Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы




Скачать 165.77 Kb.
НазваниеЖылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы
Дата конвертации15.06.2013
Размер165.77 Kb.
ТипДокументы
Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды

(жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін

ШОЛУ

қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелерні жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесі оқылды.

Сот тәжірибесін оқудың мақсаты- судьялардың мәміле жасауға қатысты істер қарау барысында іс жүргізу құқығы нормасын біркелкі қолдануын зерттеу болып табылады.

Шолу 2010 жылы жылжымайтын мүліктер бойынша мәмілелерді жарамды (жарамсыз) деп тану туралы қаралған азаматтық істер бойынша жасалды.

Мәміле заңмен белгіленген нысанға ие болғаннан кейін ғана заңдық маңызға ие бола алады, яғни бұл мәмілеге қатысушылардың еркін білдіреді.

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелердің нысандарын және оны сақталмаудың салдарын реттейтін нормаларды қолдануға байланысты даулар сот практикасында кеңінен таралған. Көптеген істерді қарау барысында байқалған бір ерекшелік, тараптардың шарттарды уақытында ресімдемей, бірнеше жыл өтіп кеткеннен кейін сатып алушылардың өз құқықтарын қорғауды сұрап сотқа жүгінуінде болып отыр. Мұндай жағдайларда, әдетте сатқан адамдар басқа қалаға не тіпті республика шегінен тыс жерге кетіп қалады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 151-бабы бойынша мәміле ауызша және жазбаша нысанда жасалуы мүмкін. Ал жазбаша түрі, өз кезегінде жай және нотариалдық куәландыру арқылы жасалуы мүмкін.

Сөз жүзінде жасалған ауызша жасалған мәмілелер деп есептелінеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 151-бабына сәйкес, мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғарғы шегі қызметін атқаратын мәміленің нақты бір сомасы белгіленбейді. Жазбаша мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты сатып алуға болады. Бірақ мұндай жағдайда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты да, ақшаны да қолма-қол береді.Алайда егер, нақ сол зат несиеге немесе ақысын алдын ала төлеу арқылы сатса, сатып алу-сату мәмлесі жазбаша түрде жасалуы тиіс.

Мәміленің шын мәнінде жасалғаны және оның шарттарының қандай болғаны жөнінде дау туған жағдайда ауызша жасалған мәміле оған қатысушылардың жағдайын жеңілдетеді. Мұндай мән-жайлар кез келген заңды құралдармен, оның ішінде куәлардың айғақтарымен дәлелденуі мүмкін.(меніңше бұл жерде ҚР АК-нің 152-бабының 1-тармағы 2-тармақшасына сай мәмілелерді жасау кезінің өзінде ораындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жазбаша түрде жасалуы тиіс. Себебі осы Кодекстің 153-бабына сәйкес мәмленің жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәмленің жәй жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады)

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 28 маусым 2002 жылғы «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» № 13 нормативтік қаулысының 8 бөліміндегі түсіндірмесінде, мүлікті меншік, оралымды басқару құқтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету (АІЖК-нің 291 бабының 2 бөлімінің 5 тармақшасы) фактілерді арызданушының қолында мүліктің тиесілігі туралы құқықты белгілейтін құжат болып, бірақ ол жоғалған және көрсетілген фактіні соттан тыс қарау тәртібімен анықталуы мүмкін болмаған жағдайда ғана сот арқылы анықталады. Осы орайда, сот осындай істерді қарау кезінде мүлікке меншік құқығын емес, мүлікті арызданушыға тиесілі екенін растайтын құжаттардың болу фактісін ғана анықтайды.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 16 шілде 2007 жылғы «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» № 5 нормативтік қаулысының 3 бөліміндегі түсіндірмесінде, егер АК-нің 118 бабының 2 тармағына және Заңның 17- бабына сәйкес, тұрғын үйді алушының меншік құқығы уәкілетті орган оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап туындайды, алайда оның болмауы мәмілені жарамсыз деп тануға өздігінен негіз болып табылмайды деп көрсетілген.

Сонымен, Азаматтық кодексте де, жоғарыда аталған Жоғары Соттың нормативті қаулыларында мәліме жасалған (состоявшейся) деген түсініктеме жоқ. Сондықтан сот мәмілені не жарақты немесе жарақсыз деп тану керек. Өйткені, мәмілені жарақты немесе жарақсыз деп тапқаннан, мәміле жасалған деп тапқанның айырмашылығы жақтардың заңмен қорғалған құқықтары мен мүдделері бұзылады. Себебі мәміле жарақты немесе жарақсыз деп тапқан жағдайда, мәміле жасалған жағдай болып табылады.

Соттардың аталған азаматтық істерді қарау сапасы төмендегі кестеде көрсетіліп отыр.

Темір аудандық сотынан 3 іс және Қобда аудандық соттынан 1 іс жылжитын мүлікке байланысты мәмілені жарамды деп тану туралы санаттағы азаматтық істер келіп түсті.




Соттар

Түскен істер саны

Мәліменің нысаны

Қабылданған шешім

жазбаша

нотариалдық

ауызша

қысқартылған 247-бап

қараусыз қалдыру 249-бап

бас тарту

орын алған

жарамды

жарамсыз

1

Алға ауданы

2

2













1




1




2

Әйтеке би ауданы

1

1



















1




3

Байғанин ауданы

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

4

Ырғыз ауданы

1

1



















1




5

Қарғалы ауданы

1

1



















1




6

Қобда ауданы

1

1
















1







7

Мартук ауданы

2

2



















2




8

Мұғалжар ауданы

5

2







2

2







1




9

№ 2 Мұғалжар аудандық соты

10

8



















10




10

Темір ауданы

3




3




1










2




11

Ойыл ауданы

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

12

Хромтау ауданы

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

13

Шалқар ауданы

3

3










1







2




14

Ақтөбе қалалық соты

30

17

10




2

20

6

1




1




Барлығы

59

37

14




5

23

7

2

21

1


Сот практикасын зерделеу нәтижесі соттардың жылжымайтын мүліктер бойынша мәмілелерді жарамды (жарамсыз) деп тану туралы дауларды қарау барысында негізінен мұндай дауларды реттейтін заңнама талаптарын дұрыс қолданатынын байқалады.

Сонымен бірге , осы санаттағы істерді қарау кезінде сот практикасында мынандай кемшіліктер орын алған:

  • кейбір жағдайларда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілесінің жасалғандығының жазбаша дәлелдемелері болмаған кезде, соттарда олар жарамды деп таныған;

  • іс жүзінде мәмленің тарабы болып табылмайтын тұлғалар арасындағы мәмілелер жарамды болып танылған;

  • соттарда істердің бірдей мән-жайлары бойынша, бір жағдайда мәміле жарамды деп танылса, ал басқа жағдайда – меншік құқығы танылған. Яғни, мұндай дауларды қарауда үстірт тұжырым жасауға жол бергендері байқалады, ал судьялар мәмленің нысанына, тараптарына, талап қою нысандарына қойылатын заң талаптары бөлігінде заңдық дәлдікті сақтауға тырыспайды.

Мәмленің жасалғандығының дәлелдемесі ретінде, әдетте, сотқа сатып алушыдан сатылған тұрғын үйдің құнын алғаны туралы сатушының қолхаттары беріледі.

Мысалы, талапкер Б.У. Жасағанбергенова Мұғалжар аудандының № 2 аудандық сотына берген арызында 09 шілде 2010 жылы жауапкер Е.Ж. Кутжановтан Ембі қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі №17 үй 13 пәтерді сатып алғанын растауды сұрап жүгінген.

АІЖК-нің 150 бабына сәйкес, талапкер жауапкердің тегін, атын және әкесінің атын /егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса/, тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін талап арызында көрсетуге міндетті.

Талапкер Б.У. Жасағанбергенова талап арызында өзі тұрып жатқан Ембі қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі №17 үй 13 пәтерді жауапкер Е.Ж. Кутжанов мекен-жайы ретінде көрсеткен. Нақтысында жауапкер Е.Ж. Кутжанов талапкер тұрып жатырған үйді сатқаннан кейін белгісіз жаққа көшіп кеткен, оның қай жерде тұратыны анықталмаған. Істе сотта қарауға дайындық мүлдем жүргізілмегені байқалады. (меніңше жауапкердің мекен-жайы белгісіз болған жағдайда АІЖК-нің 135-бабы 1-тармағына сәйкес соңғы мекен-жәйі көрсетілуі тиіс секілді)

Істе мәміленің жасалғандығын дәлелдейтін сатушының ақша алғаны туралы мәліметтер жоқ.

Мұғалжар аудандық № 2 Әділет басқармасының 22 шілде 2010 жылғы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтың жоқтығы /бар болуы/ туралы анықтамасына бойынша 21 маусым 1994 жылғы сату-сатып алу шартына сәйкес Ембі қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі №17 үй 13 пәтерге Е.Ж. Кутжановтың меншік құқығы тіркелген.

ҚР АК-нің 118 бабының 1-тармағына сәйкес, жылжымайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Сондықтан да меншік иесі жылжымайтын мүліктерге құқықтарын мемлекеттік тіркеуге тіркеткеннен кейін ғана ол мүлікке қатысты мәміле жасауға құқылы.

Бұған қарамастан, жауапкер Е.Ж. Кутжановқа талап арыздың көшірмесін жібермеген, сотқа шақырылмаған, талапкердің талабы 02 тамыз 2010 жылғы сырттай сот шешімімен қанағаттандырылып, талапкер Б.У. Жасағанбергенова мен жауапкер Е.Ж. Кутжановтың арасындағы мәміле жарамды деп танылған /судья Ж.А. Қонаева/. Яғни сот талап мәнін нақтыламай және мәміле тараптардың құқықтық қатынастарын анықтамай талапкер мен жауапкер арасындағы мәмілені жарамды деп таныды. Сол арқылы сот Б.У. Жасағанбергенованың үйге тіркелмеген меншік құқығын заңдастарды, ал сотқа мұндай талап қойылмаған.

Мәлімені жарамды деп тану туралы талаптар тұрғын үй-жайды сатушыға емес, тұрағы жоқ адамдарға талап қою жағдайлары кездеседі.

Мысалы талапкер Т.Д. Алдабергенов 24 сәуір 2010 жылы Мұғалжар аудандық № 2 аудандық сотына жауапкер В.Т. Дегтяровтан Ембі қаласы, Байтұрсынов көшесі №1 үй 4 пәтерді сатып алу туралы мәмілені жарамды деп тануды сұрап жүгінген.

Талап арыздың мазмұнынан талапкер 2004 жылы даулы пәтерді жауапкерден емес, Б. Бахтияровадан сатып алғаны байқалады, істе талапкердің үйді сатушыға ақша бергені туралы мәлімет жоқ. Ал сатушы Б. Бахтиярова 12 мамыр 2004 жылы қайтыс болған.

Іс материалдары бойынша В.Т. Дегтяров 28 қараша 1998 жылы Ембі қаласы, Байтұрсынов көшесі №1 үй 4 пәтерді Б. Бахтияроваға сатқан да өзі белгісіз жаққа көшіп кеткен. Соңғы екеу арасында пәтерді сату-сатып алу мәмілесі жазбаша түрде жасалмаған.

Мұғалжар аудандық № 2 Әділет басқармасының 21 мамыр 2010 жылғы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтың жоқтығы /бар болуы/ туралы анықтамасы бойынша Ембі қаласы, Байтұрсынов көшесі №1 үй 4 пәтер В.Т. Дегтяревтың атына тіркелген.

ҚР АІЖК-нің 68 бабында заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес деп көрсетілген.

Бұған қарамастан, талап арыз қанағаттандырылып, 17 мамыр 2010 жылғы сот шешімімен В.Т. Дегтяров 28 қараша 1998 жылы Ембі қаласы, Байтұрсынов көшесі №1 үй 4 пәтерді Б. Бахтияроваға сатқан, талапкер Т.Д. Алдабергенов пен Б. Бахтиярованың арасындағы аталған пәтерді сатып алу туралы мәміле жарамды деп танылған /судья Ж.А. Қонаева /.

Сол арқылы сот даулы үйге талапкер Т.Д. Алдабергеновке тіркелмеген меншік құқығын заңдастырған.

Мұндай жағдайда сот мәмілені жарамды деп тану туралы емес, істі қарау кезінде сатушының тірі болмағандығынан, АҚ-нің 259-бабының негізінде меншік құқығын тану туралы талапты «Ембі қалалық әкімдік аппараты» ММ-ге қоюға қоюға мүмкін еді.

Сөйтіп сот талап қою нысанын нақтылау бөлігінде АІЖК-нің 66 бабының 2-тармағының және 166 бабының 2-тармағының 1) тармақшасының талаптарын толық көлемде орындамаған.

ҚР АК-нің 118-бабының 1-тармағына сәйкес жылжымайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Сондықтан да меншік иесі өзінің құқықтарын мемлекеттік тіркегеннен кейін ғана жылжымайтын мүлікке қатысты мәмлілені жасауға құқылы.

Сонымен қатар даулы тұрғын үйге жауапкерлердің осындай тіркеуді жүргізуі туралы мәліметтер болмағанда да, мәмілені жарамды деп тану туралы талаптарды соттар қанағаттандыратын жағдайлар кездеседі.

Атап айтқанда талапкер Ю.И. Сыромятный жауапкер Г.Абдулинаны пәтерден шығару туралы сотқа талап қойып жүгінген. Талап арыздың мазмұнынан 1994 жылы мамыр айында Ю.И. Сыромятный Кандағаш қаласы Дружба мөлтек ауданы 23 үй 13 пәтерін сатып алып, сол пәтерде 1999 жылға дейін тұрған. Кейін ол пәтерге Г. Абдулина от басымен кіріп алып, босатпай отырғанын көрсеткен.

Іс қарау барысында Г. Кұдайбергенова Ю.И. Сыромятныймен мәміле жасалған деп тану туралы қарсы талап арыз берген. Қарсы талап арыздың мазмұнынан Г. Кұдайбергенова 27 қыркүйек 1997 жылы даулы пәтерді Ю.И. Сыромятныйдан 35 000 теңгеге сатып алып, кейін сол пәтерді Г. Абдулинаға 25 000 теңгеге сатып жібергенін көрсетіп, соттан Г. Кұдайбергенова мен Ю.И. Сыромятныйдың арасында мәміле жасалған деп тануды сұраған.

Мұғалжар аудандық сотының 06 қыркүйек 2010 жылғы шешімімен талапкер Ю.И. Сыромятныйдың Г. Абдулинаны Кандағаш қаласы Дружба мөлтек ауданы 23 үй 13 пәтерден шығару туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырған. Қарсы талап арызды қанағаттандырып, Г. Кұдайбергенова мен Ю.И. Сыромятныйдың арасындағы Кандағаш қаласы Дружба мөлтек ауданы 23 үй 13 пәтерін сату-сатып алу мәмілесі жасалған таныған /судья Құлжанова Г. /

Бірінші сатыдағы сот талапкер Ю.И. Сыромятныйдың талап арызын қанағаттандырудан бас тарту барысында Ю.И. Сыромятный 27 қыркүйек 1997 жылы даулы үйді Г. Құдайбергеноваға 35 000 теңгеге сатып, үйдің құжаттарын тапсырғанын, кейін Г. Құдайбергенова даулы үйді Г. Абдулинаға сатқанын, осыған байланысты Г. Абдулина даулы үйде 2001 жылдан бастап тұрып жатырғанын және ол пәтерді қалпына келтіріп, коммунальдық төлемдерін уақытылы төлеп отыр деп қортынды жасаған.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы 26 қазан 2010 жылғы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, жаңа шешім қабылдады.

ҚР АК-нің 406 бабының талабына сай сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттеледі.

Іс құжаттарына қарағанда Ю.И. Сыромятный Г. Құдайбергеноваға даулы үйді сатпаған, керісінше оған жалға берген. Кейін Г. Құдайбергенова сол даулы үйді Г.Абдулинаға сатқан, мәміле жазбаша түрде жасалмаған, сатып алушының сатылған тұрғын үдің құнын алғаны жөнінде сатушының қолхаты жоқ.

ҚР АК-нің 165 бабының талабына сай мәміле жасауға уәкілдік берілмеген адамның басқа адам атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

ҚР АІЖК-нің 68 бабының талабына сай заң бойынша белгілі бір ділелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 12 бабының 2 бөлімінде тұрғын үйге сатып алу –сату шартымен заңдарға қайшы келмейтін басқа да азаматтық құқықтық мәмілелер негізінде пайда болады деп көрсетілген.

Мұғалжар аудандық Әділет басқармасының 2010 жылғы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтың жоқтығы /бар болуы/ туралы анықтамасы бойынша Кандағаш қаласы Дружба мөлтек ауданы 23 үй 13 пәтер Ю.И. Сыромятныйдың атына тірекелген.

ҚР АК-нің 155 бабының талабына сай егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелгеннен кейін жасалған болып есептелінеді.

Іс материалдары бойыгнша Қандағаш қаласы Дружба мөлтек ауданы 23 үй 13 пәтер құқықтық иеленушісі осы уақытқа дейін Ю.И. Сыромятный болғандықтан, ҚР АК-нің 260 бабының талабы бойынша, меншік иесі өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы екені ескеріліп, апелляциялық сот Ю.И. Сыромятныйдың талап арызын қанағаттандырып, қарсы талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды.

Жекелеген соттар, бұрынғыдай, сот актілерін ресімдеу кезінде сауатсыздыққа жол береді. Сот актілерінің құрылымы анық болуға, ол стилистикалық және граматикалық тұрғыдан дұрыс жазылуға тиіс. Сот актілерін сауатты жазу және ресімдеу судьяның кәсіби мәдениетінің жоғары деңгейін және сот қарауына қатысушыларға құрметін білдіруді көрсетеді. Сот актілерін ресімдеуде кездесетін қателер мен сауатсыздық оның заңдылығы мен негізділігіне әсер етпегенімен, ол сөзсіз, сот актісінің мағынасын қабылдауды нашарлатады және сот билігінің беделін түсіреді.

Мысалы, Ж.Г. Юсупов Мұғалжар аудандық сотына 01 шілде 2010 жылы Кандағаш қаласы, Достық мөлтек ауданы 14 үй 53 пәтерді сату-сатып алу шарты жасалған деп тану туралы талаппен жүгінген.

26 шілде 2010 жылғы сот ұйғарымының қарар бөлігінде, сөзбе-сөз келтіретін болсақ «талап арызы Ж.Г. Юсуповтың Д.Г. Юсуповке сату-сатып алу шарты жасалған деп тану туралы азаматтық ісі бас тартуға қабылдансын және қысқартылсын» деп көрсетілген /судья Г.Т. Құлжанова/. Демек, судьяның не айтқысы келгені түсініксіз.

Осылай, Ақтөбе алалық сотына 12 ақпан 2010 жылы талапкер Д.С. Бисекенов жауапкер С.Б. Бисекеновпен арадағы 24 шілде 2009 жылы Ақтөбе қаласы, Куршасай поселкесі, Абай көшесі 5 үй 2 пәтерді сыйға берген шартты жалған немесе қулықпен жасалған мәміле деп тануды сұраған.

Соған қарамастан, сот 26 ақпан 2010 жылғы шешімімен талаптың нысанасын нақтылап, талапкер Д.С. Бисекенов жауапкер С.Б. Бисекеновтың арасындағы 24 шілде 2009 жылы Ақтөбе қаласы, Куршасай поселкесі, Абай көшесі 5 үй 2 пәтерді сыйға берген шартты жарамсыз деп таныған. Сөйтіп сот дұрыс шешім қабылдаған /судья Е.Е. Байманов /.
Қорытындылар мен ұсыныстар.
Соттар талап арыздарды қараусыз қалдырған және іс бойынша іс жүргізуді қысқартқан кезде негізінен процессуалдық заң нормаларын негізінен дұрыс қолданатынын көрсетті.

Сондықтан, жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, төмендегіні ұсынамын:

-сот тәжірибесіне жасалған шолуды мағлұмат үшін аудандық және оған теңестірілген соттарға жолдауға;

-облыстық соттың семинар сабағында шолудың қортындысы бойынша талдауға.

Апелляциялық сот алқасы


Орынд.С.Қ. Елтүзер





Похожие:

Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша Бұйрық Ақтөбе қаласы № 2011 ж Қалалық «Бақыт болып қоншы деп »
Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қалалық «Бақыт болып қоншы деп» кептерлер сурет байқауын шығармашыл, талантты...
Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы iconАҚмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасында апелляциялық ТӘртіппен тыңдауға тағайындалған істер тізімі
Күрделі жөндеудің бойынша мемлекеттік сапып алулар бойынша ашық конкурстың қорытындысын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы
Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы iconН. Б. Жагапаров Атырау қаласының Әділет басқармасы
М. Н. Батырованың туылғандығы туралы актіні тіркеу кітабындағы жазбаны жарамсыз деп тану туралы
Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы iconҮлгі тұрғын үй құрылысын с Өскемен қаласының әкімі С. Ш. ТӘукебаевқА
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» мемлекеттік кәсіпорнынан ф-1 жылжымайтын мүлігі бар немесе жоқ екендігі...
Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ Ақтөбе қаласы №319 «13» сәуір 2012 жыл Қалалық жарыс өткізу туралы
Ақтөбе қаласының білім бөлімі Үйлестіру жоспары, жас туристер стансасының 2011-2012 оқу жылына арналған жоспары және мектеп оқушылары...
Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 20 қаңтар №18 Астана қаласы Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының...
Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы iconАЛҚа отырысында тыңдауға тағайындалған апелляциялық саты істерінің кестесі 01. 11. 2010 ж. Сағат 15. 00
Толысбаева а сатып алу сату мәмілесін жарамды деп тану және мүлікті тыйымнан босату туралы
Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы icon17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы
Атырау облысы соттарымен қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты емес негізгі жазалардың қолдану сот тәжірибесіне...
Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша Бұйрық Ақтөбе қаласы №752 22. 10. 2012 ж Қалалық «Бақыт болып қоншы деп »
«Бақыт болып қоншы деп» кептерлер сурет байқауын шығармашыл, талантты балаларды анықтау мақсатында
Жылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы iconЖоба батыс қазақстан облысы орал қаласы әкімдігі қаулы 2012 жыл № Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3166 «Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»
Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3166 «Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница