Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы




Скачать 53.13 Kb.
НазваниеЖеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы
Дата конвертации17.06.2013
Размер53.13 Kb.
ТипДокументы
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы

Қостанай облысы бойынша Салық департаменті 240.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияның дара кәсіпкерлер мен Салық кодексі 185 бабы 2 тармағында көрсетілген тұлғалармен табыс eтілуі туралы төмендегіні хабарлайды.

Салық кодексінің 67 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес салық төлеушілердің әрбір санаты:

шаруа нсмесе фермер қожалыктары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық рсжимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары (СЕН 220.00);

Салык Кодексінің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар (СЕН 230.00);

төлем көзінен салық салынбайтын табыстар алатын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде табыстар алған салык төлеушілер, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар үшін осы декларацияға жеке қосымшалармен бipre жеке табыс салығы бойынша декларацияны (СЕН 240.00) уәкілеті орган бекітеді.

Салык кодексі 67 бабы 6 тармағына сәйкес жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны (СЕН 240.00) осы баптың 4 және 5-тармақтарында аталмаған жеке тұлғалар, оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыс алған жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетедік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.

Салық кодексінің 67 бабы 5 тармағына сәйкес Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны (СЕН 230.00) Салық Кодексінің 185-бабының, 2-тармағында аталған жеке тұлғалар табыс етеді.

Аталған декларация салық төлеушілердің алған табыстарын, төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығының есептелген және төленген сомасын, төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығының ұсталған сомасын декларациялауына арналған.

Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалар салық қызметі органары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу, Қазақстан Республикасының аумағында және немесе одан тысқары жерлерде меншік құқығында мүліктің бар екендігі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар туралы;

2) мүліктік және өзге де табыстар туралы;

3) меншік құқығындағы мүлік туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

Осылайша, жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (СЕН 230.00) мүліктік және өзге де табыстар туралы ақпаратты қамтитындығын ескере отырып, Салық кодексінің 185 бабы 2 тармағында көрсетілген тұлғалар мұндай табыстар бойынша 240.00 нысаны Декларациясын табыс етуге міндетті емес.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 67 бабы 4 тармағына сәйкес дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны (СЕН 220.00) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер табыс етеді.

Осы декларация салық төлеушілердің:

жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстарды;

шегерімге жатқызылған шығыстарды;

табыстар мен шегерімдерді түзетулерді;

салық салынатын табысты (залалды);

салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды;

шеккен залалдарды, есептелген салық сомасын декларациялауға арналған.

Салық кодексінің 177 бабында мынадай табыс түрлері төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға жататындығы айқындалған:

1) мүлік табыс;

2) дара кәсіпкердің табысы;

3) жекеше нотариустар мен авдвокаттардың табысы;

4) басқа да табыстар.

Осы баптың бірінші бөлігінің 2 және 3) тармақшаларында көрсетілген табыстар мүліктік табыс болып табылмайды.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстарды қоспағанда, осы баптың бірінші бөлгінің 1) тармақшасында және 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген табыстар басқа да табыстар болып табылмайды.

Осылайша, егер дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға Салық кодексінің 180 және 184 баптарында айқындалған мүліктік және басқа да табыстар алатын болса, мұндай табыстар бойынша жеке тұлғада жеке табыс салығы бойынша декларацияны (СЕН 240.00) табыс ету бойынша салық міндеттілігі туындайды.

Мұндағы дара кәсіпкер табыстары бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны (СЕН 220.00) табыс етеді.

Похожие:

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы iconКорпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережесі (100-нысан) Жалпы ережелер
Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың, жер қойнауын пайдаланушылардың корпорациялық...
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы iconНысан Жалпы ережелер
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (130. 00–нысан)
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы iconЖеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі
Салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы icon04-34 2009 жылғы 1 ақпанға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Күршім, Үржар аудандары мен Семей, Курчатов, Зырян қалалары бойынша кірістер жоспары орындалмады. Төлем көздерінен ұсталатын жеке...
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы icon2011 жылға аудан бюджетінің орындалуы туралы
Негіздер бөлігінде үш негіздер бойынша жоспар орындалған жоқ (қызметтің бөлек түрімен айналысу құқығына және мүлікке салық заңды...
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы icon04-34 2009 жылғы 1 шілдеге арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы (92,0%), азаматтарға пәтерлер сатудан түскен түсімдер (96,0%), жер телімдерін сатудан...
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы icon2009 жылғы 1 шілдеге арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы (92,0%), азаматтарға пәтерлер сатудан түскен түсімдер (96,0%), жер телімдерін сатудан...
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы iconТікелей салықтар: корпорациялық табыс салығының экономикалық мазмұны, құрылу негіздері
Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын,қызметін, жұмысын...
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы icon1. 230. 01 нысанын жасау кезінде «Төлем көзінен алынатын кірістер» бөлімін толтыру кезінде қызметкердің төлем көзінен алынатын кірісі жұмыс беруші есептеген, қызметкердің салық салынуы тиіс
Жеке табыс салығы және мүлік бойынша өткен кезеңдер үшін салық есептілігін (декларацияны) жасау кезінде бірқатар қателердің анықталуына...
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету туралы iconДиплом жұмыстарын ресімдеу және қОРҒАУҒа табыс ету бойынша әдістемелік нұСҚаулар қарағанды 2009
Диплом жұмыстарын ресімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар 2009. 09. 01 «Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница