Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс




Скачать 78.27 Kb.
НазваниеОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Дата конвертации16.06.2013
Размер78.27 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМУ 4/3-07/01

ПП КГМУ 4/01




ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Патологиялық физиология кафедрасы

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын

жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс


Тақырыбы: Механикалық әсерлердің (созылу, соғылу, қысылу, ұзақ жаншылу синдромы) организмге ауру туындатушы әсері.
Мамандығы: 5B110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
Пән: Патологиялық физиология
Курс: ІІ
Құрастырушы: оқытушы Иманбаева Г.Н.

Қарағанды 2011


Кафедра мәжілісінде талқыланған

және бекітілген.

№ __8__ хаттама __13_ ____04____ 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі _____________ Жәутікова С.Б.

  • Тақырыбы: Механикалық әсерлердің (созылу, соғылу, қысылу, ұзақ жаншылу синдромы) организмге ауру туындатушы әсері.

  • Мақсаты: ауру туындауындағы себеп және жағдайдың маңызын ; олардың диалектикалық байланысын,сонымен қатар организмге механикалық факторлардың патогенді әсерін меңгеру.

  • Оқыту мақсаты:

  1. Сыртқы ортаның патогенді факторларынан әр түрлі зақымдалудың туындауындағы себеп және жағдайдың бірігуінің маңызын түсіндіре білу.

  2. Материалистік диалектика категориясынан және негізгі заңдылықтардан шығатын патологияда себептің қазіргі таңдағы көзқарастарын білу.

  3. Химиялық фактордың зақымдаушы әсерінің салдарын білу және ауырлық дәрежесі және сипаты неге байланысты?

  4. Жарақаттық шоктың және ұзақ уақыт жаншылу синдромының туындауының және дамуының жалпы заңдылықтарын білу.

  5. Биологиялық құрылымда созылуды шақыратын механикалық фактордың зақымдаушы әсерінің механизмін және жағдайын түсіндіре білу;

  6. Биологиялық құрылымда қысылуды шақыратын механикалық фактордың зақымдаушы әсерінің механизмін және жағдайын түсіндіре білу;

  7. Механикалық факторлардың зақымдаушы әсерінің механизмін және жағдайын түсіндіре білу;

  8. Биологиялық құрылымға соққы түрінде әсер ететін фактор.

  9. Уланудың негізгі түрлерін және даму механизмін білу.

  10. Улы заттар әсер еткен кезде әр түрлі зақымдалудың туындауының жалпы заңдылықтарын білу.

  11. Аурудың туындауындағы «таза адамдық»ауру туындатушы фактордың маңызын түсіндіру.

  12. Ятрогенді зақымдаушы әсерді түсіндіре алу.

  13. Патофизиологияның психоәлеуметтік аспектілерінің маңызын түсіну.




  • Өткізу түрі: үй тапсырмасының орындалуы бойынша консультация,тақырыпты меңгеру, жоспарда бекітілгендей тәжірибелік сабақты орындау түрінде.




  • Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  1. Аурудың сыртқы себептерінің жіктелуі.

  2. Аурудың туындауындағы себеп және жағдайдың арасында қандай байланыс бар?

  3. Себептің қандай түрлері болады және аурудың туындауындағы және дамуындағы маңызы қандай?

  4. Сыртқы ортаның негізгі ауру тудырушы факторлары қалай жіктеледі?

  5. Аурудың “сыртқы” және “ішкі” себебі деген не?

  6. Организмге механикалық фактордың жалпы және жергілікті зақымдаушы әсері жайлы түсінік.

  7. Биологиялық құрылымның мықтылығы жайлы түсінік, және оның шегі.

  8. Механикалық күштің әсері кезінде биологиялық құрылымның созылуы және жыртылуына түсінік.

  9. Механикалық фактордың әсері кезінде организмнің гистологиялық құрылымымен мықтылығы арасында қандай байланыс бар?

  10. Жарақаттық шоктың және ұзақ уақыт жаншылу синдромының туындауының және дамуының жалпы заңдылықтарын түсіну.



  • Таратылатын материалдар: тақырып бойынша таблица және кесте, тест сұрақтарының, жағдайлық есептердің жиынтығы.



  • Әдебиеттер:

Негізгі::

  1. Патофизиология: учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., 2008. – 469с.

  2. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., О.И. Уразовой –М: ГЭОТАР.2 т.- 2009– 640 с.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006.- 712с.


Қосымша:


  1. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – 635с

  2. Патофизиология. Основные понятия Под ред. А. В. Ефремова. М: ГЭОТАР.- 2008.-256 с.

  3. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф. М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 1.- 731

  4. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006.

  5. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004.- 245

  6. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Патофизиология. Том 1 – Общая патофизиология. Том 2 – Основы патохимии – Санкт-Петербург, 2005




  • Бақылау:

1. Сұрақтар:

        • Аурудың туындау себебімен қолайлы жағдай арасындағы байланыс.

        • Аурудың туындау себебіндегі және дамуындағы маңызы.

        • Сыртқы ортаның ауру туындатушы факторларының жіктелуі.

        • !Аурудың «ішкі»және «сыртқы» себептері

        • Организмге механикалық фактордың жалпы және жергілікті зақымдаушы әсері жайлы түсінік

        • “ цивилизация аурулары”себептері.

  • Биологиялық құрылымның мықтылығы жайлы түсінік, және оның шегі.

  • Механикалық күштің әсері кезінде биологиялық құрылымның созылуы және жыртылуына түсінік.

  • Механикалық фактордың әсері кезінде организмнің гистологиялық құрылымымен мықтылығы арасында қандай байланыс бар?

  • Жарақаттық шоктың және ұзақ уақыт жаншылу синдромының туындауының және дамуының жалпы заңдылықтарын түсіну.


2. Тест сұрақтары:

1.Аурудың себебі бола алмайды:

А механикалық фактор

Б. жас

В. химиялық фактор

Г. физикалық фактор

Д. биологиялық фактор

2. Физикалық этиологиялық факторға жатпайды:

А. шу

Б. электр тоғы

В.жоғарғы және төменгі температура

Г. вирустар

Д. ионды радиация

3.Электр тоғының патогенді әсерімен әсер ету ұзақтығы арасындағы баланыс:

А. тікелей

Б. кері

В. байланыс жоқ

Г. дұрыс жауабы жоқ

Д. геометриялық

4. Жоғарғы барометрлік қысымның патогенді әсері түсіндіріледі:

А. гипероксия

Б. гипоксия

В. гипокапния

Г. гиперазотемия

Д. гипоазотемия

5. Бірдей дозада ионды радиацияның зақымдаушы әсері қандай сәулелену кезінде айқын байқалады?

А. бір ретті

Б. бөліктік

В. байланысты емес

Г. барлығы дұрыс

Д. барлығы дұрыс емес

6. Ионды сәулеленудің әсеріне неғұрлым сезімтал:

А. жүйке ұлпасы

Б. бұлшық ет ұлпасы

В. қан жасаушы лимфойдты жасуша

Г. шеміршек және ұлпа

Д. барлығы дұрыс

7. Адамның өмір сүру қалпын әлі қалпына келтіруге болатын огрганизмнің ең төменгі температурасы.

А. 14-16 С

Б. 18-20 С

В. 21-23 С

Г. 24-26 С

Д. 27-29 С

8. Кинетоз кезінде байқалмайды:

А. жүрек айну және құсу

Б. нистагм

В. гипотензия

Г. тахикардия

Д. қозғалыс кординациясының бұзылысы

9. Әлсіз жиілікте ұзақ уақыт шу әсер еткен кезде дыбысты қабылдау қызметі:

А. күшейеді

Б. өзгермейді

В. әлсірейді

Г. бәрі дұрыс

Д. бәрі дұрыс емес

10. Вибрациялы аурудың көрінісі болып табылады:

А. нейротамырлық бұзылыс

Б. « өлі саусақ » феномені

В. ОЖЖ қызметінің бұзылысы

Г. саусақтың атрофиялық өзгерісі

Д. барлығы дұрыс
3.Жағдайлық есептер:

№ 1.

Кессонды жұмысшы кессоннан жоғары көтерілгеннен кейін 30 минут өткен соң терісінің қышуын,балтыр бұлшық еттерінің және тізе буынының қатты ауырсынуын анғарды. Ентігу және жүрек қағу байқалды. Бірден көзі қөрмей қалды.Науқасқа тез арада емдік рекомпрессия жүргізілді, осыдан кейін барлық симптомдары жоғалды.Жоғарыда аталған симптомдардың көрінуін қалай түсіндіруге болады? Кессонды аурудың дамуын қалай алдын алуға болады?

№ 2.

Ультракүлгін сәуле организмге оң әсер көрсетеді, бірақ үлкен дозада қауіпті.Бұл жағдайда философияның қандай заңдылығының көрінісімен кездесесіз?

№3

Теңіз ауруы -саңырау,мылқау немесе сау адамның қайсысында тез дамыйды?

№4

Науқас К., 16 жаста, ауруханаға жалпы дене беткейінің 30% қамтитын II дәрежелі термиялық күйікпен ауыр жағдайда жеткізілді. Тынысы жиі және беткей. Пульс 120 соққы 1 минутта. Байқалған көріністерді түсіндіріңіз?

№5

Неліктен жүкті әйелдер және балалар ионды сәуле әсеріне сезімтал?

№ 6.

Неліктен сүңгуірді үлкен тереңдіктен біртіндеп көтеру қажет?

№7

Аталған факторлардың ішінен сіз қайсысын себеп, қайсысын сәуле ауруының туындауындағы қолайлы жағдай деп ажыратасыз: рентген құралының техникалық жарамсыздығы,дәрігердің қорғану құралдарын қолданбағаны,организмге рентген сәулелерінің әсері,қан түзуші аппараттың регенераторлы белсенділігінің жеткіліксіздігі?

№8

Науқасты қарау кезінде саусақтарында «құс аяқ», типті атрофиялық өзгерістер, «өлі саусақ» феномені, тырнақ пластинасының деформациясы байқалды.Науқас саусақ буындарының қақсап ауырсынуына,жоғарғы қозғыштыққа,ұйқысының нашарлауына шағымданды.10 жыл бойы жол құрылысында қызмет атқарған.Науқас қандай аурумен зардап шегеді?

№9

Науқас Ф. 45 жаста , мамандығы бойынша токарь, ұзақ уақыт бойы машина жасайтын зауытта қызмет атқарған,есту қабілетінің төмендеуіне, үнемі бас ауруына, қозғыштыққа шағымданады. Бұл науқаста аурудың туындауында қандай физикалық фактор орын алады?

№10

Неліктен ұзақ уақыт ұшқан кезде косманавта кальций алмасуы өзгереді?

Похожие:

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚау статистикалық көрсеткіштерді есептеу. Деректерді графика түрінде кескіндеу
ОҚытушының жетекшілігімен студенттердің Өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұСҚАУ
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: антибластомдық резистенттіліктің анқытамасын, түрлерін және механизмдерін студенттердің игеруі
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау «Ежелгі Грекия және Ежелгі Римде медицинаның дамуы»
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: Организмге төменгі атмосфералық қысымның әсерінің патогенетикалық механизмінің қазіргі таңдағы көзқарастары жайлы студенттердің...
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырыбы: Гипокинезияның және химиялық факторлардың (ауыр металл тұздары) организмге ауру туындатушы әсері
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Мақсаты: шоктық жағдайлардың және команың себептерін,түрлерін және жалпы өзгерістерін игеру
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Тақырыбы
Оқытушының жетекшілігімен студеттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница