«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер




Скачать 406.48 Kb.
Название«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер
страница1/4
Дата конвертации15.06.2013
Размер406.48 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен   
бекiтiлген       

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету
стандарты

1. Жалпы ережелер

       1. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - адамның құқықтары мен мiндеттерiнiң пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын мән-жайларды заңдық ресiмдеу рәсiмi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 9-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi туралы ереженiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi (тууды, неке қиюды, некенi бұзуды, әкелiктi анықтауды, бала (қыз) асырап алуды, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi, қайтыс болуды тiркеу) аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар), сондай-ақ (тууды, некенi бұзуды, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу) мекенжайлары осы стандарттың 1, 1-1-қосымшаларында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы баламалы негiзде көрсетедi.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi аяқтау нысаны азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi:
      уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      Тұтынушы заңнамада белгiленген мерзiм iшiнде тууды; әкелiктi анықтауды; бала (қыз) асырап алуды; сот шешiмiнiң негiзiнде неке бұзуды; белгiленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмiнiң негiзiнде неке бұзуды; қайтыс болуды тiркеу үшiн тiкелей жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 2 жұмыс күнi, тиiстi құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 15 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады, басқа органдарға сауал салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады.
      Тұтынушы заңнамада белгiленген мерзiм бұзылған кезде тууды; неке қиюды; кәмелетқе толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша неке бұзуды; тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу үшiн тiкелей жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күн, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттiк-қызмет көрсету мерзiмi бiр айдан аспайтын мерзiмге дейiн ұзартылады.
      1) құжаттарды тапсыру кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алу кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты - 10 минуттан аспайды.
      Орталыққа жүгiнген кезде:
      Тұтынушы заңнамада белгiленген мерзiм iшiнде тууды; сот шешiмiнiң негiзiнде неке бұзуды; белгiленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмiнiң негiзiнде неке бұзуды тiркеу үшiн тiкелей жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 2 жұмыс күнi, тиiстi құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 15 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады.
      Тұтынушы заңнамада белгiленген мерзiм бұзылған кезде тууды; кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша неке бұзуды; тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу үшiн тiкелей жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күн, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi бiр айдан аспайтын мерзiмге дейiн ұзартылады.
      1) құжаттарды тапсыру кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алу кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты - 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiне сәйкес мемлекеттiк баж белгiлендi ол:
      1) тууды, әкелiктi анықтауды, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала (қыз) асырап алуды, қайтыс болуды тiркегенi үшiн - алынбайды;
      2) некеге тұруды тiркегенi үшiн - 1 айлық есептiк көрсеткiш;
      3) сот шешiмiнiң негiзiнде некенi бұзуды тiркегенi үшiн - 1,5 айлық есептiк көрсеткiш;
      4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды тiркегенi үшiн - 2 айлық есептiк көрсеткiш;
      5) белгiленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмiнiң негiзiнде некенi бұзуды тiркегенi үшiн - 0,1 айлық есептiк көрсеткiш;
      6) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгерткенiн тiркегенi үшiн - 2 айлық есептiк көрсеткiш;
      7) шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алғанын тiркегенi үшiн - 2 айлық есептiк көрсеткiш.
      Мемлекеттiк баж және мемлекеттiк алым Қазақстан Республикасының банк мекемелерi арқылы тиiстi аумақтық бөлiнiстiң салық комитетiнiң есеп айырысу шотына төленедi, онда төлем құжаттары берiледi (төлем мөлшерi мен уақытын растайтын түбiртек немесе «электрондық үкiметтiң төлем шлюзi» арқылы берiлген төлем туралы чек).
      Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берiлгенi үшiн;
      2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесiн анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертiлген, толықтырылған және түзетiлген кезде өздерiне куәлiктер берiлгенi үшiн;
      3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер ауыстырылып берiлгенi үшiн;
      4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесiн анықтауға байланысты тууы туралы куәлiктi қайтадан бергенi үшiн растайтын құжаттарын ұсынған ретте мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (электрондық мекен-жайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерi және орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады, тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiсiмен аптасына бес күн көрсетiледi. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз ұсынылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыс кестесi сағат 9.00-дан 18.30-ға дейiн, түскi 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiспен жүзеге асырылады. Орталыққа жүгiнген кезде:
      жексенбiнi және мереке күндерiн қоспағанда, Орталықтардың бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз аптасына алты күн көрсетiледi. Филиалдар мен өкiлдiктер үшiн түскi асқа бiр сағаттық үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Уәкiлеттi органның ғимаратында азаматтарды қабылдауға арналған, ақпараттық стендтермен жабдықталған бөлек кабинет жасақталған.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетiледi, онда мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушылар үшiн жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланкiлер үлгiсi бар ақпараттық стендтер орналасқан.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар:
      заңнамада белгiленген мерзiм iшiнде тууды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандарттың 3-қосымшасы);
      2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiн;
      3) ата-анасының неке қию куәлiгiнiң көшiрмесi немесе некеге тұрмаған анасының өтiнiшiн;
      4) туу туралы емдеу мекемесiнiң анықтамасын немесе кемiнде екi куәгердiң айғағын ұсынады.
      Заңнамада белгiленген мерзiм бұзылған кезде қосымша мынадай құжаттар берiледi:
      1) туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы баланың туған жерi бойынша аумақтық әдiлет органының анықтамасы;
      2) оның тұратын жерi бойынша баланың денсаулығы туралы медициналық анықтамасы.
      Ата-анасының бiрлескен өтiнiшi бойынша әкелiктi анықтауды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 4-қосымшасы);
      2) баланың туу туралы куәлiгi;
      3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      Сот шешiмiнiң негiзiнде әкелiктi анықтауды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 4-1-қосымшасы);
      2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      3) әкелiктi анықтау туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
      4) баланың туу туралы куәлiгi.
      Бала (қыз) асырап алуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 5-қосымшасы);
      2) өтiнiш берушiлердiң жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      3) бала (қыз) асырап алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
      4) баланың туу туралы куәлiгi;
      5) бала (қыз) асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      6) бала (қыз) асырап алушылардың неке қию туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.
      Егер бала (қыз) асырап алушылар шетелдiктер болған кезде, онда қосымша бюджетке мемлекеттiк баж төлегенiн күнi мен көлемiн растайтын төлем құжаты берiледi.
      Неке қиюды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 6-қосымшасы);
      2) некеге тұратын тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      3) бюджетке мемлекеттiк баж төлегенiн күнi мен көлемiн растайтын төлем құжаты;
      Егер заңнамада белгiленген мерзiмдi қысқарту не ұзарту қажет болған кезде қосымша растайтын құжат берiледi.
      Егер некеге неке жасына толмаған тұлғалар тұратын кезде заңды өкiлдерiнiң келiсiмдерi берiледi.
      Сот шешiмiнiң негiзiнде неке бұзуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 7-қосымшасы);
      2) өтiнiш берушiлердiң жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      3) неке бұзу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
      4) бюджетке мемлекеттiк баж төлеген мөлшерi мен күнiн растайтын төлем құжаты.
      Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 7-1-қосымшасы);
      2) өтiнiш берушiлердiң жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;
      3) неке қию туралы куәлiк;
      4) құжаттарды беру кезiнде - некенi бұзу үшiн бюджетке мемлекеттiк баж төлеген мөлшерi мен күнiн растайтын төлем құжаты.
      Белгiленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде некенi бұзуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 7-2-қосымшасы);
      2) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) сот шешiмiнiң не сот үкiмiнiң көшiрмесi;
      4) неке қию туралы куәлiк;
      5) бюджетке мемлекеттiк баж төлегенiн күнi мен көлемiн растайтын төлем құжаты.
      Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 8-қосымшасы);
      2) өтiнiш берушiнiң туу туралы куәлiгi;
      3) егер өтiнiш берушi некеде тұрса, неке қию туралы куәлiгi;
      4) кәмелетке толмаған балалардың тууы туралы куәлiгi (егер өтiнiш берушiнiң кәмелетке толмаған балалары болса);
      5) бала (қыз) асырап алу туралы куәлiк не әке болуды анықтау туралы куәлiк (егер азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бұлар тiркелген болса);
      6) некенiң бұзылуы туралы куәлiк (егер өтiнiш берушi некенiң бұзылуына байланысты өзiне некеге дейiнгi тегiн беру туралы өтiнiш жасаса);
      7) өтiнiш берушiнiң 3x4 мөлшерiнде 2 фотосуретi;
      8) өтiнiш берушiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыру себептерiн түсiндiре отырып, өз қолымен жазылған егжей-тегжейлi өмiрбаяны;
      9) жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (әскери қызметшiден - оның жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамнан - туу туралы куәлiк).
      Қайтыс болуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (осы стандарттың 9-қосымшасы);
      2) қайтыс болу фактiсiн растайтын құжат;
      3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат берiледi.
      Қолданыстағы неке және отбасы туралы заңнамаға сәйкес қайтыс болуы туралы куәлiктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлер тiзiмiне енетiн тұлғаларға берiледi.
      13. Өтiнiштер бланкiлерi уәкiлеттi органның тиiстi кабинетiнде не Орталықтың күту залындағы арнайы бағандарда немесе Орталықтың консультанттарында болады.
      14. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызметтi алу үшiн құжаттар уәкiлеттi органның маманына тапсырылады.
      Тұтынушы тiкелей жүгiнген кезде уәкiлеттi органның маманы азаматтық хал актiлерiн тiркеуге берiлген құжаттарды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келуiн тексередi; азаматтық хал актiлерiн тiркеуге берiлген құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда құжаттар өтiнiш берушiге тиiстi түсiнiктемелер мен кеңестермен қайтарылады; азаматтық хал актiлерiн тiркеуге берiлген құжаттар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келгенде өтiнiштi арнайы есепке алу журналында тiркейдi; қажет кезде тиiстi органдарға сауал жолдайды; азаматтық хал актiсiн тiркейдi; дайын құжатты тұтынушыға табыс етедi.
      Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексерудi, құжаттардың журналда тiркелуiн және құжаттарды жинақтау бөлiмiнiң инспекторына табыс етiлуiн жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинақтауды, тiзiлiмнiң жасалуын және уәкiлеттi органға жiберiлуiн жүзеге асырады.
      Орталық қоса берiлген құжаттарымен бiрге өтiнiштердiң уәкiлеттi органға жеткiзiлуiн және керi алынуын осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi органның маманы, осы тармақтың 2-абзацында көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асырады және тұтынушыға табыс ету үшiн Орталыққа жолдайды.
      Орындалған (дайын болған) құжаттар уәкiлеттi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнен бiр күн бұрын түсуi тиiс.
      15. Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдау кезiнде тұтынушыға:
      1) сауалды қабылдаған күнi;
      2) қосымша берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      3) құжаттарды беретiн күнi мен уақыты;
      4) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған маманның тегi, есiмi, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      Орталық арқылы құжаттарды қабылдаған кезде тұтынушыға:
      1) сауалдың нөмiрi мен қабылдау мерзiмi;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру мерзiмi (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      16. Дайын құжаттарды берудi тұтынушы жүгiнген кезiнде уәкiлеттi органның маманы жүзеге асырады.
      Тұтынушыға дайын құжаттар берудi Орталықтың инспекторы мерзiмi көрсетiлген қолхаттың негiзiнде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда уәкiлеттi орган, Орталық мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан түскен құжаттарды ресiмдеуде қателердi анықтаған кезде, не осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық берiлмеген кезде құжаттар пакетiн алғаннан кейiн екi жұмыс күнiнiң iшiнде оларды қайтару себептерiн жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып бередi.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық оларды алған соң бiр жұмыс күнiнiң iшiнде тұтынушыға мәлiмдейдi және қайтару себебi туралы уәкiлеттi органның жазбаша дәлелдерiн бередi.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органға жiбередi.
      Уәкiлеттi органда құжаттардың сақталу мерзiмi мен оларды жою тәртiбi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
  1   2   3   4

Похожие:

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер icon«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттiк қызметтi мекенжайы осы «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау»
Тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi орган болмаса, өтiнiш берушi мемлекеттiк қызмет алу үшiн кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» стандарты (бұдан әрi стандарт) Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер icon«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» мемлекеттiк қызмет стандарты
Ркеу есебiнен шығару (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасында халықтың iшкi көшi-қонын есепке алу және Қазақстан...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер icon"Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер iconНормативтiк құқықтық кесiмдердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттiк қызмет...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер icon«Тестілеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және оның облыстар...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер icon«Шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру»
Азақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкілетті...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер icon«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi Жалпы ережелер
«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер icon«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қабылдау» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты
Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және Агенттіктің облыстар,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница