Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы




Скачать 53.53 Kb.
НазваниеАбай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы
Дата конвертации12.07.2014
Размер53.53 Kb.
ТипДокументы
Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы

2011 жылдың 5 айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспарланған жұмыстар толықтай жүзеге асырылды.

Қаңтар айында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дәстүрлі аудандық олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға аудан мектептерінен 254 оқушы 11 пән бойынша қатысып, оның 148-і жүлдегер атанды. Олимпиада қортындысы бойынша 94 ұпай жинаған Абай мектеп-лицейі І орынға, 52 ұпай жинаған Гимназия -2 орын, 28 ұпай жинаған Бекбосынов орта мектебі ІІІ орын, 25-24 ұпай жинаған Әуезов, Әбенов орта мектептері тиісінше ІУ-У орындарға ие болды. Жеңімпаз оқушылардың ішінен 14 оқушы облыстық олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болса, оның 5 жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Наурыз айында барлық білім мекемелерінде 4, 9 сыныптар бойынша МАБ (мемлекет аралық бақылау) өткізілді.

Наурыз айында Медеу, Мамай Шәкәрім орта мектептері базасында ХІІ Республикалық Абай оқуларының аймақтық кезеңдері өткізілді. 22 сәуір күні аймақ жүлдегерлері арасында қорытынды аудандық кезең өткізіледі. Жеңімпаз 3 оқушы күзде Республикалық Абай оқуларына қатысуға жолдама алып аудан намысын қорғайды.

Осы мерзім ішінде Қарауыл Гимназиясы аттестациядан өтсе, Медеу орта мектебі мен Абай мектеп лицейіне тақырыптық тексерулер жүргізілді.

Бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен облыстық байқауда С.Бекбосынов орта мектебінің мұғалімі Тлеухан Гүлмира жүлделі ІІ орын жеңіп алды.

Наурыз айында қорғаншылық және қамқоршылық істер жөнінде «Балаға мейірім сыйла» атты аудандық семинар кеңесі өткізілді. Осы мерзім ішінде білім мекемелері арасында бірнеше спорт жарыстары өткізілді. Ақпан айында волейболдан, наурыз айында бокс пен тоғыз құмалақтан аудандық жарыстар өткізілді. Тоғыз құмалақтан Назымқызы Жайнар (гимназия) облыстық жарыста І орын алса, Нұрғалиев Есен (Молдағалиев о/м) қазақша күрестен республикалық жарыста ІІІ орынды жеңіп алды. Аягөзде өткен қазақша күрестен облыстық жарыста Нұрғалиев (Молдағалиево/м)-І орын, Сағынов Әділет (Шәкәрім о/м)-ІІ орын алса бокстан Ерболатов Бақытжан (лицей)-облыстық жарыста І орын жеңіп алды.

Астана қаласында өткен «Ақкөгершін» республикалық байқауында саз мектебінің оқушысы Қазымбеков Арманбек жүлделі ІІІ орын алса, Жандарбекқызы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Аудан мектептерінде 2011 жылдың ақпан айының 21-22 күндері аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан, білім бөлімімен бірлесе отырып «Денсаулық» жедел алдын-алу шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты-жасөспірімдер арасындағы спирттік ішімдікке, нашақорлыққа әуестенудің алдын алу және білім алудан бас тартқан, түнгі уақытта көңіл көтеру мекемелерінде жүретін кәмелетке толмағандарды анықтау, болдырмау.

Шәкәрім орта мектебінде 16 наурыз айында «Балалар мен оқушы жастар арасында нашақорлық, СПИД, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын алу шараларының тиімділігі» тақырыбымен аудандық семинар ұйымдастырылып, онда төрт ашық тәрбие сағаты, дебат ойындары, соңынан дөңгелек стол өткізілді. Аталған семинарға барлық білім беру мекемелерінің тәрбие ісінің меңгерушілері мен психолог мамандар қатысып, өз іс-тәжірибелерімен, пікірлерімен алмасты.

2011 жылдың 7 сәуір айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылығымен, Көкбай орта мектебінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Жас қанат» патриоттық әндер байқауы өтті.

Кәрменов атындағы саз мектебінде Струнниктердің «Жас музыканттар» аудандық іріктеу байқауы өтті. Жауапты адамдар-саз мектебінің директоры Қ.Нүкішев, әдіскер Ә.Жуанышева.

2011 жылдың 7-12 ақпан аралығында Қазақстанның Бірінші ханымы, Республикалық «Бөбек» қорының президенті С.А.Назарбаеваның 70 жасқа толу мерейтойын атап өтуге байланысты мектептерде бірқатар маңызды жұмыстар өз мәнінде атқарылып, іс-шаралар ұйымдастырылып, апталық болып өтті. Оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың С.А.Назарбаеваға арнаған үздік шығармалары, арнау-өлеңдері, құттықтаулары, өткізілген іс-шаралар, т.б. мақалалар «Абай елі» газетіне жарияланды.

2011 жылдың 10 ақпан күні «Исток» қоғамдық ұйымының атынан 12 мүмкіндігі шектеулі балаларға арба және ходунок таратылды.

2011 жылдың ақпан айында Струнниктердің XXXXY «Жас музыканттар» облыстық байқауы болып өтті. 1 оқушы виолончель аспабынан үшінші жүлделі орынға ие болды. Астана қаласында өткен «Айгөлек» халықаралық байқауына 7 оқушы қатысып, екеуі 2-3 орын алып, «Дипломант» атанды, 5 оқушы «Дипломмен» марапатталды.

Сәуір айында Қарауыл гимназиясында Қ.Сәтпаев атындағы кіші олимпиада пәні аудандық мәдениет үйінде «Білгенге маржан» атты тіл білгірлерінің дәстүрлі сайысы болып өтті.

Сәуір айының соңында аудандық Махамбет оқулары тұңғыш рет ұйымдастырылып өткізілді. Жеңімпаз 3 оқушы 10 маусымда облыстық Махамбет оқуларына қатысады. Сондай-ақ Ш.Әбенов атындағы жас ақындар айтысы мен термешілердің және ақын өлендерін жатқа айтушылардың аудандық сайысы болып өтті.

Мамыр айында «Үздік жыл мұғалімі -2011» аудандық байқауы өткізіліп Абай мектеп-лицей мұғалімі Тлепалдина Н бас жүлдені жеңіп алды.Ол облыстық «Жыл мұғалімі» конкурсына қатысады, гимназия оқушысы Есімханова Айым Талдықорған қаласынада өткен І.Жансүгіров атындағы Республикалық байқауда ІІ орынға ие болды.

20 мамыр күні Абай мектеп-лицейінде ардагер ұстаздар К.Оразалин, Р.Қожақова, Ғ.Асылаева атындағы дәстүрлі пән олимпиадалары болып өтті. Жүлдегер 2 оқушы көрнекті педагог Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнімен облыстық олимпиадада жүлделі ІІІ орындарға ие болды.

Абай ауданында 2011 жылдың 5 айында өткен спорттық іс-шаралар:

23-26 қантар аралығында 7-ші Қысқы Азия ойындарының Өскемен қаласында өткен Алау эстафетасына Абай мектеп лицейінің 10-сынып оқушысы Б.Ерболатов қатысып қайтты.

24-25 ақпан күндері ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шахмат пен тоғызқұмалақтан мектеп оқушыларының жекелей біріншілігі өтті.

25-26 ақпан аралағында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай оқушылар арасында волейболдан біріншілік өтті.Жалпы команда бойынша ұлдар арасында 1-орын Шәкерім о\м, 2-орын,Лицей, 3-орын Ш Әбенов о\м қыздар арасында 1- Ш.Тоқжігітов о\м,2-орын Ж Молдағалиев о\м, Медеу о\м.

2-6 наурыз аралығында Аякөз қаласында 1994-1995 жылы туған жас өспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық жарыс өтті. Серіков Б. - ІІ орын, Нұрғалиев Е. – І орын женіп алды.

6 наурыз күні ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бокстан аудандық жары өтті.

9-13 наурыз аралығында Семей қаласында бокстан А.Сайн атындағы V Республикалық турнир өтті.Бұл жарыста мектеп-лицей оқушысы Б. Ерболатов І орын женіп алды.

14-18 наурыз күндері Өскемен қаласында оқушылар арасында тоғыз құмалақтан облыстық жарыс өтті. Бұл жарыста (Гимназия о/м) Назымқызы Н. І орын, Бейсембай А. ІІІ орын женіп алды.

7-8 сәуір күндері ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Дені сау ұлт-мемлекет байлығы» атты тақырыппен оқушылар арасында Абай ауданының әкімінің жүлдесі өтті.

15-19 сәуір күндері Өскемен қаласына волейболдан қыздар командасы облыстық жарысқа қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

21-22 сәуір күндері ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бокстан метеп оқушылары арасында «Абай жастарының жүлдесі» өтті.

24 сәуір күні «Спорт айналыс.Ден саулығын сақта!» ұранымен «Көктемгі кросс 2011» барлық мектептерде ұйымдастырылды.

25-29 сәуір күндері Өскемен қаласында волейболдан оқушылар арасында ұлдар командасы облыстық жарысқа қатысып қайты.

4 мамыр кұні Құмаров Кәкім атындағы шахматтан және тоғыз құмалақтан оқушылар арасында аудандық жарыс өтті. Бұл жарыста (Гимназия о/м) Назымқызы Н. І орын, Бейсембай А. І орын женіп алды.

5 мамыр күні ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ҚР президенті Н Ә Назарбаевтың «Қазақстан Барысы» атты қазақ күресінен облыстық жарысқа қатысу үшін іріктеу жарысы өтті.

6-мамыр күні ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған аудан оқушылары арасында кіші футболдон жарыс өтті. І орын - Гимназия о/м, ІІ -орын Лицей, ІІІ орын - Медеу о/м.

13-14 мамыр аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облыс әкімінің жүлдесіне қатысу үшін өткен 8-ші балалар спорт ойындарына қатысу үшін аудандық іріктеу жарысы өтті. Жалпы команда бойынша І орын – Лицей, ІІ орын – Тоқжігітов о/м, ІІІ орын – Гимназия. Жарыстың қорытындысы бойынша іріктелген оқушылар 13-18 маусым аралығында облыстық жарысқа қатысады.

Похожие:

Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы iconКатонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған
Жылдың 12 айында білім, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша жоспарлы түрде жұмыстар атқарылды. Жыл көлемінде 150 мұғалім Өскемен,...
Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы icon2010 жылдың І тоқсаны ішінде Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Бесқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы iconҚызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2012 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстары
Облыста өткізілетін бұқаралық-спорттық және дене шынықтыру сауықтыру іс-шараларынының саны артып келеді, 2011 жылы 1440 іс-шараға...
Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы iconБекітемін: «Жылыой ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Елтезеров Ізбасар Бекболатұлы Бұйрық
Мемлекеттік сатып алу бойынша: №1 лот Жылыой ауданы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі ғимаратына өрт қауіпсіздігі дабылқаққышын...
Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы iconБілім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011 жылғы 1 тоқсанға жұмыс қорытындылары
Дене шынықтыру және спортты дамыту, салауатты өмір салтының принциптерін насихаттау және енгізу Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық...
Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница