Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары




НазваниеЗайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/7
Дата конвертации17.06.2013
Размер0.7 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7
Зайсан

аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

І. Аудандық туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімінің миссиясы мен пайымдауы.

а) миссиясы

- Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды үйлестіру.

б)Пайымдау

- Аудан турғындары, жастар мен оқушылар арасында салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру, дене шынықтыру арқылы адамдардың денсаулығын нығайту, спорттық бәсекелестікті арттыру.

ІІ. Аудандық туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметінің нәтижесін талдау.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931

Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму

жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын,

мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын,

мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру,

мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелеріне Экономикалық

даму және сауда министрлігінің 1.07.2010 жылғы №101 бұйрығымен

бекітілген және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары

форматын қамтитын Қазақстан Республикасының стратегиялық даму

жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын,

мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын,

мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі

әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес әзірленді. Қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы № 1203 қаулысын басшылыққа ала отырып, осы стратегиялық жоспар облыс әкімінің, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының , Аудан әкімінің туризм, және спорт саласындағы іс-шараларының орындалуын және «Зайсан ауданында 2008-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту» туралы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 11 шілдедегі № 7-3 шешімін іске асыру бағытында жұмыс атқару жоспарлануда.

а) Туризм саласында:

Туризм, мемлекеттер мен аймақтарды, олардың мәдениеті мен дәстүрін танып білу мақсатымен белсенді тынығуды жүзеге асыру жүйесі, түрі және соған байланысты тұрғылықты жерден тысқары жерге жол жүру болғандықтан, оған туристік қызмет көрсету, туристік және экскурсиялық жорықтар мен сапарлар ұйымдастыру болып табылады.

Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында орналасқан. Бір жағынан Қытай Халық Республикасымен шектесіп жатыр. Туристік маршруттарды ашуға табиғи Зайсан көлі, Ертіс өзені, ағынды

Кендірлік, Үйдене, Теректі, Жеменей тау өзендері, «Бозайғыр» құмы, «Мұзтау», «Қараүңгір» көмір бассейіні, «Қызыл қия» бұғы шаруашылығы, биік «Сайхан», «Сауыр» таулары, Қылқан жапырақты орман, «Арасан- Талды»шипалы емдік мекені, «Шілікті», «Шаған-Оба» қорғаны, Өсімдік, аң-құс, жануарлар дүниесі мол өңір.

Зайсан ауданының географиялық орналасуы -көрікті табиғаты, қойнауы қазынаға толы ауданның бірі ретінде туристерді тарта отырып, өлкені таныту. Бұған қоса өңір жер қойнауындағы мұнай, сланец, көмір, газ қазба байлықтары, табиғи құрылыс материалдары қорына бай. Ауданда республикалық маңызы бар «Майқапшағай» кедені, балық зауыты, ірі-ірі «Сайхан» ЖШ қөмір өндіретін мекемесі, құрылыс компаниясы СМУ «Шығыс» мекемелері, «Зайсан» минералды суын шығаратын өндірістер орналасқан.

Өлкенің қазына байлықтарына жеке кәсіпкерлерден қызығушылық бар. Жекелеген туристермен «Востоктурсервис», «Айжан-Тур», «Жібек жолы», «Саяхат» Востоктурсервис мекемелері жұмыс жүргізуде. «Ауданның экономикасын дамытуға» туризмн үлесі өте аз. Нақты бағыттар жасалғанмен, заңдастырылған туристік базалар жоқ. Туристік сапарлар жеке кәсіпкерлер мен адамдардың өз жоспарымен жүзеге асырылып келді. Ал экскурсиялық жорықтар мектеп оқушыларының 3 күндік өлке тану, туған өлкеге саяхаттары шектеулі уйымдастыруда.

Зайсан ауданын аймақтағы туристік орталыққа айналдыру мақсатында төмендегі шараларды ұйымдастырып, іске асыру қажет:

  1. Туристік және көліктік инфрақұрылымдарды дамыту;

-ауданға келуші ішкі және сыртқы туризм үшін көліктің барлық туріне (жол, әуе) кедергісіз қатнауға жағдай жасау.

  1. Қызмет көрсетудің сапасын көтеру:

-Зайсан ауданы Ұлы Жібек жолының бір тармағы ретінде таңбалы,

тарихи орындарды кеңінен таныстыру.

  1. Туристерді қабылдау мен бағыттау істерін жетілдіру;

-кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін

арттыруды, оқутуды, туризмнің ғылыми базасы негізінде

уйымдастыру

4. Туристік индустрияда ұсынылатын қызметтерді дамыту;

-туристерді тамақтандыру, мейманханаға орналастыру қызметінің

мәдениетін көтеру, қонақ жайлылықты арттыру;

  1. Туризм аймағы ретінде ауданның тартымдылығын арттыру;.

-азаматтардың шет елге туристік сапармен шығу құжаттарын жылдам рәсімдеуді іске асыру.

- Туристік ақпарат- жарнама қызметін тиімді, кең көлемде насихаттау.

б) Спорт саласында:

Ауданда 41 физкультура ұжымдары тіркелген, оның 29-ы мектептерде

шоғырланған. Барлық дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар

саны 6970 адам. Ауданда бір мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорны «Сайхан балалар мен жасөспірімдер»спорт клубы және Шығыс қазахстан облысының Зайсан ауданы бойынша бір спорт мектебі бар. «Сайхан» спорт клубында 800 бала шұғылданса,спорт

мектебінде 280 бала шұғылданады. Ауданда 1 стадион, 22 спорт зал, 5 мылтық ату тирі, 37 футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар.Материалдық базалардың жетіспеуінен мектептердегі дене шынықтыру сабақтары екі-үш сыныптан біріктіріліп өткізуге тура келуде. Шаңғы,гимнастика құралдарының жоқтығынан оқу программасы орындалмауда. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне 1 жетекші маман қажет. Ауыл округтерінде 0,5 ставкадан 8 жастар және спорт мамандары жұмыс істейді. Бірақ олардың статусы дұрыс белгіленбеген, аудандық ішкі саясат, «Бастау»жастар бірлестігіне және спорт бөліміне, ауыл округі әкіміне жұмыс атқарады, еңбек ақыны мөдениет үйінен алады.Спорттың ұлттық түрін дамытуда

біраз жұмыстар атқарылуда,бірақ ат бегі штаты қаралмаған.Қаладағы Дәуленов, Айнабұлақ ауыл округіндегі Октябрь мектептерінде спорт зал жоқ. Ауданда 40 мың 400 халық, оның ішінде 6615 оқушы бар, мектептерде секция жүргізуге сыныптан тыс жұмыстарға біраз қаржы бөлінген,бірақ жетіспеуде.2010 жылғы 4- ші тоқсаннан бастап «Сайхан» спорт клубына 4850,0 мың тенге қаржы бөлінді.Оның -1100,0 мың теңгесі жаттықтырушылар ұстауға, 3750,0- теңге материалдық техникалық базасын нығайтуға,спорттық құрал-жабдықтар алуға жұмсау жоспарлануда. Автокөлік алуға- 2105,0 млн. қаражат бөлініп отыр. Спорт түрлері бойынша Облыстық, Республикалық жарыстарға қатысу мүмкіндігі бар. Облыстық халық ойындары спорттың 19 түріне, тұрғындар арасында «Сауықтыру» топтарын ашып жүргізу мүмкіндігі туып отыр. Ауыр атлетика, шахмат, дойбы, үйірмелерін ашу мәселесі өз шешімін табуда. Аудан қарлы аймақта орналасқан қысқы спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік көп. Жалпы футбол, волейбол, жеңіл атлетика және ұлттық спорт түрлері; тоғызқұмалақ, армлестлинг түрлерін дамыған,аудан спортын одан ары дамытуға потенциал бар.Спорттағы жетістіктер мен кемшіліктерді сараптай келе аудан спортының одан ары қазіргі заман талабына сай дамыту мақсатында төмендегі шараларды атқару міндеттері тұр:

  1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының деңгейін көтеру;

а)Аудан территориясында орналасқан ескі спорт зал, клуб, подвалдарды меншік иелерімен келісе отырып балансқа алуға, күрделі жөндеуден өткізіп, дене шынықтыру жаттығуларын өткізуге, спорт клубтарын ашуға, бассейн, спорт зал жасап пайдалану:

- клубтар: Зайсан қ-сы, бұрынғы «Сауыр» кеншары-1,Сарытерек

ауылы-1,Шілікті ауылы-1,Кенсай ауылы-1

- подвал: - Зайсан қ-сы Жәнібек көшесі 14 үй

- Спамбетов көшесі № 1

Б)Пайдаланылмай тұрған ғимараттар;Сартерек ауылындағы МТМ, Зайсан қаласы ГЭС моншасы,ескі ПМК-7 мекемесінің ЖБИ ғимараты,Бақасу мектебінің спорт залы, спорт Дайыр ауылындағы спорт зал.

в) Қаладағы бұрынғы «Саур» кеншары аумағынан ипподром салу.

г) Қаладағы стадионға реконструкция жұмысын жалғастыру

( трибунаға навес қою.)

д) Спорт зал салу: Дәуленов мектебі,Октябрь мектебі

е) Қала мөлтек аудандары мен ауыл округтерінің орталықтарына шағын спорт алаңдарын салу:

- Зайсан қаласы Маңғыстау мөлтек ауданы-футбол-1,волейбол-1,

гимнастикалық снаряд қою-1 компл., хоккей корты-1

  • №1 мөлтек ауданы: волейбол-1, гимнастикалық снаряд қою-1 компл, стол теннисі, шахмат, дойбы бесеткасы-1, хоккей корты-1

  • ПМК мөлтек ауданы: волейбол-1, баскетбол-1,стол теннисі-1,

хоккей корты-1

  • Заречный мөлтек ауданы:гимнастикалық снаряд қою-1 компл, футбол-1, хоккей корты-1

  • ДЭУ мөлтек ауданы: спорт алаңы(ядро) волейбол -1,

гимнастикалық снаряд қою-1 компл, футбол-1,баскетбол-1,

хоккей корты-1

  • Сауыр мөлтек ауданы: спорт алаңы (ядро), волейбол-1, гимнастикалық снаряд қою, 1-компл,футбол-1,баскетбол-1, хоккей корты-1

- Ауыл округі орталықтарында :комплексті алаңдар(ядро) салу-8,

хоккей корттарын салу-8

- Шаңғыдан, конькиден прокат пункттерін ашу;

қалада-1

  • Қалада спорт «Модулі» ғимаратын салуды жоспарға енгізіп, іске

  • асыру, орнын белгілеу.

- Ат спортының базасын жасау: қала іргесінен ат тұрағын салу.

- Мектептердің спорт залдарының жарығын, жылуын жетілдіру,

алаңдарын жөндеу, снарядтармен толықтыру

Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту.

-«Сайхан» балалар мен жасөспірімдер спорт клубында, спорт мектебінде жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен мөлтек аудан жастарын тартып, спорт секцияларын жүйелі түрде жүргізуді ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру. Спорт секцияларына тартылған балалар тізімін нақтылау, континент турақтылығын сақтау.

-Секцияларға қатысушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты спорт түрлерінен жеке біріншіліктер үйымдастыру, кеңейтілген арнайы жоспар жасау.

-Спорт түрлері бойынша мұғалімдердің спорт мамандардың, төрешілердің семинарын өткізу. Тест тапсыру, куәлік беру.

-Әр спорт түрлері бойынша жүйелі түрде облыстық жарыстарға қатысып отыру.

-Спорт түрлері бойынша атақты адамдар атына турнирлер ұыймдастыру.

-“Сайхан” спорт және футбол клубының жұмысын жандандыру, жеке және коллективтік жарна төлеуді ұйымдастыру.

- Армлрестлинг, гир, күрес, ауыр атлетика және тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы секцияларына орын белгілеу.

-Оқушылардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің, мүгедектердің спортакиадаларынын, “Сәулетай” балалар спорт ойындарын, халықтық спорт ойындарын өткізу.

-Спорт қоғамдарының жұмысын жетілдіру, заңды тұлға ретінде тіркеуден өткізуді ұйымдастыру.

-Спорт түрлер бойынша федерациялар құру: күрес, шаңғы- жеңіл атлетика; волейбол-баскетбол; футбол, армлреслинг-гир; шахмат-дойбы-т/құмалақ және ат спорты.

- «Сайхан» жасөспірімдер және спорт клубының аула командаларын құрып, жұмысын жетілдіру:

-Зайсан қаласы №1 мөлтек ауданы, ПМК, Заречный, ДЭУ, Сауыр,

Мангыстау.

  1. Мамандарды қазіргі заманғы талаптарға сай дайындау, олардың біліктілігін арттыру.


ІІІ. Зайсан ауданында Туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері.

Туризм саласында

1-стратегиялық бағыт.

Зайсан ауданын Шығыс Қазақстан облысындағы белді туризм орталығына айналдыру.

1-мақсат.

Аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.

Нысаналы индикаторлар.

а) туризмнен аудан бюджетіне қаржы түсіру.

б) туризмнің басым турлері- ішкі және сыртқы туризмді дамыту;

- жаяу, тау шанғысы

- аңшылық

- өлке тану

- «Саяжай»

- альпинизм

Спорт саласында.

2-стратегиялық бағыт.

Аудан спортын облыстық, Республикалық деңгейіндегі бәсекелестігін арттыру.

1-мақсат.

Спортшылардың сапалы дайындығына және Облыстық деңгейдегі жарыстарды сапалы өнер көрсетуіне жағдайлар жасау.

Нысаналы индикаторлар.

Аудан облыстық жарыстарда 2015 жылы І орынға көтерілуі (2010 жыл 9 орын) .Дайындыққа бөлінген қаржы, 2010 жылы 495,0 мың. тг.2011 жылы – 874 мың тг.2012 жылы- 940 мың тг,2013 жылы- 1006 мың тг.2014 жылы -1006 мың тг.2015 жылы - 1006 мың тг.

1-міндет.

Облыстық Республикалық жарыстар өткізуге жауап беретін материалдық-техникалық базаны және спорт инфрақұрылымын дамыту көрсеткіштері.Қайта жаңартылған және жаңадан салынатын спорт нысандарының санын 2015 жыл 71 бірлікке жеткізу. (2010 жыл 67 бірлік)

2-міндет.

Аудан спортшыларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. І-ІІ дәрежелі спортшыларды спорт шеберлігіне үміткерлерді және спорт шеберлерін дайындау :

а) 2011 жылы- І -разряд-3 адам

ІІ-разряд-150 адам

ІІІ-разряд-250 адам

Спорт шеберлігіне үміткер -1 адам

б) 2012 жылы І-разряд-4 адам

ІІ-разряд -160 адам

ІІІ-разряд- 260 адам

Спорт шеберлігіне үміткер -1 адам

Спорт шебері -1 адам.

в) 2013 жылы І-разряд-5 адам

ІІ-разряд -165 адам

ІІІ-разряд- 265 адам

Спорт шеберлігіне үміткер -1 адам

Спорт шебері -1 адам.

г) 2014 жылы І-разряд-6 адам

ІІ-разряд -170 адам

ІІІ-разряд- 270 адам

Спорт шеберлігіне үміткер -1 адам

Спорт шебері -1 адам.

д) 2015 жылы І-разряд-7 адам

ІІ-разряд -200 адам

ІІІ-разряд- 310 адам

Спорт шеберлігіне үміткер -2 адам

Спорт шебері -2 адам

ІV. Зайсан ауданын, Туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімі

қызметінің нәтижелілігі.

  1. Бөлімнің функционалдық мүмкіндіктері.

    • Бөлімнің жұмысын жетілдіру мақсатанда ауыл округі әкімдері жанынан спорт нусқаушыларының штатын енгізу

    • Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ауданға қайтару мәселесін құзырлы мекемелер алдына қою.

    • Тұрғындар арасында «Сауықтыру» топтарын ашып уйлестіру, спорт түрлері бойынша аудан құрама командасын дайындауға келісім-шарт негізінде жаттықтырушылар ұстау.

  2. Ықтимал қауіп-қатерлер.

Бөлім өз қызметі процесінде бірқатар қауіптерге кездесуі мүмкін қауіптердің тиігі мен негіздері артқылы төмендегі стандарттық және ситуавтивтік шаралар іске асырылады:




Қауіптін атауы

Алдын ала және (немесе) уақтылу ден қою шараларын қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар


Басқару тетіктері мен шаралары





Жаһандық




Әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы

  1. Туристік қызметтер қунының артуы

  2. Қызмет көрсету саласында еңбек нарығынын төмендеуі

Туристік қызмет объектілері үшін салық ауыртпалықтарын реттеу.




Ел ішілік





Инфляцияның өсуіне байланысты бағаның күрт өсуі

1.Туристік қызметтердің қымбаттауы салдарынан ішкі және сырттан келушілер туризмі көлемінің құлдырауы

2.Туристік және спорттық объектілер құрылысы қарқынының төмендеуі

1.Туристік қызмет субъектілері үшін салық ауыртпалықтарын төмендеу бөлігінде мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі шаралар қабылдау

2.Қолайлы инвестициялық климат үшін және инвесторларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру, соның ішінде АЭА құру, инвестжобаларды іске асыру мерзімдердің ұзарту және т.б. үшін жағдайлар жасау.





Институционалдық




Ауданның стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарын сапасыз іске асыру

Салалық және өңірлік дамудың тапсырылған параметрлеріне қол жеткізбеу

Тиісті мемлекеттік органдар басшыларының стратегиялық жоспар міндеттерін іске асыруға және олар бойынша адекватты шараларды уақытылы қабылдауға дербес жауапкершілігін арттыру

Білікті мамандардың кетуі

Бөлімнің кәсіби мүмкіндіктерінің күрт төмендеуі және оның туризм мен спортты дамытудың негізгі міндеттерін орындауға қабілетсіздігі

Мыналар бойынша шараларды қамтамасыз ету:

  1. жұмыс күні ұзақтығын қалыпқа келтіру

  2. қызметкерлердің еңбек ақысының деңгейін кәсіптік шеберлігіне арттыру

  3. қызметтік мақсаттарда көлікпен қамтамасыз ету

  4. біліктілігін арттыру

  5. моральдік тұрғыдан ынталандыру
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«келісілген» ОҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconКүршім ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиялық жоспары

Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconКөкпекті ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері, мақсаттық индикаторлары, іс-шаралар және қорытынды көрсеткіштер
Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Останай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының миссиясы және пайымдауы
Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және нысаналы индикаторлар және нәтиже көрсеткіштері
Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Аягөз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм 2010 – 2014 жылдарға арналған сратегиялы қ жоспар
ШҚО, Аягөз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеттері мен көріністері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница