Бізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде




НазваниеБізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде
Дата конвертации15.06.2013
Размер44.1 Kb.
ТипДокументы



«Айқын» газеті №162 (2073) 30.08.2012
Айвар Боданов, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары:
Бізге азаматтардың сенімі артты
Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде. Бұл ауқымды шара Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында 2012 жылғы 8 сәуірдегі Президенттің Жарлығына сәйкес жүзеге асырылуда.

Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отырған кезектен тыс аттестациялаудың басты мақсаты - құқық қорғау жүйесінің қоғамның талаптарына сай жаңа келбетін жасақтау. Нәтижесінде құқық қорғау органдарының сапында мінсіз, жұмысына жауапкершілікпен қарайтын және кәсіби деңгейі жоғары қызметкерлер ғана қалуы тиіс.

Жалпы, аттестаттаудан қаржы полициясының 3000-ден астам қызметкері өтуі тиіс, олардың 68-і Жоғарғы аттестаттау комиссиясында сынақтан өтті, 508 – Орталық аттестаттау комиссиясында, ал 2,5 мың қызметкер аумақтық аттестаттау комиссияларында сынақтан өтуде. Нақтырақ айтқанда, қаржы полициясының барлық қызметкерлері Агенттік төрағасының бірінші орынбасарынан бастап қатардағы қызметкерлерге дейін аттестаттаудан өтіп жатыр.

Объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ аттестаттауды өткізу барысында заң бұзушылық фактілерінің алдын алу мақсатында, қаржы полициясы органдары аттестаттау комиссияларының жұмысында қоғам, БАҚ және ардагерлер ұйымдары өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етілді.

Бұл жұмыстың барынша объективті, заңға сәйкес және ашық өтуін Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков қатаң бақылауға алды. Ол көзбояушылыққа, тамыр-таныстық пен біржақтылыққа жол бермеуге баса назар аударды.

Кезектен тыс аттестаттауды өткізу барысын жариялаудың мөлдірлігін қамтамасыз етудің тағы бір тәсілі - Агенттіктің www.finpol.kz ресми веб-сайтында «құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» атты тараудың қызметі.

Бұл тарау ағымдағы жылғы 23 сәуірден бастап жұмыс істеуде, онда кезектен тыс аттестаттауды реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен өзге құжаттар орналастырылған. Аталған бөлімде «Бұл жерде сіз аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткізілетін құқық қорғау қызметкерлері туралы ақпаратты көрсете аласыз» атты айдар ашылды. Ол арқылы азаматтар Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің аттестаттауға жататын кез келген қызметкері туралы ақпаратты жеткізе алады.

Бұл айдарға келіп түсетін арыздар екі мекен жайға - Қаржы полициясы агенттігіне және Президент әкімшілігіне жолданады. Арыз иесінің аты-жөні жарияланбайды.

Ал бөлім жұмыс істеген күнінен бастап аталған айдарға 47 арыз келіп түсті. Әрбір келіп түскен арыз тексеріледі және аттестациялық комиссиялардың жұмысында ескерілуде. Аттестаттауды өткізудің басты мақсаты өзінің міндеттерін қоғамның талаптарына сәйкес тиімді орындауға дайын қызметкерлерден қаржы полициясы органдарының құрамын жасау болып табылады.

Әлемнің көптеген елдерінде құқық қорғау құрылымдарының қызметі мен жұмыс сапасын арттыруға бағытталған осындай шараларды өткізу аталған мемлекеттердің құқық қорғау жүйесі қызметінің жақсару тенденциясын көрсеткен. Қазіргі уақытта Жоғарғы және орталық аттестаттау комиссиялары жұмысын аяқтады.

Ағымдағы жылғы 21 мамырдан 19 маусымға дейін қаржы полициясының 68 қызметкері, олардың қатарында Агенттік төрағасының орынбасарлары, Агенттік аппаратының жетекшісі, орталық аппарат департаменттерінің бастықтары, облыстар, Астана және Алматы қалаларының қаржы полициясы департаменттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары, Қаржы полициясы академиясының бастығы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жоғарғы аттестациялық комиссиясында сынақтан өтті.

Жоғарғы аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан қаржы полициясының 20 басшысы немесе 29 пайызы өте алмады, олардың 11-і жұмыстан босатылды, 8 – лауазымынан төмен лауазымға тағайындалды және 1 – басқа қызметке ауыстырылды.

Оған қоса, жылдың басынан кезектен тыс аттестаттаудың басталуына дейін өздеріне жүктелген жұмысты сәйкес деңгейде ұйымдастыра алмағандары үшін қаржы полициясының 37 жетекші қызметкері жұмыстарынан босталды, олардың ішінде Агенттік төрағасының 2 орынбасары, Агенттіктің орталық аппаратының 6 департаментінің бастықтары, аумақтық департаменттердің 9 бастығы, аумақтық департаменттер бастықтарының 20 орынбасарлары. Бұдан басқа, 9 басшы жоғарғы аттестаттау комиссиясының жоғары талаптарын түсіне тұра, кезектен тыс аттестаттаудан өтуден бас тартып, өз лауазымдарынан босату туралы өтініштер жазды. Агенттіктің номенклатурасына кіретін аумақтық қаржы полициясы органдары мен Қаржы полициясы академиясының қызметкерлері аттестаттауды Агенттік жанындағы Орталық аттестаттау комиссиясында өтті.

Осы комиссияда аттестаттауды 533 қызметкер өтуі тиіс болатын, алайда 19 қызметкер лауазымдарынан босату туралы баянаттар жазып, аттестаттаудан өтуден бас тартты, 2 қызметкер Орталық әскери-медициналық комиссияға қаралуға жіберілді, 4 қызметкер уақытша еңбек қабілетсіздігіне байланысты аттестаттаудан өтпеді.

Нәтижесінде Орталық аттестаттау комиссиясынан 508 қызметкер сынақтан өтті, олардың 63-і немесе 12,4 пайызы аттестаттаудан өте алмады. Нәтижесінде 9 қызметкер жұмыстан шығарылды, 38 – лауазымынан төмен лауазымдарға тағайындалды, 16 басқа қызметтерге ауыстырылды.

Кезектен тыс аттестаттаудың басталуы мен нәтижелерімен қаржы полициясы органдарының басшылық құрамының жоғары буыны – 85 пайызға, аумақтық қаржы полициясы органдарының басшылық құрамының орта буыны 27 пайызға жаңартылды.

Аталған кезеңде 17 аумақтық аттестаттау комиссиялары өз жұмыстарын аяқтауда.

Бүгінгі күні қаржы полициясының негізі күші жүйелі сыбайлас жемқорлықты анықтау мен әшкерелеуге, көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғауға бағытталған. Аталған міндеттерді тиімді әрі нәтижелі орындау ведомствоның кадрлік құрамына тікелей байланысты.

Құқық қорғау органдарының қатарларын тазалау және жаңғырту арқылы жалпы құқық қорғау жүйесін сауықтыруға бағытталған кезектен тыс аттестаттау қылмыспен күрес және азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғау бойынша жұмысты жоғары деңгейге көтеретіндігі айдан анық. Бүгінгі күннің өзінде азаматтарымыздың қаржы полициясы органдарына деген сенімінің артуы байқалады.



Похожие:

Бізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде iconҚазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу
Азақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің осы қағидалары (бұдан әрі Қағидалар)...
Бізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде iconҚұқық қорғау органдарының жаңа бейнесі: Тиімділік, транспаренттілік және кәсібилік Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы»
Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан...
Бізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде iconЖарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен...
Бізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде icon«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру туралы 2012 жылғы 21 мамырдағы №310 бұйрық «Құқық қорғау қызметі туралы»
Арулы Күштерінде, басқа да әскерлері және әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеру ережесіне, «Қазақстан Республикасы құқық қорғау...
Бізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде iconЗаңы Құқық қорғау қызметі туралы
Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан...
Бізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде iconЗакон о служб правоохр органов п каулы Қазақстан Республикасының Заңы Құқық қорғау қызметі туралы
Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан...
Бізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан...
Бізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан...
Бізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде iconҚұқық қорғау органдары пәнінен 300 тест тапсырмалары
Адвокаттың сезіктіні, айыпталушы мен сотталушыны қорғау үшін сот-тергеу органдалының талабы бойынша тағайыңдауды
Бізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде iconҚұқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ОӘс төрағасы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау қызметі» мамандығы бойынша
Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік секциясы туралы ереже...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница