Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі




Скачать 30.21 Kb.
НазваниеЖеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі
Дата конвертации17.06.2013
Размер30.21 Kb.
ТипДокументы


Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және

(немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу

немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі

2010 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары «Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы» 2011 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 389 Заңымен ратификацияланған Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) i қол қойды. Шарт жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын үшінші елдерге әкелуі немесе үшінші елдерден әкетуі үшін бірыңғай тәртіпті белгілейді.

Шарттың нормаларына сәйкес «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына өзгерістерii енгізілді, оған сәйкес қолма-қол шетел валютасын, қолма-қол ұлттық валютаны, құжаттандырылған бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда резиденттер мен резидент еместер шектеусіз жүзеге асырады.

Жеке тұлғалар жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін кедендік декларациялаусыз Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы.

Жеке тұлғаның жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде кедендік декларациялануға жатады.

Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтер көрсетілген, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол ұлттық валютаның және жол чектерінің бүкіл сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаның ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді (жол чектерінен басқа) Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде кедендік декларациялануға жатады.

Тазартылған құйма алтынды, сондай-ақ заңды төлем құралы болып табылатын бағалы металдардан жасалған монеталарды Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылмайтын аумақтан немесе аумаққа Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



i Шарттың мәтіні, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 287 шешімімен бекітілген жолаушы кеден декларациясының нысаны және оны толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының мына ресми сайтында бар:

http://www.tsouz.ru/MGS/MGS11/Pages/P_51.aspx

http://tsouz.ru/KTS/KTS17/Pages/R_287.aspx).

Шарттың негізгі талаптары ҚР Ұлттық Банкінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 2 Баспасөз-релизінде ұсынылған

ii «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 530-IVҚРЗ Заңы


Похожие:

Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі iconКеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шарт
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразия Экономикалық қоғамдастығының (ЕурАзЭҚ) шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі iconМазмұны Кіріспе Ақша айналымының түсінігі және мәні 1 Ақша айналымы және ақша айналымының заңы 2 Қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымдары Ақша айналысының
Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі iconЕурАзЭҚ-на қатысушы мемлекеттерде жеке тұлғалардың ақша қаражатын трансшекаралық аударымы туралы
Алынған статистикалық деректердің талдамасы Қоғамдастық елдерінен 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жеке тұлғалардың трансшекаралық...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қолма-қол валютаны Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің қаржы мониторингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі iconҚазақстан Республикасына мәдени кұндылықтарды әкелу және әкету жөніндегі сараптау комиссиясы туралы > Алматы қаласының әкімдігінің қаулысы 2007ж. 13. 09 №7/935 «Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару туралы»
Ару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдагы №447 «Қазақстан Республикасына...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі iconУдк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі
Жалпы формада инвестиция – бұл қаржылық және метериалдық байлықтардың түрлі формаларына салынатын уақытша бос ақша қаражаты. Инвестициялық...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі iconЖеке тұлғалардың валюталық операциялары бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу тәртібі туралы 2009 жылғы 11 тамызда «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы»
Заңына өзгерістер енгізілуіне сәйкес «Валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі iconҚазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі iconҚолма-қол шетел валютасын алу (есептеу) және пайдалану тәртібі туралы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы»
Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы...
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі iconI. Ақша жүйесі және ақша айналымы
Ақша түрлері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница