«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы»




Скачать 173.42 Kb.
Название«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы»
Дата конвертации17.06.2013
Размер173.42 Kb.
ТипДокументы
«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық

Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» тақырыбындағы экспресс әлеуметтік зерттеу сауалнамасының нәтижелері бойынша

С А Р А П Т А М А
Үстіміздегі жылдың 25-ші қаңтарында «Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қоры аймақтағы жастардың жай-күйін білу мақсатында Қызылорда қаласындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» тақырыбында экспресс әлеуметтік зерттеу сауалнамасын жүргізді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қала жастарының қазіргі таңдағы ахуалы, жұмыссыздығы, саяси және рухани – адамгершілік ұстанымдарында, әлеуметтік – экономикалық жағдайында орын алған тенденциялардың динамикасын теоретикалық және әлеуметтік талдау жасау болып табылады.

«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының әлеуметтік зерттеу сауалнамасын жүргізудегі мақсаты – қала жастарының қазіргі таңдағы ахуалын, өзекті мәселелерін анықтау, жастардың қоғамда болып жатқан қоғамдық - саяси өзгерістерге, жаңалықтарға көзқарастарын білу және пікірін айқындау.

Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан респонденттердің жалпы саны - 165.

Білім деңгейіне байланысты аяқталмаған жоғары - 87 (52,7%), аяқталмаған орта - 78 (47,3 %). Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі педагогикалық, техникалық және заңгерлік мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер.

Жалпы әлеуметтік зерттеу сауалнамасына жыныстық белгісі бойынша 83 (50,3 %) – әйел, 82 (49,7%) – ер адам қатыстырылды. Олардың 94 пайызы жанұя құрмаған жастар.

Зерттеу мақсаты мен міндетін орындау үшін сандық жинақтаулар жүргізуге мүмкіндік беретін «бетпе-бет» (face to face) әдісі қолданылды.

Облыс жастарының өміріндегі ең маңызды мәселелеріне деген ой - пікірлерін, қарым - қатынастарын әлеуметтік зерттеу сауалнамасының келесі сұрақтарына берген жауаптарынан көре аламыз.
Кесте 1.



«Сіздің мамандығыңыз бүгінгі заман талабына сай деп ойлайсыз ба ?» деген сауалға студенттердің 77 пайызы «Иә, жоғары дәрежеде» деп жауап берді. Ал, 16,4 пайызы «Солай шығар» деген күдіктерін білдірді. Білім алып отырған студенттердің 4,2 пайызы менім мамандығым бүгінгі заман талабына сай емес деп жауап берді.
Кесте 2.

Сіз өзіңіздің соңғы кездегі өмірлік көңіл - күйіңізді қалай бағалар едіңіз ?



«Сіз өзіңіздің соңғы кездегі өмірлік көңіл-күйіңізді қалай бағалар едіңіз?» - деген сауалға қала жастарының 53,3 пайызы көңіл-күйлерін «Бір қалыпты» деп білдірсе, 35,2 пайызы «Көңіл-күйім өте жақсы» деп жауап берді.
Кесте 3.

Сіз отбасыңыздың материалдық деңгейін қалай бағалайсыз?



«Сіз отбасыңыздың материалдық деңгейін қалай бағалайсыз?» - сауалы бойынша жастардың 57 пайызы «Қанағаттанарлық» деп қана жауап берсе, 25 пайызы «Барлығы жеткілікті, қажеттінің бәріне қол жеткізе аламыз» жауабын белгіледі, ал 11 пайызы өздерінің «Айлықтан-айлыққа жетіп отырғандығын» көрсетті.

Кесте 4.

Сіз өзіңіздің қазіргі өміріңізге қанағаттанасыз ба?



«Сіз өзіңіздің қазіргі өміріңізге қанағаттанасыз ба?» - деген сауалға респонденттердің 55,2 пайызы «Қанағаттанатындығын» жеткізсе, 33,3 пайызы «Толығымен қанағаттанатындығын» білдірді. Ал 7,3 пайызы қазіргі өмірлеріне «Қанағаттанбайды» деп көрсетті.

Кесте 5.

Сіз қалай ойлайсыз, алдыңғы жылмен салыстырғанда, облыс жастарының қазіргі таңдағы ахуалы жақсы немесе жаман жағына қарай өзгерді ме ?



«Сіз қалай ойлайсыз, алдыңғы жылмен салыстырғанда, облыс жастарының қазіргі таңдағы ахуалы жақсы немесе жаман жағына қарай өзгерді ме ?» - деген сауалға қала жастарының 54,5 пайызы «Біршама жақсарды» деп жауап берсе, 26,1 пайызы «Ештеңе өзгерген жоқ» деп көрсетті. Ал, 8,5 пайызы «Айтарлықтай жақсы өзгерді» деген пікірде.

Кесте 6.

Сіз қалай ойлайсыз, келешекте облыс жастарының ахуалы жақсарады ма ?



«Сіз қалай ойлайсыз, келешекте облыс жастарының ахуалы жақсарады ма ?» - деген сауалына респонденттердің 72,7 пайызы «Жақсарады» деп үміттенсе, 15,8 пайызы «Өзгермейді» деп күдіктенуде.

Кесте 7.

Сізді облыстың қоғамдық өміріндегі қандай мәселелері көбірек алаңдатуда ?

Сұрақтар қатары

Пайыз

жиынтығы

Билік органдарында қызмет бабын теріс пайдалану, жемқорлық

15,6%

Жоғары және арнайы орта білім алудың қымбаттылығы

17%

Жастардың жұмыссыздығы, еңбекпен қамтылмауы

19,8%

Жастардың бос уақытын өткізетін мәдени кешенді орталықтардың жоқтығы

13,7%

Жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру қызметінің әлсіздігі

1,3%

Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталмауы

1,3%

Облыс аумағындағы шетел компанияларының кәсіпкерлік қызметі

1,5%

Жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, тегін медициналық көмек беру қызметінің өз деңгейінде көрсетілмеуі

3,5%

Жастар арасында нашақорлық пен маскүнемдіктің өршіп кетуі

5,1%

Жастар ортасындағы зорлық пен қылмыстың өсуі

2,9%

Билік құрылымындағылардың жастар мәселелеріне немқұрайлығы

0,2%

Қоршаған ортаның ластануы, экологиялық ахуалдың нашар болуы

5,1%

Облыс жастарының діни экстремизм мен терроризмге қаупі

0,4%

Жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тілді дамыту саясатының құлдырауы

2,9%

Жастардың қоғамдық көліктерде жеңілдіктерді пайдалана алмауы

9,7%

«Сізді облыстың қоғамдық өміріндегі қандай мәселелері көбірек алаңдатуда ?» деген сауал төңірегінде қала жастарын ең көп алаңдататын мәселе «Жастардың жұмыссыздығы, еңбекпен қамтылмауы» болып табылады. Ол жалпы жауаптың 19,8 пайызын құрады. Респонденттердің 17 пайызын «Жоғары және арнайы орта білім алудың қымбаттылығы», 15,6 пайызы «Билік органдарында қызмет бабын теріс пайдалану, жемқорлық» және 13,7 пайызбен «Жастардың бос уақытын өткізетін мәдени кешенді орталықтардың жоқтығы» деп жауап берді.

Кесте 8.

Өз денсаулығыңызды қалай бағалар едіңіз?



«Өз денсаулығыңызды қалай бағалар едіңіз?» - деген сауалға 60 пайыз жастарымыз «Жақсы» деп жауап қатса, жастардың 39 пайызы денсаулықтарын «Орташа» деп бағалайтындығын жасырмады.

Кесте 9.

Сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз?


Сұрақтар қатары

Пайыз

жиынтығы

Спортпен айналысамын

7,2%

Музейге, кинотеатрға, қойылым театрына, көрмеге барамын

1,2%

Жолдастармен демалыс орындарында боламын

13%

Көркем әдебиеттерді оқимын

8,5%

Табиғатта дем аламын

2,9%

Қоғамдық, ғылыми әдебиеттер оқимын

7,7%

Достармен бірге кешкі отырыстарда боламын (кафе, мейрамханаларда, түнгі клубтарда)

9%

Бильярд, казино, боулинг ойнаймын

1,7%

Интернетті пайдаланамын

7,7%

Компьютер ойындарын ойнаймын

7%

Кітапханаға барамын

8%

Үй шаруашылығымен айналысамын

26,1%



«Сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз?» - деген сауалға респонденттердің 26,1 пайызы «Үй шаруашлығымен айналысатынын» айтса, 13 пайызы бос уақытында «Жолдастарымен демалыс орындарында болуды» жөн көретінін, ал 9 пайызы «Достарымен бірге кешкі отырыстарда болуды» қалайтындықтарын білдірді.

Кесте 10.

Егер Сіздің өмір сүру жағдайыңыз лезде жаман жаққа қарай өзгерсе, онда мұндай жағдайларда не істер едіңіз ?



«Егер Сіздің өмір сүру жағдайыңыз лезде жаман жаққа қарай өзгерсе, онда мұндай жағдайларда не істер едіңіз ?» - деген сауал төңірегінде қызығушылығымызды білдіргенде, жастардың 21,8 пайызы «Шыдамдылық танытатынын, өйткені басқа шығу жолын көрмей тұрғандығын», ал 65,5 пайызы «Жағдайды шешудің жаңа жолдары мен амалдарын іздестіретіндігін» айтты.

Кесте 11.

Сіздің пікіріңізше, облысымыздағы іргелі және орта арнаулы оқу орындарының білім беру сапасының деңгейі сізді қанағатандыра ма ?



Облыс студенттерінің өздері оқитын оқу орындары туралы көзқарастарын білмек болып, «Сіздің пікіріңізше, облысымыздағы іргелі және орта арнаулы оқу орындарының білім беру сапасының деңгейі сізді қанағатандыра ма ?» - деген сауалын бергенімізде, олардың 58,8 пайызы «Иә, қанағаттандырады» деп жауап берсе, 35,2 пайызы «Қанағаттандырмайтындығын», ал жастардың 6 пайызы «Жауап беруге қиналатындығын» жасырмады.

Кесте 12.

Сіз Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» атты халықаралық стипендиясы туралы білесіз бе?

«Сіз Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» атты халықаралық стипендиясы туралы білесіз бе?» - деген сауалға респонденттердің 60 пайызы «Иә, әрине» деп жауап берді. Ал, 32,1 пайызы «Естігенмін», 7,9 пайызы «Жоқ, білмеймін» деп жауап берді.

Кесте 13.

Сіздің Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» атты халықаралық стипендиясына қатысуыңызға мүмкіндігіңіз бар ма?


«Сіздің Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» атты халықаралық стипендиясына қатысуыңызға мүмкіндігіңіз бар ма?» - деген сауалға респонденттердің 59,4 пайызы «Жоқ» деп жауап берсе, 40,6 пайызы «Иә» деп жауап берді.

Кесте 14.

Егер жоқ болса, қандай себептерге байланысты?



«Егер жоқ болса, қандай себептерге байланысты?» - деген сауалға респонденттердің 45,8 пайызы «Шет тілді толық білмеуіне байланысты» болса, 24 пайызының пікірінше оның себебі «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы ақпараттың жеткіліксіздігінен» болып отыр.
Кесте 15.

Өз мамандығыңызды таңдағанда қандай талаптарды жетекшілікке аласыз?


Сұрақтар қатары

Пайыз

жиынтығы

Жақсы қаражат табу

13,3%

Таныстар мен достар арасында сыйластыққа ие болу

3,4%

Тыныш және жан- жақты қамтамассыз етілген өмір сүру

2,4%

Қоғамда жоғарғы жетістіктерге жету

15,4%

Қызметте өсу мүмкіндігі

4,8%

Таза және жеңіл жұмыспен айналысу

3,7%

Сүйікті ісімен айналасу

9,8%

Өз жұмысының жемісін көру

18,6%

Өз еңбек уақытын еркін пайдалану

1,6%

Адамдарға пайдалы болу

12,5%

Шығармашылық жұмыс істеу

3,4%

Өз мүмкіндіктерін қолдану

4,2%

Еркін және тәуелсіз болу

4,5%

Жеке ісін ашу үшін алғашқы капитал жинауға ықпал ету

2,4%


«Өз мамандығыңызды таңдағанда қандай талаптарды жетекшілікке аласыз?» - деген сауал бойынша облыс жастарының 18,6 пайызы «Өз жұмысының жемісін көру» үшін, 15,4 пайызы «Қоғамда жоғарғы жетістіктерге жету» үшін, 13,3 пайызы «Жақсы қаражат табу» керектігін білдірді.
Кесте 16.

Қазіргі уақытта жұмыс істейсіз бе ?


Студенттер арасындағы жұмыссыздық деңгейін анықтау мақсатында «Қазіргі уақытта жұмыс істейсіз бе ?» - деген сауалын қойғанымызда, студенттердің көпшілігі, яғни 93 пайызы «Жоқ» деген жауап арқылы жұмыс істемейтіндігін айтса, студенттердің 7 пайызы «Иә» жұмыс істеймін деп жауап берді.
Кесте 17.
Сіздің ойыңызша, жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі қандай ?



«Сіздің ойыңызша, жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі қандай ?» - деген сауалға респонденттердің 55,2 пайызы «Орташа» деп бағаласа, 27,9 пайызы «Жоғары». Ал, 16,9 пайызы «Төмен» деп жауап берді.
Кесте 18.
Қалай ойлайсыз, жастар жұмыссыздығының негізгі себептері қандай ?


Сұрақтар қатары

Пайыз

жиынтығы

Еңбек нарығындағы жоғары бәсекелестік

6,7%

Штаттың қысқаруына орай

3,7%

Жұмыс берушілердің немқұрайлығы

10,4%

Кәсіпорынның жабылуы

4%

Нәтижесіз жұмыспен қамту орталығында тіркелуі

1,8%

Жұмыспен қамту орталығында тіркелмеуі

3,1%

Мемлекеттік қолдаудың болмауы

12,2%

Төмен жалақыға байланысты ұсынылып отырған жұмыстан бас тарту

16,5%

Еңбек ету жағдайының қолайсыздығы

4,9%

Мамандықтың сәйкес келмеуі

14,4%

Жұмыс орындарының жетіспеуі

18%

Еңбек өтілінің болмау себебінен

4,3%


«Қалай ойлайсыз, жастар жұмыссыздығының негізгі себептері қандай ?» - сауалға жастардың 18 пайызы «Жұмыс орындарының жетіспеуі», 16,5 пайызы «Төмен жалақыға байланысты ұсынылып отырған жұмыстан бас тарту», 12,2 пайызы «Мемлекеттік қолдаудың болмауы» деп жауап берді.
Кесте 19.
Сіз үшін жұмыс орнын таңдауда шешуші фактор болып не табылады ?



«Сіз үшін жұмыс орнын таңдауда шешуші фактор болып не табылады ?» - сауалы бойынша қала жастарын 28,6 пайыз «Жоғарғы жалақы», 25,3 пайыз «Еңбек етуге қолайлы жағдай», 19,5 пайыз «Беделді ұйым, мекеме» шешуші фактор болып табылатындығын жеткізді.
Кесте 20.
Жақсы жұмысқа орналасу үшін ең алдымен не қажет ?


Сұрақтар қатары

Пайыз

жиынтығы

Жоғарғы білім

43,2%

Қоғамдық қатынастардағы біліктілік

0,9%

Жоғарғы дәреженің болуы

2,8%

Жұмыс өтілінің болуы

4,3%

Жоғары бедел

0,9%

Мемлекеттік және өзге де тілдерді меңгеру

7,4%

Компьютерде жұмыс істеу қабілеттілігі

14,2%

Көріктілік, іскерлік қабілеттің болуы

2,8%

Коммуникабельдік, тез қарым қатынас орната білу

6,5%

Жақсы байланыстар мен ақшаның болуы

12,7%

Ұйымдастыру техникаларымен жұмыс жасай алу

1,5%

Жан-жақты ақпаратпен қамтылған

2,8%


«Жақсы жұмысқа орналасу үшін ең алдымен не қажет ?» - сауалына қала жастарының 43,2 пайызы «Жоғарғы білімнің» керектігін, 14,2 пайызы «Компьютерде жұмыс істеу қабілеттілігі» қажеттігін, 12,7 пайызы «Жақсы байланыстар мен ақшаның болуы» шарт екендігін мойындап отыр.
Кесте 21.
Жұмыс іздеу тәсілдердің қайсысы тиімді деп санайсыз ?

«Жұмыс іздеу тәсілдердің қайсысы тиімді деп санайсыз ?» - сауалында жастардың 32,1 пайызы жұмыс іздеуде «Туыстар мен таныстардың» көмегін қажет етсе, 20,6 пайызы «Газеттердегі хабарландырулар арқылы іздейтіндігін», 16,4 пайызы «Жұмыспен қамту орталығына тіркелу» арқылы жұмыс табатындығын білдірді.
Кесте 22.
Жұмыспен қамту жайындағы мәселелерді шешуде биліктің қолдауы

Сіз үшін байқала ма?


Жастарға «Жұмыспен қамту жайындағы мәселелерді шешуде биліктің қолдауы Сіз үшін байқала ма?» - дегенімізде, олардың 41,6 пайызы «Жоқ», 29,8 пайызы «Иә» деп жауап берді.
Кесте 23.
Сіз Қазақстанда «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның қабылданғаны жайлы білесіз бе ?


«Сіз Қазақстанда «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның қабылданғаны жайлы білесіз бе ?» - деген сауал төңірегінде аймақ жастарының берген жауаптары шамалас болып шықты. Атап айтар болсақ, олардың 38,7 пайызы «Білемін» десе, 30,7 пайызы «Осы туралы естігенім бар» деп жауап берді.
Кесте 24.
Сіздің ойыңызша, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның қабылдануына байланысты не өзгерді ?


«Сіздің ойыңызша, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның қабылдануына байланысты не өзгерді ?» - деген сұраққа жастардың 32,6 пайызы «Облыс жастары елдің әлеуметтік - экономикалық және саяси өміріне қатысуына толық мүмкіндік алды» деп білдірсе, 21,4 пайызы «Облыс жастары қолдауға ие болды» деп жауап берді. Ал, респонденттердің 20,1 пайызының пікірі бойынша «Ештеңе де өзгермеген. Заң жастар өміріне ешқандай әсер етпегенге» ұқсайды деп жауап берді.
Кесте 25.
Қалай ойлайсыз, жастар саясатының қай бағыттары бірінші кезекте назар аударуды талап етеді ?


Сұрақтар қатары

Пайыз

жиынтығы

Жастар мәселелеріне ақпаратты қолдау жасау

10,5%

Жастарды баспанамен қамтамасыз ету

7,6%

Бос уақытты өткізуді ұйымдастыру

8,6%

Жастар ұйымдарын қолдау

10,2%

Жас отбасыларына көмек көрсету

12,3%

Әлеуметтік қорғалмаған жастарға көмек көрсету

7,6%

Талантты жастарды қолдау

9,8%

Отансүйгіштік және азаматтық сезімді қалыптастыру

10,2%

Жастар жұмыссыздығының деңгейін төмендету

13,8%

Жастар кәсіпкерлігін қолдау

2,6%

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту

5,9%

Ауыл жастарына қолдау көрсету

0,9%


«Қалай ойлайсыз, жастар саясатының қай бағыттары бірінші кезекте назар аударуды талап етеді ?» - сауалы төңірегінде жастарды 13,8 пайыз «Жастар жұмыссыздығының деңгейін төмендету», 12,3 пайыз «Жас отбасыларына көмек көрсету», 10,2 пайыз «Жастар ұйымдарын қолдау», «Отансүйгіштік және азаматтық сезімді қалыптастыруды» назар аудару керектігін білдірді.

Кесте 26.

Сіз саясатқа қызығасыз ба ?



«Сіз саясатқа қызығасыз ба ?» - сауалына қала жастарының 40,9 пайызы «Кейбір кезде жолдастарымен саяси оқиғаларды талқылаймыз», 35,2 пайызы «Елдегі саяси оқиғалар туралы ақпаратты мұқият қарап» қызығатындықтарын білдірді.
Негізгі қорытынды
Қала жастарының өміріндегі ең маңызды мәселелерін анықтауға байланысты жастардың пікірін зерттеуге бағытталған әлеуметтік зерттеу сауалнаманы қорытындылайтын болсақ, қала жастары, яғни жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері еліміздегі білім алу, мамандық таңдауды қоғамымыздағы өзекті мәселе деп біледі және жастардың дені өздері таңдаған мамандықтарын заман талабына сай деп санайды. Сауалнамаға қатысушы жастардың пікірі бойынша жақсы жұмысқа орналасу үшін ең алдымен жоғары білім, біліктілік, жақсы байланыстар мен ақшаның болуы және компьютерде жұмыс істей білу қабілеті болуы міндетті екен. Ал, қолайлы жұмысқа орналасу үшін туыстар мен таныстардың көмегі қажет екендігі және мамандықты сұранысқа орай ауыстыру керектігі анықталды. Сонымен қатар, сауалнаманы жүргізу барысында студенттер аймағымыздағы жұмыс орындарының аздығын, жұмыс берушілердің төмен жалақы беруін жастар арасындағы жұмыссыздықтың негізгі себебі деп білуде.

Облыс жастарының жалпы ақпараттандырылу деңгейі толықтай қанағаттанарлық.

Сонымен бірге, сауалнаманы жүргізу барысында біз жастарға бірнеше ашық сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын беруін өтінген болатынбыз. Нәтижесі төмендегідей қорытынды.

Жастарға «Аймағымызды көгалдандыру аясында қандай жұмыстар атқаруды ұсынар едіңіз?» деген сауалға, олардың көпшілігі апта сайын сенбіліктер өткізіп отыру, көбірек ағаштар отырғызу, қаламызда саябақтарды көбейту керек деген ұсыныстарын білдірді.

Ал, «Облыс бойынша жастар саясатымен айналысатын көшбасшыны кім деп танисыз?» деген сауал төңірегінде көпшілігі «Білмеймін» деп жауап берсе, «Білемін» деген жастардың пікірі бір жерден шықты десек те болады. Олардың көпшілігі Шахмардан Баймановты жастар көшбасшысы деп таниды.

Аймақтағы жастар саясатымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың танымалдығын білу мақсатында қойған «Облысымызда жастардың қандай үкіметтік емес ұйымдары «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңды жетілдірумен қоса, қоғамдағы жастардың түрлі өзекті сұрақтарын шешу үшін қажетті тәжірибеге, ресурстарға және облыс жастарының сеніміне ие?» сауалы төңірегіндегі жастар жауаптары көңіл көншітпеді. Олардың көпшілігі аймақтағы жастар саясатымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды білмейтіндігін жасырмады, ал «Білемін» дегендеріне «Жасыл ел», «Жас Отан», «Студенттер Альянсы» секілді санаулы ғана ұйымдар атауы таныс болып шықты. Бұл облыс көлеміндегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысының әлі де болса жеткілікті дәрежеде жүргізілмей отырғандығын көрсетіп отыр.

Аймақ студенттеріне «Сыр жастарының белсенділігінің төмен болуына қандай факторлар әсер етуде?» деген сауалға, олар, «Жастар өміріне әсер ететін және оларды қолдайтын ұйымдардың жетіспеуінен», «Жастарға деген жоғарғы лауазымды азаматтардың немқұрайлы көзқарастары» деп жауап берді.

Сонымен жалпы «СЫР ЖАСТАРЫ – 2008: ЖАҒДАЙЫ, БОЛАШАҒЫ» тақырыбында жүргізілген әлеуметтік зерттеу сауалнамасын сараптайтын болсақ, әлі де болса жастар саясатымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жетілдіру керек және оларды бірізділіктен алшақтату керек, яғни мемлекеттік жастар саясатын аймағымызда жүйелі және нәтижелі жүргіземіз десек, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына жаңа идеяларды дамытуға, қабылдауға ұсынамыз.





Похожие:

«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» iconҚызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры аула клубтарында спорт ойындарын ұйымдастыру
Футбол-спорттық ойын түрі. «Футбол» ағылшын тіліндегі foot – аяқ, ball – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол әлемге аса танымал ойындардың...
«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» icon2008 жылдың қаңтар-тамызындағы Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі
Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылдың қаңтар-тамызында инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 7,5%-ды...
«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» icon2008 жылдың қаңтар-шілдесіндегі Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі
Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылдың қаңтар-шілдесіндегі инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 6,6%-ды...
«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» icon«Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері туралы 2012 жылдың 20 шілдесіне мәлімет

«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» iconҚарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы баяндама Кіріспе
...
«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» iconҰлан ауданының 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы ҚОҒамдық-саяси ахуал
Ауданда «Ұлан жастары» қоғамдық бірлестіктері, ақсақалдар, ардагерлер, әйелдер және оралмандар кеңестері табысты жұмыс істейді
«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» icon1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама
Ауданның 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның...
«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» iconАбай ауданының 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы
Абай ауданы 1928 жылы құрылған, территориясы 20,09 мың шаршы шақырым. Халқы 15,8 мың адам. Аудан орталығы Қарауыл ауылынан облыс...
«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» iconӘлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 6 гранттық байқаудың сипаттамасы қазан 2012 «бота» Қоғамдық қорының
«бота» Қоғамдық қорының негізгі миссиясы – Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын...
«Самұрық» Инновациялық идеяларды дамыту орталығы» Қоғамдық Қорының 2008 жылдың қаңтар айында жүргізген «Сыр жастары – 2008: жағдайы, болашағы» iconШемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы және болашағы туралы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница