Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында




Скачать 59.36 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында
Дата конвертации17.06.2013
Размер59.36 Kb.
ТипДокументы



2011 жылғы 16 наурыз 118


Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы






«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.

2. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері:

1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етсін, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге (басқармаға) медицина мамандары мен техникалық жұмыскерлердің қажетті санын бөлсін;

2) алыс жерлерде тұратын азаматтарды облыстық шақыру және медициналық комиссиялардан өту үшін жеткізуді және оларды облыстық жиналатын пунктке жіберуді қамтамасыз етсін;

3) шақыру пункттерін жабдықтап, оларды дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін;

4) шақыру жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстарды, оның ішінде шақырушыларды аудандық, қалалық шақыру пункттеріне, әскерге жіберу үшін облыстық жиналатын пунктке жеткізу жөніндегі шығыстарды қарастырылған қаржыландыру шегінде аудандық және қалалық бюджеттер есебінен жүргізсін, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды уақытылы қаржыландыруды жүзеге асырсын;

5) шақыру учаскелерінде және облыстық жиналатын пунктте жұмыс істеуге жіберілген шақыру комиссияларының мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмыскерлердің, сондай-ақ қызмет көрсететін персоналдың осы міндеттерді орындаған уақытында жұмыс орны, атқарған лауазымы және жалақысы сақталатыны назарға алынсын.

3. «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық, қалалық және аудандық медициналық комиссияларды дәрігер мамандарымен, медициналық құрал-саймандармен және мүліктермен, оның ішінде флюорографиялық пленкамен және химиялық реактивтердің қажетті санымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.

4. «Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі шақырушыларды облыстық жиналатын пункттен Қостанай қаласының теміржол вокзалына жеткізуді қамтамасыз етсін.

5. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қостанай жол бөлімшесі филиалына (келісім бойынша) «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесінің өтінімі бойынша шақырушыларды әскери қызметі өтетін орнына жөнелту үшін жолаушылар поезынан қажетті орын санын бөлу ұсынылсын.

6. «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес облыстық жиналатын пунктте азық-түлік тауарларын сату және ыстық тамақ беруді ұйымдастыру ұсынылсын.

7. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:

1) өзінің құзыреті шегінде әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіруді жүзеге асыру;

2) облыстық жиналатын пунктте және темір жол вокзалында шақырушыларды әскери бөлімшелерге жіберу және жөнелту кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

8. Орындалған жұмыс туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына 2011 жылғы 15 шілдеге және 2012 жылғы 15 қаңтарға ұсынылсын.

9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш.Бектұрғановқа жүктелсін.

10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

Қостанай облысының әкімі С. Кулагин

Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк

тiркеу тiзiлiмiнде 2011 жылғы 25 наурызда

№ 3756 болып тіркелген

Әкімдіктің

2011 жылғы 25 наурыздағы

№ 118 қаулысымен бекітілген


Облыстық шақыру комиссиясының құрамы

Негізгі құрам:


Шоқпаров Марат Мәдиханұлы

-

«Қостанай облысының қорғаныс істері

департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)


Бисимбаев Жаңабай

Жолтайұлы

-

«Қостанай облысы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі әлеуметтік-саясат

бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары



Комиссия мүшелері:


Дүйсенов Сәлім

Айтбайұлы

-

«Қостанай облысының қорғаныс істері департаменті» мемлекеттік мекемесі бастығының көмекшісі – дәрігер, медициналық комиссияның төрағасы «келісім бойынша)


Жұмабаев Саин

Көшерұлы

-

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)


Маевская Татьяна

Геннадьевна

-

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)



Резервтік құрам:


Травин Игорь

Геннадьевич

-

«Қостанай облысының қорғаныс істері департаменті» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, пункт (жиналатын) бастығы, төраға (келісім бойынша)


Шрамко Сергей

Иванович

-

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру

дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекттік мекемесі жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы



Комиссия мүшелері:


Бауэр Эммануил

Иванович

-

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігер-хирургі медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)


Брызгалова Надежда Михайловна

-

«Қостанай облысының қорғаныс істері

департаменті» мемлекеттік мекемесінің келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдау бөлімі бастығының көмекшісі (келісім бойынша)


Тұрыбаев Мұрат Бисембайұлы

-

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесінің штаб бөлімшесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)


_____________________________


Похожие:

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconАудан әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі №95 қаулысы 2010 жылдың сәуір-маусымында
Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы...
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында icon2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды
Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргiзу...
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconЖезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі №10/01 2009 жылдың сәуір-маусымында
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005...
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconШақыру жасындағы азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы №1163 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды...
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында icon2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі №779 Жарлығына сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу...
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconҚазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес...
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconӘскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери қызмет және...
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында icon2012 жылдың көктемі-күзiнде 1985-1994 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconБородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы №1163 Жарлығын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы...
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне
Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңның 44 бабының 1 тармағына...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница