен 48,1 млн.теңге, ағымдағы шығындардан үнемделгеннен 118,4 млн.теңге, жәрдемақы алушылар санының азаюынан 0,6 млн.теңге, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша  жоспарланған оқушылар санының азаюынан 9,5 млн.теңге,  ата анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың асыраушыларына төленетін ақы жөнінде ереженің кеш қабылдануынан 21,1 млн.теңге, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру механизмінің кеш қабылдануынан 188,5 млн.теңге, қаражаттың мектеп құрылыстарына кеш бөлінуі (қараша айы) және өткізілген мемлекеттік сатып алу қонкурс құжаттарының прокуратура органдарында тексеруде болғандықтан 541,3 млн.теңге, республика тарапынан «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасынан инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытудан қаражаттың қате екі рет жоспарлануынан 252,7 млн.теңге, ауылдық елді мекендерде бос лауазымдық орынның болмауы және зәру мамандық иелерінің ауылға бармауынан 11,3 млн.теңге), субьективті себептермен 2178 млн.теңге атқарылмады (оның ішінде құрылыс басқармасы бойынша білім беру обьектілерін дамытудан 91 млн.теңге, денсаулық сақтау обьектілерін дамытудан 1076,5 млн.теңге, "Бизнес 2020 жол картасы" бағдарлама шеңберінде индустралды инфрақұрылымды дамытудан 391,5 млн.теңге, барлығы 1559 млн.теңге, оның 104,4 млн.теңгесіне міндеттемелер қабылданбаған, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бойынша "Бизнес 2020 жол картасы" бағдарлама шеңберінде кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау көрсетуден 196,8 млн.теңге, ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша ауыл шаруашылық саласын қолдауға берілген субсидиялардан 247,2 млн.теңге, денсаулық сақтау басқармасы бойынша кепілдендірілген дәрігерлік көмек пен денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық техникалық жарақтандырудан 17,8 млн.теңге, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты іске асырудан Арал ауданынан 8,3 млн.теңге, Қызылорда қаласынан 15,8 млн.теңге, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасынан инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытудан 80 млн.теңге, оның ішінде  Аралдан 19,6 млн.теңге, Қазалыдан 11 млн.теңге, Қармақшыдан 13,1 млн.теңге, Жалағаштан 14 млн.теңге, Сырдариядан 9,8 млн.теңге, Қызылорда қаласынан 12,5 млн.теңге).

Атқарылмаған 3368,9 млн.теңге нысаналы трансферттердің 2823,1 млн.теңгесін 2012 жылы пайдалануға қалдыруға тиісті есептілік Қаржы министрлігіне жолданды. Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері республикадағы тиісті министрліктермен осы соманы қалдыруға жұмыс жасау керек.

Облыстық бюджеттен аудандар мен Қызылорда қаласына берілген нысаналы трансферттер 6975,2 млн.теңге 6663,9 млн.теңгеге, немесе 95,5 пайызға атқарылып, 311,3 млн.теңге игерілмеді (Аралда 84,8 пайызға орындалып, 89,3 млн.теңге, Шиеліде 97,2 пайызға орындалып, 10,2 млн.теңге, Қармақшыда 98 пайызға орындалып, 5,4 млн.теңге, Қызылорда қаласында 95,5 пайызға орындалып, 205,4 млн.теңге игерілмеді).

Республикалық бюджеттен Қызылорда қаласына ипотекалық тұрғын-үй құрылысына жоспарланған 512 млн.теңге несие мен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға берілген 200 млн.теңге толық көлемде игерілсе, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен аудандар мен Қызылорда қаласына тұрғын-үй салу мен сатып алуға жоспарланған 595 млн.теңгенің 265,3 млн.теңгесі атқарылмады және ауылдық елді мекендегі әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілген 195 млн.теңге бюджеттік кредиттердің 174,5 млн.теңгесі немесе 89,5 пайызға игерілді, 20,4 млн.теңгесі игерілмеді.

2011 жылдың 01 қаңтарға шығындар жоспарының атқарылуы бюджет деңгейлері бойынша төмендегідей болды:

Арал ауданында             96,2 пайызға орындалып, 253,6 млн.теңге;

Қазалыда                          98,5 пайызға орындалып, 98,6 млн.теңге;

Қармақшыда                   97,4 пайызға орындалып, 148,4 млн.теңге;

Жалағашта                      97,9 пайызға орындалып, 99,2 млн.теңге;

Сырдарияда                     98,5 пайызға орындалып, 76,4 млн.теңге;

Шиеліде                            99,6 пайызға орындалып, 24 млн.теңге;

Жаңақорғанда                 98,1 пайызға орындалып, 121,6 млн.теңге;

Қызылорда қаласында  97 пайызға орындалып, 730,8 млн.теңге игерілмеді. Арал, Қармақшы, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласы  шығындар жоспарының атқарылуы төмен деңгейде орындады.

Ал облыстық бюджетте шығындар жоспары 92,7 пайызға орындалып, 4181,1 млн.теңге игерілмеді.

Бірқатар облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындар жоспарының атқарылуы облыс бойынша атқарылу көрсеткішінен  төмен болды (аудандар мен Қызылорда қаласына берілген трансферттерді қоспағанда). Атап айтқанда:

кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы- 43,3 пайызға орындап, 206,4 млн.теңге;

құрылыс- 77,9 пайызға орындап, 2833,8 млн теңге;

жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары- 85,5 пайызға орындап, 45,6 млн теңге:

жер қатынастары – 87,8 пайызға орындап, 4,9 млн теңге;

облыс мәслихатының аппараты- 88,3 пайызға орындап, 12,9 млн.теңге;

ауыл шаруашылық- 92,1 пайызға орындап, 289,9 млн.теңге;

жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру – 92,1 пайызға орындап, 71,5 млн.теңге;

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар- 94,1 пайызға орындап, 60,5 млн.теңге;

білім басқармасы- 95,8 пайызға орындап, 253,7 млн.теңге атқарылмады.

Шығындар жоспарының төмен деңгейде атқарылудың негізгі себептері келісілген жұмыс көлемінің мердігерлер тарапынан толық атқарылмауы немесе заттардың (тауардың) мерзімінде жеткізілмеуі, оларға бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан қатаң талап қойылмауы, бірқатар обьектілер мен бағдарламаға қаражаттың жыл соңында бөлінуінен және мемлекеттік сатып алу конкурстарының өтпей қалуынан болып отыр.

Похожие:

2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат iconБатыс қазақстан облысы бюджетінің 2010 жылға атқарылуы түсімдер
Облыс бюджетінің 2011 жылдың 1 қаңтарына түсімдер бөлігі жалпы 105531,6 млн теңгеге немесе 99,6% атқарылды
2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат icon2011 жылғы 1 мамырдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 112,6%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат icon2011 жылғы 1 маусымдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 113,9%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат icon2011 жылғы 1 ақпандағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 122,4%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат icon2011 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 125,5%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат icon2011 жылғы 1 қарашадағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 109,7 ға орындалды. Жоспарды орындауды барлық қалалар мен аудандар қамтамасыз етті
2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат icon04-34 2009 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 102,5%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат icon2010 жылғы 1 мамырдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 103,2%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат icon04-34 2009 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 110,1%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат icon2010 жылғы 1 сәуірдегі облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 105,6%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница