«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты»




Скачать 49.34 Kb.
Название«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты»
Дата конвертации15.06.2013
Размер49.34 Kb.
ТипДокументы
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты»

Мемелекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ
1 тарау. Жалпы ережелер
1.«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-аппарат) Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген тәртіпте құрылған мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.

2.Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметінің актілеріне, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сол сияқты осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Аппарат заңды тұлға болып табылады, мемелекеттік тілде өз атауы жазылған елтаңбалық мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қазынашылық Комитеті органдарында шоттары болады.

Аппарат азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға жеке өзінің атынан шығады.

4. Аппарат өз құзырының шегінде, заңнамамен белгіленген тіртіпте өкімдер мен шешімдер түрінде тиісті аумақта міндетті күші бар актілер шығарады.

5. Аппараттың құрылтайшысы Мұғалжар ауданының әкімдігі болып табылады. Аппараттың құрылтайлық құжаттары осы Ереже болып табылады.

6. Аппарат қызметін қаржыландыру аудандық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

7. Аппаратының штаттық санының лимиті аудан әкімдігінің аудан бюджеті есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбекақысын қаржыландырудың Үкіметпен бекітілген бірыңғай жүйесіне сәйкес аныталып, бекітіледі.

8. Аппараттың штаттық кестесі ауылдық округ әкімімен штаттық сан мен еңбекақы қоры лимитінің шегінде бекітіледі.

9. Аппараттың мемлекеттік тілдегі толық атауы- «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Орыс тіліндегі толық атауы- государственное учреждение «Аппарат акима Кумсайского аултного округа».

10. Аппаратының заңды мекен-жайы: индекс 030710 Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Құмсай селосы.


2 тарау. Функциялары, негізгі міндеттер және құқықтары
11. Аппарат Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген функцияларды (міндеттерді) жүзеге асырады.

12. Аппараттың негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңдарымен, егер аппарат қызметі осындай актімен реттелетін болса;

2) Аппаратты құру туралы актімен (қаулымен);

3) мемлекеттік мекеме туралы Ережемен анықталады.

13. Мемлекеттік мекеменің (Аппараттың) құқықтары болып мемлекеттік органның негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажетті, заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының басқада нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құқтар белгіленеді.
3 тарау. Аппараттың мүлкі
14. Аппараттың жедел басқару құқығында дербес мүлкі бар. Аппараттың мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады. Және негізгі қорлар мен айналымдағы қаржыдан, сондай-ақ құны баланста көрсетілген басқада мүліктен тұрады. Аппарат өзіне бекітлген мүлікті өз бетінше оқшалауға немесе басқа жолмен иелік етуге құқығы жоқ. Мүліктің иесі Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
4 тарау. Аппараттың қызметін ұйымдастыру
15. Аппаратты Қазақстан Республикасының қоданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын ауылдық округтің әкімі басқарады.

16. Ауылдық округінің әкімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте лауазымды тұлға болып табылады және мемлкеттік органдар, ұйымдар және азаматтар қарым- қатынасқа сенімхатсыз түсе алады.

17. Ауылдық округінің әкімі Аппарат жұмысын ұйымдастырып, басқарады және Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және қызметтерінің іске асырылуына жауапты.

18. Осы мақсатта ауылдық округінің әкімі:

1) Аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2) Аппарат кадрларын таңдау мен тағайындау жөніндегі жұмысты іске асырады, Аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Қазақстан Респкубликасының заңдарына сәйкес Аппарат қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;

4) барлық мемлекеттік органдармен басқа да ұйымдарда Аппарат атынан сөйлей алады;

5) қызметкерлердің еңбекақы қорының шегінде штаттық кесте мен қызметтік міндеттерін бекітеді;

6) азаматтардың арыз, шағым, өтініштерін қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға шаралар алады;

7) салық пен басқа да бюджетке міндетті төлемдерді жинауға жәрдем етеді;

8) жоғары тұрған әкімдікке тиісті мәслихат бекіту үшін аппарат әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және ұсынады;

9) өз құзырының шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

10) Ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды, сол сияқты, ауылық округте құрылыс салу, қайта жарақтау, автомобиль жолдарын жөндеу және күтуді қамтамасыз етеді;

11) шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметін дамытуға жәрдем етеді;

12) өз құзырының шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сол сияқты жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша заңның орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

13) Құмсай ауылдық округінің аумағында Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекет жасауды, азаматтық хал актілері жағдайын тіркеуді ұйымдастырады;

14) тарихи мәдени мұраларды сақтап қалу жұмыстарын ұйымдастырады;

15) аз қамтамасыз етілген тұлғаларды анықтайды, жоғарғы тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

16) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдем етеді;

17) қоғамдық транспорттың жүруін ұйымдастырады;

18) кезек күттірмес медициналық көмек қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;

18-1) аудандық атқарушы органдарға аудан орталығымен көліктік қатынасты ұйымдастыру жөнінде, сол сияқты ауылдық елді мекендерде оқушыларды мектепке дейін ақысыз апарып және алып қайтуды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар береді;

19) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірігіп әрекет етеді;

20) статистикалық шаруашылық есебін жүзеге асырады;

21) жергілікті бюджетті бекітуге (нақтылауда) аудандық мәслихат сессиясының жұмысына қатысады;

22) мектепке дейінгі ұйыцмдар, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

23) өз құзырының шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселесін реттейді;

24) Ауылдық округінің елді мекендерін абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

25) туыстары жоқтарды жерлеуді және бейіттер мен басқа да жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

26) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5-тарау. Аппаратты қайта құру және тарату
19. Аппаратты қайта құру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Аппарат таратылғаннан кейін мүлік, мүлік иесіне ауысады.

Похожие:

«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» iconАщысай ауылдық округі әкімінің аппараты mm
«Ащысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аппарат) Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген...
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» iconКонкурс! Конкурсты ұйымдастырушы «Айнабулақ ауылдық округі әкімінің аппараты»
Конкурсты ұйымдастырушы «Айнабулақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мм 070702, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ...
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» iconКонкурс! Конкурсты ұйымдастырушы «Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты»
Конкурсты ұйымдастырушы «Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты» мм 070703, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Біржан ауылы,...
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» icon2011 жылға атқарылған жұмыстар туралы Новопокровка ауылдық округі әкімінің есебі. «ШҚо бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»
Мм жұмысы ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қр конституциясын,...
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» icon«Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округі әкімінің аппараты» мм
«Ұлан ауданы Айыртау ауылдық округі әкімінің аппараты» мм миссиясы және пайымдауы
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» iconНовопокров ауылдық округі әкімінің аппаратты
Миссиясы-“Новопокров ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің миссиясы- жергілікті деңгейінде өмір сапасын көтеруге...
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» icon«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты»
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің комиссиясы және көкжиегі
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» iconАндреевка ауылдық округ міндеті мен қызметіне жүктелген орындау туралы әкімінің есебі «ШҚо бородулиха ауданының Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты»
Р «Қазақстан Республикасы өзін өзі басқару және жергілікті мемлекетті басқару туралы» Заңын, Қр конституциясын, Президент Жарлығын,...
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» icon«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты»
...
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» iconЗайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты»
«Аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай Әкім аппараты) Қазақстан Республикасының заңдары белгіленген тәртіпте әкім...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница