Қазақстан Республикасының Заңы




Скачать 118.14 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Заңы
Дата конвертации18.06.2013
Размер118.14 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Респуб­ли­ка­сының мына заңнамалық акті­ле­ріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілісін:

1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №9, 65-құжат; №19, 147-құжат; №20, 152-құжат; №24, 178-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №9-10, 50-құжат; №17, 82-құжат; №18, 24-құжат; №24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат):

256-баптың 1-тармағы “ұлттық қауіпсіздік органдарында,” деген сөздерден кейін “сыртқы барлау саласындағы уә­кілетті органда,” деген сөздермен толықтырылсын.

2. “Жедел-іздестіру қызметі туралы” 1994 жылғы 15 қыр­кү­йек­тегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №13-14, 199-құжат; 1995ж., №24, 167-құжат; Қазақстан Респуб­ли­касы Парламентінің Жар­шысы, 1996 ж., №14, 275-құжат; 1998 ж., №24, 436-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001 ж., №8, 53-құжат;№17-18, 245-құжат; 2002 ж., №4, 32-құжат; №15, 147-құжат; №17, 155-құжат; 2004 ж., №18, 106-құжат; №23, 142-құжат; №24, 154-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2009 ж., №6-7, 32-құжат; №17, 83-құжат; №24, 121-құжат):

1) 5-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі “Қарсы барлау” деген сөздер “Барлау және қарсы бар­лау” деген сөздермен ауыс­ты­рыл­сын;

2) 6-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы б-1) тармақ­шамен толықтырылсын:

“б-1) сыртқы барлау сала­сындағы уәкілетті орган;”;

3) 10-баптың 1-тармағының д) тармақшасы “мүддесіне орай” де­ген сөздерден кейін “барлау және” деген сөз­дермен толық­тырылсын;

4) 12-бапта:

4-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толық­ты­рыл­сын:

“Барлау ақпаратын алу мақ­са­тын­да байланыс желілерін пай­да­лану­мен бай­ла­нысты арнаулы же­дел-іздестіру іс-ша­ра­ларын тех­ни­калық жағынан сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.”;

5-тармақ “тек қана” деген сө­з­дерден кейін “барлау және” деген сөздермен толықтырылсын;

5) 14-баптың 1-тармағының екінші бөлігі “қызметінің мате­риал­дары” деген сөздерден кейін “барлау және” деген сөздермен толықты­рыл­сын.

3. “Қазақстан Республикасының ұлт­тық қауіпсіздік органдары тура­лы” 1995 жылғы 21 желтоқ­сандағы Қазақстан Республикасының За­ңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №10, 108-құжат; №12, 184-құжат; 1998 ж., №23, 416-құжат; №24, 436-құжат; 1999 ж., №8, 233-құжат; №23, 920-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001ж., №20, 257-құжат; 2002 ж., №6, 72-құжат; №17, 155-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №19, 88-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде “Егемен Қа­зақ­стан” және “Казахстанская правда” газет­терінде жарияланған “Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қи­мыл мәселелері бо­йын­ша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2010 жылғы 8 сәуір­дегі Қазақстан Респуб­ликасының Заңы):

1) 2-баптың 1-тармағының 2) тар­мақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

“2) “Сыртқы барлау туралы” Қазақ­стан Республикасының За­ңына сәйкес Қазақстан Респуб­ли­ка­сының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;”;

2) 12-бапта:

2) тармақша мынадай ре­дак­цияда жазылсын:

“2) “Сыртқы барлау туралы” Қа­зақ­стан Республикасының Заңына сәй­кес Қазақстан Респуб­ликасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге асыруға;”;

9) тармақша алып тасталсын.

4. “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы” 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Респу­б­ликасының Заңына (Қазақ­стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №24, 435-құжат; 2001 ж., №21-22, 286-құжат; 2003 ж., №10, 53-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №13, 86-құжат; 2007 ж., №8, 55-құжат; 2009 ж., №11-12, 53-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат):

22-баптың 1-тармағы “Қа­зақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінде,” деген сөздерден кейін “сырт­қы барлау саласындағы уәкілетті органда,” деген сөздермен толықты­рылсын.

5. “Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы” 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парла­ментінің Жаршысы, 2005 ж., №1-2, 1-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Респуб­ли­касының кей­бір заңнамалық акті­леріне тер­ро­риз­мге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен тол­ық­тырулар енгізу туралы” 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Респуб­ли­касының Заңы):

1-баптың 11) тармақшасы “ұлт­тық қауіпсіздік органдары,” деген сөздерден кейін “сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган,” деген сөздермен толық­ты­рылсын.

6. “Экстремизмге қарсы іс-қи­мыл ту­ралы” 2005 жылғы 18 ақ­пан­дағы Қазақстан Республи­касының Заңына (Қазақстан Республикасы Парла­ментінің Жаршысы, 2005 ж., №5, 3-құжат; №13, 53-құжат):

1) 6-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

“7) сыртқы барлау субъектілері өз іс-әрекеттерімен қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе нұқсан келтіретін шет мемлекеттердің ұйымдарына, шетелдіктерге және аза­маттығы жоқ адамдарға қатысты Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік ор­гандарын хабардар етуді жүзеге асырады.”;

2) 8-баптың 3-тармағындағы “Астана қаласының соты” деген сөз­дер “сот” деген сөзбен ауыс­ты­рылсын;

3) 12-бапта:

Төртінші бөлік мынадай редак­цияда жазылсын:

“Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын және экс­тремизм белгілері бар ақпараттық материалдарды прокурордың мә­лімдемесі бойынша сот тыйым салу талабын мәлімдеген прокурор тұр­ған жер бойынша немесе мұндай мате­риал­дар табылған жер бо­йынша экс­тре­мистік деп танып, әкелуге, басып шы­ғаруға және таратуға тыйым салады.”;

бесінші бөліктегі “діни” деген сөз алып тасталсын.

7. “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Заңына (Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парла­ментінің Жаршысы, 2005 ж., №14, 60-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат):

38-баптың 5-тармағы “Ұлттық қауіп­сіз­дік органдары” деген сөз­дерден кейін “және сыртқы барлау саласындағы уә­кі­летті орган” деген сөздермен толық­тырылсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы мамырдың 27-сі. №279-ІV ҚРЗ

Похожие:

Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы
Р заңы (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Заңы iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі n 2464 Конституциялық заңы
Ескерту. Тақырып өзгердi, кiрiспе алынып тасталды Қазақстан Республикасының 1999. 05. 06. N 375 Заңымен
Қазақстан Республикасының Заңы icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
Республикасының халықаралық шарттарын өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру
Қазақстан Республикасының Заңы iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
Қазақстан Республикасының Заңы iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Республикасының экономикасы мен азаматтардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница