Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес




Скачать 65.17 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Дата конвертации15.06.2013
Размер65.17 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қ. 28 қазан 2009ж.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын және Қазақстан Республикасының мемлекет қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін орындау бойынша Алматы қаласы Соттар әкімшісінің атқарған жұмысы туралы.

Алматы қаласы соттар әкімшісі А.А. Прімқұловтың ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарының және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің талаптарын орындау жөніндегі жұмысы туралы есебін тыңдап және талқылап, Тәртіптік Кеңес соттар әкімшілігі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» және ҚР мемлекет қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарын орындау жөнінде жұмыстарын жүргізіп отырғанын атап көрсетеді.

2009 жылдың 9 ай ішінде сот орындаушылардың орындауында жалпы бағасы 314,5 млрд.теңгеден тұратын 56 мың орындаушы құжат болған, мұның ішінде жалпы сомасы 53,2 млрд. теңгені құрайтын 36,2 мың немесе 64,7% орындалған.

Өткен кезеңде жеке және заңды тұлғалардың 1311 жүгінуі қарастырылды, соттар әкімшісі 257, орынбасарлары – 236 азамат қабылданды.

Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қызметке тұру үшін 4 конкурс өткізіліп. 529 азамат қатысты. Конкурс нәтижелері бойынша 156 жеңімпаз тиісті лауазымдарға тағайындалды, 108 - кадр резервіне қосылуға ұсынылды. 110 мемлекеттік қызметкер аттестациядан өтті.

Мемлекеттік тілде және орыс тілінде Ар-намыс кодексі және сенім телефондары орналастырылған стенд дайындалған. Тексерілген кезең ішінде сенім телефонына қоңыраулар келіп түспеді. Мемлекеттік қызметкерлер этикасын бақылау үшін кітап ашылған.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын және Қазақстан Республикасының мемлекет қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін орындау бойынша соттар әкімшілігінің атқарған жұмысында кемшіліктер бар.

Тексерілген кезең ішінде Соттар әкімшілігінің 269 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды: 137 – ескерту, 71 – сөгіс, 34 – қатаң сөгіс алды, 14 – қызметке сәйкес еместігі туралы, 13 – атқаратын қызметінен босатылды. Бұлардың ішінде жемқорлық құқық бұзулары үшін 6 қызметкер прокуратура органдарының ұсыныстарының негізінде тәртіптік жауапкершілікке, 2 – Алматы қаласының ҰҚКД ұсынысы бойынша, бұлардың біреуі бір жылдың ішінде екінші рет жемқорлық құқық бұзғаны үшін қызметінен босатылды, ал 2 қызметкер кіріс пен мүлік туралы декларацияны өткізу мерзімін бұзғандары үшін.

Соттар әкімшілігі 2008 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған іс-шаралар жоспарын орындауда пәрменді шара қабылдамаған, 2009 жылға арналған жоспар жоқ.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 9-бабының 2-пунктісі бұзылып, салық органынан алынатын кіріс пен мүлік туралы 2008 жылға декларацияна өткізу жөніндегі анықтаманы 7 мемлекеттік қызметкер тапсырмады.

Конкурс комиссиясы әкімшілік мемлекеттік лауазымға қызметке тұруға арналған байқауды өткізу ережелерінің 23-2 пунктісін бұзып, 2 конкурс өткізген кезде әкімшілік мемлекеттік лауазымға көздеген тұлғаларға бекітілген сұрақтар қоймаған, кандидаттардың арасынан бос әкімшілік лауазымға қызметке тұруға іріктеу жасаған кезде, конкурс комиссиясына кандидаттардың біліктілік қасиеттеріне дұрыс баға бергізбеді. Кандидаттарды іріктеу азаматтардың конституциялық құқығын және мемлекеттік қызмет туралы заңдар жиынтығының негізгі қағидасы – жалпыға бірдейлікті бұзумен жүзеге асты. Осылайша, 8 кандидатқа сұхбаттасу протоколы бойынша сұрақтар мүлде қойылмаған, алайда конкурс қорытындысы бойынша олар бос мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды немесе кадр резервіне қойылды, бұл комиссиясының мемлекеттік қызметке тұрған кезде заңмен қарастырылмаған артықшылықтарды (тамыр-таныстықты) ұсынуды дәлелдейді.

Өткізілген конкурс нәтижесінде әкімшісінің бұйрығымен 32 азамат бос әкімшілік лауазымға сынау мерзімімен арнайы тексерудің нәтижесіне дейін міндеттерін уақытша атқаратын қызметкерлер ретінде қызметке алынды. Мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын тұлғалармен еңбек қатынасы тек еңбек туралы заңнамамен реттеледі және сынау мерзімі орнатылмайды.

Соттар әкімшісінде мемлекеттік қызмет туралы және ҚР мемлекет қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі заңдарын бірнеше рет бұзылған кездері кездеседі. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау ережесі бұзылып, кадр қызметімен қызметкерлерді аттестация өткізу мерзімі жайлы жазбаша ескертілмеген, аттестациядан өтуге тиісті 10 қызметкерлерге қызметтік мінездемелер рәсімделмеген, аттестациядан өтуге тиіс 14 қызметкер ұсынылған қызметтік мінездемелерімен уақытылы таныстырылмаған, 2008 жылдың маусым айында тесттен өту кезінде өту деңгейінен төмен баға алған 6 мемлекеттік қызметкер қайта аттестациядан белгіленген уақытты өтпеген, ал 1 қызметкер қазіргі уақытқа дейін аттестациядан өткен жоқ.

18 қызметкер аттестация комиссиясының шешімімен таныстырылмаған, 11 қызметкердің жеке істерінде аттестация парақтары және қызметтік мінездемелер жоқ.

Ескерту түрінде тәртіп жазасы алынбаған 26 мемлекеттік қызметкер, сөгіс және қатаң сөгіс ретінде қайта тәртіп жазасына тартылды, ал сөгіс түрінде тәртіп жазасы алынбаған 10 мемлекеттік қызметкер, қатаң сөгіс ретінде тәртіп жазасына қайта тартылды.

36 мемлекеттік қызметкерді тәртіп жазасына тарту кезінде түсіндірме хаттар талап етілмеген, ал тәртіп жазасына тартылған 58 қызметкерді қабылданған шешімдермен таныстырмаған.

4 қызметкер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орнатылған мерзімдерді бұзып дайындаған.

Соттар әкімшілісі әкімшілік мемлекет қызметкерлерінің 30 қызметтік ауысымдарын келісуден бас тартты, оның ішінде тізімді дұрыс емес толтырғаны үшін 22, ал 8 қызметкерлерге біліктілік талаптарына сай болмау салдарынан.

Осыған байланысты осы тәртіп бұзуларға жол берген адамдарды тәртіп жазасаға тарту туралы хат жолданды, алайда шешім қабылданбады.

Аттестациядан қайта өткен кезде тесттен өту деңгейінен төмен баға алған екі мемлекет қызметкерлерге Соттар әкімшісінің аттестациялау комиссиясы лауазымдарына сәйкес болмау туралы шешім қабылдамаған. Осымен аттестация нәтижесі бойынша шешім қабылдау кезінде заңсыз артықшылықтар көрсетілді, аттестация комиссиясы мүшелерін жауапкершілікке тарту сұрағы шешілмеді.

2008 жылы және 2009 жылдың 9 айы ішінде Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу департаменті соттар әкімшісі қызметкерлеріне қатысты 78 өтініштер қарастырылып, 2 қылмыстық іс қозғады.

Алматы қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен шұғыл еңбек келісім-шарт бойынша қызмет атқарып жүрген мемлекет қызметкерлердің санын тексеру кезінде мемлекеттік қызметті атқару тәртібі ережесін бұзып, орнатылған мемлекет органның 20% штаттық саны асырылғаны айқындалды. Штаттық саннан асыру 37 бірлік болды, бұл 10,6 млн. теңге көлеміндегі бюджетті тиімсіз қолдануға ұшыратты. Сомасы 13,5 млн. теңгені құрайтын қаржылық тәртіп бұзулардың орын алғанын анықталды.

Тексеріс барысында анықталған заң бұзушылықтар лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын тиісті орындамауын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы жөнінде толыққанды білімінің жоқтығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Тәртіптік Кеңестер туралы» Ереженің 3 және 7 тармақтарын басшылыққа ала отырып
Тәртіптік Кеңес
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. Алматы қаласы соттар әкімшісі А.А.Прімқұловтың ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және Мемлекет қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауы жөніндегі есебі назарға алынсын.

  2. Алматы қаласы соттар әкімшісіне:

  • Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28-бабына сәйкес бұзушылыққа жол берген кінәлі кадр жұмысшылары және басқа да тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырсын;

  • Алматы қаласы Тәртіптік Кеңесі комиссиясының тексеру барысында анықтаған ескертулерді жою бойынша шаралар әзірлесін;

  • қызметкерлердің Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтауы және тәртіпті нығайту бойынша қосымша шаралар қабылдасын;

  • Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін қарау бойынша кемшіліктерді жойсын.

  1. Соттар әкімшілігіне ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша басқармасымен бірлесіп кадрлік қамтамасыз ету жұмысының сапасын арттыру мақсатында келесі шараларды орындау қажет:

  • Тапсырылатын есептердің сапасын арттыру үшін және оны оқыту үшін дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

  • Аттестацияны, конкурсты және тестілеуді өту процедурасын оқыту үшін семинар –кеңестер өткізу;

  • Кадрлік резервке өту процедурасын және қызметкерлердің қызметтік ауысуы құжаттарын басқармаға тапсыруды тыңғылықты оқыту үшін тренингтер өткізу;

  • Қайта дайындық және біліктілігін көтеру бөлігінде Соттар әкімшілігі қызметкерлерін жиі оқыту;

  • Мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды бұзушылықты жою үшін семинар-кеңестер өткізу.

  1. Қаулыны орындау туралы ақпаратты Алматы қаласының Тәртіптік Кеңесіне 2009 жылдың 30 қарашасына ұсынсын.

  2. Қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласының Тәртіптік Кеңес Хатшылығына жүктелсін.

Төрағасы М. Қасымов


87-п 28.10.2009ж.




Похожие:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
«Холдинг Алматы Су» мкк бас директорының Қр мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қалалық Тәртіптік Кеңесінің 2008...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Митеті Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»,...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Азақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі
Алматы қаласы Жетісу ауданы Әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін сақтауы және сыбайлас...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасының
Тәртіптік кеңес хатшылығымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Азақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconБасты міндет – мемлекеттік қызмет саласындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу
Көкпекті ауданына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ШҚО бойынша тәртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы Алматы қаласы тәртіптік кеңесінің төрағасы М. Е
Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясында» Қр президентінің «ҚР қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес icon25 қаңтарда облыстық "Индустриальная Караганда" басылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Е
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасымен жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметкерлерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница