Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне)




НазваниеЗаңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне)
Дата конвертации17.06.2013
Размер45.6 Kb.
ТипДокументы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.09.2012 18:10:57
Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар белгіленсін:

1) Екінші деңгейдегі банктер, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) олар мынадай талаптарға сәйкес келген кезде сатып алатыны:

Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының акциялары осы қаулының қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста болады;

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары ретінде танылған заңды тұлғалардың акциялары қор биржасының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі - № 77 қаулы) көзделген ресми тізімінің бірінші (ең жоғары) «акциялар» секторының санатына енгізілген;

Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларына қатысты Қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде айқындалған критерийлерге сәйкес актив нарығы бар;

Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары қор биржасының № 77 қаулыда көзделген ресми тізімінің екінші (ең жоғары) «акциялар» секторының санатына енгізілген;

2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны банктің меншікті капиталының 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк Төрағасы

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы № 84

қаулысына қосымша

 

 

Халықаралық қор биржаларының

тізімi

 

1. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)

2. Америка қор биржасы (American Stock Exchange)

3. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, BSE)

4. Бразилия қор биржасы (Bovespa)

5. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)

6. Амстердамдағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)

7. Брюссельдегі «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)

8. Лиссабондағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon)

9. Париждегі «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)

10. Үндістан ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited)

11. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)

12. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)

13. Малазия қор биржасы (Bursa Malaysia)

14. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV)

15. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG)

16. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)

17. Құрамына Стокгольм, Хельсинка, Таллин және Рига биржалары кіретін бірлескен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)

18. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)

19. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange)

20. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange)

21. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)

22. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange)

23. Монреал қор биржасы (Bourse de Montreal)

24. Ресей Федерациясының қор биржасы (ААҚ МБВБ-РСЖ)

25. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange)

26. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange)

27. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)

28. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)

29. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)

 

 

Похожие:

Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне)
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) iconБас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының алуы тиіс кірістерін Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №100 Қаулысы
Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) iconБанкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйым құруға немесе иемденуге, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымды банктің құруына немесе иемденуіне, банктің және (немесе)
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) iconДауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 2-1-бабының...
Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) iconС-4 санаты бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазым үшін (Басқарма бастығы) Сұрақ
Сұрақ. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу мақсатында бюджеттік кредиттер беріледі ма?
Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) iconБанктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы
Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді
Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) iconБанктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) icon«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» бойынша мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) iconҚаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптар
Республикасы Бюждет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және Қэн мазмұнын, әзірлеу тәртібі мен мерзімін, сондай-ақ...
Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) icon3 І. Инвестициялық есебі
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница