Кодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары




Скачать 314.85 Kb.
НазваниеКодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары
страница1/2
Дата конвертации15.06.2013
Размер314.85 Kb.
ТипКодекс
  1   2


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының

2010 жылғы 12 мамырдағы шешімімен мақұлданды

№ 58 хаттама

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің

2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді

№ 9/2010 хаттама

(хаттамаға № 2 қосымша)



«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ

ІСКЕРЛІК ЭТИКА КОДЕКСІ

Астана қ., 2010 жыл

МАЗМҰНЫ:
Басшылықтың үндеуі ............................................................................................3

Кодекстің миссиясы ....5

Мақсаты ....5

Кіріспе ....6

1-тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары ....7

2-тарау. Іскерлік этика нормалары.. ....9

  1. Лауазымды тұлғалардың және Қызметкерлердің өзара қарым-қатынас этикасы..........................................................................................................................9

  2. Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас этикасы ..12

  3. Мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас этикасы .........................12

  4. Еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара қарым-қатынас этикасы ..........................12

  5. Іскерлік серіктестермен өзара қарым-қатынас этикасы ..12

2.6. Қоғаммен өзара қарым-қатынас этикасы ..13

2.7. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынас этикасы .........................13

3-тарау. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау...................................................14

4-тарау. Іскерлік мінез-құлық ережесі .......................................................14

4.1. Әріптестермен қарым-қатынас ...................................................................14

4.2. Басшылық пен Қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас .........................15

4.3. Корпоративтік мәдениет .................................................................................15

4.3.1. Қызметкердің сыртқы келбеті және келіссөздер жүргізу

этикасы ......................................................................................................................15

4.3.2. Корпоративтік мерекелер ..........................................................................16

4.3.3. Қызметкерлердің туған күндері ..................................................................16

5-тарау. Құпиялылық................................................................................................16

6-тарау. Мүдделер қақтығысы...................................................................................17

7-тарау. Жауапкершілік ..18

8-тарау. Омбудсменнің құқықтары мен міндеттері............................................ 18

9-тарау. Іс жүзінде пайдаланылуы .........................................................................19

10-тарау. Кодексті түсіндіру және онымен танысу ................................................19

11-тарау. Қорытынды ................................................................................................20


Басшылықтың үндеуі
Құрметті әріптестер,
Бизнес қауымдастықтың, серіктестердің, мемлекеттік билік өкілдерінің және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ табысы мен оның дамуы соларға байланысты болатындардың сенімін және құрметін қамтамасыз ететін корпоративтік құндылықтар мен стандарттар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жемісті қызметінің негізі болып табылады. Олар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерінің мақтаныш сезімін және өз жұмысында одан да жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылысты тудырады.

Корпоративтік басқару және ашықтық қағидаттарын ұстану «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың мұнай-газ саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға анағұрлым белсенді қатысуына ықпал етеді.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік мәдениетке аса зор көңіл бөледі, оның маңызды құралы осы Іскерлік этика кодексі болып табылады, өйткені алға қойылған міндеттер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлық қызметкерлерінің:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ миссиясын, оған қол жеткізу қағидаттарын білуін және оны ұстануын;

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік мәдениет нормаларын ұстануын, корпоративтік беделдің маңыздылығын түсінуін;

  • өз әрекеттерінің «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың миссиясына, сондай-ақ корпоративтік басқару мен іскерлік этикасының қабылданған қағидаттарына сәйкестігінің маңыздылығын түсінуін талап етеді.

Осы Кодекс атқарып отырған лауазымына қарамастан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың барлық қызметкерлері үшін басшылық болып табылады және әрбір қызметкер Кодексті назар салып зерделеп, оның талаптарына сәйкес болуға ұмтылуы қажет деп есептеледі.

Кодексті ұстану оң корпоративтік мәдениеттің қалыптасуына және дамуына, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ беделі мен абыройының нығаюына ықпал етеді және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ болашақта табысты дамуының кепілі болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Іскерлік этика кодексін ұсынамыз, онда біздің жұмысымыз негізделетін құндылықтар мен этикалық қағидаттар бекітілген, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та әрекет етудің бірыңғай стандарттары анықталған.

Корпоративтік этика қызметкерлерді бірыңғай әлеуметтік ағзаға біріктіретін негізгі элемент болып табылады. Қызметтің құлықтылық бағдарын анық түсіну барлық бөлімшелердің реттелген жұмысы үшін қажет. Жоғары этикалық стандарттарды ұстану ұжымдағы және сыртқы серіктестермен, қоғаммен және мемлекетпен қарым-қатынастағы сенімді сақтауға және нығайтуға көмегін тигізетін болады.

Іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтау «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың бүгінгі күнгі беделін нығайтуда маңызды қадам болып табылады және оның болашақта тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің ортақ мақсаттарға жетуіне көмегін тигізеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ табысы әрбір қызметкерге байланысты. Міне, сондықтан да Іскерлік этика кодексін дәл ұстану «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері үшін ең жоғары басымдық болуы тиіс.


Директорлар кеңесінің төрағасы

Тимур Асқарұлы Құлыбаев

Басқарма төрағасы

Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин

Кодекстің миссиясы
Іскерлік этика кодексі ҚМГ-нің барлық мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауының этикалық жағын, корпоративтік қарым-қатынастардың этикалық нормаларын, сондай-ақ этикалық нормалардың ҚМГ және оның қызметкерлерінің күнделікті қызметіне әсер ету тетігін реттейтін құжат болып табылады.

Кодекстің мақсаты
Іскерлік этика кодексі ҚМГ корпоративтік басқару тетіктерінің тиімділігін арттыруға және оның мүдделі тұлғалармен табысты өзара іс-қимыл жасауына ықпалын тигізуге арналған.

Кіріспе
1. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, ҚМГ Жарғысының және өзге де ішкі құжаттарының, соның ішінде іскерлік мінез-құлықтың және корпоративтік басқарудың танылған әлемдік стандарттарын ескеріп Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес әзірленді және іскерлік этиканың негіз қалаушы құндылықтары мен қағидаттарын, іскерлік өзара қарым-қатынастардың этикалық нормаларын белгілейді.

2. Осы Кодекстің мақсаттары:

  1. ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері өз қызметінде стратегиялық маңызды шешімдер қабылдау кезінде де, күнделікті жағдайларда да басшылыққа алатын негізгі құндылықтарды, қағидаттарды, іскерлік этика және мінез-құлық ережелері мен нормаларын бекіту;

  2. жоғары этикалық стандарттарға негізделген бірыңғай корпоративтік мәдениетті дамыту, ұжымда сенім, өзара құрмет және әдептілік атмосферасын қолдау;

  3. атқарып отырған лауазымына қарамастан ҚМГ-де барлық Қызметкерлер қабылдаған іскерлік этика нормаларын біркелкі түсіну және орындау;

  4. іскерлік қауымдастық тарапынан ҚМГ-ге деген сенімді арттыру және сақтап қалу, нарықтың ашық және әділ қатысушысының беделін нығайту;

  5. Мүдделі тұлғалармен өзара тиімді іс-қимыл жасауға ықпал ету болып табылады.

3. Кодекс өзге де ішкі құжаттармен бірге қолданылады және Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлердің іскерлік этика және іскерлік мінез-құлық нормалары мен қағидаттарын қолдану бөлігіндегі қызметін сипаттайды.

4. Көрсетілген нормалар мен қағидаттар тізбесі жеткілікті болып табылмайды және белгілі бір алғышарттар немесе жағдайлар туындағанда нақтылануы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.

5. Кодекс ережелері атқарып отырған лауазымына қарамастан ҚМГ Лауазымды тұлғаларына және барлық Қызметкерлеріне тарайды;

6. Кодексте мынадай анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады:

  1. ҚМГ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

  2. Іскерлік этикасы – бұл ҚМГ, оның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері өз қызметінде басшылыққа алатын этикалық қағидаттар мен іскерлік қарым-қатынас нормаларының жиынтығы;

  3. Лауазымды тұлға – ҚМГ Басқармасының және Директорлар кеңесінің мүшесі;

  4. Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚМГ жоғары органы;

  5. Мүдделі тұлға – ҚМГ-мен құқықтық қарым-қатынасқа түсетін жеке және заңды тұлғалар;

  6. Кодекс – осы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі;

  7. Мүдделер қақтығысы – ҚМГ Лауазымды тұлғасының не Қызметкерінің жеке мүдделілігі лауазымдық міндеттердің риясыз орындалуына ісер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай;

  8. Корпоративтік мәдениет – бұл ҚМГ тән құндылықтар, қағидаттар, мінез-құлық және қарым-қатынас нормалары;

  9. Корпоративтік хатшы – ҚМГ Директорлар кеңесінің не Басқармасының мүшесі болып табылмайтын, ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындаған және ҚМГ Директорлар кеңесіне есеп беретін, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде ҚМГ Директорлар кеңесі отырыстарының дайындалуын және өткізілуін бақылайтын, Жалғыз акционердің қарауына шығарылатын материалдардың және ҚМГ Директорлар кеңесі материалдарының қалыптастырылуын қамтамасыз ететін, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайтын ҚМГ-нің қызметкері;

  10. Қызметкер – ҚМГ-мен еңбек қарым-қатынастарында болатын және еңбек шарты бойынша жұмысын тікелей орындайтын жеке тұлға;

  11. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік –ҚМГ-нің, мемлекеттің және бизнестің өзара мүдделеріне жауап беретін, өзіне еркін түрде алған міндеттемелердің орындалуы;

  12. Омбудсмен – ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындаған, ҚМГ-де іскерлік этика қағидаттарының енгізілуіне және сақталуына ықпал ететін тұлға (қызметкерлер арасынан болуы мүмкін).

7. ҚМГ Жалғыз акционермен, Лауазымды тұлғалармен, Қызметкерлермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, серіктестермен, өзге де мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда стратегиялық маңызды шешімдер қабылдау үшін де, ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлеріне кездесетін күнделікті жағдайларда да осы Кодекстің ережелерін қабылдайды және ұстанады.
1-тарау. Іскерлік этика құндылықтары және қағидаттары

8. ҚМГ-нің қызметі солардың негізінде қалыптасатын негіз қалаушы корпоративтік құндылықтар мыналар болып табылады:

1) Құзыреттілік және кәсіпқойлық

Бірінші кезекте, ҚМГ жұмыс нәтижесі кәсіптік деңгейден алғанда мінсіз болуы тиіс. ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары, Қызметкерлері сапалы білімге, жұмыс тәжірибесіне, салмақты және жауапты шешім қабылдау қабілетіне ие болуы тиіс. ҚМГ міндеттер қойып қана қоймай, өз қызметкерлері үшін кәсіби білімі мен дағды деңгейін арттыруға, өзінің кәсіби, шығармашылық қабілетін іске асыруға, әлеуетін дамытуға, мансап жағынан өсу перспективасына ие болуға мүмкіндік беретін жағдай жасайды.

ҚМГ өз Қызметкерлерінде және олардың жұмысында мыналарды:

- ҚМГ стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағыттануын;

     - өз қызметіндегі кәсіпқойлығын және өзінің кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылысын;

     - лауазымдық міндеттерді орындау кезіндегі бастамашылдығын және белсенділігін;

    - тәртіптілігін және жауаптылығын;

     - қызметкерлер арасындағы өзара қолдауды, ҚМГ жас мамандарына көмек және оның ардагерлеріне құрмет көрсетілуін бағалайды.

     2) Адалдық және алаламаушылық

Адалдық және алаламаушылық – ҚМГ қызметінің, оның іскерлік беделінің «іргетасы». ҚМГ жеке мүдделер мен кәсіби қызмет арасындағы қақтығысқа жол бермейді. Алдау, жасыру және жалған мәлімдеу ҚМГ Лауазымды тұлғасының, Қызметкерінің мәртебесімен үйлеспейді.

3) Жауапкершілік

Жауапкершілік – ҚМГ қызметі сапасының кепілдігі. ҚМГ заңнама, шарттық қарым-қатынас, іскерлік айналым салттары және моральдық-құлықтық қағидаттардың талаптарымен белгіленген міндеттемелер бойынша жауапты болады. ҚМГ мемлекеттің және қоғамның алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезінеді.

4) Ашықтық

ҚМГ барынша ашық болуға және ҚМГ, қызметтер және оның жетістіктері, қызмет нәтижелері туралы сенімді ақпаратқа ұмтылады. ҚМГ Жалғыз акционерді және серіктестерін істің мән-жайы туралы шынайы, уақтылы хабардар етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік пен есеп сапасын жақсарту негізінде ақпараттың ашықтығы мен қол жеткізімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге, ҚМГ Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпияны құрайтын ақпараттың және мәліметтердің жария етілмеуін бақылайды.

5) Адам тұлғасын құрметтеу

ҚМГ-нің Қызметкерлері мен серіктестері нәсіліне, тіліне, саяси және діни көзқарастарына, жыныстық, ұлттық және мәдени тиесілігене қарамастан адал және әділ қарым-қатынасқа ие болуға құқылы.

6) Отан сүйгіштік

Мемлекет тарапынан ҚМГ жүктелген жоғары сенім мен оның әлеуметтік жауапкершілігі отан сүйгіштік сезімін және ұлттық экономиканың дамуы мен мемлекет үшін барынша көп пайданы қамтамасыз етуге ықпал ету ниетін тудырады.

9. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде ҚМГ:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтайды, Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің және мемлекеттік органдардың, ҚМГ қызметіне қатысты өзге де құжаттардың шешімдерін орындайды;

2) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, тұрғын орнына немесе кез келген өзге жағдайға қарамастан адам және азамат құқықтарының, намысы мен абыройының сақталуын және құрметтелуін қамтамасыз етеді;

3) мемлекет нышандары – Елтаңба, Ту, Әнұранға құрметпен қарайды;

4) ҚМГ корпоративтік нышандарына құрметпен қарайды;

5) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, мемлекеттік және басқа да тілдерді, барлық елдердің салттарын құрметтейді;

  1. әділ және адал әрекет етеді, пара және ұқсас теріс іскерлік дағдыны, сондай-ақ іскерлік дағдыда қабылданғандардан басқа (бұл ретте осындай сыйлықтар маңызды болмауы тиіс және жиі сыйланбауы/қабылданбауы тиіс) сыйлықтар сыйлау және алу дағдысын қабылдамайды;

  2. Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлерге қатысты әділ, құрмет білдіреді және этикалық нормаларды сақтайды;

  3. оның мүдделі тұлғалармен барлық қарым-қатынастарының өзара тиімді болуына ұмтылады;

  4. қоршаған ортаға құрмет білдіреді және құнтты болады.

10. Жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы Қоғам мен барлық мүдделі тұлғалар арасындағы өзара құқықтардың орындалуына негізделген. Өзара құқықтардың сақталуы – сындарлы жұмыстың қажетті шартты.

2-тарау. Іскерлік этика нормалары
2.1. Лауазымды тұлғалардың және Қызметкерлердің өзара қарым-қатынас этикасы

11. ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері кәсіби функцияларын мүдделер қақтығысын болдырмай, ҚМГ мен Жалғыз акционердің мүдделерінде адал және ақылға қонымды орындауға міндеттеме алады.

12. ҚМГ Лауазымды тұлғалары ҚМГ-нің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін Іскерлік этиканың негіз қалаушы құндылықтары мен қағидаттарын ескере отырып іскерлік шешімдер қабылдайды және олардың алдына қойылған міндеттердің іске асырылуы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және ҚМГ-нің ішкі құқықтық құжаттарында көзделген жауапкершілікте болады.

  1. ҚМГ Лауазымды тұлғалары, Қызметкерлері лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке қарым-қатынасты немесе жеке пайданы емес, ҚМГ-нің мүддесін басшылыққа алуы тиіс.

  2. Әрбір Қызметкер осы Кодексте көзделген қағидаттарды әділ ұстануы, еңбек және ұжымдық шарттардың, ішкі еңбек тәртібінің, лауазымдық нұсқаулықтардың және ҚМГ өзге де ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауы, сондай-ақ оларды бұзу немесе сақтамау үшін өзінің жеке жауапкершілігін сезінуі тиіс.

  3. Жаңа Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде ҚМГ Қазақстан Республикасының заңнамасын және ҚМГ ішкі актілерінің талаптарын басшылыққа алады, анағұрлым жоғары біліктілікке және өндірістік тәжірибеге ие үміткерлерге басымдық береді және қандай да болмасын белгілер бойынша ешқандай кемсітушілікке жол бермейді. Кадрларды іріктеу және көтеру ҚМГ ішкі актілеріне сәйкес кәсіби қабілеті, білімі мен дағдысы негізінде ғана, жыныстық, нәсілдік, саяси, діни және басқа да ұқсас себептер бойынша қандай да болмасын кемсітушіліксіз жүзеге асырылады.

16. ҚМГ өз бетімен білім алуға және кәсіби дамуға ұмтылған Қызметкерлерді көтермелейді және Қызметкерлерді оқыту және кәсіби дамыту бағдарламаларына сәйкес барлық деңгейдегі Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін тең және оңтайлы жағдай жасайды.

17. Сыйақы саласындағы саясат Қызметкерлердің кәсіби сапасы мен қабілетін, олардың еңбек нәтижелерін және қызметтің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуін мойындауға және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес ынталандыру мақсаттарында әлеуметтік пакет ұсынуға негізделеді.

  1. ҚМГ-нің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясаты өз Қызметкерлері үшін таза және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді және тұрақты жақсартуды көздейді.

  2. ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері өздерінің жұмысқа деген көзқарасымен және іс-әрекетімен ұжымда тұрақты және оң жағдайдың қалыптасуына ықпал етуі тиіс.

  3. ҚМГ-де жекелеген Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлерге міндетті түрде барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының заңнамасы және/немесе ҚМГ ішкі құжаттары негізінен басқадай, қандай да болмасын артықшылықтар мен жеңілдіктер ұсынуға жол берілмейді.

  4. ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері жоғары білікті жұмыс жасау үшін барлық күш-жігерін салуы, ҚМГ-нің мүлігіні құнттылықпен қарауы, оны ұтымды және тиімді пайдалануы тиіс.

  5. ҚМГ Лауазымды тұлғадан бастап шешім қабылдайтын кез келген Қызметкерге дейін осы процестің кез келген кезеңінде мүдделер Қақтығысының туындауынан тәуелсіз шешімдердің қабылдануы үшін жауапты болады.

  6. ҚМГ Лауазымды тұлғалары, Қызметкерлері өздерін оларға (немесе олармен байланысты тұлғаларға) қатысты да, басқаларға қатысты да мүдделер Қақтығысы туындауы мүмкін жағдайды болдырмайтын етіп ұстауы тиіс.

  7. Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлер құпиялылық нормаларын бұзбай және Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің, сондай-ақ ҚМГ ішкі құжаттарының шешімдерін ескере отырып, бір біріне уақтылы шынайы ақпарат ұсынады.

  1. ҚМГ Лауазымды тұлғаларының шешімдер қабылдауы ашықтық және барабарлық қағидаттарына негізделуі тиіс.

  2. Лауазымды тұлғалар ҚМГ-мен немесе өзге мәселелермен байланысты мәмілелердегі, шарттардағы, жобалардағы кез келген коммерциялық немесе өзге де мүдделілік (тікелей немесе жанама) туралы ҚМГ-нің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен дереу хабарлауы тиіс.

  3. Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне аффилиирленген тұлғалар тізбесін беру үшін жауапты ҚМГ-нің құрылымдық бөлімшесіне басқа ұйымдарда жұмыстың орындалуы және/немесе лауазымның (лауазымдардың) бос болмауы туралы, тұрақты (негізгі) жұмыс (қызмет, кәсіпкерлік қызмет және т.с.с.) орнының өзгеруі туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауға міндетті.

  4. Лауазымды тұлғалар шешуіне мүдделі мәселелер бойынша тікелей басшыны немесе жоғары басшылықты уақтылы хабардар етуі және оларды талқылауға және олар бойынша дауыс беруге қатысудан бас тартуы тиіс.

  5. Лауазымды тұлғалар, Қызметкерлер олардың мәртебесіне және лауазымына қарамастан өздерінің функционалдық міндеттерін орындаған үшін мыналарды:

олар тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақша, қызмет немесе өзге нысандарда сыйақы алуға;

ізеттілік пен қонақжайлылықтың жалпы қабылданған нормаларына сәйкес немесе хаттамалық және өзге де ресми іс-шаралар өткізу кезінде мезіреттік ілтипат көрсету белгілері мен мезіреттік кәдесыйларды қоспағанда, жұмыс бойынша оларға тәуелді тұлғалардан сыйлықтар немесе қызметтер алуға құқығы жоқ.

30. Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлерге коммерциялық, қызметтік және заңнамамен қорғалатын өзге де құпияны, осындай ақпаратты ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, жариялауға, сондай-ақ ақпаратты жеке мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Бұл ҚМГ органдары туралы ішкі ережелермен, коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықпен және ҚМГ өзге де құжаттарымен реттеледі.

31. Лауазымды тұлғалар, Қызметкерлер ҚМГ ішкі құжаттарында көзделген және ҚМГ құпия ақпаратының қауіпсіздік режимімен және жұмысымен байланысты ережелерді, тәртіп пен рәсімдерді сақтауы тиіс.

32. Әрбір Қызметкер әріптестері мен серіктестеріне қатысты жыныстық, жастық, нәсілдік, саяси, діни және басқа да ұқсас себептермен кемсітушілікке жол бермеуі тиіс.

33. Қызметкерлердің құқықтарын бұзуға әкелетін кез келген жағдай Қазақстан Республикасының заңнамасына және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес қаралуы тиіс.

34. ҚМГ Лауазымды тұлғалары, Қызметкерлері ҚМГ басшылығының тікелей тапсырмасынсыз немесе тікелей берілген өкілеттіктерінсіз ҚМГ атынан кез келген тақырапта көпшілік алдында сөз сөйлеуге, пікір білдіруге немесе сұхбат беруге жол бермеуі тиіс.

35. ҚМГ Лауазымды тұлғалары, барлық деңгейдегі құрылымдық бөлімше басшылары Кодекстің талаптарына сәйкес келетін басқарушылық шешімдер қабылдауы тиіс, тіпті керек болса Кодекстің ережелерін ұстанатындығын өз әрекетімен көрсетуге ұмтылуы, консультациялар мен тәлімгерлікке, ұжымның ортақ миссиямен, құндылықтармен және қағидаттармен біріктірілген команда болып ұйымдасуына уақыт бөлуі тиіс.
2.2. Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас этикасы

36. Жалғыз акционердің мақсаты ҚМГ-нің даму стратегиясының өзегі болып табылады, оны әзірлеу және іске асыру үшін ҚМГ Директорлар кеңесі мен Басқармасы жауапты болады.

37. Басқарма, Директорлар кеңесі және Жалғыз акционер арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, ҚМГ Жарғысы мен ішкі құжаттарына, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкестік қағидаттарына негізделген. ҚМГ өзінің Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынастарында нақты рәсімдер орнатады.

38. ҚМГ Басқармасы, Директорлар кеңесі және Жалғыз акционер арасында ақпарат алмасу тәртібі заңнамамен, ҚМГ Жарғысымен және ішкі құжаттарымен реттеледі.
2.3. Мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас этикасы

39. ҚМГ мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚМГ Жарғысына және ішкі құжаттарына, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес, тараптар тәуелсіздігі негізінде жүзеге асырады. Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін ҚМГ мемлекеттік органдардың шешіміне заңсыз әсер ету әрекеттеріне жол бермейді.

40. ҚМГ мемлекеттік органдар тарапынан да, ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері тарапынан да сыбайлас жемқорлықты және басқа да заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін барлық күш-жігерін салатын болады.
2.4. Еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара қарым-қатынас этикасы

41. ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара қарым-қатынасты заңнама талаптарына, ҚМГ Жарғысына және ішкі құжаттарына, ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының жарғыларына, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
2.5. Іскерлік серіктестермен өзара қарым-қатынас этикасы

42. ҚМГ іскерлік серіктестермен өзара тиімділік, ашықтық және шарт талаптарына сәйкес өзіне қабылдаған міндеттемелер бойынша толық жауапкершілік қағидаттарында өзара әрекет етеді.

  1. ҚМГ іскерлік серіктестермен жасалған келісім шарттардың/шарттардың талаптарын сақтайды және өздерінің оларға қатысты міндеттемелерін орындайды.

  2. ҚМГ серіктестердің барлық өтініштерінің, ұсыныстары мен шағымдарының уақтылы және толық қаралуына кепілдік береді. Келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда келіссөздер мен ымыраға келуге басымдық берілетін болады.

  3. ҚМГ ең аз баға, тауарлардың, қызметтердің ең жақсы сапасы мен жеткізу шарттарын ұсынатын және жақсы беделге ие тауарлар мен қызметтер жеткізушілерді таңдауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

  4. ҚМГ шынайы және еркін бәсекелестікті қолдайды және беделіне теріс әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ серіктестердің ҚМГ-ге сенімін жоюы мүмкін әділетсіз бәсекелестіктің барлық көріністерін айыптайды. Осы орайда ҚМГ өз серіктестерінен адал бәсекелестікті күтеді.

  5. ҚМГ өз қызметінде іскерлік серіктестерге негізсіз жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсынуға жол бермейді.


2.6. Қоғаммен өзара қарым-қатынас этикасы

48. ҚМГ өзінің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезінеді.

49. ҚМГ әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге оң әсерін тигізуге ұмтылады.

50. ҚМГ қоғамға қызмет етуге ұмтылады, қызмет ету өңіріндегі тұрғындардың білім мен оқу деңгейін арттыруға бағытталған бағдарламаларды және басқа әлеуметтік бағдарламаларды қолдайды.

51. ҚМГ өзін-өзі ол жұмыс істейтін және ол құрмет, сенім, адалдық пен әділдік қағидаттарына негізделген берік қарым-қатынастар орнатуға тырысатын қоғамдық ортаның ажырамас бөлігі ретінде қарайды.

52. ҚМГ жаңа жұмыс орындарын құруға және Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға ұмтылады.

53. ҚМГ қоғамдық қарым-қатынастарды жетілдіру, өз өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсерін төмендету, ҚМГ Қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдармен (қоғамдық, үкіметтік емес және басқа) сындарлы қарым-қатынастар орнатуға ұмтылады.

54. ҚМГ беделі күмәнді заңды және жеке тұлғалармен ынтымақтастықтан бас тартуға өзіне міндеттеме алады.

55. Әлеуметтік жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасы, ҚМГ Жарғысы және ішкі құжаттары шеңберінде жүзеге асырылады, сондай-ақ ҚМГ Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік кодексінің ережелерімен реттеледі.
2.7. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынас этикасы
56. ҚМГ ақпараттық саясаты ҚМГ туралы ақпаратты еркін алу және оған жеңіл қол жеткізу мүмкіндігін жасауды көздейді. ҚМГ корпоративтік веб-сайтында (http://www.kmg.kz) жалпыға қол жеткізімді режимде ҚМГ, оның қызметі, корпоративтік басқару, еншілес және тәуелді ұйымдар, сондай-ақ кадр саясаты, байланыс деректері туралы ақпарат және т.б. орналастырылған.

57. ҚМГ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасаудың жоғары стандарттарының сақталуын бақылайды.

58. ҚМГ қызметіне қатысты мәліметтерді бұзаралық ақпарат құралдарына беру құқығына ҚМГ басшылығы құқылы.

59. Бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімет беретін ҚМГ қызметкерлері олардың шынайылығы және оларда коммерциялық құпия құрайтын мәліметтердің, сондай-ақ құпия сипаттағы мәліметтердің болмауы үшін жеке жауапкершілікте болады.

60. ҚМГ қызметкерлері ҚМГ қызметіне қатысты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына ҚМГ басшылығының тапсырмасы бойынша немесе рұқсатымен және БАҚ-пен ынтымақтастық үшін жауапты жетекші құрылымдық бөлімшемен келісім бойынша бере алады.

61. Әрбір Қызметкер оның ҚМГ Қызметкері ретінде білдірген кез келген ұстанымы немесе таратқан ақпараты ҚМГ өзімен, оның имиджімен тікелей байланыстырылатындығын және оның іскерлік қоғамдастықтағы беделіне әсер ететіндігін түсінуі және әрқашан есте сақтауы тиіс.
3-тарау. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
62. ҚМГ қолайлы қоршаған ортаны сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінеді, сондай-ақ қоғам осы салада ҚМГ алдында тұрған міндеттердің күрделілігі мен ауқымдылығын түсінеді деп сенеді.

63. ҚМГ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттар талаптарын сақтайды.
4-тарау. ҚМГ іскерлік мінез-құлық ережесі

4.1. Әріптестермен қарым-қатынас

64. ҚМГ барлық Қызметкерлері арасындағы қарым-қатынас тең құқықты.

65. Ұжымдағы қарым-қатынас қызметкерлердің көңіл-күйіне және жұмыс істеу ықыласына әсерін тигізеді, бұл көп жағдайда ҚМГ жұмысының нәтижесін анықтайды. Ыңғайлы жұмыс жағдайын жасай және қолдай отырып, қызметкерлер мынадай іскерлік этика нормалары мен ережелерін сақтайды:


- бір біріне құрметпен қарау;

- жұмыс уақытында қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты емес істермен айналыспау;

- әріптестеріне өзінің нашар көңіл-күйін көрсетпеу;

- бейпіл сөздер айтпау, сабырсыздық пен агрессия білдірмеу;

- өзінің дөрекі іс-әрекеті үшін әрқашан кешірім сұрау;

- әріптестеріне көмектесу, білімімен және тәжірибесімен бөлісу;

- әріптестері жоқ кезде олардың жеке немесе кәсіби қасиеттерін талқыламау;

- сыпайы және әдепті болу;

- өзгелердің пікірін назарға алу.

  1   2

Похожие:

Кодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары iconКодекстің миссиясы 3 Біздің болжамымыз 3 Кіріспе 3
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «kegoc»
Кодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары icon«Іскерлік байланыс 2012» жобасы Өтініш формасын толтыру жөніндегі нұсқаулар
Жобаның мақсаты мен міндеттері: «Іскерлік байланыс» жобасының мақсаты АҚШ-та іскерлік байланыстар орнатуға көмек көрсету арқылы жобаны...
Кодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Ұлттық банктің атқаратын қызметтері, мақсаты және құрылымы
Менің курс жұмысымның тақырыбы "ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттейтін орган ретінде"
Кодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары iconКонтрольные вопросы по дисциплине «Этика государственной и муниципальной службы»
Особенности профессиональной этики экономическая этика, этика бизнеса, управленческая этика, этика государственной службы
Кодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары icon«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
Тарау. Еншілес және тәуелді қОҒамдармен өзара іс-қимыл қАҒидаттары мен тәжірибесі
Кодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары icon9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану
Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 279-бабында көрсетілген...
Кодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Баға құрылымы

Кодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары iconЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты
Білім беру мақсаты оқушыларға уаққыт талабына сай білім беру, алған білімін қоғам игілігіне жұмсай алатындай іскерлік қалыптастыру...
Кодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары iconЖоспар Кіріспе і-тарау
Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі
Кодекстің миссиясы Мақсаты Кіріспе тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары iconЖоспар Кіріспе і-тарау
Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница