Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң)




Скачать 369.31 Kb.
НазваниеМіндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң)
страница1/4
Дата конвертации17.06.2013
Размер369.31 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң)

және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысы




Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесі бекітілсін.

2. Төлеушілер 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеген, бірақ олар аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес аударуға жатады.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1-қосымшаға сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Н. Балғымбаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 жылғы 15 наурыздағы № 245

қаулысымен бекітілген

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса

есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың

Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттердiң (бұдан әрi - агенттер) мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеуiнiң, ұстап қалуының (қоса есептеуiнiң) және аударуының тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.

2. Заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар агент ретiнде өздерiнiң орналасқан (тұратын) жерi бойынша салық органдарында есепке алынуға жатады.

3. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және ұстап қалады, және оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.

Жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығы кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.

Арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын біржолғы талондар сатып алынатын әрбір отыз күнге есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.

Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында 10 жылға жетпейтiн қызмет стажы бар әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының судьялары үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына судьяның ай сайынғы кірісінің он пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленеді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.

Арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын біржолғы талондар сатып алынатын әрбір отыз күнге есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды Орталық әлеуметтік төлемдер алушы ұсынған зейнетақы шартының көшірмесі негізінде жүзеге асырады.

Агенттер Орталықтан қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы туралы растама ала алады.

Агенттің қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтінішінде: агенттің атауы мен деректемелері, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, әлеуметтік жеке коды көрсетіледі. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерген болса, онда әлеуметтік жеке код беру үшін тіркеу карточкасына енгізілген бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты да көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, өтініште тиісті белгі жасалады.

Орталық агенттен қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде агентке осы Ережеге 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерде бұл шарттың болуы туралы растау анықтаманы береді.

3-1. Ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа:

заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар мен адвокаттар қызметкерлерге төлейтін табысынан - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

жеке кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар мен адвокаттар өз пайдасына - есептіден кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде;

арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;

арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;

арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар - біржолғы талондар сатып алынған отыз күннен кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

Орталық - әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың он бесі күнінен кешіктірмей аударады.

4. Міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма қол емес төлемдер жасау жолымен агентт жүргізеді.

Банктерде шоттары жоқ жеке кәсiпкерлер, адвокаттар, жеке меншік нотариустар мен арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын, оларды кейiннен осы Ереженiң 7-тармағында белгiленген тәртiппен тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн банкке қолма-қол ақшамен салады.




2. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың мөлшерi мен

жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың тәртiбi

5. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынадай ставкалар бойынша жүзеге асырылады:

заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жеке меншік нотариустар мен адвокаттар материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде жұмыс берушi берген кiрiстi қоса алғанда, жұмыс берушi қоса есептеген ақшалай немесе заттай нысандағы ай сайынғы кiрiстiң он пайызы мөлшерiнде. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кiрiс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерiнен аспауы тиiс;

жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке меншік нотариустар мен адвокаттар өзінің пайдасына - мәлімдейтін кірісінің он пайызы мөлшерінде, бірақ жалақының ең төменгі мөлшерінің кемінде он пайызы және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінің он пайызынан аспайды;

арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары шаруа немесе фермер қожалығы кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына - жалақының ең төменгі мөлшерінің кемінде он пайызы мөлшерінде және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінің он пайызынан аспайды;

арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар өзінің пайдасына - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің он пайызы мөлшерінде;

Орталық - бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты еңбек ету қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының жүз пайыздық мөлшерінің он пайызы мөлшерінде.

5-1. Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 12), 17) тармақшаларымен, 156-бабы 1-тармағының 10), 12) (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа), 18), 21), 24), 30), 32) тармақшаларымен және 357-бабы 3-тармағының 4), 5) тармақшаларымен белгіленген төлемдерден, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз деп белгіленген болса, І және II топтағы мүгедектерге еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды.

6. алынып тасталды

7. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Орталыққа жүргізіледі. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.

8. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына келіп түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде, МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады.

Орталық сонымен бір уақытта Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсілмен жинақтаушы зейнетақы қорларына агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматы төлемінің сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, олардың пайдасына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін жібереді.

Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген тіркелген әлеуметтік жеке коды болмаған кезде және (немесе) салымшының деректемелерінде қателер жіберілген болса, Орталық салымшының міндетті зейнетақы жарналарының сомасын агенттің шотына қайтарады.

Орталық күн сайын жинақтаушы зейнетақы қорларына алдыңғы операциялық күні тиісті жинақтаушы зейнетақы қорына жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады.

9. Заңды тұлға Орталыққа міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде данада қағазға шығарылған төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімінің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмасының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агенттке қайтарылады.

Агенттiң банкі міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда агент банкке агенттiң банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары мен филиалдарының бөлімшелеріне ұсынатын төлем тапсырмасының қағазға шығарылған төртінші данасын және жеке тұлғалар тізімінің үшінші данасын қосымша тапсырады.

Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: әлеуметтік дербес кодын, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарнаның сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуы тиіс. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерсе, онда жеке тұлғаның әлеуметтік дербес код берілуі үшін тіркеу кәртішкесінде толтырған бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған жағдайда аудару жеке тұлғалардың тізімі қоса беріле отырып, форматы МТ-102 төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы әр ай үшін жеке жүргізіледі.

Агенттер міндеттi зейнетақы жарналары аударылатын кезеңдi қағазға жасалатын төлем тапсырмаларында «Төлемнiң мақсаты» деген бағанда, ал форматы МТ-102 электронды төлем тапсырмаларында форматта көзделген «ММГГГГ" жеке жиегiнде көрсетедi.

10. Жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар өз пайдасына өз қызметкерлерінің міндетті зейнетақы жарналарының және кірісінен ұсталған сомаларын аудара отырып (банкке қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Орталықтың деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (әлеуметтік жеке кодын, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленіп отырған кезеңде (айын, жылын) көрсетуі тиіс.

Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар, жеке меншік нотариустар мен арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар өзiнiң пайдасына, оның iшiнде, банктегі банктiк есеп шотының нөмiрiн, зейнетақы шартының нөмiрi мен жасалған күнiн мiндеттi зейнетақы жарналарын банкке аудару немесе төлеу кезiнде төлем құжаттарын өзi туралы ғана мәлiметтердi көрсете отырып толтырады.

11. алып тасталды

12. Банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердiң банктiк шоттарынан есептен шығарылған күнi Орталыққа аударады. Банктердiң Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тiзiмдерiмен бiрге электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.

Қызметкерлерінің саны елу адамнан астам заңды тұлға осы Ереженің 9-тармағындағы талаптарды орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта электрондық көздегі жеке тұлғалардың тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.

 

  1   2   3   4

Похожие:

Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) iconМіндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы
Оса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына...
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) iconМіндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі
Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын...
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) iconНақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысында және зейнетақы төлемдерінің алушысында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалатын...
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) iconҚазақстан республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң ҚҰрылымы
Жеке табыс салығын, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын және жалақыдан алынатын өзге де ұстап қалуларды...
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы...
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 15 мамырдағы n 452 қаулысы
Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы табысты белгiлеу ережесiн және Салымшылар өз қаражаты есебiнен...
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) icon2011 жылғы 1 сәуірдегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы
Заңды тұлғаларға зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметке лицензия берілген жоқ
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) iconЗейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы
«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына...
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) iconЗейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай–ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау және табыс ету ережелері 1 4–нысандар
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) iconСұрақ: Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерімен есеп айырысу қалай жасалады? Жауап
Азақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң) 23-3-бабының 3-тармағына сәйкес кесте бойынша зейнетақы төлемдерінен аушыға ұсынылған...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница