Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру




Скачать 58.56 Kb.
НазваниеБілім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру
Дата конвертации17.06.2013
Размер58.56 Kb.
ТипДокументы
Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру

Білім беру үрдісінде өзін-өзі дамыту
Малгаждарова ЖанарАмангазиевна

ММ «№ 42 орта мектебі»
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДА ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі – әлемдік білім кеңістігінен орын алу.

Осымен байланысты мәселелер мемлекет тұрғысынан көптеген маңызды құжаттарда қарастырылды. Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы, негізінен, «Қазақстан–2030» стратегиясында «Білім беру» бөлімінде көрсетілді [1]. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында [2] және «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» [3] білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық та дамуының негізі ретінде танылған. Мұндай мақсатқа жетуде жалпы білім беру жүйесі, оның ішінде үздіксіз білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – бастауыш мектеп үлкен орын алады.

Бұл сатыда білім берудің басты ерекшеліктері «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында» [4] айқын көрсетіліп, әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына тың міндеттер жүктеп, оларға әрбір пәннің мақсатын қайта қарауға бағыт береді.

Қазіргі заманғы мұғалім, қандай ол?

Меніңше, бұл шығармашылық қабілеттерді дамыту үшін жағдайлар жасап, оқушылардың бойында білімді шығармашылықпен қабылдауға ұмтылысты дамыта алатын, оларды дербес ойлауға, материалды зерделеу процесінде өзіне қоятын сұрақты дербес тұжырымдауға үйрететін, олардың қажеттіліктерін толығырақ іске асыратын, пәндерді зерделеуге түрткіні арттыратын, олардың жеке бейімдіктері мен дарын нышандарын ұштай алатын, ынталандыра алатын адам. Қазіргі заманғы мұғалім үнемі ізденіс үстінде. Ол балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге өз шәкірттерінен де оқып үйрене алады. Қазіргі заманғы мұғалім - бұл кәсіби маман. Педагогтың кәсібилігі оның кәсіби жарамдылығымен, кәсіби жол табуымен, дербес дамуымен, яғни өз бойында кәсіби қызметті орындау үшін қажетті қасиеттерді мақсатты түрде қалыптастыруымен анықталады. Қазіргі заманғы педагогтың айрықша белгілері ұдайы өзін-өзі жетілдіру, өзіне-өзі сын тұрғысынан қарау, білімдарлық және жоғары еңбек мәдениеті болып табылады. Мұғалімнің кәсіби өсуі өздігінен білім алу қажеттілігінсіз мүмкін емес. Қазіргі заманғы мұғалім жадырап күле алатын және төңірегіндегінің бәріне қызыға қарайтын адам. Өйткені бала мұғалімге қызыға қарайды, сондықтан да мектеп өз тұғырынан түскен жоқ, әлі де өз орнында, әлі де жасай береді. Осыған орай мен өзіме: Жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру арқылы білім беру үрдісінің субьектілерінің арасындағы қызметті ұйымдастыруда өзін-өзі дамыту – деп өзекті тақырып алдым.

Жеке адамның өзін-өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе. Ал, құзыр әртүрлі кенеттен болған ситуацияларды, мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі. Құзіреттілік мұғалім мен оқушыға:

  • оқытудағы мұғалімнің қойған мақсаты мен оқушының өзіндік мақсатын үйлестіруге. Әр жаңа заман оқушыларына қарап, осы кезеңнің мән мағынасының көтеріліп келе жатқандығын көруге болады, өйткені қазіргі балалар үлкендер көз-қарасынан, қағидасынан бұрынғыға қарағанда дербес, тәуелсіз. Өмірде өз алдарына мақсат қоя алады;

  • оқушы, өз өмірінің бүгіні мен болашағы үшін пайдасын сезіне отырып оқу мотивациясының деңгейін көтеруге;

  • оқудағы оқушының жауапкершілігі мен дербестік деңгейін біртіндеп көтере отырып мұғалім жұмысын азайтуға. Л. С. Выготскидің айтуынша, «мұғалім-рикшадан», «мұғалім-вагон жетекшісіне» ауысу керек. Оған қоса белгілі бір деңгейде оқушы оқытуда мұғалімге көмекші де бола алады;

  • оқушыларға жеңілдікті, оқу мазмұнын қысқарту арқылы емес, өзіндігінен білім алуын көтеру арқылы беруге, ал көңілді мәлімдемелермен жұмыс істей алуға, жүктемені топпен бөлісуге және мотивті өзгертуге аударуға;

  • теориялық қана емес, тәжрибе жүзінде де оқу үрдісі мен тәрбие үрдісінің бірлігін қамтамасыз етуге (оқушылар өзіндік тәрбие мен өзіндік мәдениеттің маңыздылығын түсінеді) мүмкіндік береді.

Бұл жерде мұғалім мен оқушының құзіреттіліктерін жеке-жеке анықтап алған жөн деп ойлаймын. Оны мына сызбалардан көруге болады (сурет 2, 3).

Осыдан шығатыны менің өзекті тақырыбым, өзін-өзі дамыту технологиясына негізделеді. Жеке бастың өзін-өзі дамыту технологиясы дамыта оқытудың жаңа сапасын және негізгі ерекшеліктерін толықтырады. Жеке бастың өзін-өзі дамыту технологиясы жеке тұлғаға бағдарланған – баланың жеке басының қалыптасуының ішкі белсенділігі дамуын, жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашуды, әр баланың тұлғасының өзіндік қалпын мойындауды қамтиды. Жеке бастың өзін-өзі дамыту технологиясы адамдардың жеке субъектісін, «ішкі адамгершілігін», өзін-өзі тани отырып, қалыптасуына бағытталған. Сондықтан қазір сабақтарымды жаңаша қарастырдым. Оқушының оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыруда оқушының өзінің іштей белгілі бір мақсатқа жетуге деген уәжі, ішкі күш-жігері жетекші рөл атқарады. Ол білім алушы субъект түрінде оқушының өзін-өзі дамытуға бағытталған белсенді әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Сол үшін жаңа тақырыпты хабарлағаннан кейін, оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтап аламыз. Сондай-ақ, бұл оқу үдерісі жағдайындағы оқушыға тән мынадай ерекшеліктерді ескерген жөн: оқушының ішкі танымдық қажеттіліктерінен туындайтын танымдық мотиві болады. Өзінің қойған сауалына өзінің жауап іздеуі – осы мотивтің бір көрінісі болып табылады; оқушы өзін-өзі саналы түрде дамытуға жетелейді. Дамыта оқыту барысында дидактикалық және әдістемелік әдіс-тәсілдер жүйесін қолдану мүмкіндігі мол, әйтсе де оқушылардың ойлауы мен тілін дамытудағы танымдық әдістерді пайдалануға басымдылық берілуі заңды. Анализ бен синтез, жалқылау және жалпылау, бақылау, салыстыру, модельдеу таным әдістері оқушыға теориялық білім қалыптастыруға қызмет етеді. Әрине, аталған әдістердің негізінде оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту әдістерінің жүйесі аяқталмайтыны белгілі. Осының ішінен бастауыш мектепте теориялық ұғым қалыптастыру әдістерін іріктеп алудың маңызы зор екендігін ескере отырып, теориялық әдіс-тәсілдер арқылы материялды терең танып білудің әдістері жіктеліп берілді (сурет 1).

Дамыта оқытудағы сабақ құрылымының дәстүрліге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Оқушының оқу-танымдық әрекетінің психологиялық құрылым ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш кезеңге сай ұйымдастырылады

1. Мотивациялық-бағдарлау (мотивациялық-даярлық әдістері).

2. Операционалдық-орындаушылық (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістері).

3. Рефлексиялық-бағалау (өзіндік бақылау, өзін-өзі бағалау әдістері).

Бұл жерде дамыта оқуды жүзеге асыруда тиімді және оңтайлы әдіс-тәсілдерді іріктей алуға ерекше көңіл бөлінуі тиіс дегенді айтқым келеді.

Сурет 1 «Тақырыпты теориялық деңгейде оқыту әдістері»








Сонымен, дамыта оқытуда мұғалімнің қызметі білім мазмұнын мөлшерлеу, оны тиімді де жүйелі түрде ұйымдастыру, басқару, оқушыға бағыт-бағдар беру, түзету, бақылауға құрылады. Ал, оқушы өз әрекетінің субъектісі, яғни білімді мұғалімнен алушы емес, енді білімді өзі табушы субъект ретінде танылады.

Сурет 2 «Мұғалімнің құзыреттілігін жүзеге асыру»


Сурет 3 «Оқушы құзырлығы»



ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Құдайбергенева К. С. Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми-теориялық негізі// Алматы, 2008.

2. Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. Оқу құралы.// Алматы, 2007. т.б.

Похожие:

Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру жүйесіне жаңаша қарау, білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру – заман талабы
Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
ОҚушылардың СӨйлеу тілін қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары арқылы дамыту жолдары
Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру iconБілім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру мақсаты
Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруға ықпал етеді
Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру iconКонференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі. Кәсіби білім берудегі болашақ мамандардың құзіреттілігін қалыптастыру
Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжі 2008 жылдың 19 қараша күні колледждің 85 жылдық мерейтойына арналған «Білім беру...
Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру iconБілім беру субъектілерінің құзырлығы мен құзіреттіліктерін қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы сыныбының КӨркем-эстетикалық шығармашылықтарының даму жолдары
Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру iconЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты
Білім беру мақсаты оқушыларға уаққыт талабына сай білім беру, алған білімін қоғам игілігіне жұмсай алатындай іскерлік қалыптастыру...
Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру iconБілім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін қалыптастыру
...
Білім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру iconБілім беру үрдісіне қатысушылардың субъектісін дамыту
«ОҚушылардың білім беру үрдісінің субъектісі ретінде дамытуда модульдік технологияның МҮмкіншілігі»
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница