Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі
страница1/5
Дата конвертации16.06.2013
Размер0.93 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі
«Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:

реттік нөмірі 442-жол мынадай редакцияда жазылсын:


«

442


Шекара-

лық

аймаққа келуге және онда болуға рұқсат-

таманы беру

Жеке және заң-

ды

тұлға-

лар


ІІМ


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті және Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары

Ішкі істер органдары-

ның аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелері

Қағаз түрінде

(рұқ-сатта-ма)


».


3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «8» қазандағы

№1266 қаулысымен

бекітілген
«Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (бұдан әрі – ІІМ-нің КҚПК) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі – ІІД-нің КҚПБ) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 19-бабының;

2) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 9-бабының;

3) «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 24-бабының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (www.mvd.kz «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде) және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) интернет-ресурсында, сондай-ақ көші-қон полициясы бөлімшелерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орналастырылады.

5. Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады. Рұқсаттама тиісінше ІІМ КҚПК-нің немесе ІІД КҚПБ-нің көші-қон полициясы бөлімшесі бастығының қолымен және мөрімен бекітіледі.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;

3) өтініш берген күні тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері аптасына алты күн (дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліс, сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін көші-қон полициясы бөлімшелерінің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіретін есігі, күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындары болады, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттамалар алу үшін жеке адамдар және заңды тұлғалар тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке тұлғалар – осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген жазбаша өтініштер және кіру мақсатын растайтын құжаттар (туыстарының тұратыны туралы жергілікті атқарушы органның анықтамасы, оқуға шақыру);

2) заңды тұлғалар – осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген кәсіпорын немесе ұйым әкімшілігінің атынан жолданған жұмысқа шақыру.

Егер азаматтар тобы шекаралық аймақта жұмыстар жүргізуге жіберілсе, тізімдер үш данада ұсынылады. Тізімнің бірінші данасы Көші-қон полициясы басқармасы (бөлімі) бастығының немесе оның орынбасарының қолымен расталады, визалық мөрмен бекітіледі, топтардың жетекшілеріне беріледі; екінші данасы ішкі істер органында қалады; үшінші данасы адамдарды тексеру үшін жолданады және ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінде қалады.

12. Бланкілерді көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері береді, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД-нің интернет-ресурстарында орналастырылады.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тұтынушының болатын жері бойынша осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көші-қон полициясы бөлімшелеріне өткізіледі. Шекаралық аймаққа келетін Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының есептері бойынша тексеріледі.

14. Құжаттарды қабылдағаннан кейін көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері тұтынушыға осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.

15. Өтініштер мен қолдаухаттар оң қарастырылған кезде осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жеке адамға немесе заңды тұлғаның өкіліне шекаралық аймағына және онда болуға рұқсаттама беріледі. Рұқсаттама жеке адамның немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттарды тексергеннен кейін шекаралық аймаққа келуге және онда болуға берілген рұқсаттамаларды есепке алу кітабында осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес қол қойғыздыра отырып беріледі. Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға арналған рұқсаттама белгілі бір елді мекенге беріледі.

Рұқсаттаманы берген кезде көші-қон полициясы қызметкерлері рұқсаттаманың сыртқы жағында баяндалған ережелермен қол қойдырып таныстырады.

16. Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға қажетті құжаттардың тізбесін толық ұсынбау шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттамалар беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, құжаттардың сақталуын, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Осы стандартқа 1-қосымшада мекенжайлары көрсетілген ІІД, IІM-нің КҚПК хатшылығынан мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1, телефон 72-26-20 мекенжайы бойынша ІІМ-нің КҚПК-ге шағым береді.

Жұмыс кестесі: сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-30-ға дейін.

22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1, телефон 8(7172)71-40-10, факс (7172)37-06-01 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атына сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-30-ға дейін беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым еркін нысанда жазбаша түрде пошта, электрондық пошта арқылы не ІІД-нің, ІІМ КҚПК-нің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке адамның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қояды.

25. Қабылданған шағым ішкі істер органдарының ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданған күні мен уақыты, шағымды/арызды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1, КҚПК, Ішкі істер министрлігінің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, қабылдау белмесінің телефоны 8(7172) 71-42-62, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ішкі істер департаменттерінде алуға болады.

________________
«Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша


Р/с




Ішкі істер департаменттері

Заңды мекенжайы

Интернет-ресурс

Ішкі істер департаметтері хатшылығының телефондары

Көші -қон полициясы бөлімшелеріндің телефондары

1

2

3

4

5

6

1.


Астана қаласының Ішкі істер департаменті

Астана қаласы,

Сейфуллин көшесі, 29

www.ast.dvd.mvd.kz

71-61-98,

71-61-99

71-61-70,

71-60-18,

71-63-66

1)

«Алматы» ауданының

Ішкі істер басқармасы

Астана қаласы,

Жансүгіров көшесі, 2




71-68-63

71-67-37

2)

«Сарыарқа» ауданының

Ішкі істер басқармасы

Астана қаласы,

Есенберлин көшесі, 1




71-66-32

71-66-46

3)

«Есіл» ауданының

Ішкі істер басқармасы

Астана қаласы,

Қорғалжын тас жолы, 21




79-88-02,

79-88-10

79-88-02

2.

Ақмола облысының Iшкi iстер департаменті

Көкшетау қаласы,

Горький көшесі, 35

www.akmdvd.online.kz

29-11-24,

29-11-25

25-66-62,

25-57-01

1)


Көкшетау қаласының

Iшкі iстер басқармасы

Көкшетау қаласы,

Абай көшесі, 121




25-78-05,

29-96-79

23-03-49

2)

Степногор қаласының

ішкi iстер бөлiмi

Степногор қаласы,

5-шағын аудан, 49




5-82-02

5-82-02

3)

Ақкөл ауданының

ішкi iстер бөлiмi

Ақкөл қаласы,

Октябрь көшесі, 2




2-10-02

2-10-02

4)

Аршалы ауданының

ішкi iстер бөлiмi

Аршалы ауылы,

Ташенов көшесі, 47




2-17-44

2-17-44

5)

Астрахань ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Астрахань ауылы,

Байтұрсынов көшесі, 16




2-13-02

2-13-02

6)

Атбасар ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Атбасар қаласы,

Урицк көшесі, 38




4-37-40

4-37-40

1

2

3

4

5

6

7)

Бұланды ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Макинск қаласы,

Сейфуллин көшесі, 135




2-10-02

2-10-02

8)

Егiндiкөл ауданының

ішкi iстер бөлiмi

Егіндікөл ауылы,

Бейбітшілік көшесі, 8




2-14-85

2-14-85

9)

Еңбекшiлдер ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Степняк қаласы,

Ленин көшесі, 79




2-30-40

2-30-40

10)

Ерейментау ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Ерейментау қаласы,

Бөгенбай көшесі, 79




3-32-68

3-32-68

11)

Есiл ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Есіл қаласы,

Әуезов көшесі, 63




2-12-02

2-12-02

12)

Жақсы ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Жақсы ауылы,

Тұрлыбаев көшесі, 34




2-12-89

2-12-89

13)

Жарқайың ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Державинск қаласы,

Захаров көшесі, 33




9-63-33

9-63-33

14)

Зерендi ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Зеренді ауылы,

Ілиясов көшесі, 42




3-44-02

3-44-02

15)

Қорғалжын ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Қорғалжын ауылы,

Болғанбаев көшесі, 8




2-14-35

2-14-35

16)

Сандықтау ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Балкашино ауылы,

Абай көшесі, 101




5-00-02

5-00-02

17)

Целиноград ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Ақмол ауылы




92-4-18

92-4-18

18)

Шортанды ауданының

iшкi iстер бөлiмi

Шортанды ауылы,

Советская көшесі, 21




2-75-02

2-75-02

19)

Ұйғыр ауданының ішкі істер бөлімi

Шоңжы ауылы, Исламов көшесі, 51




2-15-97

2-15-97

3.

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

Алматы қаласы,

Қарасай батыр көшесі, 109

  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қазан №1146 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 5 шілде №910 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1131 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 18 қаңтар №97 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы №1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 3 қыркүйек №1139 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы №787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 10 ақпан №214 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1219 2011 жылғы 28 қазан, Астана, Үкімет Үйі
Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 23 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 28 қазан №1225 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 25 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница