Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде




Скачать 91.99 Kb.
НазваниеҚазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде
Дата конвертации18.06.2013
Размер91.99 Kb.
ТипДокументы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

г.а.жҮНІСОВА

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
л.т.қҰРБАНӘЛИЕВ

физика-математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

А.Ясауи атындағы ХҚТУ
КӨПМӘДЕНИ ТӘРБИЕ БЕРУ МІНДЕТТЕРІ
В статье говорится, что цель формирования поликультурной личности студента состоит в формировании человека, способного к активной и эффективной жизнедеятельности в многонациональной и поликультурной среде, обладающего развитым чувством понимания и уважения других культур, умеющего жить в мире и согласии с людьми разных национальностей.
The author of this article emphasizes that the purpose of formation of a poly-cultural individual of a student consists in the formation of a person capable of active and effective way of life in the multinational environment, having the feeling of understanding and respect to other cultures and being able to live in peace and harmony with people of different nationalities.
Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде. Осы жағдайда педагогика ғылымы студенттерді мінез-құлық нормалары, салт-дәстүрлер мен көптеген әдеттермен таныстыру мақсатында, олардың әртүрлі мәдениетті қабылдау қабілетін және оларға деген ұқыпты қатынасты, толеранттылықты, әртүрлі ұрпақтар, тілдер мен менталитеттегі адамдармен қарым-қатынас және бірлестік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған білім берудің мақсаттары мен құндылықтарын өзгертуге қарай бағыт алуда.

90-жылдары білім берудің жаңа тұжырымдамалары жасалды, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы этномәдени білім беру тұжырымдамасы да болды [1], аталған құжатта «көпмәдени тұлға» ұғымына нақты анықтама берілді. Аталған тұжырымдамаға сәйкес, «көпмәдени тұлға – бұл лингвистикалық санасы жоғары дамыған индивид. Ана тілі мен мемлекеттік тілді білу, шет тілін меңгеру тұлғаның дүниетанымын кеңейтеді, оның жан-жақты дамуына ықпал етеді, әлемді ауқымды көруге және толеранттылық бағдарын қалыптастыруға ықпал етеді» [1]. Бұл анықтама бізге жаңа ұрпақтың қандай болу қажеттілігі туралы түсінік береді.

Қазіргі заманғы педагогикалық шындық бір жағынан, білім берудегі этномәдени факторды ескеру қажеттілігін, екінші жағынан – басқа халықтардың мәдениетін тану үшін жағдай жасау қажеттілігін, әртүрлі этностарға, конфессияларға, ұлттарға жататын адамдар арасындағы толерантты қатынастарды тәрбиелеу қажеттілігін ескеруді талап етеді. Сондықтан көпмәдени білім беру мәселесі педагогтардың назарында болып отыр.

Қазақстанның қазіргі заманғы университет жағдайында көпмәдени тәрбие беруді жүзеге асырудың мақсаттары, міндеттері және негізгі бағыттары қандай? Көпмәдени тәрбие берудің мазмұны көпаспектілі және

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
жүнісова г.а., құрбанәлиев л.т. Көпмәдени тәрбие беру міндеттері

пәнаралықтың жоғары дәрежесімен ерекшеленеді, ол көпмәдени тәрбие беру мәселелерін гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, көркемдік-эстетикалық циклдағы оқу пәндерінің құрамында қарастыруға мүмкіндік береді. Көпмәдени тәрбие берудің мазмұны келесі критерийлерге сәйкес келуі маңызды:

- оқу материалында гуманистік идеялардың көрінісі;

- әлем мен Қазақстан халықтары мәдениетіндегі қайталанбайтын өзіндік белгілерінің сипаттамасы;

- қазақстандық халықтардың мәдениетінде бейбіт және келісімде өмір сүруге мүмкіндік беретін дәстүрлерінің жалпы элементтерін ашу;

- студенттерді әлемдік мәдениетке баулу, жаһандану үдерісін, қазіргі заманда елдер мен халықтардың өзара байланысын ашу.

Көпмәдени тәрбие беру үдерісінде студенттің өз ұлтының мәдениетіне баулу, ал одан – қазақстандық және әлемдік мәдениетке баулу жүзеге асырылады. Университет студенттерді өз ұлтының мәдениеті мен ана тілге баулу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Университет оқу жоспарларына мәдениеттің, тарихтың, діннің, халықтық өнердің интеграцияланған курстарын енгізу әртүрлі этноұлттық қауымдастықтардың мәдени-тарихи тәжірибесінің өзара әсерін, өзара енуін және өзара байытуын түсінуге, оның жалпыадамзаттық потенциалын анықтауға көмек береді.

Үздіксіз көпмәдени тәрбие берудің мазмұнын таңдауда және оның құрылымын құруда дидактикадағы тұрақты принциптерді ескеру қажет, алайда ерекше назарды үздіксіз көпмәдени тәрбие беру ортасын құруға арналған негіздерге аудару қажет.

Гуманистік бағдарлау бірінші принцип болып саналады

Гуманистік тәсіл студенттердің ішкі нышандарын біртұтас дамытуға, олардың рухани және танымдық қажеттіліктерін дамытуға, мәдениеттің әмбебап құндылықтарына баулуға психологиялық жағдай жасауды қарастырады. Бұдан басқа, гуманистік тәсіл дәстүрлі педагогикалық дүниетанымды өзгертуге мүмкіндік береді: басты әрекет етуші адам субъект ретінде біртұтас жүйе ретіндегі оқушылардың жеке тұлғасы алынады.

Университеттегі тәрбие беру үдерісін гуманизациялаудың мәні мынада: студенттердің педагогтардың оқыту әсерін белсенді қабылдауға қызығушылық танытуына жағдай жасауын, олардың тұлғалық, рухани-адамгершілік сапаларын, танымдық үдерістерін тиімді дамытуды қамтамасыз ететін оқытудың формалары мен әдістерін, мазмұнын таңдау және қолдану болып табылады.

Үздіксіз көпмәдени тәрбие беру ортасын құруды, біртұтас педагогикалық үрдіс ретінде қарастыруға болады. Үздіксіз көпмәдени тәрбие беру студенттердің өздерінің этномәдениетінің құндылықтарын түсіну және білім берудің мазмұнын жүзеге асыратын, педагогикалық шарттарды құру

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
жүнісова г.а., құрбанәлиев л.т. Көпмәдени тәрбие беру міндеттері

арқылы этносаралық интеграцияның маңыздылығын саналау арқылы тәрбие беру негізінде жүзеге асырылады, онда өзіндік мәдениеттің жетістіктерімен бірге, білім мен мәдениеттің әлемдік үлгілері үйлеседі.

Көпмәдени тәрбие беру міндеттерін шешу оқыту мен тәрбиенің белсенді әдістерін кең қолдануды талап етеді. Мысалы, білім берудің этнопедагогикалық және этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескеретін, жаңа тәсілдің мәні, біріншіден, спецификалық жалпы формада студенттерге оқу материалының қажетті көлемін беру (әлем туралы бірыңғай білім кешені түрінде); екіншіден, студенттердің шығармашылық, эвристикалық, прогностикалық, дедуктивті ойлау стилін қалыптастырудан тұрады. Ол үшін алдымен, әртүрлі пәндерде әлем туралы, этностардың табиғаты туралы, олардың тілі мен мәдениеті туралы, басқа да ұлттық ерекшеліктері туралы жалпы білімді зерттеу қажет, яғни төмендегі еңбектерде берілген, жүйелі және функционалды-құрылымдық тәсілдің негізінде, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың компоненттерінің мәні мен негізгі мазмұнын зерттеу қажет [2].

Этносаралық қатынастарды үйлесімді ету, оқу-тәрбие мекемелерінде қалыпты әлеуметтік-этностық және психологиялық атмосфераны құру мақсатында, сонымен бірге гуманистік этномәдени байланыстарды қалыптастыру мақсатында оқушыларды іс-әрекеттің көпжоспарлы оқу және сабақтан тыс түрлеріне баулу қажет, олар:

-тарихи мәні бар даталы күндер мен ұлттық мерекелерді өткізу, мәдениет, әдебиет, ғылым саласының танымал қайраткерлері мен халық батырларының мерейтойларын өткізу;

-ұлттық мәдениет бойынша олимпиадалар мен көрмелерді ұйымдастыру, спорттың ұлттық түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізу;

-ұлттық әндер мен билер орындалатын фольклорлық концерттерді жүргізу;

- ұлттық тағамдарды үздік дайындау бойынша сайыстар ұйымдастыру.

Балаларды көпмәдени тәрбие беру мекемелерінде өзінің ұлттық мәдениетіне баулу білім берудің «балабақша - жалпы білім беретін мектеп» (гимназия, лицей, колледж) сияқты кешенді жүйесін ұйымдастыру арқылы, демалыс күні мектебін (жексенбілік мектеп) ұйымдастыру арқылы аса нәтижелі болады. Балаларды ерте жастан өз халқының ортасына енгізу, ана тілін меңгерту оның «өзін этносоциумның бір бөлшегі» ретінде саналауына, оның дәстүрлі ұлттық мәдениетке баулуына ықпал етеді.

Көпмәдени ортадағы толерантты тұлғаны қалыптастыру бойынша әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың маңызды аспектісі ретінде балаларды халықтық-педагогикалық, ұлттық-мәдени дәстүрлер арқылы тәрбиелеу алынады.

Тарихи тәжірибе көрсеткендей, ұлттық дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды,

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
жүнісова г.а., құрбанәлиев л.т. Көпмәдени тәрбие беру міндеттері

талғамды білмеу көп жағдайда басқа этностық қауымдастық өкілдерімен қарым-қатынаста күрделі қиындықтарды туындатады. Ұлттық дәстүрлерді, әдет-ғұрыптардың мәні, олардың мазмұны әртүрлі халықтарда әртүрлі көрінеді.

Ұлттық психологияның бейнесі мен тұрақтануында этностың тарихи даму барысында қалыптасқан және бекіген іс-әрекет пен мінез-құлықтың жағымды мәнділігін дәлелдеп көрсеткен формалары, соларға сәйкес ережелер, құндылықтар ерекше рөл атқарады. Дәстүрлер мен нормалар этностың өмірі мен іс-әрекетінде «жинақталады», олар алдыңғы ұрпақтың оң тәжірибесін көрсетеді. «Ұлттың өмірі, ұлттық өмір ата-бабалармен үздіксіз байланыс және олардың өсиеттерін құрметтеу болып саналады. Ұлттықта әрдайым дәстүрлі бар» - деп жазған Н.А.Бердяев.

Дәстүрлер алуан түрлі. Оларға қарап халық туралы немесе оның тұрмысының бір жағы туралы айтуға болады. Консерватизм сияқты дәстүрдің бір белгісі кейде жақсылық, көмек болады, себебі халықтың тұрақтылығының, оның адамгершілік негіздерінің, менталитетінің тұрақтылығының шарты болып табылады. Дәстүрлерде адамзаттың, халықтардың, адамдардың мыңжылдық рухани ізденістері жинақталады және тоғысады, себебі адамзат – бұл біртұтас ғаламдық этнос, тұлға; ал халық – бұл тарихи тұлға; индивид – адамның біртұтас бейнесі, адамзаттық тұлға.

Жекелеген тұлғалардың рухани байланысында ұрпақтар сабақтастығының ізі байқалады. Ата-бабалардың рухани құндылықтары әңгімелерде, аңыздарда, өсиет сөздерде, мақал-мәтелдерде сақталады және беріледі. Ата-бабалар ұрпақтардың тілімен сөйлейді. Мысалы, ұрпақтардың сабақтастық байланысын бекітуде үлкендер тікелей өздерінің тәрбиеленушілері, рухани құндылықтар арқылы қатысады. Халық педагогикасына көмек ретінде мемлекеттік деңгейдегі халыққа білім беру келеді, ол ұрпақтар сабақтастығын оқыту мен тәрбие үдерісінде қамтамасыз етеді.

Мектептің міндеті халықтық ұлттық мәдениеттің жағымды жақтарының әсерін күшейтуде байқалады, әсіресе этностың, жеке тұлғаның мінез-құлқы мен дамуында, оның Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда, өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына сыйласымды қатынасында, басқа ұлттардың адамдарына деген қатынаста байқалады.

Этномәдени даярлықтың міндеттерін тар мағынасында, ұлттық мәдениетке баулу, оның элементтерін қайта жаңғырту ретінде ғана түсінбеу керек. Оның мақсаты – оқушыларды көпмәдени әлемдік өркениет жағдайында толыққанды өмірге дайындау. Аталған бағытта педагогикалық ұжымның іс-әрекетін нақты ұйымдастыру қажет, оның құрамына енетіндер: балаларды этномәдени дамытудың формалары мен әдістерін мақсатты түрде таңдау; этномәдени тәрбие міндеттерін жүзеге асырудағы сабақтастық;

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
жүнісова г.а., құрбанәлиев л.т. Көпмәдени тәрбие беру міндеттері

дәстүрлер арқылы бекітілген оң тәжірибеге сүйену; оқушылардың жас және дара қажеттіліктерін есепке алу; балаларға этноәлеуметтік және көпмәдени тәрбие беру бойынша іс-әрекетті жоспарлау және аталған жұмыстың мектеп іс-әрекетінің басқа түрлерімен ішкі байланысын қамтамасыз ету [3].

Ұлттық мәдениетке баулу үдерісінде педагогқа балалардың этномәдени көріністерін дамыту бойынша ерекше ыждағаттылық сияқты талап қойылады. Оқушылардың тұлғалық сапаларының, көпмәдени, этностық білім және біліктер жүйесін қалыптастыру бойынша педагогикалық әрекеттің сәтті болуы көп жағдайда этноәлеуметтік және көпмәдени тәрбие берудің теориясы мен шынайы өмірлік жағдайлар, оқыту тәжірибесімен логикалық және бірізді байланысына байланысты болады. Егер алынған білім болашақ өмірде қажет болса, оқушы оны алуға ұмтылатын болады. Егер оқушы алынған білімнің қажеттілігін сезсе немесе оның сапалы берілмеуіне сенсе, оған материалды күштеп меңгерту қиынға соғады [4].

Халықтардың дәстүрлі педагогикалық мәдениетін қолдану бойынша әлі де шешілмеген мәселелер бар. Біздің пікіріміз бойынша, тәрбие, қайта тәрбиелеу мақсаттарына түзетулер енгізу, тәрбиеленгендіктің критерийлерін нақтылау қажет. Яғни, педагогтар өткен тәжірибені қайта саналауға мәнді әсер етулері керек. Тағы бір маңызды міндет ретінде халық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын таңдау алынады. Біздің пікірімізше, бүгінгі күні бұл міндет халықтардың ассимиляциясына байланысты маңызды болып саналады. Бұл тарихи үдеріс заңды болып табылады. Бір халықтар кетеді, екінші бір халық келеді. Бұл аспектіде, біз – этнопедагогтар халық тәрбиесінде ең құнды нәрсені сақтауымыз және болашақ ұрпаққа беруіміз қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Қазақстан Республикасының этномәдени білім беру тұжырымдамасы, 21.06.1995, №2347.

  2. Ушакова Е.В. Общая теория материи (Основы построения). Барнаул, 1992. Ч. 1-3.

  3. Филиппов В.Н. Образование в духовном обновлении России. / Философия образования: Сб. науч. Тр. БГПУ.- Выпуск первый. Барнаул, 1994.

  4. Федорова С.Н. Этнокультурная подготовка в современной школе. Материалы конференции. Спб. 2007. 58 -с.

  5. Матис В.И. Теория и практика развития национальной школы в поликультурном обществе: дисс.д-ра наук /В.И.Матис. – Барнаул, 1999. -314 с.

Похожие:

Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде iconАшық баяндама Жаңақоныс негізгі мектебінің Білім беру және дамыту
Ашық баяндамада статистикалық мәліметтер бойынша ауылдық округтың санағы бойынша Жаңақоныс негізгі мектебі білім беру мекемесі болып...
Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде iconАқпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі
«Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім...
Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
География сабағында жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жеке тұЛҒаны дамытудағы экологиялық білім мен тәрбие беру
Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде iconБ. Г. Ананьев «субъект» ұғымын адамның тұлғалық, индивидтік, даралық негіздері, субъектілік қасиеттер жиынтығынан тұрады деп түсіндіреді.[1;4
«Субъектілік» ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына...
Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде iconҚазақстан жоғары оқу орындарының рейтингі 2008
Рейтингтер білім беру қызметінің сапасын анықтайтын танымал индикаторлардың бірі болып саналады және қазіргі кезде әлемнің көптеген...
Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде iconАға оқытушы Халилаева Эльмира Жахановна, Қр білім беру ісінің үздігі
...
Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
«Білім берудегі акт» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту...
Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде iconҚоянды ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарған жұмыс есебі Қоянды ауылдық округі 2008 жылдың шілде айынан бастап құрылды. Округтің құрамына: бұрынғы «Экибастузугольдің»
Округтің құрамына: бұрынғы «Экибастузугольдің» Горняк подхозы, қазіргі кезде Қоянды ауылы, бұрынғы «Экибастузшахтстройдың» Строитель...
Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде iconСмагулова Н. С
Білім беру сапасын жетілдірудегі негізгі қадамдардың бірі-бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтырудың қазіргі мектептегі білім...
Қазіргі кезде білім беру саясаты көпмәдениеттілік контексінде даму үстінде iconБілім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысаны
Тапсырыс беруші (өкілі) білім беру ұйымының жылдық төлем сомасынан білім беру ұйымы белгілеген сомада білім алушы оқуға қабылданғанға...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница