«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты




Скачать 171.83 Kb.
Название«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты
Дата конвертации16.06.2013
Размер171.83 Kb.
ТипДокументы




«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты

(мемлекеттік қызметтің атауы)

1

Қызметтің атауы

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

2

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті

3

Қызметтің тұтынушалары

Заңды және жеке тұлғалар

4

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны *

Ішінара автоматтандырылған

5

Қызметтің көрсетілетін орын

Мемлекеттік қызметті Өнеркәсіп комитеті мына мекенжай бойынша: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіреберіс, тел: 8 (7172) 29-90-93, 24-14-07, факс: 24-16-05 көрсетеді, сондай-ақ алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «www.e.gov.kz электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы көрсетіледі.

6

Қызметті көрсету тәртiбi

Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы немесе оның өкілі (сенімхат бойынша) Комитетке құжаттарды береді немесе веб-порталға сауал жібереді.

Комитетте құжаттарды қабылдау почта арқылы жіберу не Комитеттің кеңсесіне тапсыру жолымен мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кіреберіс, тел: 8 (7172) 29-90-73, факс: 24-16-05.

Порталда электрондық сұрауды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетінен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде:

1) қағаз түріндегі өтінішті қабылдауды растау оның көшірмесінде тіркеу күнін және нөмірін көрсете отырып, Комитеттің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрауды қабылдау туралы хабарлама есеп жіберіледі.

Комитет мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда Комитет аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде немесе электронды құжат нысанында бас тартады.

Бұдан әрі Комитет мемлекеттік қызметті беруден осы негіздемемен бас тартуға құқығы жоқ.

Комитетте дайын құжаттарды беруді Комитеттің қызметкері жүзеге асырады.

Сауалды өз бетінше жіберген жағдайда – жеке кабинет арқылы порталда жүзеге асырылады.

7

Қажетті құжаттар

Мемлекеттік қызметті алушы не оның өкілі (сенімхат бойынша) мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті органға не порталға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) заңды немесе жеке тұлғалар үшін белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) заңды тұлға үшін – мемлекеттік қызметті алушының жарғысының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған).

3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат;

4) жеке кәсіпкер үшін – мемлекеттік қызметті алушының жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған).

5) мемлекеттік қызметті алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда) көшірмесі;

6) қызметтiң жекелеген түрiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы тапсырылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) заңды немесе жеке тұлға үшін белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) лицензияның көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырған);

3) қызметтің кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру туралы өтініш;

2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшiрмесi.

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгергенде;

2) дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекен-жайы өзгерген кезде;

3) заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгергенде қайта ресiмдеуге жатады.

Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметті алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжаттарды және лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшiрмелерiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу бойынша қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресiмдеу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) өтiнiш;

2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшiрмесi.

3) лицензияның мәліметтері (www.elicense.kz порталында болған жағдайда) немесе лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшiрмелерi.

Құжаттарды қабылдау кезіңде Комитеттің қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

порталға:

ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті алушының сұрауы.

Құжаттардың деректері:

жеке басының куәлігі;

жарғы электронды сканерленген түрінде электронды сұрауға бекітіледі;

заңды тұлғалар үшін - өтініш берушіні заңды тұлға ретінде тіркеу туралы куәлік;

дара кәсіпкерлер үшін - өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік;

ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлеу бойынша ақпарат;

біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде электронды сұрауға бекітіледі.

Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшин мынадай құжаттар қажет:

Лицензияның мәліметтері (www.elicense.kz) порталын бар болған жағдайда лицензия болған жағдайда сканерленген көшірмесі электрондық сұрауға бекітіледі.

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызметтің түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта рәсімдеу үшін:

мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат түріндегі сұрау;

ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы ақпарат;

лицензиялық мәліметті (www.elicense.kz порталында болған жағдайда) не сканерленген көшірме түріндегі лицензия электронды сұрауға бекітіледі.

Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтерін және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу туралы куәлікті Комитет мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстары болып табылатын портал арқылы ЭЦҚ-мен куәландырған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;

2) техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар;

3) жеке меншік құқығында қоршалған, оқшауланған және:

сынақ зертханасын;

арнайы өндірістік ғимаратты;

арнайы жабдықталған қойманы;

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасы;

4) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

5) ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжірибелік үлгісін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

6) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;

7) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсат;

8) күзет қызметіне лицензия не күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт.

2. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;

2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен:

жабдықтарды, механизмдерді, құрылғыларды, жарақтарды, көлікті, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді;

еңбек қауіпсіздігін, технологиялық регламенттің орындалуын, периметр мен қоршаған ортаны қорғауды бақылауды;

метрологиялық қамтамасыз етуді, кіру бақылауы мен дайын өнім сапасын қамтамасыз ететін білікті мамандар;

3) ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш заттарды дайындауға арналған технологиялық процестің регламенті мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

4) жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негізде қоршалған, оқшауланған және:

сынақ зертханасын;

арнайы өндірістік ғимаратты;

арнайы жабдықталған қойманы;

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасы;

5) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

6) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;

7) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсат;

8) күзет қызметіне лицензия не өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт көшірмесі.

3. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;

2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар;

3) жеке меншік құқығында қоршалған, оқшауланған, жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;

4) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

5) жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;

6) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсат;

7) күзет қызметіне лицензия не күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған күзет қызметіне шарт.

4. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы;

2) тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар;

3) жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негізде қоршалған, оқшауланған, жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;

4) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

5) жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;

6) аумақтық ішкі істер органының жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсат;

7) күзет қызметіне лицензия не арнайы жабдықталған қойманың иесі мен лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт көшірмесі.

5. Пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алатын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін 4-тармақтың 1) тармақшасы бойынша,

2) тармақшадағы жарушының бірыңғай кітапшасының болуы туралы мәліметтерді ұсыну талап етілмейді.

8

Қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін лицензиялық алым алынады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 471 бабына сәйкес лицензиялық алымның мөлшерлемесі:

1) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу бойынша қызмет түрін жүзеге асыру құқығын бергені үшін – 22 айлық есептік көрсеткішті;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензиялық алым лицензия берген кездегі мөлшерлеменің 10%-н құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін – лицензия беру кезінде мөлшерлеменің 100 %-н құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз түрде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар арқылы мынадай реквизиттер бойынша жүзеге асырылады: бюджеттік сыныптаманың коды – 105402, төлемнің мақсатының коды – 911.

Мемлекеттiк қызметті портал арқылы алуға электронды сауал берген жағдайда, төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

9

Қызмет көрсеті үрдісінің сипаттамасы

Тұтынушыдан өтініш түскен уақыттан бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін беру уақытына дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы Өнеркәсіп комитетінің кеңсесіне құжаттарды қоса бере отырып өтініш немесе веб-портал арқылы сауал береді;

2) Өнеркәсіп комитеті кеңсесінің маманы өтінішті қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оны Өнеркәсіп комитетінің басшылығына қарауға жібереді;

3) Өнеркәсіп комитетінің басшылығы өтінішті Өнеркәсіп комитеті Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығына қарауға жібереді;

4) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы жауапты орындаушыны анықтайды;

5) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының маманы берілген құжаттарды заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарағаннан кейін лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды және оны Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығына келісуге жібереді;

6) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бастығы ұсынылған құжаттарды қарап, лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасына келіседі;

7) Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының маманы лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасын Өнеркәсіп комитетінің басшылығына қол қоюға жібереді;

8) Өнеркәсіп комитетінің басшылығы лицензияның жобасын не оны беруден дәлелді бас тартудың жобасына қол қояды;

9) дайын құжаттарды беруді:

- Комитетте – Комитеттің қызметкері жүзеге асырады.

- сұрауды өз бетінше жіберген жағдайда – жеке кабинет арқылы порталда жүзеге асырылады.

10

Қызметті көрсету мерзімдері

Мемлекеттiк қызметтерді көрсету мерзімдері:

лицензия беру – қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта ресімдеу – қажетті құжаттарды алушы тапсырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

лицензияның түпнұсқаларын беру – қажетті құжаттарды алушы берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде.

11

Қызмет көрсету нәтижесі

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не қызметті көрсетуден уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызметті беруден бас тартуы туралы қағаз тасығышта немесе электронды құжат түріндегі уәжді жауап болып табылады.

12

Нормативтік құқықтық актілер**

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы, «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 243 қаулысы

13

2011 жылы көрсетілген қызметтің саны

9

Похожие:

«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу...
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі...
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты iconУәкілетті органдардың мекенжайы
«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын...
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
«Аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны...
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Тау-кен, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
Электронды мемлекеттік қызметті автоматтандыру деңгейі – ішінара автоматтандырылған
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын...
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметін жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметін жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын...
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» қызметінің төлқұжаты icon«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница