Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы




Скачать 128.1 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Дата конвертации15.06.2013
Размер128.1 Kb.
ТипДокументы

Қазақстан Республикасы Экономикалық

қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының


2012 жылғы «13» маусы

№124 бұйрығымен бекітілген


Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында жеке

және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау, сондай-ақ

азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру туралы

нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, сонымен қатар азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру туралынұсқаулық «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, басқа заңнамалық актілерде регламенттелген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мен қорғауға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға байланысты мәселелерді анықтайды.

2. Аталған Нұсқаулықтың күші Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленген тәртіпте қарастыруға жататын жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылмайды.

3. Депутаттардың өтiнiштерiмен және сұрау салуларымен жұмыс ұйымдастыру, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру бойынша дербес жауапкершілік бірінші басшыларға жүктеледі.
2. Негізгі ұғымдар
4. Аталған Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) өтініш - өтінішті қарайтын қаржы полициясы органына немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу;

2) ұжымдық өтініш – екі немесе одан да көп жеке немесе заңды тұлғалардың, сонымен қатар митингте немесе жиналыста қабылданған және митингінің, жиналыстың ұйымдастырушылары немесе қатысушылары қол қойған өтініш;

3) өтініштің телнұсқасы – бұрынғы өтініштің көшірмесі болып табылатын өтініш, не бір мәселе бойынша және бір адамның мүддесін қозғайтын өтініш данасы.

3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
5. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сонымен қатар осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануы, тіркелуі, есепке алынуы және қаралуы тиіс.

6. Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясына) (бұдан әрі - Агенттік)келіп түскен барлық өтініштер Құпиялықты қамтамасыз ету және құжат айналымы басқармасында (бұдан әрі - ҚҚжҚАБ), қаржы полициясының аумақтық органдары мен Қаржы полициясының академиясының бақылау және құжат айналымын қамтамасыз ету бөлімшелерінде тіркелуі тиіс.

7. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

8. Агенттікте тіркелген өтініштер көп кешіктірілмей жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бөліміне бастапқы қарастыру және Агенттік қызметтерінің, қаржы полициясының аумақтық органдары мен Қаржы полициясының академиясы арасында бөлу үшін тапсырылады.

Қаржы полициясы органының құзыретіне кірмейтін өтініштер ҚҚжҚАБ үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде арыз берушіге хабарлана отырып, тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Өтініштерде қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар белгісі анықталған жағдайда, орындаушы бір тәуліктің ішінде бұл өтінішті қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қылмыстар туралы арыздар мен өтініштерді есепке алу кітабына немесе Ақпаратты есепке алу журналына қайта тіркейді. Одан кейінгі қарастыру тәртібі заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Өтініш телнұсқасының нөмірі негізгі өтініштің нөмірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Үкімет, Парламент депутаттары арқылы келіп түскен өтініштердің телнұсқасын қоспағанда, өтініштердің телнұсқасы негізгі өтінішке қаржы полициясы органдарының басшысының қарауынсыз қосылады.

10. Мемлекет басшысы және Президент Әкімшілігінің басшылығымен бақылауға алынған қайталама өтініштер тек қана Агенттіктің орталық аппаратының қызметтерімен қарастырылады.

11. Қаржы полициясының аумақтық органдары басшылығынан қайталама арыздар келіп түскен жағдайда арызданушылармен түсіндіру мақсатындағы әңгімелесу жүргізіледі, қажет болған жағдайда әңгімелесу нәтижелері тиісті хаттамалармен рәсімделеді.

12. Өтініште қаржы полициясы органдарының бірнеше бөлімшелерінің құзыретіне жататын сұрақтар бар болған жағдайда тексерісті ұйымдастыру орындаушылардың арасында бірінші көрсетілген бөлімшенің бастығына толық көлемде жүктеледі. Олармен өтініш бойынша соңғы жауаптың жобасы әзірленеді.

13. Өтініштер бір құрылымдық бөлімшеден екінші құрылымдық бөлімшеге көрсетілген баянаттың және қаржы полициясы органдары басшылығының (орталық аппаратта – Агенттік Төрағасы мен оның орынбасарлары, кімнің бақылауында құжаттың болуына байланысты, аумақтық қаржы полициясы органдарында – Департаменттің бастығы) тиісті бұрыштамасы бар болуы негізінде беріледі.

Өтініштерді тиісті құрылымдық бөлімшелерге уақтылы бермеген жағдайда (шешімнің мерзімі өткенде), өтінішті уақтылы ұсынуды қамтамасыз етпеген құрылымдық бөлімшенің басшысы мерзімді ұзарту туралы өтінімді орындаушылық тәртіпті бұзуға жол берген адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселені бір уақытта көтере отырып, ресімдейді.

14. Агенттікке аумақтық қаржы полициясы органдарымен қабылданған процессуалдық шешіммен келіспеу, тергеу мен анықтауды сарсаңға салу, сондай-ақ жауап алмау туралы шағымдар келіп түскен жағдайда Агенттіктің немесе қаржы полициясының аумақтық органының басшылығының нұсқауы бойынша ішкі қауіпсіздік органдарымен қызметтік тексерістер жүргізіледі.

15. Өтініштерді қарастыру кезінде:

1) өтініштерді іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған шешуге өкілеттігі жоқ лауазымды тұлғалардың қарауына жібермеуге;

2) оларға қатысты мәселені объективті шешуге мүдделілік білдірмейді деп пайымдауға негіз болған тұлғаларға тексеріс жүргізуді жүктеуге;

3) жеке тұлғалардың жеке өмірі туралы, оның ішінде заңды тұлғаның мүддесіне қатысты, мәліметтерді олардың келісімінсіз немесе мемлекеттік не заңмен қорғалатын құпияны жариялауға;

4) өтінішке қатысы жоқ жеке адамның жеке басы туралы мәліметтерді анықтауға жол берілмейді.

16. Жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтірілмеген жағдайда, ал осының алдындағы өтініштің материалдарында тексерудің егжей-тегжейлі материалдары бар және арыз берушілерге белгіленген тәртіпте жауаптар берілген өтініштерді қарастыру тоқтатылады.

Өтініштерді қарауды тоқтату туралы шешімді қаржы полициясы органдарының басшылары немесе оның орынбасарлары қабылдауға құқылы.

17. Қаржы полициясы органдарындағы иесі бүркемеленген өтініштерді қарау тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен белгіленген.

Өтініштерде мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төну немесе жасалған қылмыстар туралы мәліметтер болып, оны қарастыру құзыретіне сәйкес шұғыл түрде мемлекеттік органдарға жолдау керек болған жағдайлардан басқа, иесі бүркемеленген өтініштер қарастылмайды.

18. Төрағаның Блогы (бұдан әрі - Блог) мен Агенттіктің Веб-сайтына (бұдан әрі – веб-сайт) келіп түскен сұрақтар Агенттіктің ҚҚжҚАБ басып шығарылады және осы Нұсқаулықтың 8-тармағында белгіленген тәртіпте қарастырылады.

19. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы Блогтан, веб-сайттан орындауға өтініш келіп түскен жағдайда орындаушы-бөлімше алдын-ала (5 күн ішінде) өтініштің авторын анықтайды. Автор анықталмаған жағдайда бес күндік мерзім іщінде Агенттіктің ҚҚжҚАБ өтініш иесінің бүркемеленген сипатын растайтын қосымшалармен бірге тиісті мәлімет беріледі, мұндай өтініштермен жұмыс осы Нұсқаулықтың 17-тармағында анықталған тәртіпте жүргізіледі.

20. Блогқа, веб-сайтқа жауаптарды орналастырудың мынадай тәртібі бекітіледі:

Тексерісті қажет етпейтін өтініштерге жауаптың жобасы өтінішті қарастырған Агенттік басшылығына 15 күн ішінде ұсынылады;

АТК тіркелуге жататын өтініштерге соңғы жауаптың жобасы өтінішті қарастырған Агенттік басшылығына процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін 3 күн ішінде ұсынылады;

Блогқа келіп түскен өтініштерге жауаптардың жобасы Агенттіктің ҚҚжҚАБ, веб-сайтқа келіп түскендері - Ақпараттық-талдау департаментіне жауапты жариялау үшін жолданады.
4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін шешу
21. Қаржы полициясы органдарының лауазымды тұлғалары өтініштерді шешу кезінде олардың мәні бойынша мұқият түрде талқылауға, қажет болған жағдайда қажетті құжаттарды талап етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және жағдайларда өтініште жазылған мән-жайларды тексеру үшін қызметкерді сол жерге жіберуге, хат иелері қойған сұрақтардың шешімдерін әділ, уақтылы шешу үшін шағым тудырушы себептер мен жағдайларды анықтау және жою үшін басқа да шаралар қолдануға міндетті.

22. Бір тұлғаның мүддесі үшін бір мәселе бойынша бірнеше өтініш бір уақытта немесе әр түрлі уақытта келіп түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде есептелінеді, ал кейінгілері негізгі өтінішке қоса тіркеледі және бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешудің нәтижелері туралы авторларға хабарлана отырып, бір өтініш ретінде қаралады.

Негізгі өтініштің мәселесі шешілгеннен кейін соған ұқсас өтініш келіп түссе, оған жауап өтініш түскен күннен бастап 10 күн ішінде алдындағы жауаптың шығыс нөмірі мен мерзімін көрсете отыра, қабылданған шешімнің қысқа мазмұнымен қоса беріледі.

23. Қарау үшін өзге органдардан, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін өтініш күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.

24. Қарау үшін өзге органдардан, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін өтініш қаржы полициясы органына келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.

25. Мәліметтері расталмаған, жалған болып шыққан өтініштер бойынша хат алмасуларды орындаушы тиісті іске сәйкес рәсімдейді және кезекшілік бөліміне сақтауға, наряд-жинақтаушыда сақтау үшін тапсырады.

26. Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.

27. Егер өтініш жауабының мәтіні қарау нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын хабарламадан тұрса, онда өтінішті қарау бақылаудан алынбайды, отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, ол туралы арыз берушіге хабарланады.

28. Агенттіктің орталық аппаратына келіп түскен арыз берушілердің өтініштеріне жауаптар, басшылыққа, департаменттер мен дербес басқармалардың бастықтарына қол қоюға жіберіледі.

Агенттік басшылығымен өтініштерді қарастыру аумақтық қаржы полициясы органдарының басшылары мен Қаржы полициясының академиясына тапсырылғаны туралы хабарламаны Агенттіктің ҚҚжҚАБ жібереді.

29. Аумақтық қаржы полициясы органдары мен Қаржы полициясы академиясына, сондай-ақ ауданаралық (аудандық) қаржы полициясы бөлімшелеріне келіп түскен өтініштерге жауаптар аталған бөлімшелер басшыларының немесе олардың орынбасарларының қолдарымен жіберіледі.

30.Шешімдерінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлануы қажет өтініштер ерекше бақылауға алынады.

31. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, олардың орынбасарларының, Мемлекеттік Хатшының, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, Бас прокурордың, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің сұрау салулары бойынша жауаптар Агенттік Төрағасының немесе оның міндеттерін орындау жүктелген орынбасарының қолымен жіберіледі.

5. Азаматтарды жеке қабылдау
32. Қаржы полициясы органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, ар-намысын сыйлау және сақтау заңдылығы принциптерінде жүзеге асырылады.

33. Қаржы полициясы органдарында азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру Агенттікте - ҚҚжҚАБ-на, аумақтық қаржы полициясы органдарында және Қаржы полициясы академиясында бақылау және құжат айналымын қамтамасыз ету бөлімшелеріне жүктеледі.

Агенттікте азаматтарды қабылдауды Төраға және оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес айына кемінде бір рет жүзеге асырады.

Агенттік Департаменттерінің және дербес басқармаларының бастықтары өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша немесе Агенттік басшылығының тапсырмалары бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізуге құқылы.

Аумақтық қаржы полициясы органдарында азаматтарды қабылдауды бірінші басшылар немесе олардың орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес айына кемінде бір рет, қажет болған жағдайда шұғыл түрде жүзеге асырады.

Ауданаралық қаржы полициясы органдарында азаматтарды қабылдауды бірінші бастықтары күн сайын жүзеге асырады.

34. Агенттікте азаматтарды қабылдау кестесін Төраға, ал аумақтық қаржы полициясы органдарында және Қаржы полициясы академиясында олардың бастықтары бекітеді. Азаматтарды қабылдау кестесі қаржы полициясы органдарының әкімшілік ғимараттарының көрнекі жалпыға қолжетімді жеріне қазақ және орыс тілдерінде азаматтарды қабылдайтын басшылардың және орынбасарлардың фамилиялары және қабылдау уақыты көрсетіле отырып ілінеді, сондай-ақ міндетті түрде өтініштерді қабылдауға арналған жәшік орналастырылады.

35. Қаржы полициясы органдарында азаматтарды қабылдау арнайы бөлмелерде жүргізіледі.

Арнайы бөлмелер болмаған жағдайда, азаматтар жұмыс уақытында қызмет кабинеттерінде қабылданады.

36. Азаматтардың қабылдауға алдын ала жазылуы күн сайын, демалыс және мейрам күндерінен басқа күндері жүргізіледі

37. Қабылдауға бірінші рет өтініш білдірген жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін Агенттікте жеке қабылдауға алдын ала жазып, оны ұйымдастыруды жүргізетін ҚҚжҚАБ-ның қызметкерлері қабылдайды.

Агенттікте жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдері мәселенің сипатына қарай мәселені мәні бойынша қарастыру және Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарларына баяндау үшін тиісті Департаменттер мен дербес басқармалардың бастықтарына жеке қабылдауға жіберіледі.

Агенттік басшылығының қабылдауына жіберуден бас тарту туралы немесе жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдері өздеріне берілген түсіндірмелермен келіспеген жағдайда, жеке қабылдауды ұйымдастыратын қызметкер ҚҚжҚАБ-ның бастығына немесе оның орынбасарына баяндайды.

38. Жеке және заңды тұлғалардың алдыңғы өтініштеріне Төраға орынбасарларының біреуінің қолы қойыла отырып берілген жауаптар болған жағдайда, оларды Агенттік Төрағасының жеке қабылдауына алдын ала жазуға болады. Төрағаның жеке қабылдауына жазылғанға дейін қолда бар материалдар Агенттіктің тиісті департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтарына зерделеу үшін және қабылдау кезінде Төрағаға баяндау үшін беріледі.

Төрағаның қолы қойылған жауап бар болған жағдайда, Төрағаның жеке қабылдауына қайта жазу жүргізілмейді, өтініш білдірген адамдарға ҚҚжҚАБ-ның жеке қабылдауды жүзеге асыратын қызметкерлері тиісті ауызша түсіндірмелер береді. Жазбаша өтініштер, оның ішінде жаңа уәждері бар немесе жаңадан ашылған мән-жайлар көрсетілген жазбаша өтініштер Агенттіктің тиісті департаменттері мен дербес басқармаларына белгіленген тәртіпте қарау үшін жіберіледі.

39. Қабылдау кезде өтініш лауазымды тұлғалармен шешіле алмаған жағдайда, олар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы заңнамаға сәйкес жазбаша түрде түсіндіріледі және қарастырылады.

Өтініш берген жеке тұлға мен заңды тұлғаның өкілі істі қарау барысына қатысуға, сондай-ақ өз өтінішіндегі негіздемелерді растау үшін қосымша материалдарды беруге құқылы. Арызданушыларға өтініштерді қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Жеке қабылдау барысында келіп түскен өтініштерге жауаптар қабылдауды өткізген лауазымды тұлғаның қолы қойыла отырып, беріледі.

Тексеріс материалдары мен түпкілікті жауап қоса берілген, өтінішті қарау нәтижесі туралы белгіленген нысандағы құжат (қызметтік жазба немесе баянжазба, анықтама) қабылдауға алынған өтінішті бақылаудан алуға негіз болып табылады.

40. Жеке қабылдауды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жауапты қызметкер қабылдауды жүргізуге қажетті анықтамалық материалдарды алдын ала дайындайды. Агенттіктің тиісті департаменттері мен дербес басқармаларынан, сондай-ақ аумақтық қаржы полициясы органдарынан анықтамалар сұратылады.

Жауапты қызметкердің Агенттік департаменттері мен дербес басқармаларының, аумақтық қаржы полициясы органдарының қызметкерлерінен қабылдауды ұйымдастыру үшін немесе Агенттік басшылығына баяндама дайындау үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды беру туралы талаптары міндетті болып табылады.

41. Төмен тұрған басшы өтінішті тиісті түрде қарастырмаған және арызданушының дәлелдерін орынсыз қайтарып тастап, ал жоғары тұрған басшыға қайта арызданғанда өз дәлелдерін тапқан жағдайда қызметтік тексеріс жүргізіледі.

42. Азаматтарды қабылдау процесі туралы Агенттікте ҚҚжҚАБ-ның жауапты қызметкерлері, аумақтық қаржы полициясы органдары мен Қаржы полициясы академиясында бақылау және құжат айналымы бөлімшелерінің қызметкерлері хаттама толтырады.

43. Қаржы полициясы органдарында азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау бойынша атқарылатын жұмыс туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде жариялануы тиіс.

Похожие:

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iconҚазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) (бұдан әрі Агенттік) миссиясы...
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iconҚазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
Аржы полициясы 2009 – 2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есебі
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iconБізге азаматтардың сенімі артты Елімізде құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін жасауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде
Айвар Боданов, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының...
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iconҚұқықтық және тәжірибелік шаралар Қазақстан Республикасы Астана, 2012
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық және тәжірибелік шаралары – Астана:, «Нұр Отан» хдп парламентаризм институты сыбайлас жемқорлыққа...
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы icon8,9,10, 11-сынып оқушыларының арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбына ең үздік суретке байқау өткізу мерзімін ұзартады
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы «Жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді арттыру» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасындағы...
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі №267-1
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі №267-1
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі №267-1
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы icon21 қараша 11 3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Б. С. Әбдірәсіловтің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде...
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iconҚазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы
Р сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралың Заңға сәйкес лауазымды тұлға туралы ұғым
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница