Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі




Скачать 62.78 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі
Дата конвертации28.11.2012
Размер62.78 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;

2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «31» тамыздағы

№1110 қаулысымен

бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

реттік нөмірі 470-184-4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«470-184-4 «Болон процесі және академиялық

ұтқырлық орталығы» шаруашылық

жүргізу құқығындағы республикалық

мемлекеттік кәсіпорны Астана қаласы».

2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

реттік нөмірі 77-4-жол жаңа редакцияда жазылсын:

«77-4. Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы».

3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-кұжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірі 124-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«124. «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».».

4. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында («Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №44, 401-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:

реттік нөмірі 185-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


185

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

Жеке тұлғалар

БҒМ

БҒМ

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің «Болон

процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» РМК, БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Қағаз

түрінде

(анықтама)

».

5. «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 336 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 350-кұжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандартында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік қызметті Астана қ., Жеңіс д., 16\1, (4-қабат, сол қанат) мекенжайы бойынша орналасқан Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы (бұдан әрі - орталық) көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - комитет) уәкілетті орган болып табылады. Комитеттің мекенжайы: Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 11-ші кіреберіс»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат комитеттің ресми сайтында (www.educontrol.kz) және орталықтың сайтында (www.nac.edu.kz) орналасқан, телефондар: 8 (7172) 74-24-29, 74-23-49, 73-17-43, 73-17- 44, 73-17-50.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағалар прейскурантына сәйкес ақы алынады, онда жүргізілетін рәсімнің – білім туралы құжаттарды бірден танудан бастап, штаттан тыс сарапшыларды тарта отырып, құжаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігін сараптауды қамтитын нострификациялау (баламалылық) рәсіміне дейін – күрделілік деңгейі көрсетілген. Ақы төлеу – қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Банктік деректемелер:

ҚР БҒМ «БПжАҰО» РМК

СТН 620200256368

БСН 050640004360

ЖСН КZ117998ВТВ0000002884

«Цеснабанк» АҚ астаналық филиалы

ВСК ТSЕS КZ КА

Кбе 16

Түбіртек нысаны ақы төлеу жүргізілетін банктің қалауы бойынша белгіленеді. Жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Қажетті құжаттардың тізбесі, құжаттар мен өтініштердің үлгілері, жұмыс уақытының кестесі бар ақпараттық стенд бар. Физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ғимаратта орталықтың кеңсесіне апаратын лифт пен пандус көзделген.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Белгіленген нысан бойынша толтырылған өтініштің бланкісі 11-тармақта көрсетілген құжаттар тізбесінің барлығымен бірге мына мекенжайда орналасқан орталыққа тапсырылады: Астана қ., Жеңіс д., 16\1, (4-қабат, сол жақ қанат).»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Қабылданған шағым комитеттің кеңсесінде тіркеледі және заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.

Комитет төрағасының және орталық басшысының байланыс телефондары осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес ресми ақпарат көздерінде және орталық ғимаратындағы арнайы стенділерде көрсетіледі. Шағымды қараудың барысы мен нәтижесі туралы ақпаратты әкімшілік және талдамалық жұмыс басқармасының бастығы мен бас сарапшысынан, сондай-ақ орталықтың басқарма бастығынан білуге болады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшада:

білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөніндегі басшының және жауапты орындаушылардың байланыс деректерінде:

реттік нөмірі 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

4

Қазақстан Республикасы Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры

Астана қ. Жеңіс даңғылы, 16\1 (4-қабат, сол жақ қанат)

(8-7172)73-17-40

5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының басқарма бастығы

Астана қ. Жеңіс даңғылы, 16\1 (4-қабат, сол жақ қанат)

(8-7172)73-17-44

».

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1131 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1030 Астана, Үкімет Үйі
«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 27 тамыз №1090 Астана, Үкімет Үйі
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 17 және 18 тармақшаларына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 28 тамыз №1098 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 5 шілде №910 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 18 қаңтар №97 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы №1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 3 қыркүйек №1139 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы №787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 10 ақпан №214 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1110 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница