Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі




Скачать 34.68 Kb.
НазваниеҚурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі
Дата конвертации12.07.2014
Размер34.68 Kb.
ТипДокументы
Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж.

әлеуметтік – экономикалық

дамуы туралы есебі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы мемлекетіміздің қоғам өміріндегі елеулі оқиға болып табылады, сондықтан да біздер жыл сайын ауыл тұрғындары алдында өткен жылғы атқарылған жұмыстар жөнінде, ұсыныс пен ескертулер барысында түскен сұрақтардың орындалуы жөнінде есеп береміз.

Қурайлы селолық округі Ақтөбе қаласы маңындағы округтердің бірі , халық саны – 6853 адам, 1366 жанұя тұрады.

Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметпен айналысушылар саны көбеюде: 23 сауда орны – дүкендер, 6- монша халыққа қызмет етуде.

Селолық округ аумағында жұмыс жасап тұрған 1 мектепке дейінгі ұйым, 3 орта мектеп бар: Елек орта мектебі, Георгиевка орта мектебі, Россовхоз орта мектебі кадр мәселесімен толығымен қамтылған. Аз қамтылған отбасы балаларына қысқы киімдерге, бастауыш сынып оқушыларын, аз қамтылған отбасы балаларына ыстық тамаққа ағымдағы жөндеу жұмыстарына, жазғы демалыс лагерлеріне бюджеттік қаржы бөлінді.

2010 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына – 66 өтініш беріліп, 182 балаға жәрдемақы төленді.

Мүгедек және жалғыз басты зейнеткерлердің қатты отынға сұранысына селолық әкімшілік қызметкерлерінің күшімен аталмыш отбасылар тегін 3 тн қатты отынмен қамтамасыз етілді.

Қала әкімінің шешімімен әлеуметтік жеңілдік топтарына жататын 5 азаматқа 75 тюк шөп, 92 үйге 85 тн жем берілді. Мал азығы әкімшілік жұмысшыларының күшімен тұрғындарға уақытында жеткізіліп отырды.

Аумақты санитарлық тазалау және көркейту қағидасына сәйкес төмендегідей іс шаралар атқарылды: Жеке тұрғындардың қыстан шыққан мал қалдықтарын шығару үшін 2 – трактор тіркемесімен бекітілді. 2010 жылдан бері келісім – шарт арқылы күл-қоқысты қалалық полигонға шығару жөнінде жеке кәсіпкер айналысуда. Селолық округ бойынша 1366 үйдің 997-сі келісім – шартқа отырды. СЭС мамандары учаскелік инспектормен бірге үй – үйді аралап уақытылы тексеру жұмыстарын жүргізіп, тазалық қағидаларын сақтамаған тұрғындарға қатаң түрде айыппұл салып отырады.

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қатынасуымен көктемде «Үш өзек», «Елек», «Өрлеу» елді – мекендеріндегі жолдар тегістеліп, бірқатар жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар қараша айында «Көк-вест» ЖШС күшімен Өрлеу селосындағы ауыл аралық жолдары көтеріліп, тегістелді.

Үстіміздегі жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін ветеринарлық жоспарға сәйкес жеке тұрғындардың ірі қара және ұсақ мүйізді малдарынан сарып және туберкуллез ауруларына қарсы қан алу және егу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы тұрғындардың өтініштері бойынша қаңғыбас иттер атылды.

Жеке куәліктеріндегі ЖСН-і жоқ азаматтардың құжаттарын қайта рәсімдеу үшін Әділет Департаментінің мамандары келіп қабылдау жүргізіп, үлкен жұмыс атқарылды. Жүре алмайтын, жасы келген және ауыратын қарттардың үйлеріне барып, сол мезетте жеке куәліктерін ауыстырды.
Қазіргі таңда «Автопарк» ЖШС –гі қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасауда № 38 бағыттағы қоғамдық көліктің рейс саны 11-ден 21 рейске, №41 бағыттағы қоғамдық көліктің рейсі саны 6 - дан 9 рейске көбейтілді. Бұл ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы, сонымен қатар қоғамдық көлікте жасы келген зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер және мектеп оқушылары барлық жеңілдікті пайдалануда.

2010 жылдың басындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 6 балаға - «Күміс алқа», 7 балаға «Алтын алқа» тағайындау жөніндегі Жарлығына сәйкес, «Күміс алқаға» - 60 өтініш, «Алтын алқаға» - 60 өтініш қабылданып, барлық құжаттары тексеріліп, уақытылы тапсырылып отырды. Көп балалы аналарға «Күміс алқа», «Алтын алқа» куәлігі және алқалары салтанатты түрде табыс етіліп отырды.

2010 жылы 16 сәуірдегі №967 Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімімен Георгиевка селосы – «Үш өзек», Россовхоз селосы – «Өрлеу» деп қайта аталынды. Ауыл тұрғындарының қолдауымен селолық округ бойынша 12 көшеге жаңа атау ұсынылды, қазіргі таңда талапқа сай емес көше атауларын қайта атау жөнінде жұмыстар жалғасуда.
2010 жылда шешімін тапқан мәселелер:
1. Қурайлы, Елек селолары орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Елек селосы жаңақұрылыс ауданындағы жаңа су жүйесі құрылысының аяқталды.

2. Қурайлы селосындағы кәріз құбыры жүйесі Ақтөбе қалалық сотының шешімі бойынша коммуналдық меншікке енгізілді. Арнайы мекемеге беру жөніндегі қажетті құжаттар (тех.паспорт және жер актісі) дайындалуда.

3. Қурайлы стансасын газдандыру үшін бюджеттен 9 млн. теңге бөлінді. Барлық қажетті құжаттар (темір жолдан рұқсат қағазы, сметалық – сызба құжаты) дайын.

4. 39 бекетті газдандыру. Тұрғындардың өз қаражатына (10 үй) газ құбыры әр үйге тартылды.

5. Өрлеу селосындағы медпункт құрылысы. 2010 жылдың қазан айында құрылыс жұмысы басталып, 03.12.2010 ж мемлекеттік комиссия қабылдады және Қарғалы аудандық ауруханасының балансына алу қарастырылуда.

6. Елек селосындағы жаңақұрылыс ауданы көгілдір отынмен қамтылды.


Қурайлы селолық

округінің әкімі М.Тұрмағамбетова

Похожие:

Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі iconТелжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
Олар атқарушы органдардың емтиханы болып табылады. Тәуелсіздіктің 19 жыл бойы Елбасымыздың халық үшін жасалып жатқан, яғни бүгінгі...
Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі iconСеменовка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 13 қаңтарда округ халықтардың алдында округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының...
Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі iconҚарғалы селолық округінің әкімі Мұқанбетқали Мәжитұлы Қазкеевтің округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы бойынша есебінің тезисі
Бұған облыс және қаланың атқарушы билігінің қолданып жатқан белсенді шаралары септігін тигізіп жатыр
Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі iconӘлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Телжан селолық округі әкімінің міндетін атқарушы – Мұсайбеков Руслан Қайыркенұлы
Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі iconДолон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Бесқарағай ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «2010 жылда округтың әлеуметтік –экономикалық дамуының қортындысы туралы»...
Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі iconАуданның 8 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы беталу динамикасы жақсы
Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі iconСеверное селолық округі әкімінің 2010 жылдағы жұмысы туралы есебі
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны- 525 адам. Олардың ішінде жұмыс істейтіндер – 253 адам, өзіндік іс- әрекеттермен айналысатындар-...
Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі iconКурмин ауылының әкімі М. Ж. Тулькинның ауылдың 2011 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары бойынша тұрғындар алдындағы есебі
Елбасының Қазақстан халқына Дағдарыстан дамуға атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Елді мекендегі...
Қурайлы селолық округі бойынша 2010 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі
Сіздерге 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы бөліскім келеді
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница