Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті




НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
страница4/5
Дата конвертации16.06.2013
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

Ескерту: * Жұмыс жиілігі 27КГц және ультрадыбысты қуаты 115Вт УЗВ қондырғысында тестіленген.

Жалпы жинау жұмыстарын жүргізу кезінде

объектілерді дезинфекциялау тәртібі

9 кесте


Мекеме профилі

Ерітінді концен-трациясы

(препарат бойын-ша), %

Өңдеу уақыты, мин

Зарарсыз-дандыру әдісі

Соматикалық, хирургиялық, стоматологиялық, акушерлік және гинекологиялық бөлімшелер, зертханалар, процедуралық кабинеттер

0,25

0,5

60

30

Сүрту, суландыру

Туберкулезге қарсы емдеу-профилактикалық мекемелері

0,5

1,0

120

60

Сүрту, суландыру

Тері-венерологиялық емдеу-профилактикалық мекемелері

1,0

60

Сүрту, суландыру

Жұқпа емдеу-профилактикалық мекемелері*

-

-

Сүрту, суландыру

Балалар мекемелері


0,1

0,25

0,5

1,0

90

60

30

15

Сүрту, суландыру

Ескерту:* - жалпы жинау жұмыстары сәйкес жұқпа тәртібі бойынша жүргізілуі керек.

5. Жеке дәретхананың жинақтау бактарының ішіндегі шығындыларды зарасыздандыру үшін зат ерітіндісін қолдану

37. Жұмыс ерітінділерін әзірлеу

37.1. Заттың жұмыс ерітіндісі жеке ыдыста (немесе нақты тұтынатын орында, яғни дәретхана багында) әзірленеді, осы ыдыстан аталмыш затты арнайы автокөлік цистернасын толтыру үшін алады. Зат ерітіндісін әзірлеу үшін таза суқұбыры суын қолданады.

37.2. Заттың жұмыс ерітіндісін әзірлеу үшін заттың қажетті мөлшерін өлшеніп алынған суқұбыры суына құйып, араластырады. Ерітінділерді әзірлеу барысында жеңілдік ретінде алуан түрлі модификациялы мөлшерлеу жүйесін қолдануға болады.

37.3. 9 кестеде ерітінді көлеміне қажетті зат пен су мөлшері келтірілген.

Зат ерітіндісін әзірлеу


9 кесте





1%-дық жұмыс ерітіндісінің көлемі, л

(препарат бойынша)

1%-дық жұмыс ерітіндісін әзірлеуге қажетті су мен зат мөлшері, л

зат

су

20

0,2

19,8

100

1

99

1000

10

990


37.4. 10 кестеде бак сыйымдылығына байланысты дәретхана багында жұмыс ерітінділерін әзірлеуге қажетті су мен зат мөлшері келтірілген.
Жұмыс ерітінділерін дәретхана багында әзірлеу
10 кесте


Бак сыйымды-лығы, л

Зат, мл

Су, л

Алынатын 1%-дық жұмыс ерітіндісінің көлемі, л

300


200


20,3


20,5


250


170


16,8


17,0


200


140


13,46


13,6


150


100


10,1


10,2


100


70


6,7


6,8


50


35


3,3


3,4


Назар аударыңыз! «Альфадез» заты басқа жуу құралдарымен араласпайды.
6. Затты қолдану
38. Бактарды жұмыс ерітіндісімен толтырып құю қолмен, сондай-ақ арнайы автомашиналардың көмегімен іске асырылады. Толтырып құю әдісі мен технологиясы дәретхананың аталмыш түріне арналған қызмет көрсету регламенті және техникалық құжаттамамен қарастырылған.

39. Жинақтаушы-бактардың ішіндегі шығындыларды зарарсыздандыру үшін 1%-дық зат ерітіндісі қолданылады. Құйылатын 1%-дық зат ерітіндісінің мөлшері (бактың қалдықтармен тұтасымен толтырылған жағдайында) жинақтаушы-бактың жұмыс көлемінің кем дегенде 1/11 бөлігін құрау керек, яғни зат ерітіндісі мен қалдықтардың арақатынасы 1:10 құрау керек. Осындай қатынаста бакты толтырғаннан кейін қалдықтарды зарарсыздандыру 60 минуттан кейін қамтамасыз етіледі (зарарсыздандыру экспозициясы).

40. Қалдықтармен толтыру жинақтаушы-бактың жалпы көлемінің 75%-нан аспауы тиіс. Бактардан фекалді массаны алып жоюды ассенизациялы машина іске асырады (бакты қалдықтармен толтырғаннан кейін кем дегенде 60мин өту керек). Босағаннан кейін бактарды сумен жуу керек. Жинақтаушы-бактарды айтарлықтай тиімді тазарту үшін қалдықтарды төкеннен кейін 0,5%-дық зат ерітіндісімен жуу керек.

41. Жинақтаушы-бактардың сыртқы жағын, жеке дәретхана кабиналарының үстіңгі жақтарын щетка немесе шүберектің көмегімен 0,5%-дық зат ерітіндісімен өңдеу керек. Дезинфекциялау уақыты 30мин құрайды.

7. Сақтық шаралары

42. Зат ерітіндісімен жұмыс жасау барысында қолға резеңке қолғап кию керек

43. Жұмыс ерітіндісін әзірлеу барысында заттың теріге және көздің сілемейлі қабығына тиюін болдырмау қажет.

44. Сүрту әдісімен үстіңгі беттердің дезинфекциясын адамдар болған кезде және тыныс алу органдарын сақтайтын құралдарды қолданбай-ақ жасауға болады.

45. Зат ерітіндісімен үстіңгі беттердің дезинфекциясын адамдар болмаған кезде, сондай-ақ тыныс алу органдарын «В» маркалы патроны бар РПГ-67 немесе РУ-60М типтес әмбебап шаңтұтқышпен, көзді тұмшалы көзілдірікпен қорғау керек.

46. Зат ерітіндісі құйылған ыдыстың қақпағы тығыз жабылатын болуы керек.

47. Өңдеу жұмысын жүргізу барысында міндетті түрде жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. Жұмыс аяқталғаннан кейін дененің ашық жерлерін (бет, қол) сумен сабындап жуу керек.

48. «Альфадез» затын дәрі-дәрмек препараттарынан, азық-түлік тағамдарынан бөлек, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.

49. Химиялық заттарға айтарлықтай жоғары сезімділігі бар және созылмалы аллергиялық аурулармен ауыратын тұлғаларға затпен жұмыс жасауға тыйым салынады.

8. Кездейсоқ уланғанда алғашқы көмек беру шаралары.

50. «Альфадез» заты аса қауіпті емес, алайда сақтық шаралары сақталмағанда тыныс алу органдарының (тамақ құрғақтығы, жыбырлауы, жөтел), көздің (жас ағу, көздің ашуы) сілемейлі қабығының және тері жабынының (гиперемия, ісіңкілігі) тітіркенуі мүмкін.

51. Зат теріге кездейсоқ тиген кезде затты сумен сабындап шайып кетіру керек.

52. Зат көзге тиіп кеткенде дереу! көзді 10-15 минут бойы сумен жуу керек, гиперемия байқалған кезде натрий сульфацилінің 30% ерітіндісін тамызу керек. Қажет болған жағдайда дәрігерге бару қажет.

53. Зат асқазанға түскенде зардап шеккен адамға активтендірілген көмірдің үгітілген 10-20 таблеткасын бірнеше стақан сумен ішкізу керек. Құсқызбау керек. Қажет болған жағдайда дәрігерге барған жөн.
9. Сапаны бақылаудың физикалық-химиялық және талдамалық әдістері

54. Зат 11 кестеде келтірілген сапа көрсеткіштеріне сәйкес бақыланады

11 кесте
«Альфадез» затына арналған көрсеткіштер мен нормалар

№рр

Көрсеткіш атауы

Нормасы

7.1.1

Сыртқы пішіні, түсі, иісі

Әлсіз сезілетін ерекше иісі бар, ашық сары түсті мөлдір сұйықтық

7.1.2

Сутегі иондары концентрациясының көрсеткіші, рН

6,0 1,0

7.1.3

Төртеселік аммаоний қосылыстарының массалық үлесі, %

15,0 1,0

7.1.4

Гидрохлорид полигексаметиленгуанидинінің массалық үлесі,%

6,0 0,6


55. Сыртқы пішіні, түсі мен иісін анықтау.

- затының сыртқы пішіні мен иісін көзбен шолу арқылы анықтайды. Ол үшін түссіз шыныдан жасалған ішкі диаметрі 30-32 мм түтіктің ортасына дейін зат құйылады және оны өтетін немесе шағылысқан сәуледе қарайды.

- Иісін органолептикалық тұрғыда анықтайды.

56. Сутегі иондары (рН) концентрациясының көрсеткішін анықтау

- Аппаратура, реактивтер, материалдар:

ағаттығы 0,1 аспайтын қандай да болсын маркалы рН-метр.

шыны стақан, сыйымдылығы 50см3, МЕСТ 25336-82.

57. Сынақ жүргізу.

Стақанға затты (30-40 см3) құйып, рН-метрдің көмегімен нұсқаулыққа сәйкес өлшейді.

58. Төртеселік аммоний қосылыстарының құрамын анықтау (қосынды түрінде).

- Жабдық, реактивтер және ерітінділер:

МЕСТ 24104-88 бойынша жалпы мақсатта қолданылатын өлшеудің ең жоғары шегі 200г құрайтын, дәлдігі 2 класты зертханалық таразылар;

бюретка 1-1-2-25-0,1 МЕСТ 29251-91 бойынша;

тегістелген тығыны бар колба Кн-1-50 МЕСТ 25336-82 бойынша;

тамшуыр 4(5)-1-1, 2-1-5 МЕСТ 20292-74;

цилиндрлер 1-25, 1-50, 1-100 МЕСТ 1770-74 бойынша;

мөлшерлі колбалар 2-100-2 МЕСТ 1770-74;

лаурилсульфат натрийі (додецилсульфат) ТУ 6-09-64-75 бойынша;

«Мерк» (Германия) фирмасы шығарған құрамында 99,0% кем емес негізгі заты бар 1-сулы цетилпиридиний хлориді немесе осы тәріздес квалификациялы реактив;

көк түсті Эозин-метиленді индикаторы (Май-Грюнвальд бойынша), ч. маркалы, ТУ МЗ 34-51 бойынша;

хлороформ ГОСТ 20015-88 бойынша;

сұрқышқылды натрий, х.ч. немесе ч.д.а. маркалы, МЕСТ 4166-76;

көмірқышқыл натрийі х.ч. немесе ч.д.а. маркалы, МЕСТ 83-79;

хлорлы калий, х.ч. немесе ч.д.а. маркалы, МЕСТ 4234-77;

дистилденген су МЕСТ 6709-72 бойынша.

- Талдау жасауға дайындық жұмыстарын жүргізу

- Натрий лаурилсульфатының 0,005 н. су ерітіндісін әзірлеу.

Сыйымдылығы 100см3 мөлшерлі колбаның ішінде дистилденген суға 0,150г натрий лаурилсульфатын ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

- Құрғақ индикаторлық қоспаны әзірлеу.

Көк түсті Эозин-метиленді индикаторды 1:100 қатынаспен калий хлоридімен араластырып, фарфорлы ыдыста мұқиятты түрде езеді. Құрғақ индикаторлық қоспаны тығыз жабылатын қақпағы бар бюксте бір жыл бойы сақтайды.

- Цетилпиридиний хлоридінің 0,005 н. су ерітіндісін әзірлеу.

Сыйымдылығы 100см3 мөлшерлі колбаның ішінде дистилденген суға 0,179г цетилпиридиний хлоридін ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

- Карбонатты-сульфатты буфер ерітіндісін әзірлеу.

Құрамында рН 11 бар карбонатты-сульфатты буферлі ерітінді сыйымдылығы 1дм3 мөлшерлі колбада 100г сұрқышқылды натрий мен 10г көмірқышқыл натрийді дистилденген суда ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

- Натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің түзету коэффициентін анықтау.

Дайындалған ерітіндінің түзету коэффициентін 0,005 н. натрий лаурилсульфаты ерітіндісімен хлорид цетилпиридиний ерітіндісін екіфазалы титрлеу әдісімен анықтайды.

Сыйымдылығы 50см3 мөлшерлі колбаға хлорид цетилпиридинийінің 10см3 ерітіндісін, хлороформның 10см3 құйып, 30-50мг құрғақ индикаторлық қоспаны қосады және 5см3 буферлі ерітіндіні құяды. Колбаны тығынмен жауып, ерітіндіні араластырады. Цетилпиридиний ерітіндісін натрий лаурилсульфаты ерітіндісімен титрлейді. Титранттың кезекті мөлшерін қосқаннан кейін колбадағы ерітіндіні араластырады. Титрлендірудің соңында хлороформ қабатының қызғылт түсі көк түске ауысады. Натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің К түзету коэффициентінің мәнін келесі формула бойынша есептейді:



мұндағы Vцп – 0,005 н. хлорид цетилпиридиний ерітіндісінің көлемі, см3;

Vдс – 0,005 н. титірлендірілуге жіберілген натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің көлемі, см3.

- Талдау жүргізу.

Талданатын «Альфадез» затының 0,0002г дәлдікпен өлшенген 0,15г-0,20г мөлшерін сыйымдылығы 100см³ мөлшерлі колбаға ауыстырып, дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді.

Конус тәрізді колбаға, я болмаса тығыз жабылатын тығыны бар сыйыидылығы 50см3 цилиндрге 10см3 «Альфадез» затынан алынған ерітіндіні құяды, 10см3 хлороформ, 30-50мг құрғақ индикаторлық қоспаны қосып, 5см3 буферлік ерітінді құяды. Алынған екіфазалы жүйені натрий лаурилсульфаты ерітіндісімен титрлейді. Титранттың кезекті мөлшерін қосқаннан кейін колбадағы ерітіндіні араластырады. Титрлендірудің соңында хлороформ қабатының қызғылт түсі көк түске ауысады.

Төртеселік аммоний қоспаларының (Х) массалық үлесі пайызбен келесі формула бойынша есептелінеді:



мұндағы 0,00177 – нақты концентрациялы натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің 1см3 сәйкес келетін төртеселік аммоний қоспаларының (Х) массасы, С (С12Н25SO4Nа) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.), г;

V – титірлендірілуге жіберілген натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің көлемі, С (С12H25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.), см3;

К – С концентрациялы натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің ерітіндісінің түзету коэффициенті (С12Н25SO4Na) = 0,005 моль/дм3 (0,005 н.);

m – талданатын сынаманың массасы, г.

V1 – «Альфадез» затының мөлшері ерітілген көлем (100 см3);

V2 – титрлеуге таңдалынып алынған талданатын ерітіндінің аликвотты бөлігі (10 см3).

Талдау нәтижесі ретінде екі анықтаманың орташа арифметикалық нәтижесін алады, олардың арасындағы абсолюттік алшақтық рұқсат етілген 0,5%-ға тең алшақтықтан аспауы тиіс.

Сенімді ықтималдылық 0,95 тең болғанда талдау нәтижесінің рұқсат етілген салыстырмалы жиынтық ағаттығы +3%. Талдау нәтижесі үтірден кейінгі бірінші ондық белгіге дейін дөңгелектенеді.

59. Гидрохлорид полигексаметиленгуанидинінің массалық үлесін анықтау.

- Өлшеу құралдары, реактивтер және ерітінділер:

МЕСТ 24104-88 бойынша жалпы мақсатта қолданылатын өлшеудің ең жоғары шегі 200г құрайтын, дәлдігі 2 класты зертханалық таразылар;

ФЭК-56 фотоэлектроколориметрі немесе осы тәріздес метрологиялық сипаты бар басқа маркалы құрал;

мөлшерлі колба 2-25-2, 2-100-2 МЕСТ 1770-74 бойынша;

тегістелген тығыны бар колба Кн-1-50 МЕСТ 25336-82 бойынша;

тамшуыр 4-1-1, 6-1-5 МЕСТ 20292-74 бойынша;

К эозині ТУ 6-09-183-75 бойынша;

ДС-10 синтанолы ТУ 6-14-577-88 бойынша, 2%-дық су ерітіндісі;

АБ катамині ТУ 9392-003-48482528-99 бойынша;

онсулы тетраборлықышқыл натрийі МЕСТ 4199-76 бойынша;

дистилденген су МЕСТ 6709-72 бойынша.

- Талдау жүргізу:

- К эозинінің 0,001 М су ерітіндісін әзірлеу.

Сыйымдылығы 100см3 мөлшерлі колбаның ішінде дистилденген суға 0,073г К эозинін ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

- АБ катаминінің 0,001 М су ерітіндісін әзірлеуводного раствора катамина АБ.

Сыйымдылығы 1дм3 мөлшерлі колбаның ішінде дистилденген суға 0,712г 50%-дық препаратты ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

- құрамында рН 9,2 бар боратты буферлік ерітіндіні әзірлеу.

Құрамында рН 9,2 бар боратты буферлік ерітіндіні әзірлеу үшін сыйымдылығы 1дм3 мөлшерлі колбаның ішінде дистилденген суға 19г тетраборлықышқыл натрийді ерітіп, су көлемін белгіге дейін жеткізу керек.

- Талдау жүргізу:

Талданатын «Альфадез» затының 0,0002г дәлдікпен өлшенген 0,15г-0,20г мөлшерін сыйымдылығы 100см³ мөлшерлі колбаға ауыстырып, дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді. Ерітіндінің 1см3 көлемін конус тәріздес сыйымдылығы 25см3 колбаға ауыстырып құяды. Содан кейін 20см3 дистилденген су, 0,2см3 синтанол ерітіндісін, 1см3 боратты буферлік ерітіндісін және 1см3 К эозин ерітіндісін құяды. Колбадағы ерітінді көлемін дистилденген сумен белгіге дейін жеткізіп, араластырып, құрамында 0,2см3 синтанол ерітіндісі, 1см3 боратты буферлік ерітіндіні, 1см3 К эозин ерітіндісі бар салыстырылатын ерітіндіге қатысты жұту қабаты 1см тең кюветтегі спектрофотометрде толқын ұзындығы 555нм кезінде фотометрлейді.

- Нәтижелерді өңдеу.

Гидрохлорид полигексаметиленгуанидинінің массалық үлесін (Х) пайызбен келесі формула бойынша анықтайды:

,

мұндағы А555 – 555нм кезіндегі ерітіндінің оптикалық тығыздығының мәні;

Акаб555– 555нм кезіндегі төртеселік аммоний қосылыстары ерітіндісінің оптикалық тығыздығының мәні, ол мынаған тең

Акаб555;

177,5 – ПГМГ элементарлы ұяшықтың молекулалық массасы, г/моль;

356 – төртеселік аммоний қосылыстарының массалық үлесінің молекулалық массасы, г/моль;

VP – 0,025дм3 тең фотометрленетін ерітіндінің көлемі;

Vg – 100см3 тең мөлшерлеме ерітілген ерітінді көлемі;

Val – 1см3 тең ерітіндінің аликвотты бөлігінің көлемі;

ε555 – 9000л/моль.см тең ПГМГ элементарлы ұяшықтың жұту молярлық коэффициентінің мәні;

εКАБ555– 555нм кезіндегі 1145л/моль.см тең төртеселік аммоний қосылыстарының жұту молярлық коэффициентінің мәні;

l – кюветаның 1см тең жұту қабатының мәні;

G – зат мөлшерлемесі, г;

XКАБ – зат құрамындағы төртеселік аммоний қосылыстарының массалық үлесі (5.4.4.п. қара).

Талдау нәтижесі ретінде екі параллелді анықтаманың орташа арифметикалық нәтижесін алады, олардың арасындағы абсолюттік алшақтық рұқсат етілген 8%-ға тең алшақтықтан аспауы тиіс.

Сенімді ықтималдылық 0,95 тең болғанда талдау нәтижесінің рұқсат етілген салыстырмалы жиынтық ағаттығы +5%. Талдау нәтижесі үтірден кейінгі бірінші ондық белгіге дейін дөңгелектенеді.

8. Тасымалдау және сақтау шарттары.

60. «Альфадез» затын өндірушінің бірегей қаптамасында, көліктің әр түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау және зат пен ыдыстың сақталуына кепілдік беретін ережелеріне сәйкес көліктің барлық түрімен тасымалдауға рұқсат етіледі.

61. «Альфадез» затын өндіруші кәсіпорынның тығыз жабылатын қаптамасында құрғақ, қараңғы жерде сақтау қажет (-200С-ден +300С-ге дейінгі температурада).
«Полисепт» ЖШҚ (Ресей) өндірген

«Альфадез» дезинфекциялайтын затын

желдету мен кондиционерлеу жүйесін

дезинфекциялау үшін қолдану жөніндегі

әдістемелік нұсқаулығына №1 қосымша

Аталмыш қосымша «Альфадез» затын төменде келтірілгендерге қолдануды сипаттайды:

  • ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін дезинфекциялау және жуу;

  • магистралді ауажібергіш, ауаұстау шахталары, реттейтін қақпақша мен торлар;

  • ауаны өңдеу қондырғылары (суландыру және жылыту камералары), желдету камералары;

  • кондиционер ауасын тазарту және салқындату камерасын дезинфекциялау;

  • бөлме ішіндегі желдету жүйесі желдеткіштерінің үстіңгі жақтарын зарарсыздандыру;

  • бөлме ішіндегі кондиционерлер мен желдету жүйесінің пайдалануда болған фильтрациялық элементтерін зарарсыздандыру;

  • жинау жұмыстарына арналған инвентарьді зарарсыздандыру;

  • емдеу-профилактикалық ұйымдарындағы (ЕПҰ), сондай-ақ балалар мекемелеріндегі, пенитенциарлы мекемелердегі, тұрғын үйлердегі, ұйым кеңселеріндегі, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарындағы, спорт кешендеріндегі, әкімшілік мекемелердегі, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін микробты контаминацияға қарсы жылына екі рет профилактикалық дезинфекциялауды жүргізу.

Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін тазарту мен дезинфекциялаудың технологиялық процесі (ұйымдастыру мен жұмыс жүргізу) 4 кезеңде жүргізіледі: екі даярлық, дезинфекциялау және соңғы.
1 кезең. Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінің

жұмыс тиімділігінің техникалық бақылауы.
Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін, сондай-ақ аталмыш қондырғылар орнатылған бөлмелерді олардың санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық жағдайын бағалау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық зерделеу. Аталмыш жұмыстар мыналарды қарастырады:

- ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінің жобалық құжаттамасын, төлқұжатын сараптау, ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінің жобалық құжаттамаларының санитарлық-гигиеналық талаптар мен нормаларға сәйкестігін анықтау;

- қолданылатын жабдықтың тиімділігін бағалау;

- монтаждық жұмыстардың сапасы мен тиімділігін бағалау;

- ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінің нақты жағдайының, орналасуының және конструкциясының жобалық деректерге сәйкесуін анықтау;

- микроклиматтың нормаланатын параметрлерін өлшеуді жүргізу;

- ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінің ауажібергіштерінің және басқа да компоненттерінің органикалық және бейорганикалық қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;

- ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінен материалды алу және зертханалық зерттеу жүргізу.

Дезинфекциялаудың бірінші даярлық кезеңінде міндетті түрде келесі сынақтар мен өлшеулерді жасау керек:

- Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінің тиімділігін аэродинамикалық тұрғыда сынау:

- желдету арнасындағы температура мен ылғалдылықты өлшеу;

- ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу;

- ауа ағынының динамикалық қысымын өлшеу;

- ағынның статикалық қысымын өлшеу.

Аэродинамикалық сынақтарды МЕСТ ИСО/МЭК 17025 талаптарына сәйкес келетін аккредитациялар жүйесіндегі аккредиттелген ұйым жүргізеді.

- Магистральдар мен бөлмелердің (ауа ұстау шахталары, реттейтін қақпақша мен торлар, ауаны өңдейтін қондырғылар (суландыру мен жылыту камералары)) ұзындығын, ауданын анықтау.

- Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінің нақты өнімділігін анықтау.

Ауаны желдету мен кондиционерлеудің әр жүйесінің іске қосу тәртібі желдету жабдығының іске қосу құжаттамасы мен жөндеу журналында көрсетілу керек.

Ауажібергіштердің ішкі жағы мен басқа да компоненттерін тазарту мен дезинфекциялауды (сервистік люктерді орнату) ұйымдастыру мүмкіндігі бағаланады.
2 кезең. Дезинфекциялауды жүргізу параметрлерін есептеу
Екінші кезеңде техникалық бақылау нәтижелеріне сәйкес «Альфадез» дезинфекциялайтын затының мөлшері мен дезинфекциялаудың оптималды уақыты есептеледі, және де дезинфекциялауды жүргізуге арналған жабдықтар мен ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін тазарту, дезинфекциялау әдісі таңдалынып алынады.

- ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін дезинфекциялау үшін «Альфадез» дезинфекциялайтын зат ерітіндісінің қажетті мөлшерін литрмен келесі формула бойынша есептейді:
, мұндағы
XI - «Альфадез» дезинфекциялайтын зат ерітіндісінің қажетті мөлшері, л;

N- дезинфекциялайтын жұмыс ерітіндісін шығындау нормасы, литрмен 1кв.м;

К- дезинфекциялайтын ерітіндінің препарат бойынша концентрациясы;

Sl – дезинфекциялауға жататын оперативті аудан;

Sl = S2 (магистраль)+S3 (бөлме)

S2(магистраль)=Sa+Sb+Sc және т.с.

Sa = (ha+da)х2xla

Sb = (hb+db)x2xlb,

мұндағы Sa, Sb, Sc – нақты қимасы бар ауажібергіш бөліктерінің ауданы;

ha, hb және т.с. – алуан түрлі учаскедегі ауажібергіштің биіктігі;

da, db және т.с. – алуан түрлі учаскедегі ауажібергіштің ені;

la, lb және т.с. – нақты қимасы бар ауажібергіш ұзақтығы (ұзындығы).

Ескерту: ауажібергіштердің алуан түрлі қимасы бар, жалпы оперативті ауданды анықтау үшін әр түрлі қимасы бар барлық учаскелердің ауданын есептеп шығару керек.

- Дезинфекциялаудың оптималды уақыты желдету қондырғыларының өнімділігі мен ауажібергіштердің ұзақтығы жөніндегі деректер негізінде анықталады.

- Қолданатын бүркегіш аппаратурасының типін желдету қондырғыларының өнімділігіне байланысты таңдау керек:

- өнімділік 1000м3/сағ болған кезде ультрааз көлем бөліктерінің генераторлары қолданылады;

- өнімділік 1000м3/сағ артық болғанды моторлы, электрлі немесе пневматикалық бүркегіштер қолданылады.

Моторлы, электрлі немесе пневматикалық бүркегіштерді қолдану барысындағы дезинфекциялайтын заттың жұмыс ерітіндісінің оптималды шығыны өңделетін ауажібергіш үсті мен ауаны өңдеу қондырғыларының 1м2 жеріне 150мл құрайды, ультрааз көлем бөліктерінің генераторларын қолдану барысында «Альфадез» затының жұмыс ерітіндісін шығындау нормасы 1м2 жерге 50мл құрайды.

«Альфадез» дезинфекциялайтын затының аэрозолін ұстау уақыты желдету қондырғыларының өнімділігі мен бүркегіш аппаратураның техникалық сипаттамасына байланысты. Аэрозолдің барлық ауажібергіштер жүйесіне баруына қажетті желдеті қондырғысын қосу уақыты 100м2 ауданға өнімділігі 500м3/сағ қондырғы үшін 12мин құрайды, 1000м3/сағ – 6мин, 1500м3/сағ – 4мин.

100м2 ауданды дезинфекциялау үшін қажетті бүркегіш аппаратураның жұмыс уақыты пневматикалық бүркегіштер үшін 30мин құрайды, электрлі және моторлы бүркегіштер үшін – 6 мин.
3 кезең. Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін дезинфекциялау.
«Альфадез» дезинфекциялайтын затының ерітіндісімен ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін дезинфекциялау 18 және 19 кестеде келтірілген тәртіп бойынша жүргізіледі.

Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін дезинфекциялау жұмыстарын жабдықтардың конструкциясы мен ерекшеліктерін ескере отырып жасаған жөн. Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін, ауажібергіштерді қолмен тазартуға, дезинфекциялауға болады, сондай-ақ жұмыс көлемін азайтатын механикаландырылған құралдарды қолдануға болады.

Ауажібергіштерді қолмен дезинфекциялау барысында желдету желісін ажыратып, тазарту мен дезинфекциялауды іске асырған соң қайтадан жинастырып қою керек. Желдету желілерін қолмен дезинфекциялағанда ауажібергіштерде орналасқан арнайы тұмшалы инспекциялы есіктерді қолдануға болады. Тұмшалы инспекциялы есіктерді орнату жиілігі мен олардың көлемі желдету желісінің барлық учаскелеріндегі дезинфекциялау процесіне көзбен шолу әдісі арқылы бақылау жасауға мүмкіндік беру керек.

Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін дезинфекциялауға арналған «Альфадез» затының жұмыс ерітінділерін сору-желдету құралымен жабдықталған арнайы бөлмеде әзірлеу керек. Бұл бөлмеде жеке заттарды, азық-түлік тағамдарын сақтауға болмайды, тамақ ішуге, шылым шегуге, бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады.

Дезинфекциялау жұмыстары барысында қолданылатын техника мен аппаратура ақаусыз, таза, қойылған мақсаттар мен қолданылатын дезинфекциялайтын затқа сәйкес болуы қажет. Дезинфекциялау барысында белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтпеген аппаратура мен қондырғыларды қолдануға тыйым салынады.

Кондиционерлер орнатылған бөлмелерде тұратын тұлғалар, әкімшілік ғимарат қызметкерлері дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу уақыты мен сақтық шаралар жөнінде алдан-ала хабардар болуы керек.

Дезинфекциялауды жүргізу үшін ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесінің ауаұстайтын және ауаүлестіретін компоненттері (торлар, диффузорлар, сопла, насадкалар және т.б.) тұтасымен жөндеуден өтуі тиіс.

Реттейтін қондырғыларды (дроссель-қақпақша, шиберлер, заслонкалар және т.б.) дезинфекциялау жұмыстары белгілі мөлшерлі инспекциялық есік арқылы демонтажсыз да жасала береді. Реттейтін қондырғылардың екі жағын тазарту керек.

Сүзбелерді дезинфекциялау мүмкін болмаған жағдайда (шаңмен ластану біркелкі болмағанда, сулану, ағып кету және т.б.) сәйкес сатыдағы ауа сүзгісі ауыстырылуы тиіс.

Осьтік және радиалды желдеткіштерді дезинфекциялау үшін жұмсақ ендірмені енгізу қажет, ол желдеткіштің ішкі жағы мен жұмыс доңғалағына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жұмсақ ендірме болмаған жағдайда ауажібергіштің учаскелері ажыратылады. Радиалды желдеткіштің жұмыс доңғалағының мөлшері 400мм артық болған жағдайда, желдеткіштердің оңай шешілетін инспекциялық есегі болу керек. Дөңгелек арналы желдеткіштерді өңдеу алдында олардың демонтажын жүргізу керек.

Тікбұрышты арналы желдеткіштерді дезинфекциялау жұмыстарын сервистік қақпақты (мұнда электрліқозғалтқыш пен жұмыс доңғалағы орнатылған) ашып қойып жүргізу керек. Тікбұрішті түтікшелі және пластиналы шубасқыштарды өңдеу жұмыстарын инспекциялық есіктер арқылы жасаған жөн. Пластиналы шубасқыштар майлы немесе басқа да жоғары адгезиялы қалдықтармен ластанғанда шубасқыш пластиналарды ауыстыру қажет. Түтікшелі шубасқыштармен осы тәріздес жағдай болғанда, оларды да ауыстыру керек.

Пластиналы жылуалмастырғыштарды (жылытқыштар, суытқыштар, кептіргіштер және т.б.) дезинфекциялау жұмыстарын олардың конструкцияларын ескере отырып, жасаған жөн. Дезинфекциялаудан кейін жылуалмастырғыштарды ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесіне орнату тек құрғақ күйінде ғана рұқсат етіледі.

Жылуалмастырғыштардың дренажды лотоктарын дезинфекциялау үшін, оларды ажырату керек. Орталық кондиционерлер мен араластыру камералары корпустарының ішкі жақтарын, орталық кондиционер секцияларының ішкі жақтарын дезинфекциялау жұмыстары сервистік есіктер арқылы іске асырылады.

Жергілікті кондиционерлерді осы тәріздес өңдеу үшін агрегатты (жөндеу нұсқаулығына сәйкес) міндетті түрде ажырату керек.

Салқындатылатын шыңырақтарды, суландырғыштарды және градирендерді дезинфекциялау жұмыстарын өндірушінің іске қосу және техникалық қызмет көрсету нұсқаулығына сәйкес іске асыру керек.

Ауажібергіштер мен сүзгілерді дезинфекциялағаннан кейін, ауақабылдағышты, ауаүлестіргішті немесе насадканы дезинфекциялау керек.

Тұрмыстық кондиционерлердің ішкі буландырғыш блогын дезинфекциялау жұмыстары келесі тәртіпте орындалады:

- үстіңгі қақпақты (панель) ашып, сүзгішті (ауалы, көмірлі) алып шығу керек;

- ауа сүзгішін ауыстырады, немесе сабынды-содалы ерітіндіде жуады және батыру, суландыру әдісімен дезинфекциялайтын затты қолдана отырып, өңдейді. Көмірлі сүзгіні ауыстыру (пайдаға асыруға жіберу) қажет;

- кондиционердің радиаторлық торы мен конденсатты жинақтаушыны тазарту мен дезинфекциялау жұмытары сүрту әдісімен жүзеге асырылады.

Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін дезинфекциялау жұмыстары ауажібергіштердің ішкі жағын суландыру немесе сүрту арқылы іске асырылады, ал желілік және желдету жабдықтарын нақты концентрациялы дезинфекциялайтын затпен өңдеу керек.

Ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін дезинфекциялау жұмыстары желдету жөніндегі инженердің басшылығымен жүргізілу керек. Осьтік және радиалды желдеткіштерді, арналы желдеткіштерді, жұмыс доңғалағын, шубасқыштарды, ауаалмастырғыштарды, суландырғыштарды және градирлерді, кондиционер корпустарын, кондиционерлердің ішкі буландыру блоктарын дезинфекциялау жұмыстарын желдету мен кондиционерлеу жүйесі өшіріліп тұрғанда ғана жасау керек. Желдету жүйелерінде (сөндіргіштер орналасқан жерлер) дезинфекциялауды жүргізер алдында тазарту, дезинфекциялау және желдеткішті (кондиционерді) қолдануға уақытша тыйым салынатыны жөнінде ескертпе қағазды іліп қою керек.

Дезинфекциялаудан кейін ауаны желдету мен кондиционерлеу жүйесін қосуды олардың іске қосылуына жауапты маман жүзеге асырады.

Желдету жүйелерін (ауажібергіштердің, ауаұстағыш шахталардың және ауаны өңдеу жабдықтарының ішкі жақтары) дезинфекциялау жұмыстары механикаландырылған құралдарды қолдана отырып, ауажібергіштерге аэрозоль-дезинфектантты жіберу немесе суландыру әдісімен іске асырылады.

Екінші кезеңде орындалған есептеулерге сәйкес желдету жүйесі іске қосылып тұрған кезде инспекциялық есіктер, жұмсақ ендірме немесе ауаны өңдеу жабдықтары арқылы дезинфекциялайтын заттың қажетті жұмыс ерітіндісін ауажібергіштерге жібері керек. Аэрозоль жіберіліп біткеннен кейін, желдету қондырғысын 18, 19 кестелерге сәйкес зарарсыздандыру уақытына сөндіру керек.
4 кезең. Дезинфекциялаудың сапасын зертханалық тұрғыда бақылау,

технологиялар қауіпсіздігін бағалау.

Дезинфекциялау жұмыстары аяқталғаннан кейін дезинфекциялау сапасын бақылайды. Ол үшін төменде келтірілгендерді жасау керек:

- ауажібергіштер мен желдету торларының ішкі жақтарынан алынған жуынды қалдықтарын тазарту мен дезинфекциялауға дейін және өңдеуден кейін бактериологиялық зерттеу;

- ауажібергіш шахталарындағы, суландыру және жылыту камераларындағы ауа сынамасын дезинфекциялауға дейін және өңдеуден кейін бактериологиялық бақылау;

- технологиялар қауіпсіздігін бағалау – дезинфекциялайтын заттың өңдеуден кейін тітіркендіргіштік әрекетінің, персонал мен пациенттерде аллергиялық жағдайдың болмауы.

Алуан түрлі этиологиялы жұқпалар кезінде бөлме ішіндегі желдету жүйелерін «Альфадез» затының ерітінділерімен дезинфекциялау тәртібі
18 кесте

Зарарсыздандыру объектісі

Жұмыс ерітіндісінің концентрациясы

(препарат бойынша), %

Зарарсыздандыру уақыты, мин

Зарарсыздандыру әдісі

Бактериялы жұқпалар (туберкулез бен легионеллезден басқа)

Туберкулез

Легионеллез

Вирусты жұқпалар

(гепа-тит, АИТВ)

Кандидозалар

Дерматофитийлер

Желдеткіштің және оның конструкциялық элементтерінің үстіңгі жақтары

0,1

0,25

0,5

1,0


120

60

30

15






120

60






60

30




60

30






60












60


Сүрту немесе суландыру

Бөлме ішіндегі желдету жүйелерінің ауа жібергіші

0,1

0,25

0,5

1,0


120

60

30

15






120

60






120

60




60

30






60












60


Аэрозольдау немесе суландыру

Бөлме ішіндегі желдету жүйелерінің сүзгілері

0,25

0,5

1,0

2,0

3,0






120

60








120

60








120

60






60

30








60
















60


Батыру

Жинау жұмыстарына ар-налған құралдар

0,25

0,5

1,0

2,0

3,0






120

60








120

60








120

60






60

30








60
















60


Матыру
1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon«Бекітемін» Комитет төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшыларының 2012 жылғы 3-4...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon62538С сериялы, Диана 35 жалған препарат туралы ақпарат: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз»
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз» жшс ұсынған ақпаратқа...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
О. М. Хильченко әзірленген («Мир дезинфекции» аақ). «Миродез мусс» дезинфекциялау затын талдаудың «Физикалық-химиялық және талдамалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница