Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу




Скачать 445.85 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу
страница1/4
Дата конвертации17.06.2013
Размер445.85 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі
Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу

қағидаларын бекіту туралы
«Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi К.МӘСIМОВ.


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2011 жылғы «17» қарашадағы

1351 қаулысымен

бекiтiлген
Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу

қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу қағидалары (бұдан әрi Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленген және темiр жол жылжымалы құрамын және оның кепілін тiркеу, қайта тіркеу тәртiбiн айқындайды.

2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, жүктердi және багажды, және жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темiр жол көлiгiмен тасымалдау үшiн пайдаланылатын темiр жол жылжымалы құрамын тiркеудiң бiрыңғай мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру, қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi тіркеуші орган) жүргiзедi.

3. Тiркеуге меншiк нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуға құқығы бар, сондай-ақ iшкi технологиялық мақсаттар үшiн пайдаланылатын темiр жол жылжымалы құрамының бiрлiктерi жатады. Оның қатарына Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың меншiктi немесе жалға алған, сондай-ақ сенiмгерлiк басқарудағы немесе мүлiктiк жалға алынғандар кiредi.

4. Тiркеуден немесе қайта тіркеуден өткен темiр жол жылжымалы құрамын тіркеуші орган Мемлекеттiк темiр жол жылжымалы құрамы тiзiлiмiне (бұдан әрі – Тізілім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес енгiзуге тиiс.

5. Тізілімге темір жол жылжымалы құрамы үшін кедендік баж төлеу туралы қосымша мәліметтер енгізіледі, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкалары қолданылады.
2. Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу, қайта тiркеу және оның кепiлін тіркеу тәртiбi
6. Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу не қайта тіркеу темiр жол жылжымалы құрамын иеленушілердің барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады.

7. Осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тiркелетiн темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу, қайта тiркеу:

1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның тiркелу орны бойынша;

2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелу орны бойынша жүзеге асырылады.

8. Темiр жол жылжымалы құрамы мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелгенде;

2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүрiп өткенде;

3) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жүктердi түсiру және тиеу үшiн уақытша әкелгенде және әкеткенде тiркеуге жатпайды.

9. Темiр жол жылжымалы құрамы меншік құқығын алған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде тіркеуші органда тiркеуге жатады.

Темiр жол жылжымалы құрамы жалға беру, сенiмгерлiк басқару құқығын алған, темір жол жылжымалы құрамы туралы мәліметтер өзгерген, сондай-ақ заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде тіркеуші органда қайта тiркеуге жатады.

10. Қазақстан Республикасы оған қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамын сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті жалға берген (жалға алған) жағдайда тіркеуші органды 10 жұмыс күні ішінде хабардар ету, сондай-ақ жалға берушінің немесе жалға алушының Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомасы айырмасының мөлшерінде кедендік бажды төлегенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсыну қажет.

11. Темiр жол жылжымалы құрамын:

1) шетелдiк тұлғаға сенiмгерлiк басқаруға немесе мүлiктiк жалға Қазақстан Республикасының шегiнен тыс одан әрi пайдалануға;

2) сенiмгерлiк басқаруға немесе мүлiктiк жалға (жалға беру) күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге берiлген жағдайларда қайта тiркеу жүргізілмейді.

12. Жеке және заңды тұлғаларға темiр жол жылжымалы құрамының бiрнеше үлгiлерiн тiркеуге және қайта тiркеуге өтініш беруге рұқсат етіледі.

13. Тіркеуші органға темiр жол жылжымалы құрамының мынадай түрлерін тіркеуге өтініш беріледі:

1) жүк жылжымалы құрамы;

2) жолаушы жылжымалы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамы;

3) тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрам;

4) арнайы жылжымалы құрам.

14. Темiр жол жүк жылжымалы құрамын тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:

1) жабық вагондар;

2) платформалар;

3) жартылай вагондар;

4) цистерналар;

5) рефрижераторлық және изотермиялық вагондар;

6) астық тасығыш;

7) цемент тасығыш;

8) фитингтiк платформалар;

9) битум тасығыш платформалар;

10) басқалар (жүк тасымалдауға арналған мамандырылған вагондар, оның iшiнде бункерлiк түрi, транспортерлер, контейнер тасығыш және арнайы жүк вагондар түрi).

15. Темiр жол жолаушы жылжымалы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамын тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:

1) купе вагондары;

2) плацкарт вагондары;

3) «СВ» – ұйықтауға арналған вагондар;

4) «РИЦ» – РИЦ габаритты купе вагондар;

5) вагон-мейрамханалар;

6) облысаралық вагондар;

7) «ЗАК» – қамауға алғандарды тасымалуға арналған вагондар;

8) қызметтiк вагондар;

9) қызметтiк техникалық вагондар;

10) пошта вагондары;

11) багаж вагондары.

16. Темiр жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамын тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:

1) магистральдық жолдар бойынша кез келген санаттағы поездарды жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МГЖҚ);

2) кең жолтабанды магистральдық, станциялық және кiре беріс жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-К);

3) тар жолтабанды магистральдық, станциялық және кiре беріс жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-Т);

4) тар және кең жолтабанды магистральдық және станциялық жолдар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды жылжымалы құрам (МВЖҚ);

5) өнеркәсiптiк темiр жол көлiгi жолдарында пайдаланылатын және магистральдық және станциялық жолға шықпайтын тартқыш жылжымалы құрам (ТЖҚ-ӨТКЖ).

17. Темiр жол арнайы жылжымалы құрамын тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:

1) өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам;

2) өздігінен жүрмейтін арнайы жылжымалы құрам.

18. Заңды және жеке тұлғалар жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу және қайта тiркеу үшiн тіркеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады:

Заңды тұлға үшін:

1) заңды тұлғаның бiрiншi басшысының қолымен және мөрімен расталған осы Қағидаларға 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес темiр жол жылжымалы құрамының, соның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға немесе мүлiктiк жалға немесе лизингке берiлген тіркеуге немесе қайта тіркеуге жататын мүкәммал паркiнiң тiзбесі;

2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiші;

3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк; 

4) меншік құқығын растайтын құжат немесе мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг немесе сенiмгерлiк басқару шарты;

5) жасаушы зауыттың темiр жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық куәлiк (формуляр);

6) басшының жеке басын куәландыратын құжат немесе өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат және оның жеке басын куәландыратын құжат;

7) Жарғы;

8) Құрылтай шарт.

Жеке тұлға үшін:

1) жеке тұлғаның қолымен расталған осы Қағидаларға 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес темiр жол жылжымалы құрамының, соның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға, мүлiктiк жалға немесе лизингке берiлген тіркеуге немесе қайта тіркеуге жататын мүкәммал паркiнiң тiзбесi;

2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және оның жеке басын куәландыратын құжат;

4) жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;

5) меншік құқығын растайтын құжат немесе мүлiктi жалға алу (жалдау), лизинг, немесе сенiмгерлiк басқару шарты;

6) жасаушы зауыттың темiр жол жылжымалы құрамының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық куәлік (формуляр).

Осы тармақтың 3) -6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылғаннан кейін өтініш берушіге өтініш беру кезінде қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

19. Тіркеуші орган темiр жол жылжымалы құрамының кепiлiн тiркеу үшiн темiр жол жылжымалы құрамы кепiлiн тiркеу тiзiлiмiн осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргiзедi және кепiл ұстаушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдайды, кепiл ұстаушының келiсiмiнсiз кепiлдiкке алынған темiр жол жылжымалы құрамын иелiктен айыруға жол бермейдi.

20. Темiр жол жылжымалы құрамы кепілін тiркеу үшiн өтініш беруші немесе оның сенімхаты арқылы өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.

21. Тіркеуші орган құжаттарды қабылдау кезінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес өтініш берушіге тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.

22. Тіркеуші орган темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу, қайта тiркеу туралы өтiнiштi осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қарайды.

23. Тіркеуші орган кепiлдi тiркеу немесе бас тарту туралы шешiмді Заңның 10, 11-баптарына сәйкес қабылдайды.

24. Темір жол жылжымалы құрамының кепiлiн, тiркелген кепiлдiң өзгерiстерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде белгіленген тәртiппен алынады.

25. Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеген тұлға оны тiркелген күнiнен бастап пайдаланады.

26. Темiр жол жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қатаң есептегi құжат болып табылады, оның есептiк сериясы мен нөмiрi болады.

Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қатаң есептегi құжат болып табылады, оның есептiк сериясы мен нөмiрi болады. Жылжымалы құрамның әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi.

Куәлiктердi жасауды, есепке алуды, сақтауды қамтамасыз ету тіркеуші органға жүктеледi.

27. Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеген тұлғалар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тіркеуші органның талабы бойынша темiр жол жылжымалы құрамы туралы мәлiметтер ұсынады, оның пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн тіркеуші органның қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;

2) тіркеуші органды заңды тұлға таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда шешім қабылдағаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде хабардар етедi.

28. Тіркеуші орган темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу немесе қайта тіркеу туралы өтiнiш келiп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушiнiң өтiнiшiнен жазбаша түрде мынадай жағдайларда бас тартады:

1) осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаса;

2) тіркеуші органға ұсынылған құжаттарда өшiрулер, қолжазбаларында немесе машина жазбаларында түзетулер немесе көшiрмелердi куәландыратын қолы және мөрi болмаған;

3) сот қабылдаған шешiмге сәйкес темiр жол жылжымалы құрамына тыйым салынған жағдайда бас тарта алады.

29. Тіркеуші орган темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы берiлген куәлiктi:

1) темір жол жылжымалы құрамды тіркеген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер таратылған не қызметі тоқтатылған;

2) меншік құқығын растайтын құжаттың немесе мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг немесе сенiмгерлiк басқару шартының қолданысы тоқтатылған жағдайларда керi қайтарып алады.

30. Темiр жол жылжымалы құрамы Тiзiлiмiнен:

1) темiр жол жылжымалы құрамы есептен шығарылған, ол қалпына келмейтiндей зақымданған немесе алты айдан астам жоғалып оны iздестiру тоқтатылған;

2) темiр жол жылжымалы құрамын шетелдiк тұлғаларға иелiктен шығарып, одан әрi Қазақстан Республикасының шегінен тыс қолдануға алып шығарған жағдайда алып тасталады.

31. Темiр жол жылжымалы құрамын шығынға жазған немесе пайдаланудан шығарған кезде меншiк иесi немесе оған теңестiрiлген тұлға тіркеуші органға өтiнiш пен мынадай құжаттарды ұсынады:

1) темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк;

2) темiр жол жылжымалы құрамын шығынға жазу, жоғалу, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларға сату актiсi немесе шетелдiк иесiне тапсыру құжаты.

32. Қазақстан Республикасы оған қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамын өзге Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін сатқан жағдайда сатушының немесе сатып алушының Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша есептелген кедендік баждарының сомасы айырмасының мөлшерінде кедендік бажды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынғаннан кейін Тізілімінен шығарылуға жатады.

33. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды пайдалану бойынша қызметтi тоқтату туралы Тiзiлiмге мәлiмет енгiзедi.
3. Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) және оның кепілін тіркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру тәртiбi
34. Жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк абайсызда бүлінген немесе бұрын берілгені жоғалған жағдайда тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасы берiледi.

35. Темiр жол жылжымалы құрамының кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру Заңның 13-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

36. Меншік иесі немесе оған теңестірілген тұлға темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк абайсызда бүлінген жағдайда темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру туралы өтiнiштi тіркеуші органға ұсынады. Куәліктің бүлінген бланкісі тіркеуші органға қайтаруға жатады.

Меншік иесі немесе оған теңестірілген тұлға темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын берілген куәлiк жоғалған жағдайда темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру туралы өтiнiштi, сондай-ақ оны жоғалтып алғанын растайтын құжатты, атап айтқанда бұқаралық ақпарат құралдарынан осы куәліктің күшін жойғаны туралы мәліметтерді қамтитын хабарламаны тіркеуші органға ұсынады.

________________________

Темiр жол жылжымалы құрамын

тiркеу қағидасына 1-қосымша
Нысан
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 21 маусым №682, Астана, Үкімет Үйі Темір жол көлігімен жүк тасымалдау
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9 тармақшасына сәйкес...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы №1351 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 қараша №1297, Астана, Үкімет Үйі Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді
Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1302, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 15 қараша №1341, Астана, Үкімет Үйі
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 1 қараша №1259 Астана, Үкімет Үйі
Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 21 маусым №681, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №252 қаулыcына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 17 қараша №1351, Астана, Үкімет Үйі Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 5 сәуір №361 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница