АҚпарат «Әлеуметтік жобалар»




Скачать 31.75 Kb.
НазваниеАҚпарат «Әлеуметтік жобалар»
Дата конвертации17.06.2013
Размер31.75 Kb.
ТипДокументы


«Жол картасын» жүзеге асыруға сәйкес

аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

«Әлеуметтік жобалар»

Катонқарағай ауданы бойынша «Жол картасына» сәйкес, «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде ауылдарда, ауылдық округтерде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру» бағдарламасы бойынша – 15183 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 12331 мың теңге, жергілікті бюджеттен - 2852 мың теңге. Әлеуметтік жобаларды іске асыру нәтижесінде 150 жаңа жұмыс орны ашылып, 1 адамға орта есеппен айына 14,8 мың теңге көлемінде жалақы төлену жоспарланған.

Бағдарламаның бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі белгіленді.

Аталған бөлім Катонқарағай ауданы әкімдігінің «Нарын» МҚК-ның мемлекеттік басқару органы болып табылады, сондықтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы Заңының 4 бабының,1 тармағының 31 тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алулар нормасы пайдаланылмай, жол картасы бойынша белгіленген жұмыстарды отандық жабдықтаушы «Нарын» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жүргізеді.

Бүгінгі күні жабдықтаушы «Нарын» МҚК-мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісі арасында жергілікті және республикалық бюджет есебінен бөлінген қаражатты игеру үшін 04 мамыр күні №1, 2 келісім шарт жасалып, қазынашылықтан 21 мамыр күні тіркеуден өткізілді.

Барлық ауылдарда жұмыстарды жүргізу басталды, әлеуметтік жоба бойынша 150 жұмыс орнын ашуға Большенарым, Солоновка, Новоберезовка ауылдары бойынша «Нарын» МКҚ - ның директоры Н.Қ.Шаухинмен 150 адамды жұмысқа қабылдау бойынша меморандум жасалды.

2009 жылдың 01 маусымындағы жағдайға 73 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде: Большенарым ауылында – 56, Ново-Березовка ауылында – 4, Солоновка ауылында – 3, Катонқарағай ауылында 10 орын.

Мамыр айындағы жұмыссыздарға төленген жалақының жалпы сомасы - 1095 мың теңге, орташа еңбекақысы – 15 мың теңгені құрады.

Жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, мамыр айында барлығы 2751,4 мың теңге қаражат жоспарланып игерілді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 2466,2 мың теңге, аудандық бюджет есебінен – 285,2 мың теңге.

Соның ішінде: Большенарым ауылы – 1344,6 мың теңге, Катонқарағай ауылы – 1030 мың теңге, Ново-Березовка ауылы-188,4 мың теңге, Солоновка – 188,4 мың теңге.

Маусым айының жоспары 4554,9 мың теңге, төмендегідей нысандар бойынша игеріледі деп күтілуде, Большенарым ауылы – 1899,7 мың теңге, Катонқарағай ауылы – 1030 мың теңге, Ново-Березовка ауылы-813 мың теңге, Солоновка – 812,2 мың теңге.

Үстіміздегі жылдың 10 маусымынан Ново-Березовка ауылында 10 адам, Солоновка ауылында 10 адам, Катонқарағай ауылында 20 адам, Большенарым ауылында 110 адам барлығы 150 адам жұмысқа тартылып, оның ішінде: жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар қатарынан 120 адам алынды, немесе Келісімге сәйкес барлық жұмысқа қабылданғандардың 80%.

Маусым айында Ново-Березовка, Солоновка ауылдарында абаттандыру жұмыстары, маусым-шілде айларында Катонқарағай ауылындағы азамат соғысының құрбандарына арналған мемориалды жөндеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде.
«Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі»

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы Жол картасын жүзеге асыру мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірбиесінің бағдарламасын кеңейтуге бөлінген мақсатты трансферттерге сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына 60 адамды және жоғары,орта кәсіптік және орта оқу орындарының 20 түлектерді жіберу жоспарланып отыр.

Қаржыны игеру жұмыстары маусым айынан басталады. Жастар тәжірбиесіне – 300,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға - 600,0 мың теңге бөлініп отыр. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс орындарына 40 адам және жастар тәжірбиесіне 20 адам тиісті мекемелерге жіберіліп, жұмыс істеуде.

«Жол картасы» бойынша кадрларды дайындау және қайта даярлау қысқа мерзімді курстары Большенарым ауылындағы №22 кәсіптік лицейінде ұйымдастырылған. 20 мамырдан бастап 2 топ газбен дәнекерлеуші және электромонтер тобы ашылып 34 адамды оқыту басталды. Жоспарға сәйкес, Жол картасы бойынша 90 адам келесі мамандықтар бойынша оқыту жоспарланған: Мамыр-электромонтер – 17 адам – 3 айға, газоэлектросварщик – 17 адам – 3 айға; Шілде – тракторист – машинист – 15 адам – 3 айға; Қыркүйек – тігінші – 15 адам – 3 айға, аспаз – 10 адам – 2 айға; Қазан – оператор ЭВМ – 16 адам – 1 айға.

Сонымен қатар, облыстық оқыту мекемелерінде 56 адамды даярлау және қайта даярлау курстарында оқыту жоспарланған. 2009 жылы барлығы 146 адам қайта даярлау курстарынан өтеді.


Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бастығы М. Нұрғалиев

Похожие:

АҚпарат «Әлеуметтік жобалар» iconБаспасөз-баяны
Республикасы Кәсіподақ Федерециясының (Астана, Абай даңғылы 38, 2 этаж) мәслихат-залында, Қр мәдениет және ақпарат министрлігінің...
АҚпарат «Әлеуметтік жобалар» iconМектепішілік бақылауда тұратын
Дәлірек айтқанда, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік жұмыстар – адам мен адамның инабаттылық қатынастары...
АҚпарат «Әлеуметтік жобалар» iconЖарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат
Ауданның экономика және әлеуметтік сала дамуының жалпы беталысы ағымдағы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда оң серпінде
АҚпарат «Әлеуметтік жобалар» icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» ақпарат
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
АҚпарат «Әлеуметтік жобалар» iconМемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы туралы ақпарат 2002 жылы 1 қаңтарда біздің мемлекеттің аймақтарында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 17. 07. 01 жылғы №246-іі зрк заңы қолданыста
АҚпарат «Әлеуметтік жобалар» icon2011 жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының іске асырылуы туралы және 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандарға ақпарат
С. Ф. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Сарбасов Қ.Қ. мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыныктыру және...
АҚпарат «Әлеуметтік жобалар» iconТарау 1 басқару жұмыстарын автоматтандыру мәселелері туралы
Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең...
АҚпарат «Әлеуметтік жобалар» iconТабиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарат түрлері. Ақпарат көзі, қабылдаушы мен жеткізу ортасы. Ақпарттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы
Сабақ мақсаты: а Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен, үлгілерімен және өңдеу тәсілдерімен таныстыру
АҚпарат «Әлеуметтік жобалар» iconАуданның 8 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы беталу динамикасы жақсы
АҚпарат «Әлеуметтік жобалар» iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница