Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы




Скачать 249.01 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы
страница1/2
Дата конвертации16.06.2013
Размер249.01 Kb.
ТипДокументы
  1   2




Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы ОАӨЭЫ Көлiк дәлiзiн қайта жаңарту жобасы (Жамбыл облысы) бойынша Қарыз туралы келiсiмдi ратификациялау туралы







Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы № 437-IV Заңы



-->
"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612); "Казахстанская правда" от 19.05.2011 г., № 160 (26581); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 9 (2586), 78-құжат

      2010 жылғы 23 тамызда Токиода жасалған Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы ОАӨЭЫ Көлiк дәлiзiн қайта жаңарту жобасы (Жамбыл облысы) бойынша Қарыз туралы келiсiм ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президентi                           Н. Назарбаев

№ КАZ-Р6 Қарыз туралы келiсiм

Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi

мен

Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы

ОАӨЭЫ Көлiк дәлiзiн реконструкциялау жобасы (Жамбыл облысы)

бойынша

Қарыз туралы келiсiм

Күнi 2010 жылғы 23 тамыз

Мазмұны

1-бап          Қарыз
      1-бөлiм. Қарыздың сомасы мен мақсаты
      2-бөлiм. Қарыз қаражатын пайдалану
2-бап   Өтеу, пайыздар және резервке қойылғаны үшiн комиссия
      1-бөлiм. Қарыздың негiзгi сомасын өтеу
      2-бөлiм. Пайыздар және оларды төлеу тәсiлi
      3-бөлiм. Резервке қойғаны үшiн комиссия және оны төлеу тәсiлi
      4-бөлiм. Толық емес төлем
3-бап          Айрықша шарттар
      1-бөлiм. Жалпы шарттар мен ережелер
      2-бөлiм. Сатып алу рәсiмi
      3-бөлiм. Төлемдер рәсiмi
      4-бөлiм. Қарызды басқару
      5-бөлiм. Хабарламалар мен сұрау салулар
1-қосымша      Жобаның сипаттамасы
2-қосымша      Қарыз қаражатын бөлу
3-қосымша      Қарызды өтеу кестесi
4-қосымша      Сатып алу рәсiмi
5-қосымша      Мiндеттемелермен байланысты рәсiм
6-қосымша      Аударым рәсiмi

      Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы 2010 жылғы 23 тамыздағы № КАZ-Р6 Қарыз туралы келiсiм.
      Қазақстан Республикасын экономикалық тұрақтандыру және оны дамыту жөнiндегi қадамдарға жәрдемдесу мақсатында Жапония ұсынатын қарызға қатысты 2010 жылғы 10 тамыздағы Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында Ноталар алмасу (бұдан әрi «Ноталар алмасу» деп аталатын) негiзiнде,
      Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi (бұдан әрi «ЖХЫА» деп аталатын) және Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi «Қарыз алушы» деп аталатын) осымен (осы Келiсiмге барлық қосымша келiсiмдер кiретiн, бұдан әрi «Қарыз туралы келiсiм» деп аталатын) мынадай Қарыз туралы келiсiмдi жасасады.

1-бап
Қарыз

1-бөлiм. Қарыздың сомасы мен мақсаты

      ЖХЫА Қарыз алушыға ОАӨЭЫ 1 көлiк дәлiзiн реконструкциялау жобасын (Жамбыл облысы) (бұдан әрi - Жоба деп аталатын) орындау үшiн негiзгi сома ретiнде АЛТЫ МИЛЛИАРД ҮШ ЖҮЗ АЛПЫС БIР МИЛЛИОН (6,361,000,000) жапон иенасынан аспайтын соманы (бұдан әрi «Қарыз» деп аталатын) беруге келiсiм бередi, оның сипаттамасы осы Келiсiмге 1-қосымшада, Қарыз туралы келiсiмге сәйкес жоғарыда көрсетiлген шектi соманы төлеу жиынтығына қол жеткiзген кезде ЖХЫА-ның одан әрi ешқандай төлем жүргiзбеу шартымен, Қарыз туралы келiсiмде баяндалған шарттар мен талаптарда және Жапонияның тиiстi заңдары мен ережелерiне сәйкес АЗИЯ ДАМУ БАНКI (бұдан әрi «АДБ» деп аталатын) беретiн ОАӨЭЫ 1 Көлiк дәлiзiмен [Жамбыл облысындағы учаскелер] («Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзi) Инвестициялық Бағдарлама - 3-жоба, қоса қаржыландыру нысанында келтiрiледi.

2-бөлiм. Қарыз қаражатын пайдалану

      (1) Қарыз алушы қарыз қаражатын бөлуге сәйкес қарыз қаражатын сипаттамасы осы Келiсiмге 4-қосымшаның 2-бөлiмiнде келтiрiлген қолайлы елдер - алу көздерiнiң (бұдан әрi «Қолайлы ел (-дер) - қаржы көзi (-дерi)» деп аталатын) өнiм берушiлерiнен, мердiгерлерiнен немесе консультанттарынан (бұдан әрi бiрлесiп «Өнiм берушi (-лер)» деп аталатын) Жобаны орындау үшiн қажеттi қолайлы тауарлар мен қызметтердi сатып алу үшiн пайдалануды қамтамасыз етедi, оның сипаттамасы осы Келiсiмге 2-қосымшада келтiрiлген.
      (2) Егер ЖХЫА мен Қарыз алушы арасында өзгеше келiсiлмесе, (бұдан әрi «Төлем кезеңi» деп аталатын) және төлем кезеңi өткеннен кейiн ЖХЫА одан әрi ешқандай төлеу жүргiзбесе, Қарыз туралы келiсiмге сәйкес соңғы төлем Қарыз туралы келiсiм күшiне енген күннен кейiн тоғыз (9) жылдан соң сол күннен және айдан кешiктiрмей жүргiзiледi.
      (3) Жоғарыда көрсетiлген (2) кiшi бөлiмнiң талаптарына қарамастан, егер Төлем кезеңi аяқталған күн Жапонияда банктiк операция күнi болып табылмаса, онда, Жапониядағы одан кейiнгi банктiк операция күнi Төлем кезеңiнiң аяқталған күнi болып есептеледi.

2-бап
Өтеу, пайыздар және резервке қойылғаны үшiн комиссия

1-бөлiм. Қарыздың негiзгi сомасын өтеу

      Қарыз алушы ЖХЫА Қарызының негiзгi сомасын осы Келiсiмге 3-қосымшада келтiрiлетiн борышты бөлiп өтеу кестесiне сәйкес өтейдi.

2-бөлiм. Пайыздар және оларды төлеу тәсiлi

      (1) Қарыз алушы ЖХЫА-ға пайыздарды одан төлемдер жүргiзiлетiн және ол бойынша төлемге ұсынылмаған сомалар бар негiзгi сома бойынша жылына бiр бүтiн оннан жетi пайыз (1,7 %) ставка бойынша жарты жылда бiр рет төлейдi.
      (2) Қарыз алушы ЖХЫА-ға қарыз қаражатын төлеудi аяқтау күнiне дейiн (i) (бұдан әрi «Төлеу аяқталған күн» деп аталатын) алдыңғы жылдың 20 қазанынан бастап ағымдағы жылдың 19 сәуiрiне дейiн жинақталған пайыздарды әрбiр жылдың 20 мамырында және ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен бастап 19 қазанына дейiн жинақталған пайыздарды әрбiр жылдың 20 қарашасында және (ii) алдыңғы жылдың 20 қазанынан бастап ағымдағы жылдың 19 сәуiрiне дейiн жинақталған пайыздарды әрбiр жылдың 20 сәуiрiнде Төлеу аяқталған күннен кейiн және ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен бастап 19 қазанына дейiн жинақталған пайыздарды әрбiр жылдың 20 қазанында төлейдi.
      (3) Алдыңғы кiшi бөлiмге қарамастан, Төлеу аяқталатын күн 20 мамырдан немесе 20 қарашадан бастап үш (3) айдан қалмай басталатын жағдайларда, пайыздарды бiрiншi төлеу Төлеу аяқталған күннен кейiн 20 мамырда немесе 20 қарашада, осы күндердiң қайсысы бұрын басталғанына қарай жүргiзiледi.

3-бөлiм. Резервке қойылғаны үшiн комиссия және оны төлеу тәсiлi

      (1) Қарыз алушы ЖХЫА-ға резервке қойғаны үшiн қомиссияны (бұдан әрi «Резервке қойғаны үшiн комиссия» деп аталатын) Қарыз туралы келiсiмге қол қойылған күннен кейiн Төлеу аяқталған күнге дейiн бiр жүз жиырма (120) күн кезең үшiн 3-баптың 1. (2) бөлiмiнде жазылған есептеу әдiсi негiзiнде 2-қосымшада көрсетiлген (А) және (В) санаттарына жататын, игерiлмеген қалдықтың жалпы сомасының жылына нөл бүтiн оннан бiр пайызын (0,1%) құрайтын ставка бойынша жарты жылда бiр рет төлейдi; алайда Төлеу аяқталған күн Жапонияда банктiк операция күнi болып табылмаса, онда Жапониядағы одан кейiнгi банктiк операция күнi төлеудi аяқтау күнi болып есептеледi.
      (2) Қарыз алушы ЖХЫА-ға (i) алдыңғы жылдың 20 қазанынан бастап Төлеу аяқталған күнге дейiнгi ағымдағы жылдың 19 сәуiрiне дейiн жинақталған Резервке қойылғаны үшiн комиссияны әрбiр жылдың 20 мамырында және ағымдағы жылдың 20 сәуiрiнен бастап Төлеу аяқталған күнге дейiнгi 19 қазанға дейiн жинақталған Резервке қойылғаны үшiн комиссияны әрбiр жылдың 20 қарашасында не 20 сәуiрден не 20 қазаннан бастап Төлеу аяқталған күнге дейiн жинақталған (ii) Резервке қойғаны үшiн комиссия бойынша соңғы төлемдi Төлеу аяқталған күннен кейiн осы күндердiң қайсысы бұрын келгенiне қарай, Төлеу аяқталған күннiң алдында осы күндердiң қайсысы кешiрек келуiне қарай не 20 сәуiрде не 20 қазанда төлейдi.
      (3) Жоғарыдағы (2) кiшi бөлiмге қарамастан, Резервке қойылғаны үшiн комиссия бойынша соңғы төлем Төлеу аяқталған күн ағымдағы жылдың 20 ақпанынан бастап 19 сәуiр кезеңiне тұс келетiн 20 мамырда, не Төлеу аяқталған күн ағымдағы жылғы 20 тамыздан бастап 19 қазан кезеңiне тұс келетiн 20 қарашада жүргiзiлуге тиiс.

4-бөлiм. Толық емес төлем

      Егер Қарыз туралы келiсiмге сәйкес Қарыз алушы жүргiзген кез келген төлемнiң сомасы төлеуге жататын жалпы сомадан аз болса, Қарыз алушы төлем сомасының мынадай тәртiппен қолдануына және бөлiнуiне келiседi: (i) мерзiмi өткенi үшiн комиссия, (ii) резервке қойылғаны үшiн комиссия, (iii) пайыз және (iv) негiзгi борыш. Жоғарыда көрсетiлгендерге қарамастан, ЖХЫА төлемнiң түскен сомасын өз қалауы бойынша қолдана әрi бөле алады.

3-бап
Айрықша шарттар

1-бөлiм. Жалпы шарттар мен ережелер

      Әдетте Қарыз туралы келiсiмге қолданылатын басқа шарттар мен ережелер күнi 2009 жылғы наурыз болып белгiленген ДАК қарыздары бойынша ЖХЫА-ның Жалпы шарттары мен ережелерiнде (бұдан әрi «Жалпы шарттар мен ережелер» деп аталатын) мынадай қосымша ережелермен жазылады:
      (1) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 3.04 (1) бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
      Қарыз туралы келiсiмге сәйкес қажеттi резервке қойылғаны үшiн комиссияны қоспағанда, негiзгi соманы өтеу немесе пайыздарды немесе басқа да мiндеттемелердi төлеу кiдiртiлген жағдайда, «Жалпы шарттар» деген 3.03-бөлiмде келтiрiлген пайыз өтеу күнiнде және одан кейiн негiзгi борыштың мерзiмi өтiп кеткен сомасына қосылуын тоқтатады, сондай-ақ Қарыз туралы келiсiмде келтiрiлген пайыздан тыс жылдық екi пайыз (2 %) мөлшерiндегi мерзiмi өткенi үшiн комиссия Қарыз туралы келiсiмге сәйкес қажеттi резервке қойғаны үшiн комиссияны қоспағанда, өтеу күнiнен бастап iс жүзiндегi төлем күнiнiң алдындағы күнге дейiнгi, қоса алғандағы кезеңге негiзгi борыштың, пайыздың немесе басқа да мiндеттемелердiң мерзiмi өтiп кеткен сомасына төлеуге жатады.
      (2) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 3.05-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
      3.05-бөлiм. Пайыздарды, резервке қойылғаны үшiн комиссияны және мерзiмi өткенi үшiн комиссияны есептеу
      Пайыздар, резервке қойылғаны үшiн комиссия және мерзiмi өткенi үшiн комиссия күн сайынғы негiзде жинақталады және үш жүз алпыс бес (365) күн мен өткен күндердiң iс жүзiндегi саны негiзiнде есептелетiн болады.
      (3) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 3.06-бөлiмге қатысты Қарыз алушы негiзгi соманың барлық төлемдерiн, қарыз бойынша пайыздарды және басқа да төлемдердi Жапония, Бас кеңсе, Токио-Митсубиши UҒJ, Лтд Банкiндегi «ЖХЫА-Қарыз» № 0207787 шотының кредитiне жатқызады.
      (4) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 5.06 (1) бөлiмнiң бiрiншi параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      Егер (i) (А) және (В) санаттарының толық сомасы 2-қосымшаның 1-бөлiмiнде көрсетiлгендей, Қарыз туралы келiсiм шеңберiнде төленсе, (ii) Төлеу кезеңi өтiп кетсе немесе (iii) Қарыз алушы ЖХЫА-ны келесi параграфта көрсетiлгендей, Жоба бойынша бұдан әрi төлемдер талап етiлмейтiнi туралы хабардар етсе, онда ЖХЫА Қарыз алушыға Төлемнiң аяқталғаны туралы хабарламаны екi данада жiбередi (№ 3 нысан қоса берiлiп отыр).
      (5) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 5.06. (1) бөлiмнiң екiншi параграфы мынадай редакцияда жазылсын:
      Егер төлемдердiң жалпы сомасы Қарыз туралы келiсiм шеңберiнде 2-қосымшаның 1-бөлiмiнде көрсетiлгендей (А) және (В) санаттарының жалпы сомасынан аз болса және Жоба бойынша бұдан әрi төлемдер талап етiлмесе, Қарыз алушы төлемдердi аяқтаудың сұратылған күнiне дейiн кемiнде отыз (30) күнде ЖХЫА-ға жазбаша хабарлама жiбередi.
      (6) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 5-бапқа мынадай бөлiм қосылсын:
      5.07-бөлiм. Орындалуы төлемдi жүргiзуге мүмкiндiк беретiн шарттар
      ЖХЫА төмендегi тармақтардың әрқайсысында көрсетiлген барлық шарттар әрбiр төлем сәтiнде қанағаттандырылмайынша, төлем жүргiзуге мiндеттi емес. Осы шарттардың қанағаттандырылуын ЖХЫА анықтайды.
      (а) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 5.03 және 5.04-бөлiмдерде сипатталған құжаттар осы бөлiмдерде белгiленген талаптарға жауап бередi (және ЖХЫА-ны қанағаттандырады).
      (b) Алдын ала тыйым салу, сақтандырғыш тыйым салу немесе тыйым салу туралы бұйрық та, хабарлама да (Жапониядан тысқары жерде орындалған кез келген рәсiмдi қоса алғанда) ЖХЫА Қарыз алушысына кез келген тиесiлi сомаға қатысты жiберiлмеген.
      (с) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 6.01-бөлiмде көрсетiлгендей, ЖХЫА-ның араласуына әкеп соғуы мүмкiн ештеңе болған жоқ.
      (d) Қарыз алушы Қарыз туралы келiсiмнiң қандай да бiр ережесiн бұзған жоқ және мұндай бұзушылықтың тиiстi төлем кезiнде немесе кейiн болуы мүмкiн деген қауiп жоқ.
      (7) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 6.01-бөлiмге мынадай (i) қосылсын:
      (i) АДБ мен осы Жоба бойынша Қарыз алушы арасындағы Қарыз туралы келiсiмнiң ережелерiне сәйкес АДБ Қарыз алушыны төлемге қабiлетсiз деп жариялаған және өзiн Қарыз алушыға төлемдердi тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы деп жариялаған және/немесе барлық дереу төлеуге тиесiлi және төленуге жататын пайыздар мен мiндеттемелермен бiрге негiзгi борышты төленбеген деп жариялайтын кездегi оқиға.
      (8) «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 10.03-бөлiм мынамен ауыстырылсын:
      Қарыз туралы келiсiм ЖХЫА өзiн 10.01 (1) бөлiмде көрсетiлген өкiлеттiктер мен қолдардың үлгiлерiн растаумен, 10.02 (1) бөлiмде көрсетiлген Заң қорытындысымен қанағаттандым деп жариялаған күнi (i), ЖХЫА Қарыз алушыға Ноталар алмасу тиiстi түрде күшiне енгенiн растағаннан кейiн және (ii) одан кейiн ЖХЫА Қарыз алушыға ЖХЫА мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қарыз туралы келiсiмнiң күшiне енуiнiң шарттары орындалуымен қатар, АДБ мен Қарыз алушы арасында жасалған «ОАӨЭЫ 1 көлiк дәлiзi [Жамбыл облысындағы учаскелер] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзi] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба» АДБ Қарыз туралы келiсiмге тиiстi түрде қол қойылғанын және оның заңды күшiне енуi үшiн барлық шарттар орындалғанын немесе егер тек ЖХЫА бас тартпаса, ЖХЫА-ны қанағаттандыратын iс-шаралар жоғарыда көрсетiлген шарттарды орындау үшiн ЖХЫА-ны қанағаттандыратын мерзiмде жүргiзiлгенiн растағаннан кейiн күшiне енедi.
      ЖХЫА Қарыз алушыны Қарыз туралы келiсiмнiң күшiне енген күнi туралы жазбаша нысанда дереу хабардар етедi.

2-бөлiм. Сатып алу рәсiмi

      «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 4.01-бөлiмде айтылатын сатып алу қағидасы осы Келiсiмге 4-қосымша түрiнде ұсынылатын Сатып алу рәсiмiнде айтылады.

3-бөлiм. Төлемдер рәсiмi

      «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 5.01-бөлiмде айтылатын төлемдер рәсiмi мынадай болып табылады:
      (1) Осы Келiсiмге 5-қосымша түрiнде ұсынылатын мiндеттемелерге байланысты рәсiм Қазақстан Республикасы валютасынан өзгеше келiсiмшарттың халықаралық нарықтық валютада көрсетiлген бөлiгiне қатысты Қолайлы елден (-дерден) - алу көзiнен (-дерiнен) Өнiм берушiден (-лерден) тауарлар мен қызметтердi сатып алу үшiн осы Келiсiмнiң 2-қосымшасының 1-бөлiмiнде көрсетiлгендей, (А) санаты үшiн бөлiнген Қарыз қаражаты төленген жағдайда қолданылады.
      (2) Жоғарыда көрсетiлген (1) тармақтың ережелерiне қарамастан, осы Келiсiмге 6-қосымша түрiнде ұсынылған қаражатты аудару рәсiмi Қолайлы елден (-дерден) - алу көзiнен (-дерiнен) Өнiм берушiге жүргiзiлетiн төлемдер бойынша осы Келiсiмнiң 2-қосымшасының 1-бөлiмiнде көрсетiлгендей, (А) санаты үшiн бөлiнген Қарыз қаражатын төлеу үшiн қолданылады.
      (3) ЖХЫА Қарызды басқару үшiн АДБ-ны ЖХЫА үшiн Қарыз әкiмшiсi ретiнде тағайындай алады. Түсiнбеушiлiктердi болдырмау үшiн АДБ ЖХЫА-ның атынан кез келген мәселелерге қатысты Қарыз алушының немесе оның агентiнiң атына сұрау салулар жiбере алады.

4-бөлiм. Қарызды басқару

      (1) Қарыз алушы Көлiк және коммуникация министрлiгiне (бұдан әрi «Атқарушы агенттiк» деп аталатын) атқарушы агенттiк ретiнде уәкiлеттiк бередi.
      (2) Егер Қарыздан берiлетiн қаражат Жобаны орындау үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, Қарыз алушы талап етiлетiн қаражатты ұсыну жөнiнде дереу шаралар қабылдайды.
      (3) Қарыз алушы ЖХЫА-ға Атқарушы агенттiктiң АДБ арқылы Жоба аяқталғанға дейiн, Жобаның орындалу барысы туралы тоқсан сайынғы есептердi (әрбiр жылғы наурызда, маусымда, қыркүйекте және желтоқсанда), ЖХЫА негiзделген түрде сұрата алатын нысанда және мән-жайымен ұсынуын қамтамасыз етедi.
      (4) Қарыз алушы еш кiдiрiссiз, бiрақ кез келген жағдайда Жоба аяқталғаннан кейiн алты (6) айдан кешiктiрмей жобаның аяқталуы туралы есептi ЖХЫА негiзделген түрде сұратуы мүмкiн болған нысанда және егжей-тегжейлi ұсынуын қамтамасыз етедi.
      (5) Егер ЖХЫА мұндай аудит жүргiзудi қажет деп есептеген жағдайда, Қарыз алушы жүзеге асырылған сатып алу аудитiн сатып алу рәсiмдерiнiң әдiлдiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiне кепiлдiк беру үшiн ЖХЫА жалдайтын тәуелсiз аудиторлардың жүргiзгенiне көз жеткiзуге тиiс.

5-бөлiм. Хабарламалар және сұрау салулар

      «Жалпы шарттар мен ережелер» деген 9.03-бөлiмнiң мақсаттары үшiн мынадай мекенжайлар көрсетiледi:

      ЖХЫА үшiн
      Пошталық мекенжайы:
      Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгi
      Шығыс және Орталық Азия мен Кавказ елдерi департаментi.
      Нибанчо орталығының ғимараты, 5-25 Нибан-чо, Чийода-ку,
      Токио 102-8012, Жапония
      Бас директордың назарына

      Қарыз алушы үшiн:
      Пошталық мекенжайы:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
      Жеңiс даңғылы, 11
      Астана қаласы, 010000,
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрiнiң назарына

      Жоғарыда көрсетiлген мекенжайлар және/немесе атаулар өзгерген жағдайда, мұндай өзгерiстер орын алған тарап екiншi тарапты жаңа мекенжайлар және/немесе атаулар туралы жазбаша түрде еш кiдiрiссiз хабардар етедi.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРҮ ҮШIН ЖХЫА мен Қарыз алушы өздерiнiң тиiстi түрде уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi арқылы iс-қимыл жасай отырып, осы Келiсiмдi өздерiнiң аттарынан тиiсiнше жасасуды және оны Жапония, Токио, Чийода-ку мекенжайы бойынша Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгiнiң кеңсесiне жоғарыда бас жағында көрсетiлген күнi мен жылы ресми түрде берудi қамтамасыз еттi.

      
  1   2

Похожие:

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы iconКонкурстық құжаттама Жалпы ережелер
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы iconБиржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы №638 Қаулысы
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы iconҰлттық ғылыми кеңестер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 Қаулысы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы iconҚаржыландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 Қаулысы
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-iv заңы
Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасының Үкiметi арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң ғимараттарын...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-iv заңы
Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 8 ақпандағы №39-40 (26442); "Казахстанская правда" от 05. 02. 2011 г., №42-43 (26463-26464); Қазақстан...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы iconАкционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы
Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы iconАкционерлiк қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 10 шiлдедегі n 281-1 Заңы
Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы n 415-іі заңына сәйкес осы заңның күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 5 желтоқсан №1457 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 24 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы №437-iv заңы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1219 2011 жылғы 28 қазан, Астана, Үкімет Үйі
Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 23 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница