Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі




НазваниеҚазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі
Дата конвертации17.06.2013
Размер68.6 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі
Мемлекеттік тіркелімнің Қарағанды облысы бойынша жергілікті бөлімінде 123 табиғи монополия субъектісі тіркелген, реттелетін қызметтер саны – 206.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік тіркелімде 74 үстем-субъектілері теміржол көлігі, электрэнергиямен жабдықтау, сұйықтандырылған газды жеткізу, қатты күл қоқысты көмумен айналысады.

«Тариф және тарифтықұру» бөлігінде келесіні атап көрсеткім келеді.

Өткен есептілік кезеңде Департамент бойынша - 96 өтінім қарастырылды, оның ішінде – 29 өтінім бойынша табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне жаңадан қосылған субъектілері ретінде тарифтер бекітілді, бұрынғы қолданыстағы мекемелер деңгейінде. Өтінімдерді қарастыруда кірісті төмендетуде экономикалық шарт нәтижесі 4 млдр. 90 млн. 127 мың теңгені құрады.

37 табиғи монополия субъектілеріне 985 млн. 800 мың теңгеге, тарифтік сметаны орындауда талдау қорытындысын қарастыру бойынша - 41 өтемдік тариф бектілді.

Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің хаттамалық шешімін жүзеге асыру бойынша «Қарағанды су» ЖШС-не су шаруашылығы және канализациялық жүйелері қызметтеріне дифференциалдық тариф есебімен тұтынушылар тобы бойынша, қолданылған су көлемі есебіне сәйкес тариф және тарифтік смета бекітілді.

Есептік кезеңде Департаментке реттелетін нарықтарда үстем монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінен бағаны көтеруі туралы - 29 хабарлама келіп түсті. Бағаны өсірудің бастапқы себебі электроэнергияны өндіруде энергия таратушы мекемелерінің тарифінің өсуі болып отыр.

82-НҚ нұсқаулығына сәйкес «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-не жылу энергиясын беру және тарату қызметіне жалпы тәртіппен тариф және тарифтік смета бекітілді. Қорытындысында тұрғындарға бағаның көтерілуі барлығы 10 пайызды құрады.

Қарағанды облысы әкімдігімен бірлесе отырып, қала және аудан әкімдіктерімен электрмен қамтамасыз ету нарық субъектілерін қайта құрылымдау жөнінде жұмыс жүргізу. «Жезқазған өңірінде» бұрынғы – 10 ұсақ энергиямен қамту мекемелерінің орнында, әр түрлі тариф иелеріне, қазіргі уақытта бір ғана субъект қызмет етеді (Жезқазғанэнергосбыт), оған барлық ауылдарға бір баға бекітілген, бұл өңірде қорытындысында әлеуметтік шиеленіс таратылып, жекелеген ауылдарды баға 10-нан 15-ке пайызға дейін төмендетілді, 1 кВсағ ҚҚС-пен 6,12 теңгені құрайды. Сонымен қатар Абай ауданында 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап электрэнергиясының бағасын төмендетуге қатысты энергияменжабдықтау мекемесі ауыстырылды, тағы да сол «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС-не. Осыған орай ауылдық тұтынушыларға соңғы бағасы 1 кВт 3,2 теңгеге төмендеді.

Есептік кезеңде инвестициялық бағдарламалар қаралып бекітілді:

- «Қарағанды су» ЖШС-і «2009 жылға су құбырларын және кәріз жүйелерінің сорап станцияларын жаңғырту және қайта құрылымдау» инвестиция сомасы – 749 млн. 700 мың теңгені құрады;

- «Теплотранзит Караганда» ЖШС-і «2009 жылға жаңа активтерді сатып алу, арнайытехника және бағдарламалық қамтамасыз ету» - 47 млн. 474 мың теңгені құрады;

- «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» «2009 жылға техникалық қайтақұралдандыру және электр желілерін жаңғырту бірінші кезекті шаралары»- 4 млрд. 440 млн. 310 мың теңгені құрады.

2009 жылы тариф жобаларын қарастыруда, тарифтық сметаның орындалуы, табиғи монополия субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптары мөлшерін жобалауда 104 қауымдық тыңдау өткізілді.

Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспары бойынша 75 табиғи монополия субъектілерінің 103 нормативтік техникалық ысыраптар өтінімі қарастырылды, оның ішінде 38 өтінімді қарастырудан бас тартылды, 38 өтінім бойынша ысыраптар бекітілді:

  • төмендетумен – 19;

  • деңгейінде – 2;

  • жаңадан құралған - 16;

Табиғи монополия субъектілерінің – 27 өтінімі қарастырылуда.

Негізгі табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат және материалдар шығынының нормаларын 15 % дейін оңтайландыруға қатысты (нәтижесі – қаражатты үнемдеу, тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу). Сонымен, шикізат және материалдар шығынының нормаларын оңтайландырудан үнемдеу келесіні құрады:

- «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бойынша – 97,7 млн.теңге;

- «Қарағанды Су» ЖШС бойынша – 32,7 млн. теңге;

- «КРЭК» ЖШС бойынша – 12,7 млн. теңге;

- «Жылу және сумен жабдықтау мекемесі» АҚ бойынша – 11,9 млн. теңге;

- «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ бойынша – 721 мың теңге.

Барлығы Департаментке материалдар, шикізат шығынының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге 72 өтінім ұсынылды, оның ішінде: 40 өтінім бойынша нормалар бекітілді, 24 өтінім бойынша субъектілермен кері қайтарылды немесе кабылданбады, 8 өтінім қаралуда.

Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес, Үкімет Қаулысымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету белгілі индикаторлары анықталған, Департаментпен 75 табиғи монополия субъектілерінен 103 өтінім қарастырылды, оның ішінде - 38 өтінімді қарастырулан бас тартылды, 38 өтінім бойынша ысыраптар бекітілді:

  • төмендетілумен – 19;

  • на уровне – 2;

  • жаңадан құрылған – 16,

табиғи монополия субъектілерінің - 27 өтінімдері қарастырылуда.

Тұрмыстық-коммуналдық саласында және тарифтерді алдын ала болжауда инвестициялық тартымдылықты көтеруде, сонымен қатар тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық активтерін жаңғыртуға инвестицияларды тартуда шикізат және материалдар шығысын 15 пайызға базалық табиғи монополия субъектілерінен оңтайландыруға қарастырылған (қорытынды – ақшалай қаражатты үнемдеу, тарифтің негізсіз көтерілуін жібермеу). Шикізат және материалдар нормаларын оңтайландыру салдарынан үнемділік келесіні құрады:

  • «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС – 97,7 млн.теңге;

  • «Қарағанды Су» ЖШС - 32,7 млн.теңге;

  • «ҚАЭК» ЖШС – 1207 млн.теңге;

  • «Жылусуменжабдықтау кәсіпорыны» - 11,9 млн.теңге;

  • «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ - 721 мың теңге.

Барлығы Департаментке шикізат, материалдар шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге - 72 өтінім келіп түсті, оның ішінде – 40 өтінім бойынша нормалары бекітілді, - 24 өтінімді қарастырудан бас тартылды немесе субъектілермен кері шақырылды, - 8 өтінім қарастырылуда.

Департаментпен әкімшілік шығындарды оңтайландыруға қатысты Операциялық жоспардың нысанды индикаторларын жүзеге асыру мақсатында 2009 жылы негізгі табиғи монополия субъектілері бойынша жұмыс жүргізілді:

  • «Қарағанды Су» ЖШС 16,4 млн.теңге сомасында;

  • «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ 5,2 млн.теңге сомасында;

  • «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС 2,3 млн.теңге сомасында.

11 табиғи монополия субъектілеріне 14 мекеме бойынша негізгі қаражаттың құнын өсуіне алып келмейтін, ағымдағы және күрделі жөндеулер мен өзге жөндеу қалпына келтіру жұмыстарына арналған шығындар сметалары келісілді.

Департаментке 2009 жылы лицензияларды және оларға қосымшаларды қайта рәсімдеу және (немесе) алуға 196 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: 128 лицензиялар мен қосымшалар берілді, лицензияларды және оларға қосымшаларды беру немесе қайта рәсімдеуге 42 өтінішті қарастырудан бас тартылды, 14 өтініш қарастырылуда.

Департаменттің бақылау жұмысы туралы да атап өту қажет.

Департаментпен 12 ай ішінде 8 тексеріс жүргізілді. Тексерістер нәтижесінде келесі бөлімдерде бұзушылықтар табылды:

  • тарифтер сметаларының баптарын орындамау;

  • тарифтік сметаны түзетуде дәлсіздіктер жіберу;

  • тендерлік сатылымдар мен келісімдерді рәсімдеуде бұзушылықтар.

Департаменттің сот-талап жұмысына да тоқталып өтейін.

Барлығы Департамент 25 сот процесстеріне қатысты, оның ішінде:

  • 10-да талапкер ретінде,

  • 15-де жауапкер ретінде;

Бізбен сотқа 10 талап арызы ұсынылды. 9-ы бойынша сот шешімімен Департамент пайдасына қабылданды және арыз талаптары қанағаттандырылды. Сотпен талапты қанағаттандырылмаған 1 өтініш қалды.

Жауапкер ретінде де 12 процессте сотпен шешім Департамент пайдасына қабылданды.

Есеп беру кезеңінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 109 нұсқама және 83 қаулы шығарылды. Айыппұл сомасы 21 млн. 724 мың теңгені құрады.

Есеп беру жылының басынан 98 нұсқама және 68 қаулы орындалды, төленген айыппұлдың жалпы сомасы 12 млн. 85 мың теңгені құрады;

Сот тәртібімен төленген сома 10 млн. 294 мың теңгені құрайды.

Департамент қызметкерлері мамандар ретінде 8 сот процессінде қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша атап өтейін, жартыжылда бір рет жиын өткізіліп, мемлкеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексі, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары қарастырылады.

2009 жылдың 8 желтоқсанында Департамент «Нұр Отан» Халық Демократиялық партиясы» Қарағанды филиалы өткізген конференцияға қатысты.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ай сайын сенім телефондары жарияланып тұрады.

Департамент ұжымының ауысуына қарай, қосымша заңдарды жаппай оқулар өткзіліп тұрады.

Департаментке келіп түскен кіріс - құжаттар саны – 3260. Жіберілген жауаптар саны – 5418 хат.

Азаматтардың және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз, шағым, өтініштер саны – 160, оның ішінде түсініктеме берілгені – 156, басқа мекемелерге тиістілігіне қарай жіберілгендер саны – 4.

БАҚ 97 жарияланымдар және мақалалар дайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында өткізілген кездесулер саны – 28. Презентациялар, конференциялар, брифингтер саны – 24. Теледидар, радиода сөз сөйлеу саны – 21.

Департаментте сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушыдық жасаған, сонымен қатар ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексін бұзған қызметкерлер жоқ.

Агенттіктің Web-сайты бойынша мемлекеттік органдармен ұсынылатын Интернет қызметтерінің пайдаланушылары арасында «regulator.kz» сайтына түсіндіріп тарату мақсатында Департаментпен жаңарту мемлекеттік және орыс тілдерінде өтінімді қарау нәтижесі туралы және тарифтердің (бағалар) өзгеруін хабарлау туралы ақпарат, алдағы жария тыңдаулар туралы ақпарат жолданды.

Келесі бөлімдер жаңартылды:

  • «реттелетін субъектілердің қызметтеріне тарифтер»

  • «тіркелім»

  • «қызметкерлер туралы мәліметтер»

  • «жаңалықтар»

Департаменттің 2009 жылғы жұмыс жоспарында көрсетілген іс-шаралар орындалды.

Похожие:

Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2009 жылы атқарған жұмысы туралы есеб І
Намаларының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Департаменттің жұмысы Қр табиғи монополияларды реттеу агенттігінің негізгі бағыттары...
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі
Департаментінде ағымды жылдың 04 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, мемлекеттік орган өкілдері, маслихат...
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі icon«2009 жылғы ішіндегі Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің жұмыс қорытындысы туралы» есеп
Департаменттің реттелетін объектілерімен 72 табиғи монополия субъектілері 110 реттелетін қызметтері бойынша болып табылады, оның...
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жария тыңдаулар өткізу үшін хабарландыруларды орыс тілінде жариялау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіту туралы
Мемлекеттік сатып алуларға Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі- агенттік), 010000,...
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған жұмысы туралы есеб І
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған...
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері Орал қаласының коды 7112
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 20 шілдедегі 2011 жылғы №184- од бұйрығына №2 қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде тіркелген табиғи монополиялар субъектілердің қолданыстағы...
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бюджеттік қаражаттарды игеруі туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне (бұдан әрі Агенттік) республикалық бюджеттен 2011 жылға 1 005 574,0...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница