Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
страница1/5
Дата конвертации16.06.2013
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Бекітемін

МСЭБК төрағасы

__________А.Белоног

«___»_______2007 жыл

«Полисепт» ЖШҚ (Ресей) өндірген

«Альфадез» дезинфекциялайтын затын қолдану жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

АСТАНА – 2007 жыл

«Полисепт» ЖШҚ (Ресей) өндірген

«Альфадез» дезинфекциялайтын затын қолдану жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Әдістемелік нұсқаулық Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ.д. К.С.Оспанов, орындаушы – профилактикалық және ошақты дезинфекция, дезинсекция, дератизация бөлімінің меңгерушісі – О.А.Хасенова).

«Альфадез» дезинфекциялайтын затын талдаудың физикалық-химиялық және талдамалық әдістері» бөлімін өндіруші фирма ұсынған.

Әдістемелік нұсқаулық емдеу-профилактикалық ұйымдарының персоналына, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне (басқармаларына), санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталықтарына және дезинфекциялық қызметпен айналысуға құқығы бар басқа да мекемелерге арналған.
1. Жалпы мағлұмат

1. «Альфадез» заты әлсіз сезілетін ерекше иісі бар, ашық-сары түсті түссіз мөлдір сұйықтық болып табылады. Әрекетті зат ретінде құрамында төртеселік аммоний қоспаларының комплексі (ЧАС) - 15%, полигексаметиленгуанидин гидрохлориді (ПГМГ) – 6%, изопропилді спирт – 10 %, сондай-ақ үстіртін-белсенді заттар мен басқа да қосалқы компоненттер (биоцид синергистілері, комплексқұраушылар мен коррозияға қарсы агент) бар; рН заттары – 6.

2. Концентрат пен жұмыс ерітінділері жанғыш емес, өрт және жарылғыштығы жағынан қауіпсіз, экологиялық тұрғыда зиянды емес. Зат ерітінділері өңделетін үстіңгі беттерді құртпайды, маталарды түссіздендірмейді, органикалық қосылыстарды ұстамайды, металл коррозиясын болдырмайды. Зат сумен жақсы араласады. Затты сабынмен, анионды үстіртін-белсенді заттармен және синтетикалық жуу құралдарымен араластыруға болмайды, жуатын және хош иістендіретін қасиеті бар.

3. Заттың жарамдылық мерзімі дайындаушының ашылмаған қаптамасында 5 жылды құрайды; жұмыс ерітінділерінің жарамдылық мерзімі жабық ыдыста қараңғы жерде сақтаған жағдайда 14 тәулікті құрайды. Зат мұздатқаннан кейін де өз қасиеттерін сақтап қалады.

4. «Альфадез» затының грамтеріс және грамоңтайлы микроорганизмдеріне қатысты микробқа қарсы белсенділігі бар, соның ішінде туберкулез қоздырғыштарына, аса қауіпті жұқпаларға, Кандида тектес саңырауқұлақтарға және дерматофитийлерге, вирустарға (соның ішінде полиомиелит, В гепатиті және АИТВ);

5. Жіті уыттылық параметрлері бойынша (DL50 асқазанға енгізу барысында) аталмыш зат МЕСТ 12.1.007-76 сәйкес орташа қауіпті заттардың 3 класына, теріге тиген кезде орташа қауіпті заттардың 4 класына, құрсақ қуысына енгізген кезде аз уытты заттардың 4 класына жатады (К.К.Сидорованың жіктегіші бойынша). Ингаляциялық әсер ету кезінде бу түрінде ұшқындау дәрежесі бойынша (С20) зат аса қауіпті емес. Зат концентраты тері мен көз конъюктивасына тигенде айтарлықтай тітіркендіру туғызады. Жұмыс ерітінділері теріге бір рет тигенде айтарлықтай жергілікті тітіркендіру әсерін туғыза қоймайды, және көзді де аз тітіркендіреді. Зат ерітінділерінің теріге тиген кезде жалпы уыттылық әрекеті мен сенсибилизиттейтін әрекеті жоқ.

Жұмыс аумағының ауасында алкилдиметилбензиламмоний хлориді үшін ПДК – 1мг/м3, аэрозоль. Жұмыс аумағының ауасында полигексаметиленгуанидин гидрохлориді үшін ПДК – 2мг/м3, аэрозоль.

6. Зат сыйымдылығы 0,5 және 1л полиэтиленді флакондарда, сыйымдылығы 1л-ден 50л-ге дейінгі полимерлі материалдардан жасалған канистрлерде немесе тапсырыс берушіге қолайлы басқа да полимерлі ыдыста шығарылады.

2. Қолдану аясы.

5. Жұқпа ауруларының ошақтарындағы, емдеу-профилактикалық мекемелердегі, сондай-ақ балалар мекемелеріндегі, әлеуметтік қамсыздандыру мен пенитенциарлы мекемелердегі, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарындағы (мейманханалар, жатақханалар, шаштараздар, сән салондары, моншалар, кір жуатын орындар, бассейіндер, мәдени-сауықтандыру кешендері, спорт кешендері), санитарлық көліктегі профилактикалық, ағымдағы және соңғы дезинфекциялау.

6. Клиникалық, микробиологиялық және басқа да зертханалардағы дезинфекциялау.

7. Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі арнайыландырылған қондырғыларда ультрадыбысты пайдалана отырып, медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарды, қатты және иілмелі эндоскоптар мен олардың бөлшек құралдарын, ингаляциялық наркоз бен өкпені жасанды желдету аппараттарын қол және механикаландырылған әдіспен стерилизациялау алдындағы тазарту және дезинфекциялау.

8. Қоғамдық тамақтандыру мекемелері, өнеркәсіптік базарлардағы дезинфекциялау.

9. Халықтың тұрмыстағы дезинфекция жұмыстары.

10. Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінің дезинфекциясы;

11. Медициналық қалдықтарды пайдаға асыру алдында дезинфекциялау.

12. ЕПҰ мен балалар мекемелеріндегі жалпы жинау жұмыстарымен қатар жүргізілетін дезинфекциялау.

13. Шала туылған нәрестелерге арналған кувездарды дезинфекциялау.

14. Канализацияға қосылмаған дәретханалардың жинақтағыш бактарындағы заттарды зарарсыздандыру және хош иістендіру.

3. Жұмыс ерітінділерін әзірлеу.
15. Аталмыш заттың жұмыс ерітінділері бөлме температурасындағы ас суына «Альфадез» затының сәйкес мөлшерін қосу жолымен (1 кестеге сәйкес) алуан түрлі материалдардан жасалған сыйымдылықтарда әзірленеді.
«Альфадез» затының жұмыс ерітіндісін дайындау
1 кесте

Жұмыс ерітіндісінің концентрациясы, %

Жұмыс ерітіндісін әзірлеуге қажетті ингредиент мөлшері (мл)

препарат бойынша

ДВ бойынша

1 л

10 л

ЧАС

ПГМГ

зат

су

зат

су

0,1

0,015

0,006

1

999

10

9990

0,2

0,03

0,012

2

998

20

9980

0,25

0,0375

0,015

2,5

997,5

25

9975

0,5

0,075

0,03

5

995

50

9950

1,0

0,15

0,06

10

990

100

9900

1,5

0,225

0,09

15

985

150

9850

2,0

0,3

0,12

20

980

200

9800

2,5

0,375

0,15

25

975

250

9750

3,0

0,45

0,18

30

970

300

9700

4,0

0,6

0,24

40

960

400

9600

5,0

0,75

0,3

50

950

500

9500
  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon«Бекітемін» Комитет төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшыларының 2012 жылғы 3-4...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon62538С сериялы, Диана 35 жалған препарат туралы ақпарат: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз»
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз» жшс ұсынған ақпаратқа...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
О. М. Хильченко әзірленген («Мир дезинфекции» аақ). «Миродез мусс» дезинфекциялау затын талдаудың «Физикалық-химиялық және талдамалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница