Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым




Скачать 45.06 Kb.
НазваниеЖануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым
Дата конвертации16.06.2013
Размер45.06 Kb.
ТипДокументы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 16.02.2011 09:09:14
Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым

салуларды белгілеу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 2 қаулысы

"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу ережесi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А. Есімов

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2005 жылғы 5 қаңтардағы

N 2 қаулысымен

бекiтiлген

Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға

шектеулер мен тыйым салуды белгiлеу

ережесi

1. Жалпы ережелер

Осы Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгiлеу тәртiбiн айқындайды.

2. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға

шектеулер мен тыйым салу

1. Жануарлар дүниесi объектілерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салу жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаны сақтау мен оның өсiмiн молайту мақсатында белгiленедi.

2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану кезiнде антропогендiк әсер етудi төмендету, соның iшiнде жануарлар дүниесi объектілерiнiң мазасыздануына жол бермеу үшiн:

1) қоныс аудару және көбею кезеңдерiнде жануарлардың жаппай шоғырланатын жерлерiндегi дамылдау аймағына;

2) құстардың жаппай ұя салуы белгiленген жерлерге (ұялық колониялар);

3) балықтардың уылдырық шашуы белгіленген жерлерге келуге уақытша шектеулер мен тыйым салу белгiленедi.

3. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салу жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану кезiнде:

1) аумақтық сипаты бойынша: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және өңiраралық деңгейде, сондай-ақ аңшылық алқаптардың резервтiк қорында (уәкiлеттi орган); жекелеген аумақтық бiрлiктердiң әкiмшiлiк шекараларында немесе олардың бөлiктерiнде, пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар аумақтарында (уәкiлеттi органның аумақтық органы);

2) мерзiмi бойынша: тұрақты (қолданылу мерзiмдерi көрсетiлмей), не белгiлi бiр мерзiмдерге;

3) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулаудың әдiстерiн, тәсiлдерiн және қаруларын қолдану бойынша;

4) жануарлардың жекелеген түрлерiн немесе топтарын, олардың белгiлi бiр популяциясын алу нормаларын шектеу мен өзгерту қажеттiгi туындағанда жануарлар түрлерi бойынша не жынысы немесе жасы бойынша;

5) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар санын шектеу бойынша белгiленуi мүмкiн.

3. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға

шектеулер мен тыйым салуды белгiлеу тәртiбi

4. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгiлеу туралы мәселе қарау қажеттiгi:

1) жеке және заңды тұлғалар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк органдардың, ветеринариялық қадағалау органдарының, жергiлiктi атқарушы және өзге мемлекеттiк органдар өтiнiш жасаған;

2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы зерттеу нәтижелерi бойынша ғылыми ұйымдар ұсыным жасаған;

3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық бағдарламаларды iске асырған;

4) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдер нормаларын iске асырған;

5) жануарлар дүниесiн пайдалану мәселелерi бойынша сот органдарының шешiмдерiн орындаған;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптары қойылған жағдайларда туындайды.

5. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгiлеу қажеттiгi туралы мәселенi шешу үшiн жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) мен оның аумақтық органдары тиiстi комиссиялар (бұдан әрi - Комиссия) құрады. Комиссия құрамына уәкiлеттi органның және/немесе оның аумақтық органдарының, жергiлiктi атқарушы органдардың, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, ветеринариялық қадағалау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.

6. Комиссияның материалдары бойынша уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органдары жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгiлеудiң орындылығы туралы биологиялық негiздеме әзiрлеу туралы шешiм қабылдайды.

7. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгiлеу туралы шешiмдi комиссияның қорытындысы және биологиялық негiздемеге мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органы қабылдайды. Шешiм аумағында белгiленетiн шектеулер мен тыйым салу түрлерi, негiздемелер, сондай-ақ қолдану мерзiмдерi көрсетiлiп, бұйрық нысанында ресiмделедi.

8. Уәкiлеттi органның аумақтық органдары уәкiлеттi орган белгілеген құзыретi шегiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға мынадай шектеулер мен тыйым салуды белгiлеу туралы шешімдер қабылдайды:

1) аң аулаудың басталуын табиғи-климаттық жағдайларға байланысты өңiрлер бойынша 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге азайту жағына қарай ауыстыру;

2) балық аулауға тыйым салу мерзiмiн табиғи-климаттық жағдайларға байланысты тыйым салу кезеңiнiң жалпы ұзақтығын өзгертпей 15 күн ерте немесе кеш мерзiмге ауыстыру;

3) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң дамылдау аймақтары мен күндерi;

4) балықтардың уылдырық шашатын жерлерi;

5) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың санын шектеу.

9. Жануарлар дүниесiн пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салудың орындалуын бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

Похожие:

Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым iconЖануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының...
Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым iconЖануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережесiн бекіту туралы
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының...
Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым iconЖануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға 2007 жылға арналған лимиттердi бекiту туралы
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан...
Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым iconБалық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы
Азақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м а. 2009 жылғы 12 тамыздағы №454 Бұйрығы
Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым icon1. Келесі жерлерде және мерзімдерде
«Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы...
Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым iconЖануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес...
Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым iconКурс атауы Адам мен жануарлар физиологиясы
Адам мен жануарлар организіміндегі тіршілік және олардың арқасында атқарылатын функциалардың мәнісін, табиғатын. Орындалу заңдылықтарын,...
Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым iconНысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды тұлғаларының
Сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен
Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым iconБалалар еңбегiнiң ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөнiндегi шұғыл
Конвенция мен Ұсынымды толықтыратын, халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық көмектi коса алғанда, ұлттық және халықаралық iс-қимылдар...
Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым iconЖануарлар интеллектісінің мәселесі
Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница