Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве




Скачать 67.27 Kb.
НазваниеАуыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве
Дата конвертации17.06.2013
Размер67.27 Kb.
ТипДокументы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012

А.А.АХМЕТОВА

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ
В статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве.
The article deals with some problems of management of innovations in agriculture.
Инновациялық процесс ғылыми жаңалық пен идеяны әлеуметтік, оның ішінде жаңалыққа айналдыруға мүмкіндік беретін процедуралар мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Сондай-ақ, идеяның жаңалыққа айналуын қамтамасыз ететін және осы процесті басқару жүйесін қалыптастыратын қызмет инновациялық қызмет деп аталады.

Инновациялық процесс кез-келген жаңалықты ендіру процесі ғана емес, ол өндірістік және басқару процестерінің мақсатына, шарттарына, мазмұнына, құралдарына, әдістеріне және ұйымдастыру түрлеріне енгізілетін кез-келген өзгерісті білдіреді. Мұндай өзгерістер:

  • жаңа болуға;

  • өндірістік және басқару процестерінің тиімділігін арттыру әлеуетіне ие болуға;

  • жаңалықты ендіруге жұмсалатын күш пен қаржыны ақтайтын, ұзақ мерзімді пайдалы әсер беретін қабілетке ие болуға;

  • өзге де жаңалықтармен үйлесе орындалуға тиіс.

Кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, сауалнамаға қатысқандардың 53%-дан астамы жаңалықты іздеу мен өндіріске ендіру процесін басқаруға өзгерістің қажет екендігін алға тартты. Оның ішінде 15%-ы елеулі өзгерістің, ал 38%-ы – кішігірім өзгерістің керектігін пайымдады. Ал, сұралғандардың 23%-ы тіптен өзгерістің қажетсіз екендігіне тоқталды. Көбіне ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын және орта деңгейдегі өндіріс орындарында басқарушы буын өкілдері жаңалық іздеу мен өндіріске ендіру процесін басқаруға өзгерістер енгізуге құштарлық таныта бермейді. Бұл, біріншіден – аталмыш басшылардың менеджмент саласына инновациялар ендіруге дайындық деңгейінің төмендігімен, екіншіден – олар үшін инноватика мәселесінің өзектілігі мен маңыздылығының субъективті тұрғыдан төмен бағалануымен сипатталады.

Инновациялық шешімдерді қабылдамастан алдын, ғылыми-техникалық әзірлемелердің мақсаттылығын анықтайтын және нарық конъюнктурасында қалыптасқан ахуалды ескеретін инновациялық процестердің кешенді сараптамасы қажет.

Инновациялық жобалардың экономикалық негіздемесі мынадай бөліктерден тұруға тиіс:

  • инновацияларды сипаттау;

  • ұсынылатын өнім нарығын талдау;

  • өндіріс жоспарын (сату көлемін, қажетті негізгі қаражат мөлшерін, қосымша инвестиция көлемін, қаржыландыру көздерін, шығындар сметасын және өзіндік құн калькуляциясын есептеп, анықтайтын өндірістік жоспарды) дайындау;

  • қаржы жоспарын әзірлеу (қаржылық нәтижелерді болжамдау, дисконтталған ақша ағымының үлгісін құру, ішкі пайда мөлшерінің көрсеткіштерін мен шығынсыздық (ең төменгі пайдалылық) нүктесін есептеу, өзін-өзі ақтау мерзімін анықтау).

Идеяларды ойлап табу – инновациялық процестің шығармашылықты барынша талап ететін кезеңі. Себебі, керекті, қызықты идеяның қашан және қайдан туындайтынын алдын-ала кесіп айту қиын. Ол кәсіпорын ішінен де, тысынан да пайда болуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, басшылардың басым көпшілігі (сұралғандардың 76%-ы) басқару саласына жаңалық немесе өзгеріс енгізуге өз идеяларының түрткі болатынын айтқан.

Бұдан басқа келесі көздерден:

  • көрмелерге, конференцияларға және семинарларға қатысудан (36%);

  • бәсекелестердің немесе әріптес кәсіпорындардың тәжірибесінен (30%);

  • бағынышты буындардың идеяларынан (27%);

  • оқып үйренуден (25%);

  • жабдықтаушылар мен тұтынушылардың идеяларынан (21%);

  • басқару саласына қатысты арнайы әдебиеттерден (17%);

  • бұқаралық ақпарат құралдарынан (14%) жаңалық немесе өзгеріс енгізу идеяларының алынатыны байқалған.

Инновацияларды сәттілікпен іске асыру үшін нарық талаптарына бейімделу, тауардың артықшылықтарын көбейту, жаңа тауар өндірісіне бағдарлану, бағалау-сараптау шараларын атқару, қолайлы бәсекелестік ортаны және тиісті ұйымдық құрылымды қалыптастыру қажет [1].

Нарықтың немқұрайды зерттелуі, қаржылық және материалдық ресурстардың жетіспеуі, өндірістік және коммерциялық сипаттағы мәселелердің көптігі инновацияларға кері әсерін тигізеді.

Әлемнің дамыған елдеріндегі жетекші компаниялардың тәжірибесінен олардың инновацияларды басқарудың біртұтас жүйесін ұстану арқылы ғана табысты қызмет атқарып жатқандығын айқын көруге болады. Аталмыш компанияларда технологиялық даму бағыты мен жалпы стратегиялық жоспарды біріктіретін, басқарудың инновациялық құрылымы мен мәдениеті құрылған; өсіп-өну саясаты келешегі зор өнімдерді үздіксіз өңдеумен және жаңа кәсіпкерлік салаларына енумен байланыстырылған; өзінің және құрамындағы әртүрлі бөлімдердің бос қаражатын пайдалануға және шағын кәсіпкерлік қағидаларын кеңінен қолдануға негізделген; шығармашылық қызметті басқару жүйесі орталықсыздандырылған [2].

Бүгінгі таңда көптеген компаниялар үшін жаңалықты басқару жүйесін жетілдіру олардың жаңа өнім шығаруын және жаңа нарықтарға енуін қолдайтын маңызды құрал болып табылады. Инновациялардың тиімділігін арттыру үшін менеджменттің мынадай жаңа қағидалары мен ережелерін кешенді пайдалану қажет:

  • жаңалықтарды іздеу мен игеруді ынталандыратын ортаны құру;

  • бүкіл инновациялық қызметті тұтынушының мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағыттау;

  • кәсіпорынның мақсатына сәйкес инновациялық жұмыстың басым бағыттағы міндеттерін анықтау;

  • «зерттеу – өндіру – өткізу» процесін жеделдету мақсатында басқару деңгейлерінің санын азайту;

  • жаңалықтарды әзірлеу және өндіріске ендіру мерзімін барынша қысқарту, инновациялық міндеттерді бір мезгілде, біріктіре шешу арқылы жұмыстарды ұйымдастыру.

Нарықтық қатынастар жағдайында ауылдық аймақтарды дамыту жергілікті бизнес құрылымдардың қызметіне негізделеді. Сондықтан, мемлекеттік саясаттың барлық іс-шаралары жеңілдікпен несие беру арқылы ауылдық тауар өндірушілерді қолдауға; аграрлық өнімдер шығаратын қайта өңдеуші кәсіпорындарды құру мен тауар өткізу желілерін дамытуға мақсатталған инвестициялық жобаларды іске асыру мен басқару үшін өңірлік органдарды жұмылдыруға бағытталу тиіс.

Осы міндетті орындау аясында ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік қызметтің, шағын және орта бизнестің даму мониторингі жүргізіледі.

2015 жылға дейін ауылдық өңірлерді тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қаржыны төмендегі іс-шараларды атқаруға бағыттау жоспарланып отыр:

  • ауылдық елді мекендердегі су құбырларын қайта қалпына келтіру және салу;

  • ауылдық елді мекендердегі жолдарды қайта қалпына келтіру, күрделі жөндеуден өткізу және салу;

  • жаңа телекоммуникация жүйелерін құру;

  • ауылдық елді мекендерді толық көгілдік отынмен қамтамасыз ету;

  • электр беру желілерін қайта қалпына келтіру және жөндеу;

  • бекітілген нормаларға сәйкес мектептерді салу, күрделі жөндеуден өткізу және материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету;

  • бекітілген нормаларға сәйкес медициналық мекемелерді салу, күрделі жөндеуден өткізу, материалды-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету.

Осының барлығы дерлік – Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешеніне сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар [3]. Жалпы айтқанда, агроөнеркәсіп кешені – ұлттық экономиканың ең басты бөлігі, мұнда қоғамның тіршілігі үшін маңызды өнімдер өндірілетін, үлкен экономикалық әлеует шоғырланған. Оның шешуші шамада дамуы экономиканың барлық саласының жағдайын, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтайды.

Аталмыш бағдарлама шеңберінде мынадай міндеттерге қол жеткізу алға қойылған:

  • елдің азық-түлік тәуелсіздігіне кепілдік беретін көлемде отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жолымен аграрлық нарықтың сиымдылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету;

  • ауыл шаруашылығының техникалық базасын кем дегенде 15 пайызға жаңарту;

  • ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісін 2011 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 20,7% арттыру және оның құнын 1,3 трлн. теңгеге жеткізу;

  • ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік тауарлары (әсіресе қосымша құны жоғары) экспортын 1,3 есеге ұлғайту;

  • инновациялық технологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша қосымша қуаттылықты енгізу;

  • 2011 жылы халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтыну көлемін оңтайлы нормаларға дейін жеткізу.

Жоғарыда аталған іс-шаралар кешені республикалық және жергiліктi бюджеттердің қаражаты, бюджеттен тыс көздердің қаражаты (агроөнеркәсiп кешен субъектілерiнiң меншiктi қаражаты, қарыз қаражаты, тiкелей инвестициялар және басқа да қаржы институттарының қаражаты) есебінен қаржыландырылатын болады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Индустрияландыру бесжылдығы: Агроөнеркәсіп кешені – 2010-2014 //Егемен Қазақстан. 22 қаңтар, 2010.

  2. Кокурин Д.И. Инновационная деятельность. – М.: Экзамен, 2001. – 80 б.

  3. www.google.kz.

Похожие:

Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве iconУ9(2Қ)32-86 Қ18 Қазақстан Республикасының ауыл
Республикасының ауыл және орман шаруашылығындағы бағалары : Статистикалық жинақ : Цены в сельском и лесном хозяйстве в Республике....
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве iconОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко
В статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве iconЖергілікті басқару жүйесін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік басқаруды қайта орталықтандыру в статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления
В статье рассматриваются реорганизация системы местного управления и рецентрализация государственного управления
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве iconА. есенжолова
В настоящей статье рассматриваются некоторые проблемы современной молодежи и особенности ее правовой социализации
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве iconА. Ясауи атындағы ХҚТУ
В данной статье рассматриваются некоторые проблемы и жанровые особенности письменного айтыса, его сходства с импровизаторским айтысом,...
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве iconСистема управления жидкостнокольцевым вакумм-насосом с автоматическим регулированием
Вакуумные насосы используют в химической, фармацевтической, текстильной, металлургической, пищевой, целлюлозно-бумажной и других...
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве iconҚ. мусабеков
В этой статье рассматриваются проблемы необходимости и принципы государственного регулирования инвестиционного процесса
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве iconҰ. Н. Адырбекова
В данной статье рассматриваются проблемы подготовки спортсменов к соревнованиям с психологической точки зрения
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве iconИнновационные процессы в сельском хозяйстве Республики Казахстан: теория, методология, императивы развития 08. 00. 05 Экономика и управление народным хозяйством (по отраслям и сферам деятельности)
Инновационные процессы в сельском хозяйстве Республики Казахстан: теория, методология, императивы развития
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве iconПрошу помощи в овладении stk
Как людям узнать, нужно ли им дзз или нет и если нужно, то какого качества, по каким ценам? Речь идет о военных, о сельском хозяйстве,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница