52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт




Название52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт
страница1/5
Дата конвертации15.06.2013
Размер0.52 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
Бекітілді:

Тарбағатай ауданыны әкімінің

04 ақпан 2011 жылғы

52 қаулысына

1 қосымша


Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт

бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары.

Ақсуат 2011 ж


Мазмұны







Бет

1

Мазмұны

2

2

Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің миссиясымен пайымдауы

2

3

Қазіргі жағдайға талдау

3

4

Дене тәрбиесі мен спорт саласы бойынша кедергі келтіріп тұрған негізгі мәселелер

4

5

Қаржыландыру

4

6

Дене шынықтыру мен спорт саласы бойынша ағымдағы және келешекте басымдылық берілуге, тиісті негізгі мәселелр

5

7

Нысаналы көрсеткіштер

5

8

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің даму көрсеткіштері

6,7,8

9

Балалар, жасөспірімдер спорт мектептерінің көрсеткіштері

8,9

10

Президенттік тест сынамаларыналарын еңгізу жұмыстары

9,10

11

Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері ықтимал қауіп қатерлерді және жою жолдар

10-11

12

Стратегиялық жоспарды әзірлеуде басшылыққа алынған нормативтік құқықтық актілер

11-12

13

Бюджеттік бағдарламалар нысаны

12,13,14


1. Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің миссиясымен пайымдауы.

Аудан көлемінде дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын Қ.Р дене шынықтыру және спорт туралы заңын талаптарымен дене шынықтырумен спортты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

2.1 Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің пайымдауы.
Аудан тұрғындары арасында дене шынықтыру мен спорттың бұқаралығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың материалдық базасын нығайту, аудандық деңгейдегі спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыру, облыстық жарыстарға аудан спортшыларының дайындықпен қатысуын қамтамасыз ету.
3. Қазіргі жағдайға талдау.
Бүгінгі күні ауданда 34- спорт залы, 2-спорттық ядро, 1-ипподром,

26-жабдықталған спорт ғимараттары мен 100-ге жуық қарапайым спорт залдары және 2010-жылы пайдалануға берілген «спорттық модуль», ұлттық ат спорт түрлерін дамыту мақсатында құрылған «Тұлпар» ұлттық ат спорт түрлері клубы жұмыс жасайды.

Жыл сайын спорттық-көпшілік шараларының жоспарына сәйкес 70-ке жуық спорттық-көпшілік шаралары ұйымдастырылып, аудан спортшылары спорттың еркін күрес, дзю-до, қазақ күресі, армрестлинг, волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, бокс, көкпар түрлерінен 50 –ден астам облыстық жарыстарға қатысып біршама жетістіктерге жетісуде.

Спорттық резервтер әзірлеу мақсатында жұмыс істеп тұрған 2-балалар жасөспірімдер спорт мектептерінде 33- мұғалім-жаттықтырушылардың жетекшілігімен 842- жасөспірім спортшылар спорттың футбол, волейбол, армрестлинг, еркін күрес, дзю-до, қазақ күрес, тоғызқұмалақ, бокс, ұлттық ат спорт түрлерінен өз шеберліктерін шыңдауда. Сондай-ақ ұлттық ат спорты түрлерін дамыту мақсатында құрылған «Тұлпар» ұлттық спорт түрлері клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ұлттық спорт түрлерін дамытуда көптеген игілікті шаралар атқарылуда.

Аудан спортшылары ауданда кең таралған спорт түрлері еркін күрес, армрестлинг, дзю-до, қазақша күрес, дойбы, шахмат, волейбол ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық жарыстарға қатысып, аталған спорт түрлерінен 40-астам спортшы облыс біріншіліктерінде жеңімпаз атанып, республика біріншілігіне қатысуға жолдама алса, 17-спортшы дзю-до күресі,волейбол, дойбы, қазақ күресі және ұлттық ат спорты түрлерінен Республика біріншілігінде жүлдегер атанды, сондай-ақ Тарбағатайлық көкпаршылар облыс құрама командасының сапынан ҚР чемпионатында өнер көрсетті. Орал қаласында өткізілген ҚР Президентінің кубогы үшін ауыл спорт ойындарында 4-Тарбағатайлық волейболшы облыс құрама командасының сапында өнер көрсетіп күміс жүлдегір атанса, Тарбағатайлық Қ.Мұратов атлған Республикалық жарыстың чемпионы атанды. Сонымен қатар жерлесіміз 2008 жылғы жастар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Бауыржан Абюров армрестлингтен ересектер арасында Индияда өткізілген Азия біріншілігінде чемпион атанса, Америка Құрама Штатының Лас-Вегас қаласында өткізілген Әлем Чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Ауданда бүгінгі күні волейбол, футбол, күрес түрлері, қазақ күресі, дзю-до, еркін күресі, армрестлинг, тоғызқұмалақ, ұлттық ат спорты түрлері бұқаралық сипат алып біршама жақсы дамып келеді.

Соңғы жылдарда ауданда дене тәрбиесі мен спорттың материалдық базасын нығайту мақсатында біршама шаралар атқарылуда.

Тек соңғы жылдар көлемінде Ақсуат ауылынан көгалдандырылған футбол алаңы, асфальтталған жүгіру жолы, спортшылар жуынатын, шешінетін арнаулы ғимаратымен стадион салынса, Ақжар ауылындағы стадионға және Ақжар, Ақсуаттағы спорт мектептерінің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізіліп, Ақсуат, Тұғыл ауылдарындағы бұрыңғы кинотеатр ғимараттары спорт кешендері ретінде қайта жабдықталып пайдалануға берілді, сондай-ақ 2009 жылы Ақжар, Ақсуат ауылдарынан жасанды төсенішімен мини-футбол алаңдары салынса, Ақжар ауылынан бүгінгі күн талабына сай «спорттық модуль» салынып пайдалануға берілді.

Соңғы жылдарда спорт саласына жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі үнемі көбейтіліп келеді.
4.Дене тәрбиесі мен спорт саласы бойынша кедергі келтіріп

тұрған негізгі мәселелер

4.1 Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасының нашарлығы.
Бүгінгі күні аудандағы жалпы білім беретін 40-орта және орталау мектептердің тек 22 ғана типті спорт залдары бар. 18 мектепте спорт залдары жоқ болғандықтан, дене тәрбиесі сабақтары бағдарламаға сай өткізілмейді және спорт секциялары жұмыс істемейді.

Сондай-ақ 1990 жылдан бастап 2009 жылға дейін аудан мектептеріне қажетті спорт құралдарын сатып алуға, қаржы бөлінбегендіктен спорт құралдарының жетіспеушілігі немесе оның мүлдемге жоқтығы жасөспірімдер арасында дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын арттырудағы кедергі келтіріп отырған негізгі түйінді мәселе болып табылады. Бұл мәсәле тек 2010жылдан бастап жергілікті бюджеттен 3,7млн тенге қаржы бөлініп шешімін таба бастады. Жергілікті жерлерде тек мектеп спорт залдарынан басқа заман талабына сай спорт ғимараттары мүлдемге дерлік жоқ болғандықтан ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді өткізуіне спортпен айналысуына мүмкіншілік шектеулі болып келеді..
4.2 Қаржының жеткіліксіздігі
Жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы жыл сайын көбейтіліп келе жатқанымен аудан спортшыларының облыстық жарыстарға қатысуына әліде 5,5-6,0 млн теңге, аудандық деңгейде спорттық-көпшілік шаралары өткізуге 600-700 мың теңге спорт құралдарын сатып алуға 2,0-2,5 млн теңге қаржы қажет.

Сондай-ақ жергілікті ауыл әкімдеріне спорттық-көпшілік шараларына қаржы қаралмайтыны ауылдық жерлерде спорттық жарыстар өткізуге және ауыл спортшыларының аудандық жарыстарға қатысуына көп қиындықтар келтіруде.
4.3 Мамандардың жеткіліксіздігі және біліктіліктерінің төмендігі.
Ауданда дене тәрбиесі мен спорт саласындағы шешімін таппай келе жатқан негізгі түйінді мәселелердің бірі арнаулы білімі бар мамандардың жеткіліксіздігі, және біліктіліктерінің төмендігі.

5. Қаржыландыру

Дене тәрбиесі мен спорт саласына 2006 -2011 жылдары жергілікті бюджеттен жиыны 112, 168 млн теңге қаржы бөлінді.

2006ж 12593 млн теңге,

2007 ж13627 млн теңге,

2008ж18382 млн теңге,

2009 ж16355 млн теңге,

2010 ж 22815 бөлінді.

2011ж 28369 бөлінді.

6. Дене шынықтыру саласы бойынша ағымдағы және келешекте басымдылық берілу тиісті негізгі мәселелер.
Дене тәрбиесі мен спорттың материалдық базасын нығайту мақсатында жергілікті жерлерде, мектептерде күрес, тренажер, теннис т.б спорт ғимараттарын жабдықтау. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен қажетті спорт құралдарын сатып алу үшін қаржы бөлу, демеушілер көмегін ұйымдастыру.

Спорттық –көпшілік шараларын өткізуге және аудан спортшыларының облыстық жарыстарға қатысуына қажетті жергілікті бюджеттен жеткілікті қаржы бөлінуін қамтамасыз ету.

Жергілікті жерлерден спорт мектептерінің филиялдарын ашу, аудандағы спорт мектептері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына берілгеннен бері бұл мәселе аяқсыз қалып келеді.

Ауыл әкімдеріне спорт нұсқаушысының штатын бөлу. Спорт нұсқаушысының штатының жоқтығынан жергілікті жерлерде бұқаралық спорттық-көпшілік шаралары жоспарлы тұрақты өткізілмейді.

Аудан орталығы Ақсуат ауылынан қазіргі заман талабына сай спорт кешенін салуға мүмкіншіліктерін қарастыру.

Аудандағы дене тәрбиесі мамандарын тұрақтандыру мақсатында жас мамандарға әлеуметтік көмек жасау олардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне, жұмысқа орналасуына жағдай жасау.

Спорттық резервтер әзірлеу мақсатында аудандағы спорт мектептерінің жұмысына бақылау жасау, жаттықтырушылардың біліктілік деңгейін көтеру.
7. Нысаналы көрсеткіштер

Бөлімнің қызметінің негізгі мақсатттары Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорттың дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес төмендегідей нәтижелерге қол жеткізу.
1. Дене шынықтыру мен спортпен тұрақты шұғылданатындардың санын үлес саны 18% жеткізу.
2. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасын нығайту мақсатында жергілікті жерлерден жабдықталған спорт ғимараттарын ашу.
3. Жаттықтырушы мамандардың біліктілігін жетілдіру.
4. Жыл сайын 30-35 адам облыс құрама командасына 4-5 спортшы Республика құрама командасына дайындау.

5. Облыстық халықтық спорт ойындарында мектеп оқушыларының спартакиадасында облыс әкімінің жүлдесі үшін балалар ойындарында аудан спортшыларының табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету.

8. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің даму көрсеткіштері.




Шаралар

2011ж

2012ж

2013ж

2014ж

2015ж

1

Қайта жанартылған және жанадан салынған спорт ғимараттарының санын арттыру

2

2

2

3

3

2

Спорт шеберлерін дайындау

1

1

1

2

2

3

Спорт шеберлігіне үміткерлер дайындау

2

3

3

4

4

4

Облыс әкімінің жүлдесі үшін халықтық спорт ойындарына алғашқы ІІІ- ІV орынға ие болу

ІІІ-ІV

ІІІ-ІV

ІІІ-ІV

ІІІ-ІV

ІІІ-ІV

5

Облыс әкімінің жүлдесі үшін балалар спорт ойындарының алғашқы ІІ-ІІІ орынға ие болу

ІІ-ІІІ

ІІ-ІІІ

ІІ-ІІІ

ІІ-ІІІ

ІІ-ІІІ

6

Дене шынықтыру мен спортпен тұрақты шұғылданатындардың үлес санын арттыру (0/0 есебімен )

13%

8474адам

14,5%

8587адам

16%

9273адам

17,5%

10163адам

17,9%

11103 адам

7

Спорттық-көпшілік шараларын өткізу

62

65

69

72

75

8

Спорттық-көпшілік шараларына қатысатын адамдар саны.

10000

10500

10700

11000

11500
  1   2   3   4   5

Похожие:

52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт icon«Аягөз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм 2010 – 2014 жылдарға арналған сратегиялы қ жоспар
ШҚО, Аягөз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеттері мен көріністері
52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін...
52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт iconЗайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды...
52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт iconШарбақты ауданы әкімдігінің 2009 жылғы желтоқсандағы №
Маңызы. Шарбақты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маңызы Мемлекеттік, облыстық және аудандық дене шынықтыру және спортты...
52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт icon2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Үлкен Нарын 2010ж Мазмұны
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Салауатты өмір салты қағидаттарына ену тетігін тиімді құрылуын пайымдау бойынша Бесқарағай ауданында дене шынықтыру және спорт саласындағы...
52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт icon2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница