«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты»




Скачать 46.18 Kb.
Название«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты»
Дата конвертации17.06.2013
Размер46.18 Kb.
ТипДокументы
1


2010 ж «____»__________ №___

Қала әкімдігінің қаулысымен

Бекітілген


«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
1. «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ауылы әкімінің қызметін ақпараттық талдау тұрғысынан, ұйымдық құқықтық және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыру үшін құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеме қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ мемлекеттік мекеме туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.

Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарда өз атынан кіреді.

Мемлекеттік мекеменің, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен өкім, шешім түрінде тиісті аумақта міндетті күші болатын актілер шығарады.

5. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын Жаңаөзен қаласының әкімдігі бекітеді.

6. Мемлекеттік органның заңды мекен-жайы: 130205, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы.

7. Толық атауы: « Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

8. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі болып табылады. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттары Жаңаөзен қаласы әкімінің оны құру туралы 23 мамыр 2008 жылғы № 996 қаулы мен оның Ережесі болып табылады.

9. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру тек қана мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

Егер мемлекеттік мекемеге заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.

2. Мемлекеттік мекеменің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары
10. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген функцияларды жүзеге асырады.

11. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:

1) ауылы әкімінің қызметін ақпараттық талдау тұрғысынан, ұйымдық құқықтық және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етеді;

2) әкімнің іс-қағаздарын жүргізеді және хат-хабарларды өңдейді;


2
3) әкімнің қарауына енгізілетін актілер жобалары өтуінің Жаңаөзен қаласы әкімдігінің үлгі регламентімен белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

4) қолданыстағы заңнамамен көзделген қызметтің басқа да түрлерін жүзеге асырады.

12. Мемлекеттік мекеменің құқықтарымен заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құқықтар белгіленеді.


3. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
13. Мемлекеттік мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

14. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

15. Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлік пен қаражатты дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Мемлекеттік мекемеге мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңдарда мемлекеттік мекеме билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері белгіленеді.


4. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
16. Мемлекеттік мекемені Жаңаөзен қаласы әкімі қызметіне тағайындайтын және босататын село әкімі басқарады.

17. Ауыл әкімі мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, әрі оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.

18. Ауыл әкімі осы мақсатта:

1) Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) Заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;

3) Заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекменің қызметкерлеріне мадақтау шараларын қолданады және тәртіптік шара қабылдайды;

4) Мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері үшін орындау міндетті өкімдер мен шешімдер шығарады;

5) Мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;

6) Мемлекеттік мекемеде, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекемені білдіреді;

7) Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Ауылы әкімі мемлекеттік мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарға дербес жауапкершілігі артады.


5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
20. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Таратылғаннан кейін мүлік құрылтайшыға қайтарылады.

3

6. Мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгертулер енгізу
21. Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда мемлекеттік мекеме ол туралы әділет органына бір ай ішінде хабарлайды.

Похожие:

«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты» icon2011-2015 жылдарға арналған Успен ауданының «Богатырь ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық даму жоспары
«Богатырь ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы- ауылдық округ тұрғындарының заңды қызығушылықтары және құқықтарын...
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты» icon«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары
«Бейнеу аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аудан әкімі аппараты)
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты» icon«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемелекеттік мекемесі туралы ереже 1 тарау. Жалпы ережелер «Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты»
«Құмсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-аппарат) Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген тәртіпте...
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты» icon«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты»
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің комиссиясы және көкжиегі
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты» iconУспен ауданы «Богатырь ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Республикасы заңнамаларында қарастырылған құзыретіне сәйкес ауыл әкімінің ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық – аналитикалық және материалдық...
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты» iconЗайсан ауданы әкімінің аппараты туралы ереж е. Жалпы ережелер: «Аудан әкімі аппараты»
«Аудан әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай Әкім аппараты) Қазақстан Республикасының заңдары белгіленген тәртіпте әкім...
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты» icon«Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2012 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
«Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және көкжиегі
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты» iconТапсырушы: Ертіс ауданының «Ертіс ауылы әкімінің аппараты» мм
Ертіс ауылы көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары (Гагарин, Рамазанов көшелері) бойынша бағаларды ұсыну әдісімен мемлекеттік сатып...
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты» iconКонкурс! Конкурсты ұйымдастырушы «Айнабулақ ауылдық округі әкімінің аппараты»
Конкурсты ұйымдастырушы «Айнабулақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мм 070702, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ...
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Теңге ауылы әкімінің аппараты» iconКонкурс! Конкурсты ұйымдастырушы «Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты»
Конкурсты ұйымдастырушы «Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты» мм 070703, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Біржан ауылы,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница