Меркі ауылы 04. 08. 2009ж

Скачать 207.67 Kb.
НазваниеМеркі ауылы 04. 08. 2009ж
Дата конвертации17.06.2013
Размер207.67 Kb.
ТипДокументы
К А У Л Ы
Меркі ауылы 04.08.2009ж.
Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының судьясы Р.К.Разаков, Меркі аудандық Әділет басқармасының өкілі С.Ш.Оразалиеваның қатысуымен, Жамбыл облысы Меркі аудандық Әділет басқармасынаң 21.07.2009 жылы келіп тускен, 24.04.1967 жылы туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұратын жері: Меркі ауданы К. ауылы Б. көшесі, отбасылы, К. Е. А-нага қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 354-3 бабымен қозғалынған, әкімшілік құқық бұзүшылық туралы ісін қарап, соттың,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы

К.Е.А-вна, 2007 жылы 19 қарашасында Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің «Жекеменшікке өзіндіқ қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер теліміне жеке меншік құқығын беру туралы» шешімі негізінде жерге жеке меншік құқығы берілген, орналасқан жері Меркі ауданы С. ауылы, Т. қөшесі, н/ж ұй. Алайда, ол заңнамада көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге аталып өткен кұжатты ұсынбаған. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілерді мемлекеттік тірке туралы» Занның 9-3 бабына сәйкес АЛТЫ ай мерзім ішінде тіркелу кажет.

Сонымен, К. Е. А. ҚР ӘҚБжК-нін 354-3 бабында көрсетілген құқық бұзушылық жасаған, яғни жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзган.

Корсетілгенін негізінде, ҚР ӘҚБжК-нің 651,652, баптарына сай,
К А У Л Ы Е Т Т І:
К. Е. А. ҚР ӘҚБжК-нің 354-3 бабымен айыпты деп тауып, оған 10 (он) айлық есептік көрсеткішпен, ягни 12960 (он екі мын тоғыз жүз алпыс ) тенге айыппұл салуға.

Қаулыға нараза жақтар 10 күн ішінде Жамбыл облыстық сотына Меркі аудандық соты арқылы шағымдануға ерікті.

Судья Разаков Р.К.

3-439/09 Көшірмесі:

Қ А У Л Ы
Б.Момыш-ұлы ауылы 28 шілде 2009 жыл.
Жамбыл облысы Ж., аудандық сотының судьясы К., прокурор Ш., ашық сот мәжілісінде әкімшілік құқық бұзушының катысумен аудандық соттың ғимаратында
С, 10.11.1987 жылы Жамбыл облысында туылған, ұлты қазақ, ҚР азаматы, білімі жоғары, жанұялы, М. атындағы ОҚМУ, 3 курс білімгері, бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған, мекен жайы: Б. ауылы, П көшесі, № 27 үй турғыны, СТН 21032015879663,
Жуалы аудандық әділет басқармасынан КР ӘКБтК-нін 354-3 бабымен қозғалып сотқа тускен әкімшілік іс кұжаттарын мемлекеттік тілінде қарап,
анықтағаны:
Жуалы аудандық әділет басқармасының бастығы Р. 10.07.2009 жылғы әкімішілік қүқық бүзу туралы № 2 санды хаттамасы бойынша Ж ауданы Б. ауылдық округі әкімінің № 50 санды 06.02.2008 жылғы шешімімен осы ауылдың С. көшесінде № 9 болып орналасқан жалпы көлемі 0,2400 га болатын жер учаскесіне азамат С. жеке өзіндік қосалық шаруашылық жүргізу үшін меншік құқығы бекітілген. Бірақ С. дер кезінде тіркеуші органга өзіне тиісілі құқық белгілеуші құжатын мемлекеттік тіркеуден өткізбеген.

Ал, ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағы бойынша адам құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін заңдық маңызы бар фактіні басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілеуші қүжаттар берілген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге тиіс. Алайда, азамат С. жоғарыда аталған шешімді мемлекеттік тіркеуге аудандық әділет басқармасына тек қана 18.06.2009 жылы өтінішімен тапсырған.

Демек, С. іс-әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-нің 354-3 бабының белгілері бар деп әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған іс 16.07.2009 жылы аудандық сотына келіп түскен.

Сот мәжілісінде әкімшілік кұқық бұзушы азамат С. ҚР ӘҚБтК-нің 584-бабында көрсетілген оның құқыктары мен міндеттері түсіндірілінген соң, ол осы Заңның 354-3-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағанын толық мойындамай, берген жауабында жоғарыда аталып кеткен Б. ауылының әкімінің № 50 санды 06.02.2008 жылғы шешімін дер кезінде әділет басқармасында тіркеуі керек екенің заңды білмегенің ал жер қатынастар бөлімінің қызметкерлері болса, ол туралы оған түсіндірмегенің көрсетті.

Судья құқықбұзушының түсініктемесін, прокурордың құқықбұзушыға 20 АЕК айыппұл салу деген қортындысын тыңдап, іс қүжаттарын зерделеп, сотқа ұсынған дәлелдемелерге заңды баға бере отырып, төмендегі шешімге келеді.

ҚР ӘҚБтК-нің 2 бабында көрсетілгендей осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады.

Құқық бұзушы С. кінәсі, оның өзінің кінәсін мойындап берген түсініктемесінен бөлек сотқа тапсырылған іс-құжаттарымен толық дәлелденеді, яғни Жуалы аудандық әділет басқармасының бастығы Ө. жасалған 10.07.2009 жылғы әкімішілік құқық бүзу туралы № 2 санды хаттамасымен, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуге берген арызымен, онда С. жоғарыда корсетілген жер участкесіне жеке меншік қүқығын беретін актісін 18 маусым 2009 жылы сағат 11:44 минутта тарсырғаны көрініп тур және басқада дәлелдемелермен анықталды.

Құқық бұзушы С. іс-әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 354-3 бабымен дұрыс дәрежеленген.

ҚР ӘҚБтК-нің 61 бабына сай, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретіңде әкімшілік құқық бүзышылыкті бірінші рет жасағанын. ҚР ӘҚБтК-нің 62 бабына сай, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар жоқ екенін ескереді.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, ҚР ӘҚБтК-нің 541,578 баб. 2-ші бөл., 650 баб. 1-ші бөл. 1-ші тарм.,651 баб.,652 баб. қолдана отырып, судья

қаулы етті:
Азамат С. ҚР ӘКБтК-нің 354-3 бабымен кінәлі деп табуды, оған осы баппен әкімшілік жаза ретінде жиырма айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде 25 920 (жиырма бес мың тоғыз жүз жиырма) теңге айыппүл салуды.

Қаулының көшірмесін С. дереу тапсыруды және бір данасын Ж., аудандық әділет басқармасына мәлемет үшін жолдауды.

Қаулыға наразы мүдделі тұлғалар Жамбыл облыстық сотына аудандық сот арқылы қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап он күннің ішінде шағым беру немесе наразылық келтіруге құқылы.

Ж., аудандық

сотының судьясы: К

3-438/09

Қ А У Л Ы

Б. ауылы 28 шілде 2009 жыл.
Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының судьясы К., прокурор Ш., ашық сот мәжілісінде әкімшілік құқық бұзушының катысумен аудандық соттың ғимаратында
С., 01.02.1981 жылы Жамбыл облысында туылған, ұлты қазақ, ҚР азаматы, білімі жоғары, жанұялы, жұмыссыз, бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған, мекен жайы: Б ауылы, Пахомова көшесі, № 27 үй турғыны, СТН 210331648104,
Жуалы аудандық әділет басқармасынан КР ӘКБтК-нін 354-3 бабымен қозғалып сотқа тускен әкімшілік іс кұжаттарын мемлекеттік тілінде қарап,
анықтағаны:
Жуалы аудандық әділет басқармасының бастығы Р. 10.07.2009 жылғы әкімішілік қүқық бүзу туралы № 1 санды хаттамасы бойынша Жуалы ауданы Б. ауылдық округі әкімінің № 501 санды 11.10.2007 жылғы шешімімен осы ауылдың М. көшесінде № 3 болып орналасқан жалпы көлемі 0,1200 га болатын жер учаскесіне азамат С. жеке өзіндік қосалық шаруашылық жүргізу үшін меншік құқығы бекітілген. Бірақ С. дер кезінде тіркеуші органга өзіне тиісілі құқық белгілеуші құжатын мемлекеттік тіркеуден өткізбеген.

Ал, ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағы бойынша адам құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін заңдық маңызы бар фактіні басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілеуші қүжаттар берілген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге тиіс. Алайда, азамат С. жоғарыда аталған шешімді мемлекеттік тіркеуге аудандық әділет басқармасына тек қана 18.06.2009 жылы өтінішімен тапсырған.

Демек, Б. іс-әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-нің 354-3 бабының белгілері бар деп әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған іс 16.07.2009 жылы аудандық сотына келіп түскен.

Сот мәжілісінде әкімшілік кұқық бұзушы азамат Б. ҚР ӘҚБтК-нің 584-бабында көрсетілген оның құқыктары мен міндеттері түсіндірілінген соң, ол осы Заңның 354-3-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағанын толық мойындап, берген жауабында жоғарыда аталып кеткен Б. ауылының әкімінің № 501 санды 11.10.2008 жылғы шешімін дер кезінде әділет басқармасында тіркеуді заңды білмегенен екенін көрсетті.

Судья құқықбұзушының түсініктемесін, прокурордың құқықбұзушыға 20 АЕК айыппұл салу деген қортындысын тыңдап, іс қүжаттарын зерделеп, сотқа ұсынған дәлелдемелерге заңды баға бере отырып, төмендегі шешімге келеді.

ҚР ӘҚБтК-нің 2 бабында көрсетілгендей осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады.

Құқық бұзушы С. кінәсі, оның өзінің кінәсін мойындап берген түсініктемесінен бөлек сотқа тапсырылған іс-құжаттарымен толық дәлелденеді, яғни Ж. аудандық әділет басқармасының бастығы З. жасалған 10.07.2009 жылғы әкімішілік құқық бүзу туралы № 2 санды хаттамасымен, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуге берген арызымен, онда С. жоғарыда корсетілген жер участкесіне жеке меншік қүқығын беретін актісін 18 маусым 2009 жылы сағат 11:44 минутта тарсырғаны көрініп тур және басқада дәлелдемелермен анықталды.

Құқық бұзушы С. іс-әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 354-3 бабымен дұрыс дәрежеленген.

ҚР ӘҚБтК-нің 61 бабына сай, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретіңде әкімшілік құқық бүзышылыкті бірінші рет жасағанын. ҚР ӘҚБтК-нің 62 бабына сай, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар жоқ екенін ескереді.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, ҚР ӘҚБтК-нің 541,578 баб. 2-ші бөл., 650 баб. 1-ші бөл. 1-ші тарм.,651 баб.,652 баб. қолдана отырып, судья

қаулы етті:
Азамат С. ҚР ӘКБтК-нің 354-3 бабымен кінәлі деп табуды, оған осы баппен әкімшілік жаза ретінде жиырма айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде 25 920 (жиырма бес мың тоғыз жүз жиырма) теңге айыппұл салуды.

Қаулының көшірмесін С. дереу тапсыруды және бір данасын Жуалы аудандық әділет басқармасына мәлемет үшін жолдауды.

Қаулыға наразы мүдделі тұлғалар Жамбыл облыстық сотына аудандық сот арқылы қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап он күннің ішінде шағым беру немесе наразылық келтіруге құқылы.

Ж. аудандық

сотының судьясы: К.
К А У Л Ы
Меркі ауылы 04.08.2009ж.
Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының судьясы Р.К.Разаков,

Меркі аудандық Әділет басқармасының өкілі С.Ш.Оразалиеваның қатысуымен, Жамбыл облысы Меркі аудандық Әділет басқармасынаң 21.07.2009 жылы келіп тускен, 24.04.1967 жылы туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұратын жері: Меркі ауданы К. ауылы Б. көшесі, отбасылы, К. Е. А-нага қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 354-3 бабымен қозғалынған, әкімшілік құқық бұзүшылық туралы ісін қарап, соттың,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы

К.Е.А-вна, 2007 жылы 19 қарашасында Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің «Жекеменшікке өзіндіқ қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер теліміне жеке меншік құқығын беру туралы» шешімі негізінде жерге жеке меншік құқығы берілген, орналасқан жері Меркі ауданы С. ауылы, Т. қөшесі, н/ж ұй. Алайда, ол заңнамада көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге аталып өткен кұжатты ұсынбаған. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілерді мемлекеттік тірке туралы» Занның 9-3 бабына сәйкес АЛТЫ ай мерзім ішінде тіркелу кажет.

Сонымен, К. Е. А. ҚР ӘҚБжК-нін 354-3 бабында көрсетілген құқық бұзушылық жасаған, яғни жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзган.

Корсетілгенін негізінде, ҚР ӘҚБжК-нің 651,652, баптарына сай,
К А У Л Ы Е Т Т І:
К. Е. А. ҚР ӘҚБжК-нің 354-3 бабымен айыпты деп тауып, оған 10 (он) айлық есептік көрсеткішпен, ягни 12960 (он екі мын тоғыз жүз алпыс ) тенге айыппұл салуға.

Қаулыға нараза жақтар 10 күн ішінде Жамбыл облыстық сотына Меркі аудандық соты арқылы шағымдануға ерікті.

Судья Разаков Р.К.
№3-265-09 Көшірме

ҚАУЛЫ

17 шілде 2009 жылы Қаратау қаласы

Жамбыл облысы Талас аудандық сотының судьясы Ж.Б.Жақсылық,құқық бұзушы А.Р. қатысуымен, ашық сот мәжілісінде, қазақ тілінде, Талас ауданы әділет басқармасынан түскен:

16.05.1961 жылы, Жамбыл облысында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, жееке куәліктің № 019632409 Қазақстан Республикасысының ішкі істер министрлігімен 17.10.2006 жылы берілген, салық төлеушінің №211310052445, мекен-жайы: Қаратау қаласы, Амангелді көшесі № 31 үй тұрғыны – А.Р. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 354-3 бабындағы әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарап, соттың

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талас ауданы әділет басқармасының лауазымды қызметкері Н.Н.К, А.Р. төмендегі негіздермен Қазақстан Республикасының кодексінің 354-3 бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасын толтырған, яғни Қаратау қаласы ,Амангельді көшесі № 31 үй тұрғыны А.Р. 16.08.2007 жылғы № Б-6435 санды сату сатып алу шартына сай Қаратау қаласы,Амангельды көшесі № 31 үйді өз меншігіне алған.

Бірақ, А.Р., Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікті және онымен жасалатын мәмлелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9 бабының 1 бөлігін өрескел бұзып, Талас ауданы әділет басқармасына жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжатты мемлекеттік тіркеуге тек 20.06.2009 жылы ғана мемлекеттік тіркеуге ұсынған.

Ал, Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікті және онымен жасалатын мәмлелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9 бабының 1 бөлігіне сай, адам құқық туындау үшін заңдылық факт басталған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге тиісті.

Сөйтіп, А.Р. ҚР ӘҚБтК-нің 354-3 бабындағы әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған, яғни ол жеке тұлға бола тұры, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікті және онымен жасалатын мәмлелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзған.

Сотта А.Р. кінәсін толық мойындап төмендегідей түсінік берді: ол, Қаратау қаласы ,Амангельді көшесі № 31 үйді А.Р., 16.08.2007 жылғы № Б-6435 санды сату сатып алу шартына сай өз меншігіне алғанын,алайда заңды білмегеннен оны уақтылы алты ай ішінде тіркемегенін айтып көрсетті.Өзі істеген әрекетіне өкінетінін ,екінші рет қайталанбайтынын айтып түсіндірді.

Құқықбұзушының кінәсін өзі мойындауымен қатар , Талас аудандық әділет басқармасының лауазымды қызметкері 10.07.2009 жылы толтырған хаттамасымен, Талас ауданының әділет басқармасына А.Р. мүлікті тіркеу туралы жазған арызымен және сату-сатып алу туралы 16.08.2007 жылы жасалған шартымен толық дәлелденеді.

Іс құжаттарын зерделеп, сот А.Р. іс- әрекеті Талас ауданы әділет басқармасының лауазымды тұлғасымен ҚР ӘҚБтТК-нің 354-3 бабымен дұрыс сараланған деп есептейді, себебі, ол, яғни А.Р. жеке тұлға бола тұры, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікті және онымен жасалатын мәмлелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзған.

Құқық бұзушыға жаза тағайындарда сот, ҚР ӘҚБтК-нің 60 бабына сай әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданудың жалпы ережелеріне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 61 және 62 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.

Сот құқықбұзушыға әкімшілік жаза түрі мен оның көлемін тағайындағанда істін мән жайларын, құқықбұзушының жеке басын, оның жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.

ҚР ӘҚБтК-нің 44 бабының 2 бөлігіне сай, әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухына тәрбиелеу, сондай ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

ҚР ӘҚБтК-нің 60 бабының 2 бөлігіне сай, әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетін болуға тиіс.

Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға А.Р. бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартырмағанын, аталған құқық бұзушылықты бірінші мәрте абайсызда жасағанын жатқызады.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар іс бойынша жоқ.

Осыған орай, сот әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отыра, сот А.Р. ҚР ӘҚБтТК-нің 354-3 бабымен осы баптың санкциясындағы ең төменгі мөлшердегі айлық есептік көрсеткіштің айыппұлын салуға дұрыс деп есептейді.

ҚР ӘҚБтК-нің 650 бабының 1 бөлігінің 1 тармағын, 651-652, бабтарын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

А.Р. ҚР ӘҚБтК-нің 354-3 бабымен айыпты деп танып, осы бап бойынша оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 12960 (он екі мың тоғыз жүз алпыс) теңгеге айыппұл салуға.

Қаулыға наразы жақтар Жамбыл облыстық сотына Талас аудандық соты арқылы он күн ішінде шағым жасауға не наразылық келтіруге құқылы.

Судья: Ж.Б.Жақсылық

Көшірмесі дұрыс.

Судья: Ж.Б.Жақсылық

Анықтама

Қаулы заңды күшіне 28.07.2009 жылы енді.

Судья : Ж.Б.Жақсылық.

ҚАУЛЫ

Іс №3-297-09

22.07.2009 ж. Сарыкемер ауылы.

Байзақ аудандық сотының судьясы Токсанбаев Е.М., Байзақ аудандық Әділет басқармасынан түскен:

С.Ы. 10.05.1930 жылы Түркменстан Республикасы, Марыйская облысында туылған, Тегистик ауданы, Тегістік ауылы, Чапаев көшесі №20 үй тұрғыны, жеке қожалығының басшысы, жеке куәлігі №008109268 11.09.1997 ж. берілген, СТН №210910164279

ҚР ӘҚБК-нiң 354-3 бабымен әкімшілік ісін қазақ тілінде қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Байзақ ауданы, Тегістік ауылының тұрғыны, жеке шаруашылығының басшысы С.Ы., оған Байзақ ауданының Әкімдігінің 31.03.2008ж. №131, «Шахан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында орналасқан аудандық арнайы жер қорынан шаруа қожалығына қосымша жалпы көлемі 5,0 гектар суармалы жер учаскесі уақытша қысқа мерзімге 5 жылға жалға пайдалануға берілген қаулысын заңда көрсетілген алты ай ішінде Әділет органдарында тіркеуге қоймай, ол туралы арызын Байзақ аудандық Әділет басқармасына 23.06.2009ж. өткізген.

Сотта С.Ы. өзінің кінәсін толық мойындап, ол жоғарыда көрсеткен арызды алты ай ішінде Байзақ аудандық Әділет басқармасына ұсыну міндетті екенің білмегенің, сондықтан уақыт өткізіп алғаның көрсетті.

Сонымен қатар С.Ы. жасаған әкімшілік құқық бұзушылық тұралы ісі бойынша оның кінәсі №131 31.03.2008 жылғы Байзақ ауданының Әкімдігінің жер бөлу туралы қаулысымен, С.Ы. Байзақ аудандық Әділет басқармасына 23.06.2009ж. ұсынған арызымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 30.06.2009ж. хаттамасымен дәлелденеді.

С Ы. әрекеттері ҚР ӘҚБК-нің 354-3 бабымен дұрыс сараланған себебі ол жылжымайтын мүлікті беру туралы аудандық округініңің Әкімдігінің шешімін заңда орнатылған уақытта әділет органдарында тіркеуге қоймаған

Сот С.Ы. жаза мөлшерін белгілегенде ол кінәсін мойындағанын, зейнеткер жасында болғанын жауаптылығын жеңілдететін мән жайлар деп тауып оған заңда көрсетілген ең төмен жаза тағайындауға толық мүмкіндік бар деп есептейді.

ҚР ӘҚБК-нiң 651 бабын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТI:
С.Ы. ҚР ӘҚБК-нің 354-3 бабымен кінәлі деп тауып оған осы бап бойынша он айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде, яғни 12.960 (он екі мың тоғыз жүз алпыс) теңге айыппұл тағайындауды.

Қаулыға наразы жақтар 10 тәулiк iшiнде Жамбыл облыстық сотқа аудандық сот арқылы шағымдануға құқылы.
Байзақ аудандық сотының судьясы: қолтаңба.

Көшірме дұрыс:

Байзақ аудандық сотының судьясы Е.М. Токсанбаев.

№3-267-09 Көшірме

ҚАУЛЫ

23 шілде 2009 жылы Қаратау қаласы

Жамбыл облысы Талас аудандық сотының судьясы Ж.Б.Жақсылық, құқық бұзушы Жамбыл облысы Әкімиятының білім басқармасының № 2 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, директоры Қ.Р.М. қатысуымен, ашық сот мәжілісінде, қазақ тілінде, Талас ауданы әділет басқармасынан түскен:

Жамбыл облысы Әкімиятының білім басқармасының № 2 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына, РНН 211000210502,орналасқан жері Жамбыл облысы, Талас ауданы,Қаратау қаласы,Төле би көшесі № 49 үй,заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік тіркеу номері № 10-1919-10- МК, қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 357-4 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарап, соттың

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талас ауданы әділет басқармасының лауазымды қызметкері А.О.А., Жамбыл облысы Әкімиятының білім басқармасының № 2 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына төмендегі негіздермен, Қазақстан Республикасының кодексінің 357-4 бабы 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасын толтырған, яғни «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдарының атауын өзгерту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 27 мамыр 2009 жылғы № 188 қаулысы қабылданған. Алайда, заңды тұлғаның атауы өзгергені туралы қайта тіркеуге құжаттарды Жамбыл облысы Әкімиятының білім басқармасының № 2 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 08.07.2009 жылы ұсынды.Сонымен қатар ,заңды тұлға мемлекеттік тіркеусіз қызметті 7 күн жүзеге асырылған.

Ал, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 42 бабының 6 тармағының және Қазақстан Республикасы Әділет министрімен 12.04.2007 ж.№112 бұйрығымен бекітілген заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу Нұсқаулығының 23 тармағына сәйкес заңды тұлғаны қандай жағдайда қайта тіркеу туралы тізімі жасалған. Атап айтқанда, олар, заңды тұлға жарғылық мөлшері азайғанда,атауы өзгергенде және шаруашылық серіктестіктеріндегі қатысушыларын құрамы өзгергенде қайта тіркеуден өтуге тиіс.Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 18 бабына сәйкес,заңда белгіленген тәртіппен қайта тіркелуге тартылатынын заңды тұлға деректерінің өзгергені туралы мәліметтерді бір ай мерзімде бермегені үшін заңдарға сәйкес жауапкершілік күшіне енеді,яғни, Жамбыл облысы Әкімиятының білім басқармасының № 2 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны заңды тұлғаларды қайта тіркемей 7 күн қызметті жүзеге асырып ҚР ӘҚБТК-нің 357-4 бабы 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық іс әрекетін жасаған

Сот отырысында түсінік берген Жамбыл облысы Әкімиятының білім басқармасының № 2 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры К.Р.М. төмендегідей көрсетті, яғни ол, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдарының атауын өзгерту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 27 мамыр 2009 жылғы қабылданған № 188 қаулыны ол мемлекеттік тіркеуге тек 08.07.2009 жылы тапсырғанын айтып, яғни заңмен белгіленген 1 айлық мерзімді өткізіп алғанын, 7 күн тіркеуден өтпей жұмыс істегенін ,өзін кінасін мойындап,екінші рет қайталанбайтынын айтып түсіндірді.

К.Р.М. түсінігін тыңдап, іс құжаттарын зерделеп, сот «Жамбыл облысы Әкімиятының білім басқармасының № 2 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының» іс- әрекеті Талас ауданы әділет басқармасының лауазымды тұлғасымен Қазақстан Республикасының Кодексінің 357-4 бабы 1 бөлігімен дұрыс сараланған деп есептейді, себебі, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 18 бабына сәйкес,заңда белгіленген тәртіппен қайта тіркелуге тартылатынын заңды тұлға деректерінің өзгергені туралы мәліметтерді бір ай мерзімде бермегені үшін заңдарға сәйкес жауапкершілік күшіне енеді деп көрсетілген. Ал, «Жамбыл облысы Әкімиятының білім басқармасының № 2 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының» директоры К.Р.М. сотта берген түсінігіне сай, ол, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдарының атауын өзгерту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 27 мамыр 2009 жылғы қабылданған № 188 қаулысын мемлекеттік тіркеуге өтінішпен 08.07.2009 жылы жүгінгенін айтып, яғни заңмен белгіленген 1 айлық мерзімді өткізіп алып,7 күн заңды тұлғаны қайта тіркемей қызметті жүзеге асырған.

Құқық бұзушыға жаза тағайындарда сот, ҚР ӘҚБтК-нің 60 бабына сай әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза қолданудың жалпы ережелеріне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 61 және 62 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.

Сот заңды тұлғаға әкімшілік жаза қолданған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты,мүліктік жағдайы,жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.

ҚР ӘҚБтК-нің 44 бабының 2 бөлігіне сай, әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухына тәрбиелеу, сондай ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға «Жамбыл облысы Әкімиятының білім басқармасының № 2 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының» бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартырмағанын, аталған құқық бұзушылықты бірінші мәрте абайсызда жасағанын жатқызады.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар іс бойынша жоқ.

Осыған орай, сот әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отыра, сот «Жамбыл облысы Әкімиятының білім басқармасының № 2 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына» ҚР ӘҚБтТК-нің 357-4 бабы 1 бөлігі санкциясының шеңберіндегі әкімшілік айыппұл салу түріндегі жазаны қолданғанды дұрыс деп есептейді.

ҚР ӘҚБтК-нің 650 бабының 1 бөлігінің 1 тармағын, 651-652, бабтарын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

«Жамбыл облысы Әкімиятының білім басқармасының № 2 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын» ҚР ӘҚБтК-нің 357-4 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танып, осы бап бойынша оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 25920 (жиырма бес мың тоғыз жүз жиырма) теңгеге айыппұл салуға.

Қаулыға наразы жақтар Жамбыл облыстық сотына Талас аудандық соты арқылы он күн ішінде шағым жасауға не наразылық келтіруге құқылы.

Судья: Ж.Б.Жақсылық

Көшірмесі дұрыс.

Судья : Ж.Б.Жақсылық.

Похожие:

Меркі ауылы 04. 08. 2009ж iconАзықтардың атауы
Байзаков ауылы 11 қараша 2009ж. Мм максим Горький жалпы орта білім беретін мектебі Павлодар облысы Байзаков ауылында орналасқан (пошталық...
Меркі ауылы 04. 08. 2009ж iconКөрсетілген шаралар
Косагаш ауылы 8 маусым 2009ж. Мм косагаш жалпы орта білім беретін мектебі Павлодар облысы Косагаш ауылында орналасқан (пошталық индекс...
Меркі ауылы 04. 08. 2009ж icon«Теректі ауданының білім беру бөлімі» мм-сі азаматтық қызметкер лауазымының бос орнына конкурс жариялайды
Шөптыкөл ауылы Шөптыкөл ном директоры, Бозай ауылы Таран ном директоры, Ақсоғым ауылы Восход жоббм директоры, Покатиловка ауылы Покатиловка...
Меркі ауылы 04. 08. 2009ж iconТ. К. Бексеитов 2009ж
Агротехнология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2009ж. № хаттама
Меркі ауылы 04. 08. 2009ж icon«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты»
...
Меркі ауылы 04. 08. 2009ж icon«Теректі ауданының білім беру бөлімі» мм-сі азаматтық қызметкер лауазымының бос орнына конкурс жариялайды
Зынкөл ауылы Ұзынкөл ном директоры, Шағатай ауылы Ы. Алтынсарин жоббм директоры, Богдановка ауылы Богдановка ном директоры
Меркі ауылы 04. 08. 2009ж iconҚоянды ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарған жұмыс есебі Қоянды ауылдық округі 2008 жылдың шілде айынан бастап құрылды. Округтің құрамына: бұрынғы «Экибастузугольдің»
Округтің құрамына: бұрынғы «Экибастузугольдің» Горняк подхозы, қазіргі кезде Қоянды ауылы, бұрынғы «Экибастузшахтстройдың» Строитель...
Меркі ауылы 04. 08. 2009ж iconТапсырушы: Ертіс ауданының «Ертіс ауылы әкімінің аппараты» мм
Ертіс ауылы көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары (Гагарин, Рамазанов көшелері) бойынша бағаларды ұсыну әдісімен мемлекеттік сатып...
Меркі ауылы 04. 08. 2009ж iconМекен жайы: Абай ауылы. Орталығы: Абай ауылы, ауылдық клуб. Тел
Арал ауданы бойынша сайлау учаскелері, мекен-жайлары, байланыс телефондары туралы МӘлімет
Меркі ауылы 04. 08. 2009ж iconКонкурс ұйымдастырушы: Жаңақала аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі,42
БҚО, Жаңакала ауданы, Жанақазан ауылы, Жаңақазан ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница