Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы




Скачать 34.49 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы
Дата конвертации17.06.2013
Размер34.49 Kb.
ТипДокументы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.04.2012 18:02:28
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 910 Қаулысы

(2011.01.12. берілген өзгерістермен)

 

«Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңы 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 қыркүйектегі

910 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану

ережесi

 

1. «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегі Заңы 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзiрленген Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) оны пайдаланудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiнде заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) кемелердiң және өзге де жүзу құралдарының айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына, жүктердi тиеуге, түсiруге және сақтауға, жолаушыларды кемелерге отырғызуға және кемелерден түсiруге арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi имараттар орналастыруға;

2) кемелердiң алдын ала болжанбаған қыстап қалуы немесе олардың көлiк оқиғаларына ұшырауы жағдайында уақытша имараттар мен құрылыстар салуға және басқа да қажетті жұмыстар жүргiзуге рұқсат етіледi.

Уақытша имараттар мен құрылыстарға жағалау белдеуiн уақытша пайдалану кезеңiне арнайы салынған немесе лайықталған объектілер жатады.

3. Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiнде навигациялық шырақтарды қоспағанда, кеме жолына қарай бағытталған қандай да бiр тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салынады.

4. ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1434 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1434 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Жағалау белдеуi шектерiнде руда емес құрылыс материалдарын өндiрудi, орман кесудi, көпірлер салуды және басқа да жұмыстарды жүргізетiн ұйымдар, осы белдеуде орналасқан кеме қатынасы мұқтаждарына арналған имараттардың сақталуын қамтамасыз етедi және жұмыстарды жүргiзу кезiнде болған осы имараттардың ақауларын уақтылы жөндеудi.

6. Уәкiлеттi орган, жағалау белдеуiнiң учаскесi қарауында болатын кәсiпорынның ұсынуы бойынша пайдаланушыға бұл учаскенi осы орган белгiлейтiн мерзiмге уақытша пайдалануға рұқсат бередi. Жағалау белдеуiн уақытша пайдалану мерзiмiн әрбiр нақты жағдайда уәкiлетті орган белгілейдi.

7. Егер мұндай қызмет кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен сыйыспайтын болса, жағалау белдеуiн шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.

ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1434 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Жағалау белдеуінде орналасқан объектілерді салу немесе қайта жаңарту жобалары міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылуы тиіс.

 

 

Похожие:

Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
Шкi су көлiгi туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңы 8-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы iconЖалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе
Мет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 42, 44-баптарының, «Қазақстан Республикасында...
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аңшы куәлігін беру ережесін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰйырамын
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аңшы куәлігін беру ережесін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰйырамын
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы iconДеректер базаларын ғылыми мақсаттарда сәйкестендірілмеген түрінде ұсыну және пайдалану ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 8-бабының 6 тармақшасына, 2001 жылғы 09...
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы №982 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы»
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы
Ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін тұқымдар мен егу материалдарын пайдалану, тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы icon«Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009
«Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы №68 бұйрығына...
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы iconКодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалу Ережесін бекіту туралы»
Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 5 ақпандағы №110 қаулысын, Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған кезекті XLII сессиясының...
Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница