А Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік




Скачать 58.31 Kb.
НазваниеА Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
Дата конвертации12.07.2014
Размер58.31 Kb.
ТипДокументы


Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарының 2010 жылдың 1-ші тоқсанындағы орындалуы туралы

А Қ П А Р А Т

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жұмыстары мемлекеттік бағдарламаның негізгі басымдықтарын сақтай отырып жүргізілуде.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын құқықтық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №293 қаулысымен 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы №67 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды.
Мемлекеттік басқару органдарындағы тілдік даму
2010 жылдың 1 тоқсанында жоспарға сәйкес біршама жұмыстар атқарылды. Облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымына тұрақты мониторинг жасалды. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша облыстың аудандары мен қалаларындағы мемлекеттік органдардың құжат айналымында кіріс және шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 86 пайыз болды, бұл көрсеткіш 2009 жылдың 3 айында 83,1 пайыз болған еді. Облыстық басқармаларда бұл көрсеткіш 79,8 пайызды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,6 пайызға артты.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 67,5 пайызға жетті, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімінде 65,6 пайызды құраған болатын. Ал облыс әкімі аппаратынның кіріс және шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 2010 жылдың 1-ші тоқсанында 62,2 пайызды құрап, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 28,5 пайызға төмендеп отыр.

Өңірлік іс-шаралар жоспарының 1-ші және 2-ші тармақтары бойынша мемлекеттік органдарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын тексерудің 2010 жылға арналған кестесіне сәйкес қаңтар айында ШҚО мәдениет басқармасы, ШҚО туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы, ақпан айында Ұлан ауданы әкімінің аппараты мен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері және наурыз айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша кеңестер өткізіліп, кемшіліктерді жою шаралары белгіленді.
Білім беру мен тіл оқыту салаларындағы тілдік даму
2009-2010 оқу жылында мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа санаттарына мемлекеттік тілді оқыту үшін 9 мемлекеттік, оның ішінде 1 облыстық және 8 аудандық тілді оқыту орталығы жұмыс істеуде. Аталған орталықтарда қазір 185 мемлекеттік органның 1642 тыңдаушысы және 28 мемлекеттік емес мекемелердің 229 тыңдаушысы, барлығы 213 мекеменің 1871 қызметкері мемлекеттік тілді үйренуде.

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы XV сессиясының шешіміне сәйкес облыстың елді мекендеріндегі 329 мектептің негізінде 651 үйірме ашылып, 7980 тыңдаушы дәріс алып жатыр. Бүгінгі күні облыс бойынша 30 мыңнан астам ересек адам мемлекеттік тілді оқыту үйірмелерінің тыңдаушылары болып табылады.

Жалпы облыстағы оқу орындары мен мектептердегі тіл үйрету үйірмелерін қоса есептегенде облыста 240 мыңнан астам тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде.

Сонымен қатар қазір облыстағы 73 этномәдени бірлестіктердің жанынан өзге ұлт өкілдерінің ана тілін үйренуіне арналған жексенбілік мектептер мен үйірмелер құрылған. Сол үйірмелердегі 103 топта 15 ұлт өкілдерінің 1408 тыңдаушысына ана тілдері және басқа да тілдер оқытылуда. Өскемен қаласындағы «Возрождение» жексенбілік мектебіндегі 46 топта 15 ұлттың 773 өкілі ана тілдерін, соның ішінде 5 топта 81 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде.

2010 жылдың 21-25 қаңтар аралығында облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының негізінде 21 облыстық басқарма (тілді меңгеру деңгейлері 72%) мен орталық атқарушы органдардың 4 аумақтық бөлімшелерінің (тілді меңгеру деңгейлері 86%) және Өскемен қаласы әкімдігінің 10 құрылымдық бөлімдерінің тыңдаушылары (тілді меңгеру деңгейлері 63%) аралық сынақ тапсырды. Сынаққа 269 адам қатысып, тілді меңгеру деңгейлерінің орташа көрсеткіші 72%-ды құрады.

Сынақтың қорытындысы бойынша қатысқан 163 тыңдаушылардың 145-і қажетті білім деңгейін көрсетіп, сертификатталынды.

Өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру бағытындағы шараларды жүзеге асыру мақсатында қаңтар айында Өскемен қаласында «Орыс тілінде оқытып, тәрбиелейтін мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту мәселелері» атты облыстық семинар-кеңес өтті.

30 мамырда Өскемен қаласының №7 «Радуга» балалар бақшасының негізінде мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері арасында «Қазақшаң қалай, балақай?» облыстық конкурсы өтті.

Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарындағы, денсаулық сақтау мен тұрғындарға қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму
Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тіл саясатының көкейкесті мәселелері бойынша 2010 жылғы қаңтар айында этномәдени орталықтардың қатысуымен «Мемлекеттік тіл – халық бірлігінің негізгі факторы» атты дөңгелек үстел, ақпан айында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қатысуымен «Мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы 2009 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2010 жылғы міндеттері» тақырыбында облыстық кеңес өтті. Кеңес барысында облыстағы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар зерделеніп, одан ары қарай жетілдіру мақсатындағы міндеттер айқындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі» туралы №2923 Жарлығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2010 жылғы 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында облыстағы мектептер мен оқу орындарында «Тілге қолдау ата-тектен басталады» деген тақырыппен акция өткізді.

2010 жылғы 3 наурызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың төрағалық етуімен Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да тілдерді одан әрі дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп оның күн тәртібінде орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік тілде іс жүргізудің жайы мен Өскемен қаласында көрнекі ақпарат пен жарнамаларды мемлекеттік тілде ресімдеу мен орналастырудың жағдайы қаралды.

2010 жылдың 22 наурызынан бастап облыс аумағында «Тілге құрмет-елге құрмет» айлығы басталды. 22 сәуірге дейін жалғасатын аталған шара Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарын орындауға бағытталған. Айлық барысында қалалардағы, аудан орталықтары мен ауылдық округтердегі көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында арнайы рейдтер ұйымдастырылады.

Аудармашылардың біліктілігін арттыру бағытында 2010 жылғы ақпан айының 22-28 аралығында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан аймақтық университетінің базасында мемлекеттік органдардың 19 аудармашысы біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау мақсатында үстіміздегі жылдың қаңтар айында мемлекеттік тапсырыс бойынша облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланатын материалдар мен облыстық «Қазақстан - Өскемен» телеарнасында жүргізілетін телехабарлардың 2010 жылға арналған медиа - жоспары жасалып, бекітілді. Соған сәйкес облыстық газеттерде арнайы беттер ұйымдастырлып, тақырыптық хабарлар жарық көрді. 2010 жылдың 1-ші тоқсанында электронды бұқаралық ақпарат құралдарында 2 тақырыптық хабар, 1 радиорепортаж, 10-нан астам бейнематериал жарық көрсе, облыстық және аудандық газеттерде 50-ден астам мақала жарияланды.


Тілдік дамуды ғылыми қамтамасыз ету
Облыстағы жалпы ономастикалық ахуалды зерделеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық картасы дайындалуда.
ШҚО өңірлік іс-шаралар жоспарын қаржыландыру
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша 2010 жылдың 1-ші тоқсанына қарастырылған қаражатты игеру 99 пайызды құрады.

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы


Похожие:

А Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  iconШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат
Жылғы қызметі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы...
А Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде Курчатов және Риддер қалаларының...
А Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  icon«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы»
Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №293 қаулысының 2009 жылдың 3 тоқсанында орындалуы туралы
А Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  iconҚазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 14 мамырдағы n 630 қаулысы
Дентінің 2000 жылғы 24 қазандағы Қазақстан халқына "Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға" Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру...
А Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы n 1200 Қаулысы
Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар...
А Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  icon«Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығы
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) бекітілсін
А Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  icon«Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығы
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) бекітілсін
А Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  iconҚұрметті министр! Қадірлі әріптестер!
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде қаралатын «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған...
А Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  iconБ. Б. Мубаракова іс қАҒаздарын қазақ тілінде жүргізу павлодар Алғы сөз Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы №550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»
Бұл міндет әрбір мекемеде жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында нормативті –жарлықшы құжат түрлерін азаматтық қарым-қатынаста...
А Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 31 желтоқсан №1532 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница